Skip to content
Home » Иса Мәсіх (ғ.с.) Елазарды тірілту арқылы өз міндетін іске асыра бастады

Иса Мәсіх (ғ.с.) Елазарды тірілту арқылы өз міндетін іске асыра бастады

  • by

Духан сүресінде курәйіштердің Мұхамбет пайғамбардан (ғ.с.) қалай бас тартқаны және оған қарсы шыққаны туралы жазылған: 

Күдіксіз олар, бүйдейді: “Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз;” “Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші;”.

Духан 44:34-36

  Олар одан өз билігін дәлелдеп біреуді өлімнен қайта тірілткенін талап етті. Ахқаф сүресінде соған ұқсас, сенбеуші ұлдары өз ата-анасынаң өлген біреуді қайта тірілтуін сұрайды. 

Ал енді әлде кім, әке-шешесіне: “Түһ! Екеуің де мені қайта тірілтіп, шығумен қорқытасыңдар ма? Расында менен бұрын қаншалаған нәсілдер өтіп кетті. (Олар тірілмеді)” деді. Әке-шешесі Аллаға жалбарынып: “Саған нендей өкініш! Иман келтір. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ” дегенде, ол: “Бұл, бұрынғылардың ғана ертегісі” деді . 

Ахқаф 46:17

Ол өлімнен қайта тірілу тек адамның ойы ғана, ондайды ешкім көрген емес деді. Духан және Ахқаф сүрелерінде бір құдайлық діннің растығын дәлелдеу үшін сенбеушілер жиі пайғамбарлардан өлген біреуді тірілтуді талап еткендерін оқимыз. Иса Мәсіх (ғ.с.) өзін ұнатпайтындар тарапынан дәл сондай сынақтарға түскен. Бірақ ол өз міндетіне сеніммен кірсе алуы үшін және жанындағылары оның билігіне көз жеткізуі үшін сол мүмкіндікті пайдаланды.  

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) негізгі міндеті қандай болды?

Иса Мәсіх (ғ.с.) уағыздады, сауықтырды және көптеген кереметтер жасады. Бірақ оның шәкірттерінде және тіпті жауларында да: «Ол не үшін келді?» – деген сұрақтары қалды. Кереметтерді Мұса (ғ.с) қоса алғанда бұрынғы басқа пайғамбарлар да жасаған. Заң Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы берілген, ал Исаның сөзіне қарасақ, «заңды бұзуға келмедім» – дейді, онда «ол қандай мақсатпен келді?» – деген сұрақ ашық қалып отыр. 

Міне енді бірде пайғамбардың досы ауырып қалды. Шәкірттері Иса (ғ.с.) бірден ауырған досына барып, басқаларды сауықтырғандай сауықтырып жіберер деп күтті. Бірақ Иса Мәсіх (ғ.с.) әлемге не үшін келгенін көрсету үшін сол жерде тағы бірнеше күн аялдады. Ол туралы Інжілде былай делінген: 

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өліммен айқасы

    Сол кезде Елазар деген бетаниялық кісі қатты ауырып жатты. Бұл ауылда Мәриям мен оның әпкесі Марта да тұратын. Кейінірек Иеміздің аяғына иісмай жағып, шашымен құрғатқан осы Мәриям еді. Қазір оның бауыры Елазар қатты науқастанып жатты. Сонда апалы-сіңлілі екеуі: «Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр», — деп Исаға Елазар туралы хабар жіберді. Иса мұны естігенде: «Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеуге септігін тигізеді: ол арқылы Құдайдың рухани Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді», — деді. Иса Мартаны, оның сіңлісі мен Елазарды жақсы көруші еді. Бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды. Бұдан кейін Иса шәкірттеріне: — Яһудея аймағына қайта барайық! — деді. Олар: — Ұстаз, яһуди діндарлары күні кеше ғана Сізді тас лақтырып өлтіргісі келмеп пе еді? Шынымен тағы сол жаққа бармақсыз ба? — деп сұрады. Иса: — Күндізгі уақытта он екі сағат бар емес пе? Адам жолмен күндіз жүрсе, сүрінбейді, өйткені ол бұл дүниенің жарығын көреді. Ал егер түнекте жүрсе, сүрінеді, себебі онда жарық жоқ, — деп астарлап жауап берді. Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып: — Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді. Шәкірттері: — Мырза, ұйықтағаны жақсы, сонда сауығады! — деді. Иса астарлап сөйлеп, Елазардың өлгенін айтқан еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды. Сонда Иса жасырмай: — Елазар өлді, — деді. — Бірақ Өзімнің сол жерде болып, оны сауықтырмағаныма сендер үшін қуанамын; осылай берік сенімге жетесіңдер. Енді Елазарға барайық! Сыңарлас деп аталатын Тома басқа шәкірттерге: «Біз де барып, Онымен бірге өлейік», — деді.

Елазардың қайта тірілуі — Мәсіхтің құдіретінің белгісі

Иса Бетания ауылына жеткенде, Елазардың өліп, қабірге қойылғанына төрт күн болғанын естіді. Бетанияның Иерусалимнен қашықтығы үш-ақ шақырымдай болғандықтан, қаладан көптеген яһудилер Мәриям мен Мартаға көңіл айтуға келген екен. Исаның келе жатқанын естіген Марта алдынан шықты; Мәриям үйде отыра берді. Марта Исаға: – Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді! Бірақ қазір де Құдайдан не сұрасаңыз да, оны Сізге беретінін білемін, — деді. — Бауырың қайта тіріледі, — деп жауап берді Иса. Сонда Марта: — Ақырғы күнгі қайта тірілуде оның да тірілетінін білемін, — деді. Ал Иса оған: — Қайта тірілу мен шынайы өмір  — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе? — деді. Марта: — Иә, Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы екеніңізге сенемін, — деп жауап берді. Осыны айтқан соң Марта барып, басқаларға білдірмей Мәриямға: «Ұстаз осында, сені шақырып жатыр», — деді. Мәриям мұны естісімен асығыс тұрып, Оған қарсы жүрді. Ал Иса әлі де ауылға кірмей, Мартаға кездескен жерінде болатын. Мәриямның қасында көңіл айтып отырған яһудилер оның асығыс тұрып, сыртқа шығып кеткенін көргенде соңынан ере шығып: «Қабірдің басына барып жоқтау айтатын шығар», — деп ойлады. Мәриям Иса тұрған жерге келіп, аяғына жығыла: — Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді! — деді. Мәриямның және оған ерген яһудилердің қайғырып жылағандарын көргенде, Иса іштей қатты қобалжып, қайғырып, толқып кетті. Олардан: — Оны қай қабірге қойдыңдар? — деп сұрады. — Иеміз, барып көріңіз, — деді олар. Иса көзіне жас алды. Яһудилер: — Қараңдар, Ол Елазарды қалай жақсы көрген! — деді. Ал араларындағы кейбіреулері: — Соқырдың көзін ашқан Ол оны да ажалдан арашалап алып қала алмас па еді? — деді. Иса тағы да қатты қобалжып, қабірдің басына барды. Қабір — аузы (дөңгелек дәу) қақпақ таспен жабылған үңгір екен. Иса: — Тасты алып тастаңдар! — деп бұйырды. Бірақ марқұмның әпкесі Марта:

— Ием, ол иістеніп барады, жатқанына төрт күн болды! — деп қарсылық білдірді. — Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса. Сонда олар қақпақ тасты үңгір аузынан домалатып алып тастады. Иса көзін көкке қадап: — Әке, тілегімді қабыл алғаның үшін Саған ризамын! Тілегімді әрқашан қабыл алатыныңды білемін. Алайда айналамда тұрған жұрт Мені Өзіңнің жібергеніңе сенсін деп мұны айтып тұрмын, — деп мінажат етті. Осылай дегеннен кейін: — Елазар, шық! — деп қатты дауыспен бұйырды. Сонда марқұм болған адам қабірден шықты! Оның аяқ-қолы кебінге оралып, бет-аузы да орамалмен байланған еді. Иса қасындағыларға: — Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін! — деп тапсырды.

Жохан 11:1-44

  Елазардың әпкелері Иса Мәсіх (ғ.с.) тезірек келіп, бауырларын сауықтырып жібереді деп үміттенді. Бірақ Иса (ғ.с.) Елазар өлгенге дейін асықпай жүріп алды. Оның не ойлағанын ешкім түсінбеді. Егер оның жүрегіне үңілсек оның ашулы екенін көреміз. Кімге? Әпкелеріне ме? Жиналған халыққа ма? Шәкірттеріне ме? Елазарға ма? Жоқ ол өлімге қатты ашулы болды. Осы оқиғада Иса Мәсіх (ғ.с.) екінші рет көзіне жас алған кезін сипаттайды. Ол не үшін жылады? Ол досының қазасына жылады. Өлім оның жүрегінде ашу мен қайғы тудырды. 

Адамды аурудан сауықтыру әрине жақсы нәрсе, бірақ ол бәрібір уақыты келгенде қайтыс болады. Адам сау немесе сырқат, әділ немесе күнәкар, еркек немесе әйел, жасы келген кәрі немесе жас, діндар немесе сенбеуші болсын бәрібір түбінде бір қайтыс болатыны анық. Құдайды тыңдамағаны үшін Адам атадан бастап осы өлім барлық адамзатты жұтатын болды. Сөйтіп, сіз бен бізді қоса алғанда, бүкіл Адам ата ұрпағы соңғы жауымыз – өлім тұтқынында қалдық. Өлім бар үмітімізді жойып бәрін жауапсыз қалдырды. Егер адам жәй сырқат болса, онда әлі үміт бар. Сондықтан әпкелері сауығады деген үмітте болды. Бірақ бауырларының өлімі олардың барлық үміттерін үзді. Осының бәрі бізге  де толықтай қатысты. Ауруханада әлі де үміт бар. Ал мола да бітті үміт жоқ. Өлім – соңғы жауымыз. Иса Мәсіх (ғ.с.) дәл сол соңғы жауды жеңуге келді. Сондықтан да ол Елазардың әпкелеріне былай деді: 

«Қайта тірілу мен шынайы өмір  — Менмін» .  

Жохан 11:25

Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімнің көзін құртып, өмірді таңдаған әркімге өмір сыйлау үшін келді. Көпшіліктің алдында Елазарды өлімнен қайта тірілту арқылы өзінің өлімнің үстінен де билігі барын айқын дәлелдеп берді. Өлімді емес өмірді таңдаған әркімге, ол осы нәрсені істеп беруге уәде етті. 

Пайғамбардың әрекетіне деген көзқарас

Өлім – адамзаттың соңғы жауы, бірақ біз басқа, мысалы, саяси, діни немесе ұлттық сияқты ұсақ жанжалдармен өмір сүріп жүрміз. Осы дүниелер сол Иса Мәсіх (ғ.с.) заманында да орын алған. Осы оқиғаға куә болған адамдардың әрекеттеріне қарап, сол заманда олар үшін не маңызды болғанын байқауға болады. Олар былай әрекет ете бастады: 

  Мәриямға келген яһудилердің көбі Исаның керемет ісін көріп, Оған сенді. Бірақ кейбіреулері парызшылдарға барып, Исаның не істегенін айтып берді. Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Жоғарғы кеңестің мәжілісін шақырып: — Біз не істесек екен? Мына Кісі көптеген кереметтер жасап жүр. Оны осылай қалдырсақ, бәрі Соған сенетін болады. Сонда римдіктер келіп, киелі үйіміз бен ұлтымызды біздің қолымыздан тартып алып жүрер! — десті. Олардың біреуі, сол жылы бас діни қызметкер болған Қаяфа, тіл қатып: — Сендер түк білмейсіңдер ме? Бүкіл ұлтымыздың құрып кетуінен гөрі, бізге халық үшін бір Адамның өлгенінің жақсы екенін ойламайсыңдар ма? — деді. Бұл сөзді ол өздігінен айтқан жоқ, қайта, сол жылы бас діни қызметкер болғандықтан: «Иса халқымыз үшін өлуге тиіс» деп алдағы оқиғаны білдірді. Ал Иса Исраил халқы үшін ғана емес, сондай-ақ жер жүзіне таралған басқа халықтардың енді Құдайдың рухани балалары болулары үшін де өлуге тиісті болды. Ондағы мақсаты — екі жақты жинап, біріктіру еді. Сол күннен бастап олар Исаны өлтіру туралы берік байламға келді. Сондықтан Иса бұдан былай яһудилердің арасында ашық жүрмей, айдалаға жақын жердегі Ефраим атты қалашыққа кетіп, сонда шәкірттерімен бірге болды. Яһуди халқының Құтқарылу мейрамы жақындап қалған еді. Бүкіл елден көптеген кісілер мейрам алдындағы діни тазару салтын орындау үшін Иерусалимге өрлеп бара жатты. Олар Исаны іздестіріп жүрді. Қалаға жеткеннен кейін: «Ол мейрамға осында келмейтін шығар, қалай ойлайсыңдар?» — деп ғибадатханада әңгімелесіп тұрды. Себебі басты діни қызметкерлер және парызшылдар: «Оның қайда жүргенін көрген біреу болса, тұтқындау үшін бізге хабар берсін!» — деп жарлық шығарып қойған еді .

Жохан 11:45-57

Дау жанжал пайда болды. Иса Мәсіх (ғ.с.) өзі туралы өлімді де жеңетін күш иесі екенін ашық мойындады. Дін басшылары оны қалай өлтіруге болады деп ойланып жатты. Сол жерде тұрғандардың көбі оған сенді, ал кейбіреулері күдікпен қарады. Өзіңе былай сұрақ қоюға болады: Егер мен сол жерде болып Елазардың өлімнен қайта тірілгеніне куә болсам, сол кереметке қалай қарар едім? Жанжалдан қорқып өмір сыйынан бас тартқан парызшыл сияқты әрекет етер ме едім? Немесе байыбына барып, толық түсінбесем де, өмірімді оның қолына сеніп тапсырар ма едім? Исаның (ғ.с.) берген уәдесіне бола, сол кездегі адамдардың әрекеттері қазіргі кездегі әрекеттерден көп айырмашылығы жоқ. 

Сол дау-дамайлардың бәрі Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы 1500 жыл бұрын енгізілген өлімнен құтылған сол құтқарылу мейрамы қарсаңында болды. Ары қарай біз Інжілден Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімді жеңу міндетін орындау барысында, барлық елге жек көрінішті болып, отанын сатқан опасыз адамға мейірімділік көрсеткені туралы оқимыз. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *