Skip to content
Home » кітаптардан » Page 2

кітаптардан

Матай 21:23 – 23:39

A Question about Jesus’ Authority

23 Содан соң Иса ғибадатханаға кірді. Жұртқа тағылым беріп жатқан Оның қасына елдің басты діни қызметкерлері мен рубасылары жақындап: — Бұл істерді қандай билікпен істеп жүрсіз? Сізге мұндай билікті кім берді? — деген сауал қойды.
24 Исаның жауабы мынау болды: — Мен де сіздерге бір сұрақ қояйын. Соған жауап берсеңіздер, онда бұл істерді қандай билікпен істеп жүргенімді айтып беремін.
25 Жақияның орындаған шомылдыру рәсімі қайдан болып еді: көктің еркімен бе, әлде адамның еркімен бе? Олар өзара пікірлесіп: «Егер «көктің еркімен» десек, Ол бізден: «Ендеше Жақияның уағызына неге сенбедіңіздер?» деп сұрайды.
26 Ал «адам еркімен» десек, халықтың наразылығына ұшыраймыз деп қаймығамыз. Барлығы Жақияның пайғамбар болғанына сенеді ғой», — десті.
27 Сондықтан олар Исаға: — Оны білмейміз, — деп жауап берді. Иса: — Олай болса, Мен де бұл істерді қандай билікпен істеп жүргенімді айтпаймын, — деп кесіп айтты.
28 — Ал мына оқиғаға қалай қарайсыздар: Бір адамның екі ұлы болыпты. Ол біреуіне келіп: «Ұлым, бүгін жүзімдікке барып, жұмыс істеші», — деп тапсырғанда,
29 баласы: «Барғым келмейді», — деп жауап қайырады. Дегенмен кейінірек онысына өкініп, жұмысқа барады.
30 Әкесі екіншісіне келіп те дәл солай дейді. Бұл: «Жарайды, әке, барамын», — деп жауап берсе де, бармай қояды.
31 Осы екеуінің қайсысы әкесінің еркін орындады? — деп сұрады Иса. Ел басшылары: — Біріншісі, — деп жауап бергенде, Ол былай деді: — Ендеше сіздерге шындығын айтайын: Құдай Патшалығына сіздерден бұрын (теріс жолдан қайтқан) салықшылар мен азғын әйелдер кірмек!
32 Себебі Жақия әділдік жолын көрсетуге келгенде оған сенбедіңіздер. Бірақ салықшылар мен азғын әйелдер оған сенім артты. Ал сіздер тіпті мұны көргеннен кейін де теріс жолдан қайтпадыңыздар, әрі оған сенбедіңіздер!
33 Тағы бір астарлы әңгімені тыңдаңыздар: бір қожайын жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап қояды, әрі жүзім шырынын сығып алуға арналған шұңқыр қазып жасап, күзет мұнарасын да салады. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады.
34 Жеміс піскен мезгілде бақтың иесі өнімінен өзіне тиісті үлесін алу үшін қызметшілерін жұмсайды.
35 Бірақ жүзімшілер қызметшілерді ұстап алады: біреуін ұрып-соғып, өзгесін өлтіріп, тағы біреуін таспен атқылайды.
36 Қожайын бұрынғыдан да көбірек қызметшілерін жібереді. Бірақ әлгілер оларға да алдындағыдай істейді.
37 Ақыр соңында қожайын: «Менің ұлымнан қаймығар» — деп ойлап, оларға өз ұлын жұмсайды.
38 Бірақ жүзімшілер ұлын көргенде өзара: «Бұл — мұрагер ғой! Кәне, жүріңдер, оны өлтіріп, мұрасына ие болайық!» — деседі.
39 Оны ұстап алып, бақ сыртына алып шығып, өлтіріп тастайды.
40 Енді жүзімдіктің иесі келгенде, осы жүзімшілерге не істемек? —
41 Тыңдап тұрғандар Исаға: — Ол зұлымдарды азаптап өлтіріп, бағын басқаларға тапсырмақ. Солар мерзімі жеткенде оған тиісті өнімін беретін болады, — деп жауап берді.
42 Сонда Иса былай деді: — Киелі жазбадан мынаны ешқашан оқымап па едіңіздер: «Құрылысшылар менсінбеген Тас енді үйдің басты іргетасына айналды! Жаратқанның Өзі соны істеді, көз алдымызда бұл керемет болды!»
43 Сондықтан да сіздерге айтамын: Құдай өз Патшалығын сіздерден тартып алып, басқа бір халыққа тапсырмақ! Олар оның өнімін беріп тұратын болады.
44 Ал әлгі Тасқа сүрініп құлаған әркім талқандалады, әрі осы Тас үстіне құлағандар жаншылып қалады!
45 Астарлы әңгімелерін тыңдаған басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Исаның өздері туралы айтқанын ұғып,
46 Оны тұтқындамақ болды. Алайда Исаны пайғамбар деп қадір тұтқан халықтан қорқып, соған батылдары бармады.

са халыққа астарлы әңгімелер арқылы тәлім беруін жалғастырды. Оларға былай деді:
«Құдай Патшалығындағы жағдайды мынаумен салыстыруға болады: бір патша баласының үйлену тойын өткізуге дайындалыпты.
Содан ол шақырған кісілерін алып келуге қызметшілерін жібереді. Алайда сол адамдардың келгілері келмейді.
Патша басқа қызметшілерін жұмсап: — Шақырылғандарға айтыңдар, мен қонақасымды әзірлеп қойдым, өгіздер мен бордақыланған торпақтар сойылып, бәрі дайын тұр. Тойға келе беріңдер! — дегізеді.
Бірақ олар шақыруды елемей, біреуі егіндік жеріне, біреуі саудасына кетіп қалады.
Тағы басқалары қызметшілерін ұстап алып, қорлап, өлтіріп тастайды.
Мұны естіген патша қаһарланып, әскерін жұмсап, әлгі кісі өлтірушілердің көздерін құртып, олардың қаласын өртеп жібереді.
Содан кейін қызметшілеріне: — Той дайын, ал шақырылғандар оған лайықсыз болып шықты.
Енді жол тораптарына барып, кімді кездестірсеңдер, соларды тойға шақырып, алып келіңдер! — деген жарлық береді.
10 Жан-жаққа аттанған қызметкерлер кімді кездестірмесін — жаманын да, жақсысын да бәрін жинап алып келеді. Той болған үй адамдарға лық толады.
11 Патша келгендерді көруге кіргенде, тойға сай киім кимеген біреуді көріп,
12 одан: — Достым, мұнда той киімінсіз қалайша кірдің? — деп сұрайды. Ол үндемейді.
13 Патша нөкерлеріне: — Мынаның аяқ-қолын байлап, сыртқа, қара түнекке лақтырыңдар! — деп бұйырады. — Сонда ол зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады.
14 Себебі шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз».
15 Парызшылдар сол жерден кетіп, Исаны өз сөзінен ұстаудың жолын іздеп ақылдасты.
16 Оған Иродтың жақтастарымен бірге өз шәкірттерін жіберіп, мынадай қитұрқы сұрақты қойғызды: — Ұстаз, Сіздің әділ екеніңізді білеміз. Жұртты шынымен Құдай жолына үйретіп, біреуге жағыну ниетінен аулақсыз, ешкімнің де бет-жүзіне қарамайсыз.
17 Енді бізге айтыңызшы, қалай ойлайсыз, Рим патшасына алым-салық төлеуіміз дұрыс па, әлде бұрыс па? —
18 Олардың арам ойларын білген Иса: — Екі жүзділер, Мені азғырып сынамақсыңдар, ә?
19 Маған салыққа төлейтін бір күміс теңгені көрсетіңдерші! — деді. Олар Оған бір күміс теңге әкеліп берді.
20 Иса: — Мына сурет пен жазу кімдікі? — деп сұрады.
21 Олар: — Рим патшасынікі, — деп жауап берді. Сонда Иса: — Олай болса, патшаға тиістісін патшаға, ал Құдайға тиістісін Құдайға беріңдер! — деп тұжырымдады.
22 Мұны естіген олар таңданып, Исаның қасынан кетіп қалды.
23 Саддукейлер өлімнен қайта тірілу жоқ дейтін. Сондықтан саддукейлер ұйымының кейбір мүшелері сол күні Исаға келіп, мына сұрақты қойды:
24 — Ұстаз, Мұса пайғамбар бізге (Тауратта) мынадай бұйрық берген: Егер үйленген біреу артынан бала қалдырмай өлсе, онда жесіріне ағасы не інісі үйленіп, марқұм бауыры үшін ұрпақ қалдырсын!
25 Арамызда жеті ағайынды жігіт бар еді. Солардың тұңғышы үйленіп, соңынан бала қалдырмай өлді. Жесіріне екіншісі әмеңгер болып үйленді.
26 Ал мұнымен де, үшіншісімен де, тіпті жетеуінің бәрімен де дәл осы сияқты болды.
27 Ақыры бәрінің соңынан әйел де көз жұмды.
28 Ендеше, қиямет күні қайта тірілгенде әйел осы жетеудің қайсысынікі болады? Ол солардың бәрінің де әйелі болған еді ғой! —
29 Бірақ Иса былай жауап қайырды: — Киелі жазбаларды және Құдайдың құдіретін ұқпағандықтан жаңылып жүрсіңдер!
30 Себебі өлімнен қайта тірілгеннен кейін адамдар әйел алмайды, күйеуге де шықпайды. (Сол жағынан) олар көктегі Құдайдың періштелері іспетті болады.
31 Ал өлгендердің қайта тірілуі жайында Құдайдың (Тауратта):
32 «Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын» дегенін оқымап па едіңдер? Демек, Ол — өлгендердің емес, тірілердің Құдайы!
33 Мұны естіген халық Исаның тәліміне таңғалды.
34 Исаның саддукейлерді үндетпей қойғанын естігенде, парызшылдар бас қосып жиналды.
35 Кейін олардың біреуі, Таурат заңын үйретуші ғұлама, Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болып Оған мына сұрақты қойды:
36 — Ұстаз, Таураттағы ең ұлы өсиет қайсысы? — Иса:
37 — «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!»
38 Бұл — ең ұлы да басты өсиет.
39 Ал екіншісі де сол сияқты маңызды: «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!»
40 Бүкіл Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбалары осы екі өсиетке негізделген, — деді.
41 Қасына жиналған парызшылдарға Иса:
42 — Мәсіх туралы не ойлайсыздар, Ол кімнің Ұрпағы болады? — деген сұрақ қойды. Олар: — Дәуіттің Ұрпағы! — деді.
43 Сонда Иса: — Ендеше неліктен Дәуіт Киелі Рухтың жетелеуімен Мәсіхті «Ием» деп атады? Ол:
44 «Жаратқан Ие менің Иеме былай деп айтқан: Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда», — деген ғой.
45 Сонымен, Дәуіт (пайғамбар) Мәсіхті «Ием» деп атаса, қалайша Ол «Дәуіттің Ұрпағы» ғана болады? — деп сұрады.
46 Ешқайсысы Исаға жауап беріп, бір сөз де айта алмады. Бұдан кейін тағы басқа сұрақтар қоюға ешкімнің де батылы бармады.

одан кейін Иса жиналған көпшілікке және Өзінің шәкірттеріне былай деді:
— Дін мұғалімдері мен парызшылдар Мұса пайғамбардың орнын басты.
Сондықтан олардың айтқандарын түгелдей орындаңдар, бірақ істегендеріндей істемеңдер! Себебі сол айтқандарын олардың өздері іс жүзінде орындамайды.
Олар ыңғайсыз, тым ауыр борыштарды халықтың мойнына байлап артып қояды. Бірақ өздері соларды көтеру үшін саусақтарының ұшын да қимылдатпайды.
Олар барлық діни жоралғыларды жұрттың көзіне түсу үшін ғана орындайды. Маңдайлары мен қолдарына байлайтын, Таурат аяттары жазылған қайыс қалталардың көлемін үлкейтіп, шапандарының шашақтарын ұзартады.
Қонақасыларда төрге жайғасуды әрі мәжілісханаларда сыйлы орында отыруды жақсы көреді.
Базарларда жұрттың өздеріне сәлем беріп құрмет көрсетіп, «ұстаз» деп атағандарын қатты ұнатады.
Алайда сендер «ұстаз» деп аталмаңдар! Ұстаздарың Біреу-ақ, ал сендердің бәрің өзара бауырлассыңдар.
Жер бетіндегі ешкімге «әке» деген рухани атақ бермеңдер! Бірден-бір рухани Әкелерің көкте ғой.
10 Өздеріңді «тәлімгер» деп те ешкімге ататпаңдар! Тәлімгерлерің Біреу-ақ, Ол — Мәсіх.
11 Араларыңдағы ең ұлыларың бәріңе де қызмет ете берсін!
12 Себебі өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.
13 Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! (Халық үшін) Құдайдың Патшалығын халықтан жауып құлыптап қоясыңдар: өздерің де кірмейсіңдер, кіргісі келгендерге де жол бермейсіңдер!
14 (Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Жесір әйелдердің үй-жайын ішіп-жеп тауысып, әдейі көзге түсу үшін ұзақ мінажат етіп жүрсіңдер. Сол үшін де бәрінен бетер қатаң жазаланатын боласыңдар-ау!)
15 Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Бір-ақ адамды болса да дінге кіргізу үшін жиһан кезіп, су кешесіңдер. Ал кіргізген соң оны өздеріңнен екі есе бетер теріс жолға салып, тозаққа түсетін қыласыңдар!
16 Көр соқыр жетекшілер, сендер қасіретке қаласыңдар! Себебі былай деп үйретесіңдер: «Біреу киелі үйдің атымен ант етсе, сол мұнысын орындауға міндетті емес. Ал егер киелі үйдегі алтынмен ант етсе, онда ол сол антын орындауға міндетті».
17 Ей, соқыр да надандар-ай! Не артық, алтын ба немесе алтынды қасиетті ететін киелі үй ме?
18 Сендер тағы: «Кім құрбандық үстелімен ант етсе, сол мұнысын орындауға міндетті емес. Ал егер ол соның үстіндегі құрбандықпен ант етсе, онда ол сол антын орындауға міндетті» дейсіңдер.
19 Ей, соқырлар-ай! Қайсысы артық: құрбандық па, әлде соны қасиетті қылатын құрбандық үстелі ме?
20 Ендеше, құрбандық үстелімен ант еткен сол үстелмен және оның үстіндегілердің бәрімен де ант береді ғой.
21 Сол сияқты, киелі үйдің атымен ант еткен, киелі үймен және онда тұратын Жаратқан Иенің атымен де ант береді.
22 Сондай-ақ, көктің атымен ант еткен, Құдайдың тағымен және тақ үстінде отырған Оның Өзінің атымен де ант береді.
23 Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті (бақшадан жиналған) жалбыз, аскөк, зире сияқты майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің құнының да оннан бір бөлігін садақаға бересіңдер. Бірақ та Таурат заңының әділдік, мейірімділік және адалдық туралы маңызды қағидаларына көңіл бөлмей келесіңдер. Біріншісін істеп, екіншісін де қалдырмағандарың дұрыс болар еді.
24 «Масаны сүзіп тастап, түйені жұтып қоятын» соқыр жетекшілер-ай!
25 Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Ыдыс-аяққа сыртқы тазарту рәсімін орындай бересіңдер. Бірақ олардың іші алдамшылықпен әрі ашкөздікпен тартып алған тағамдарыңа толы.
26 Соқыр парызшылдар! Сыртының да таза болуы үшін, алдымен ыдыс-аяқтың ішін тазартыңдар!
27 Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Әктелген молаларға ұқсайсыңдар: олар сыртынан әдемі болып көрінеді, бірақ іштері өліктердің сүйектері мен түрлі шірікке толы.
28 Солар сияқты сендер де сырттарыңнан әділ болып көрінгенмен іштерің екіжүзділік пен күнәға лық толы!
29 Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер, сендер қасіретке қаласыңдар! Пайғамбарларға әдемілеп мазар салып, әділдердің ескерткіштерін әшекейлеп безендіресіңдер.
30 Және: «Біздер ата-бабаларымыздың заманында өмір сүрген болсақ, олар сияқты пайғамбарлардың қанын төкпеген болар едік» дейсіңдер.
31 Сол арқылы сендер пайғамбарларды өлтіргендердің үрім-бұтағы екендеріңді мойындап, өздеріңе қарсы куәлік келтіресіңдер.
32 Осылайша ата-бабаларыңның жауыздық істерінің мөлшерін толықтыра түсесіңдер!
33 Ей, жыландар, улы жыланның ұрпағы! Сендер сотталып, тозаққа түсуден қалай құтылмақсыңдар?
34 Сол үшін де тыңдап алыңдар: Мен сендерге Құдайдың хабарын жеткізушілерді, дана адамдарды және киелі жазбаларды үйретуші ғұламаларды жіберемін. Бірақ сендер солардың біреулерінің көздерін құртып, кейбіреулерін айқышқа шегелетіп өлтіріп, тағы басқаларын мәжілісханаларыңда дүрелеп сабап, қаладан қалаға қудалайтын боласыңдар.
35 Сол үшін де кінәсіз Әбілден бастап, өздерің киелі үй мен құрбандық үстелінің арасында өлтірген Барақияхтың ұрпағы Зәкәрияға дейін жер бетінде төгілген күллі әділдердің қандарының құны сендердің мойындарыңа жүктелетін болады!
36 Сендерге шындығын айтамын: мұның барлығы да осы ұрпақтың мойнына жүктеледі!
37 Ей, Иерусалим қаласы, пайғамбарлардың көзін құртып, Құдай саған жіберген хабаршыларды тас лақтырып өлтіретін Иерусалим-ай! Балапандарын қанатының астына алған құс сияқты, Мен де сенің халқыңды қанша рет жинамақшы болдым. Бірақ сендер одан бас тарттыңдар!
38 Сондықтан үйлерің қаңырап, бос қалдырылады.
39 Сендерге шындығын айтайын: бұдан былай, «Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!» деп шақырған уақыттарыңа дейін, Мені қайтып көрмейсіңдер.

ол кезде Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас болады: он бойжеткен қолдарына шамдарын ұстап, күйеу жігітті қарсы алуға шығыпты.
Олардың бесеуі ақылды, бесеуі ақылсыз екен.
Ақылсыз қыздар шамдарын алғанмен, құятын артық май алмай шығады.
Ал ақылдылары шамға қоса майға толы құмыраларын да ала жүреді.
Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады.
Бірақ түн ортасында: «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдар!» — деген дауыс естіледі.
Сонда қыздардың бәрі де орындарынан тұрып, шамдарын жөндейді.
Ақылсыздары ақылдыларына: — Майларыңнан беріңдерші, шамдарымыз сөнейін деп жатыр, — дейді.
Ал олар: — Бізге де, сендерге де жетпей қалғанша, өздерің сатушыларға барып, май сатып алғандарың жөн, — деп жауап береді.
10 Әлгілер майға кеткенде күйеу жігіт келіп, дайын тұрғандар онымен бірге тойға кіріп кетеді де, есіктер жабылып қалады.
11 Кейін майға кеткен қыздар да келіп: — Тақсыр мырза! Есікті аша көріңіз! — деп өтінеді.
12 Ал күйеу жігіт оларға: — Шын айтамын, сендерді танымаймын! — деп жауап береді.
13 Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.
14 Бұл жайт сапарға шықпақ болған бір кісінің әрекетіне ұқсас: ол кетер алдында қол астындағы қызметшілерін шақырып алып, оларға меншікті қаражатын аманаттап тапсырады:
15 әрқайсысына қабілетіне қарай, біреуіне бес, келесісіне екі, тағы біреуіне бір ат басындай күміс береді. Содан кейін сапарына аттаныпты.
16 Бес ат басындай күміс алған қызметші онысын дереу айналымға жіберіп, үстіне тағы бесеуін қосып қояды.
17 Екі ат басындай күміс алғаны да дәл осылай етіп, тағы екеуін қосып қояды.
18 Ал бір ат басындай күміс алғаны қожайынының қаржысын бір жерге апарып, көміп тастайды.
19 Арада көп уақыт өткеннен кейін қызметшілердің қожайыны қайтып келіп, олардың есеп берулерін талап етеді.
20 Бес ат басындай күміс алған қызметші тағы да бесеуін әкеліп тұрып, былай дейді: — Мырзам, сіз маған бес ат басындай күміс беріп едіңіз. Міне, солардан тағы бесеу пайда түсірдім. —
21 Қожайыны оны мақтап: — Жарайсың, жақсы да адал қызметшім! Шағын істе сенімді болдың, сені үлкен істердің басына қоямын. Енді қуанышты тойыма кел! — дейді.
22 Екі ат басындай күміс алғаны да келіп: — Мырзам, сіз маған екі ат басындай күміс беріп едіңіз. Міне, солардан тағы екеу пайда түсірдім, — деп есеп береді.
23 Қожайыны оған да: — Жарайсың, жақсы да адал қызметшім! Шағын істе сенімді болдың, сені үлкен істердің басына қоямын. Енді қуанышты тойыма кел! — дейді.
24 Ал бір ат басындай күміс алғаны келіп: — Мырзам, сіздің қатал адам екеніңізді білдім. Өзіңіз екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайсыз.
25 Сондықтан қорқып, күмісіңізді жерге көміп тастаған едім. Мінеки, соныңыз, — дейді.
26 Қожайыны оған былай дейді: — Әй, зұлым да жалқау қызметші! Менің екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайтынымды білдің ғой!
27 Сол үшін де күмісімді саудагерлерге қарызға беруің керек болатын. Сонда мен қайтып келгенде өзімдікін өсімімен қайтарып алатын едім.
28 Ендеше одан күмісін алып, он ат басындай күмісі барға беріңдер!
29 Себебі кімде бар болса, соған тағы беріліп, молая түседі. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады.
30 Енді мына түкке тұрғысыз қызметшіні сыртқа, қара түнекке лақтырып тастаңдар! Сонда ол зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады.
31 — Құдай тағайындаған Билеуші қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады.
32 Барлық халықтар Оның алдына жинап әкелінеді. Ол шопанның қойларды серкелерден ажыратқанындай адамдарды екі топқа бөліп,
33 «қойларды» оң жағына, «серкелерді» сол жағына қояды.
34 Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: — Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар!
35 Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар.
36 Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар.
37 Сонда әділдер Оған: — Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік?
38 Қашан бейтаныс болып баспана іздеп жүргеніңізді көріп, Сізді қабылдаған едік? Немесе киімсіз жүрген Сізді киіндірдік?
39 Қай кезде Сіз ауырып не түрмеде жатқаныңызда артыңыздан келіп тұрдық? — деген сұрақ қояды.
40 Патша оларға былай деп жауап береді: — Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың!
41 Бұдан кейін Патша Өзінің сол жағындағыларға да былай деп үкім шығарады: — Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар! Шайтанға және оның хабаршыларына дайындалған мәңгілік тозақ отына түсіңдер!
42 Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенде сусын бермедіңдер.
43 Бейтаныс болып баспана іздеп жүргенімде Мені үйлеріңе қабылдамадыңдар. Киімсіз жүргенімде киіндірмедіңдер, ауырып не түрмеде жатқанымда артымнан келмедіңдер. —
44 Олар да: — Иеміз, біз қашан ашыққаныңызды не шөлдегеніңізді, бейтаныс болып баспана іздеп, киімсіз жүргеніңізді я болмаса ауырып не түрмеде жатқаныңызды көріп, Сізге көмектеспедік? — деп сұрайды.
45 Ол сонда: — Сендерге шындығын айтамын: мыналардың ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасамаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасамаған жақсылықтарың! — деп жауап беретін болады.
46 Сонымен бұлар мәңгілік азап шегуге кетеді. Ал әділдер мәңгілік өмірге ие болады, — деді Иса.

Жохан 17

са осыны айтқаннан кейін, аспанға қарап былай деді: — Әке, уақыт жетті. Рухани Ұлыңды ұлылыққа бөлей гөр, сонда Мен Сенің ұлылығыңды көрсете аламын.
Себебі Сен Маған берген адамдарыңның бәріне мәңгілік өмір сыйлауым үшін күллі адамзаттың билігін Менің қолыма тапсырдың.
Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану.
Маған тапсырған ісіңді аяқтап, жерде Сенің ұлылығыңды көрсеттім.
Әке, әлем жаратылмай тұрып Өзіңмен бірге болғанымда ұлылыққа кенелген едім. Енді Мені өз қасыңда сол ұлылыққа қайтадан кенелте гөр.
Сені Маған күнәкар дүниенің ішінен айырып берген адамдарға Өзіңді таныттым. Олар Сенікі еді, Сен Маған оларды бердің. Олар Сенің сөзіңді берік ұстанып келеді.
Сенің Маған тапсырғандарыңның бәрінің де Өзіңнен шыққанына енді олардың көздері жетті.
Себебі Мен Өзің тапсырған хабарды оларға жеткіздім, олар оны қабыл алды. Сенен келгенімді шәкірттерім шынымен түсініп, Мені Өзіңнің жібергендігіңе сенді.
Олар үшін өтініп жатырмын. Саған бағынбайтын дүние үшін емес, Өзің Маған берген шәкірттерім үшін өтініп жатырмын, себебі олар Сенікі.
10 Менікінің бәрі Сенікі, Сенікінің бәрі де Менікі. Бұл адамдар арқылы Менің ұлылығым көрініп тұр.
11 Бұдан былай Мен осы дүниеде қалмай, Саған бара жатырмын. Бірақ олар осы дүниеде қалады. Киелі Әке, Маған берген есіміңнің құдіретімен шәкірттерімді қорғай гөр. Екеуіміздің біртұтас екендігіміздей, олар да біртұтас болсын.
12 Мен қастарында болған кезімде оларды Сенің Маған берген есіміңнің құдіретімен қорғап, аман сақтап жүрдім. Құрып кетуге тиісті адамнан басқа бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын. Киелі жазбада сол адамның істейтіні туралы айтылғандар орындалу үшін осылай болды.
13 Ал енді Саған бара жатырмын. Бірақ Менің қуанышым толығымен шәкірттерімнің де қуанышы болсын деп осы сөздерді әлі де жерде жүрген кезімде айтып тұрмын.
14 Бұларға Сенің хабарыңды білдірдім. Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес.
15 Сенен оларды осы дүниеден әкете гөр деп емес, әзәзіл шайтаннан қорғай гөр деп сұрап тұрмын.
16 Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да осы күнәкар дүниенің адамдары емес.
17 Оларды шындығың арқылы Өзіңе бағыштап, таза жүргізе гөр. Сенің сөзің — шындық.
18 Мені осы күнәкар дүниеге жібергеніңдей, Мен де бұларды осы дүниеге жіберемін.
19 Сенің шындығың арқылы олардың да Өзіңе бағышталулары үшін Мен Өзімді оларға бола Саған бағыштаймын.
20 Мен бұлар үшін ғана емес, олардың айтқандары арқылы Маған сенетін барлық адамдар үшін де өтініп тұрмын.
21 Әке, Мені Өзіңнің жібергендігіңе адамзаттың сенуі үшін, Сенің Менімен, Менің де Сенімен тығыз байланыста тұрғанымыздай, сенушілер де Екеуімізбен тығыз байланыста тұрып, бәрі біртұтас болсын деп өтінемін.
22 Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім.
23 Мен бұлармен тығыз байланыстамын, Сен де Менімен солайсың. Маған сенетіндер толық бірлікке жетсін! Осылайша Өзіңнің Мені жібергеніңе әрі Мені қалай сүйсең, оларды да солай сүйетініңе адамзаттың көзі жетсін.
24 Әке, Маған тапсырған адамдарыңның Өзім болатын жерде болуларын және Өзің Маған сыйлаған салтанатты ұлылығымды көрулерін қалаймын. Бұл ұлылығымды Сен Маған Мені сүйгендіктен әлем жаратылмастан бұрын-ақ сыйлаған едің.
25 Әділетті Әке, осы дүние Сені түсінген жоқ, ал Мен Сені түсінемін. Мені Өзіңнің жібергеніңе шәкірттерімнің көздері жетті.

ҚұранТаурат
(Худ) 11:25-48
Әрине біз Нұх (Ғ.С.) ты қауымына жібердік: «Мен сендер үшін ап-ашық бір ескертушімін.»«Аллаға ғана ғйбадат қылыңдар, шынында мен сендерге, күйзелтуші күннің азабынан қорқамын» деді.
Елінің қарсы келген бастықтары: «Біз сені өзіміз тәрізді ғана адам көреміз, саған тар көзқарасты қорларымыздан басқанын ергенін көрмейміз. Сондай-ақ сендердің бізге бір артықшыларыңды көрмейміз. Тіпті сендерді өтірікші деп ойлаймыз» деді.
Нұх (Ғ.С.): «Әй елім! Көрдіңдер ме? Раббым тарапынан ашық бір дәлел үстінде болсам және Ол, өз қасынан бір мәрхамет еткен болса, Ал ол, сендерге көрінбесе, сондай-ақ сендер оны жек көрсеңдер де сендерге оны зорлал қабылдата аламыз ба?» деді.
«Әй елім! Сендерден мал сұрамаймын. Жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ иман келтіргендерді қуалаушы емеспін. Өйткені, олар Раббыларына жолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін»
«Әй елім! Егер мен оларды қуаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?»
Мен сендерге: «Жанымда Алланың қазыналары бар демеймін де көместі де білмеймін. Мен бір періштемін де демеймін. Сондай-ақ көздеріңе ілмейтіндерге: «Алла әсте жақсылық қылмайды» демеймін. Алла олардың ішіндегілерді жақсы біледі. Ол уақытта мен залымдардан болармын» (деді.)
Олар: «Әй Нұх! Рас бізбен жанжалдастың, сондықтан тартысуды көбейтіп жібердің. Егер сөзің шын болса, енді бопсалаған нәрсеңді бізге келтір» деді.
Нұх (Ғ.С.): «Оны сендерге қаласа, Алла ғана келтіреді. Сендердің оған шамаларың келмейді» деді.
«Егер Алла, сендерді қаңғыртуды қаласа, сендерді үгіттеуді қаласам да үгітім сендерге пайда бермейді. Ол, сендердің Раббыларың. Сол уақытта оған қайтарыласыңдар.»
(Мұхаммед Ғ.С.) бәлкім кәпірлер: «Құранды өзі жасады» дей ме?. Оларға: «Егер оны жасаған болсам күнәсы маған тән. Алайда, мен сендердің істеген күнәларыңнан аулақпын» де.
Сондай-ақ Нұх (Ғ.С.) қа: «Еліңнен иман келтіргеннен басқалары, әсте иман келтірмейді. Енді олардың істегендеріне кейіме» делінген түрде уақи етілді.
Көз алдымызда нұсқауымыз бойынша кеме жаса. Залымдар турасында маған айт па! Өйткені, олар суға батырылады.
Кемені жасап жатқанда, елінің бастықтары жанынан өткен сайын оны тәлкек қылды. Нұх (Ғ.С.) оларға: «Егер бізді сықақ қылсаңдар, біз де сендерді, бізді сықақ қылғандарыңдай сықақ етеміз» деді.
Ал енді жедел білесіңдер: Қорлайтын азап кімге келер екен және тұрақты азап кімнің басына түседі екен?
Ақыр әміріміз келген заманда, таңдырдан су қайнады. Нұх (Ғ.С.) қа: «Ол кемеге әр нәрседен бір жұп және бұрын үкім етілгеннен басқа семьянды орналастыр. Әрі иман келтіргендерді де ал» дедік. Негізінде онымен бірге иман келтірген өте аз ғана еді.
Нұх (Ғ.С.): «Кемеге отырыңдар. Оның жүруі де тұруы да Алланың атымен. Расында Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» деді.
Ол кеме оларды, таулардай толқында алып жүрді. Нұх (Ғ.С.) айрылуда болған ұлына: «Әй балақайым! Бізбен бірге кемеге отыр, қарсы болушылардан болма!»,- деп дыбыстады.
Ұлы, Кенған: «Мені судан сақтайтын тауға паналаймын» деді. Әкесі: «Бүгін Алланың әмірімен сақтаушы жоқ. Бірақ біреуге мәрхамет етсе басқа» дегенде, екеуінің арасына толқын түсіп Кенған суға батқандардан болды.
«Әй жер! Суыңды жұт! Аспан сен де тоқта» делінді де су тартылды. Іс бітті. Кеме Жуди тауына тоқтады. «Залымдар жоқ болсын!» делінді. (Бұл Жуди тауы Мұсылға жақын.)
Нұх (Ғ.С.) Раббына дабыстап: «Раббым! Күдіксіз ұлым семьямнан ғой. Шәксіз уәдең хақ. Сондай-ақ Сен ең тура үкім етушісің» деді.
(Алла): «Әй Нұх! Ол, семьяннан емес. Өйткені, оның ісі дұрыс емес. Сондықтан білмеген бір нәрсені Менен тілеме. Сені надандардан болмауыңды насихаттаймын» деді.
(Нұх Ғ.С.): «Раббым! Расында білмегенімді Сенен тілеуден өзіңе сиынамын. Егер мені жарылқамасаң, маған мәрхамет етпесең зиянға ұшыраушылардан болармын» деді.
«Әй Нұх! Саған, сенімен бірге болған топтарға бізден сәлеметтік, молшылықпен кемеден түс! Бір талай топты дүниеде пайдаландырамыз да сонан кейін олар біздің күйзелтуші азабымызға ұшырайды» делінді.

(الاعراف) 7: 59-64 59.
Расында Нұх (Ғ.С.) ты еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын” деді.
Елінің бастықтары: “Әрине біз сені ашық адасуда көреміз” деді.
“Әй елім! Мен де ешбір адасқандық жоқ. Бірак мен әлемдердің Раббы тарапынан бір елшімін” деді.
“Сендерге Раббымның жібергендерін жалғастырып, сендерді үгіттеймін. Және Алладан сендер білмегенді білемін”
Сақсынып, мәрхаметке бөленулерің үшін Раббыларың тарапынан, өздеріңнен сендерге ескертетін бір кісіге насихат келуіне таңырқайсыңдар ма?
Сонда олар оны жасынға шығарды. Сондықтан оны және онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, аяттарымызды өтірік дегендерді суға батырдық.Өйткені олар анық көзсіз ел ді.

Genesis 6-8 11
11 Құдайдың көз алдында жер беті бүлінген үстіне бүліне беріп, зұлымдыққа толды.
12 Дүниенің әбден бұзылғанына Құдай көзін жеткізді, себебі жер бетіндегі барлық адамдар азғын өмір сүрді.
13 Сонда Ол Нұхқа үн қатып, былай деді: «Мен күллі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын. Жер беті солардың кесірінен зұлымдыққа толды, сол себепті оларды жермен қоса құртып жіберемін.
14 Сен мықты ағаштан сандық тәрізді кеме тұрғыз, оны бірнеше бөлімдерден тұратын етіп жасап, іші-сыртын қара шайырмен майла.
15 Оны былай жаса: ұзындығы үш жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақ болсын.
16 Кеменің үстіне шатыр тұрғыз. Ішін ойып, терезелер жаса, оларды ең жоғарғы жерінде бір шынтақ етіп айналдыра орналастыр. Ал есігін бүйірінен шығар. Кеменің төменгі, ортаңғы, жоғарғы қабаттары болсын.
17 Біліп ал: Мен аспан астындағы жанды мақұлықтардың бәрін құрту үшін жер бетіне топан су қаптатамын. Жер бетіндегінің барлығы құруға тиіс.
18 Алайда сенімен Келісімімді жасамақпын. Өзің де, ұлдарың, әйелің және келіндерің де кемеге кіресіңдер.
19 Тірі жануарлардың әрқайсысынан екі-екіден кемеге бірге ала баруың керек, біреуі еркек, біреуі ұрғашы болсын.
20 Тіршілікті жалғастыру үшін құстардың, малдардың және бауырымен жорғалаушылардың әр түрінен — барлығынан қос-қостан сенімен бірге ішке кірулері керек.
21 Ал сен өзіңді және оларды тамақтандыру үшін жеуге жарайтын тағамдардың бәрінен қор жасап ал».
22 Нұх бұларды мұқият орындады. Ол барлығын да Құдайдың өзіне бұйырғанындай істеді.
онан кейін Жаратқан Ие Нұхқа былай деді: «Үй ішіңмен бірге кемеге кір! Себебі Мен сенің замандастарыңның арасында әділ екеніңді көрдім.
Жер бетіндегі жануарлардың барлық түрлері өмірлерін жалғастыру үшін, адал жануарлардың әрқайсысынан жеті жұптан ал.
Арам жануарлардан екеуден ал, бір еркек, бір ұрғашы болсын және аспандағы құстардың әр түрінен де жеті жұптан ал.
Жеті күн өткен соң Мен жер бетіне қырық күн, қырық түн бойы жауын жауғызамын, жер бетіндегі Өзім жаратқан жаны барлардың бәрін жоқ қыламын».
Нұх барлығын да Жаратқан Иенің өзіне бұйырғанындай істеді.
Жер бетін топан су қаптаған кезде Нұх алты жүз жаста еді.
Ол өзінің ұлдары, әйелі және келіндерімен жерге топан су жайылмас бұрын кемеге кіріп алды.
Жұпталып алынған адал және арам жануарлар, құстар мен жер бетінде жорғалаушылардың барлығы бір еркек, бір ұрғашыдан
Құдай Нұхқа бұйырғандай оның қасына кемеге кірді.
10 Содан жеті күн өткеннен кейін жер бетіне топан су жайыла бастады.
11 Нұх алты жүз жасқа келгенде, екінші айдың он жетісінде — дәл сол күні терең тұңғиықтағы барлық қайнар көздерден су атқылап, әрі «аспан қақпалары айқара ашылып»,
12 жерге қырық күн, қырық түн бойы жаңбыр құйып тұрды.
13 Ал Нұх, оның ұлдары Шам, Хам және Япші, Нұхтың әйелі мен келіндері сол күні кемеге кірген еді.
14 Солармен бірге аңдардың, малдардың, жер бетінде бауырымен жорғалаушылардың және құстардың, қос қанаттылардың барлық түрлерінен,
15 яғни жаны барлардың бәрінен де, жұптасып Нұхтың қасына кемеге енгендер болды.
16 Олар Құдай Нұхқа бұйрық еткендей, барлық аңдардан бір еркек, бір ұрғашы болып, ішке кірді. Содан кейін Жаратқан Ие есікті жауып тастады.
17 Сонымен жер бетін қырық күн бойы топан су қаптады, судың көтерілгені соншалықты, кеме қалқып жүрді.
18 Жер бетінде су тіптен көбейіп асып-тасып кетті, кеме судың үстінде жүзіп жүрді.
19 Су жер бетінде көбейіп, көтерілген үстіне көтеріле берді, тіпті аспан астындағы барлық биік таулар да судың астында қалды.
20 Осылай топан су таулардың шыңдарынан он бес шынтақ биіктікке көтерілді.
21 Сонда жер бетінде қыбырлап жүрген күллі тірі мақұлықтар: құстар, малдар, аңдар, жер бетінде қаптап жүрген жәндіктер түгелімен және барлық адамзат та суға батып кетті.
22 Осылайша құрғақ жердегі тіршілік атаулының иелері түгел опат болып,
23 жер бетіндегінің барлығы жойылды: адамнан бастап малға дейін, бауырымен жорғалаушылардан бастап аспандағы құстарға дейін бәрі де жер бетінен құрып кетті. Тек Нұхпен бірге кеменің ішінде болғандар ғана аман қалды.
Жер жүзіндегі судың беті қайтып, жүз елу күн бойы су біртіндеп тартыла берді.
Содан жетінші айдың он жетінші күні болғанда, кеме Арарат тауларының үстіне тоқтады.
Су оныншы айға дейін үздіксіз азайып, оныншы айдың бірінші күні тау шыңдары көріне бастады.
Қырық күн өткенде Нұх кемедегі өзі жасаған терезені ашып,
бір қара қарғаны сыртқа ұшырып жіберді. Қарға жер бетіндегі су кепкенше келіп-кетіп ұшып жүрді.
Содан кейін Нұх жер бетіндегі судың азайғанын тексеру үшін бір көгершінді сыртқа ұшырып жіберді.
Бірақ көгершін қонақтауға орын таппай, кемеге қайта оралды, себебі жер бетін әлі де су басып тұрған еді. Нұх қолын сыртқа созып, көгершінді қайтадан кемеге кіргізіп алды.
10 Ол жеті күн күте тұрып, тағы да сол көгершінді кемеден ұшырып жіберді.
11 Көгершін кешке қарай оған қайтып оралғанда, жаңа көктеген зәйтүн ағашының бір жапырағын тұмсығына қыстырып ала келді! Осылайша Нұх жер бетіндегі судың қайтқанын білді.
12 Дегенмен ол тағы жеті күн күтті, содан кейін қайтадан бір көгершінді сыртқа ұшырып жіберді. Бұл жолы көгершін қайта оралмады.
13 Нұхтың алты жүз бір жасқа толған жылының бірінші айының бірінші күні жер бетіндегі су тартылған еді. Нұх кеменің шатырын ашып қарағанда, жер кеуіпті!
14 Екінші айдың жиырма жетінші күні жер беті мүлдем құрғақ болды.
15 Сол кезде Құдай Нұхқа былай деді:
16 «Әйелің екеуің кемеден шығыңдар, ұлдарың мен келіндерің де шықсын.
17 Кемеде болған түрлі құстарды, малдарды және жер бетінде жорғалап жүргендерді сыртқа алып шық, олар жер бетін жайлап, өсіп-өніп көбейсін».
18 Сонда Нұх ұлдары, әйелі және келіндерімен бірге кемеден шықты.
19 Барлық аңдар мен малдар, құстар мен жер бетінде жорғалаушылар түр-түрімен, үйірімен түгел кемеден сыртқа шықты.
20 Нұх Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын жасады. Содан кейін ол малдың және құстың барлық адал түрлерінен біразын алып, оларды құрбандыққа шалып, өртеп жіберді.
21 Құрбандықтардың жағымды иісі Жаратқан Иеге жеткенде, Ол іштей былай деді: «Адамның жүрегіндегі ой-ниеті бала кезден-ақ зұлымдыққа бейім болса да, Мен бұдан былай еш уақытта жерді адамдарға бола қарғамаймын. Енді ешқашан да Өзім жасағандай барлық тіршілік атаулыны құртып жібермейтін боламын.
22 Бұдан былай, жер жер болып тұрған уақытта, тұқым себу мен егін ору, аяз бен ыстық, жаз бен қыс, күн мен түн үздіксіз бола бермек».
Лұттың белгісі – ҚұранЛуттың белгісі –
7:80-83 (Биіктіктер) 80-аяттар.
Лұт (Ғ.С.) сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?» деді.
«Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер»
Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу ғана болады.
Сонда Лұт (Ғ.С.) ты және семьясын құтқардық. Бірақ қатыны ғана апатқа ұшырағандардан болды.
Оларға бір жаңбыр жаудырдық. Күнәкарлардың сонының қалай болғанын көр!

11:77-83 (Худ) 77-аяттар.
Елшілеріміз (жас жігіттер бейнесінде) Лұт (Ғ.С.) қа келгенде (елінің сұмдығын ойлап,) олардың келуімен қынжылды да олардың салдарынан көңлі тарайып: “Бұл ауыр бір күн” деді.
Қауымы оған жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан да жаман істер істейтін еді. (Лұт Ғ.С.): “Әй халқым! Мына қыздарым, олар сендер үшін тағы таза. Енді Алладан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар. Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?”, – деді. (Лұт Ғ.С. ның “мына қыздарым” дегені, елінің әйелдері еді. Өйткені, Бір пайғамбар үмметінің әкесі жерінде. Б.К.Х.Т.Ж-Қ)
Олар: “Сенде білесің. Қыздарыңда жұмысымыз жоқ. Расында сен біздің нені қалайтындығымызды жақсы білесің” деді.
(Лұт Ғ.С.): “Әттең! Сендерге төтеп берер күшім болса не бір мықты бекініске паналасам” деді.
(Елшілер): “Әй Лұт! Расында біз Раббыңның елшілеріміз. Олар, әсте саған соқтыға алмайды. Дереу түннің бір бөлімінде үй-ішіңмен жөнел, жұбайыңнан басқа ешкім кейін қалмасын. Өйткені, еліңе келетін апат оған да жетеді. Олардың уәдесі таң. Таң жақын емес пе?”, – деді.
Оларға апат әміріміз келген сәтте, ол жердің үстін астына келтірдік. Сондай-ақ үстеріне ерекше әзірленіп қыздырылған тас жаудырдық.
Раббыңның қасында таңбаланған болатын. Бұл апат залымдардан ұзақ емес.

Таурат Жаратылыс 19
ешке қарай Жаратқан Иенің екі хабаршысы Содом қаласына жетті. Лут сол кезде қала қақпасының алдында отырған еді. Ол хабаршыларды көргенде оларға сәлем беру үшін орнынан тұрып, жерге дейін басын иіп тағзым етті де:
— Мырзалар, құлдарыңыздың үйіне кіріп, жуынып-шайынып, қонып қонақ болыңыздар. Ертең ертемен тағы да жолға шығарсыздар, — деп үйіне шақырды. Хабаршылар оған: — Рақмет сізге, біз базар алаңында түнеп шықпақшымыз, — деп жауап берді.
Лут қиыла өтініп қоймаған соң, екеуі оған еріп, үйіне келді. Тамақ дайындалып, ашытқысыз қамырдан нан пісіріліп, хабаршылар тамақтанды.
Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды.
Лутты айқайлап шақырып: — Саған кешқұрым келген еркектер қайда? Бізге алып шық, олармен жақындасып көңіл көтерейік, — деді.
Лут кіреберіске, олардың алдарына шығып, есікті жауып:
— Оу, ағайындар, мұндай зұлымдық жасамаңдар! — деп өтінді. —
Тыңдаңдаршы, ермен жақындаспаған бойжеткен екі қызым бар. Сендерге соларды үйден шығарып берейінші, оларға білгендеріңді істей беріңдер. Бірақ бұл адамдарға тиіспеңдер, олар менің шаңырағымның астына түскен меймандарым ғой! —
Алайда қаланың ер адамдары оған: — Былай кет! Мынау кірме неме, бізге билік айтпақ па? Тоқтай тұр, сенің бізден алатын сыбағаң олардікінен бетер болмақ! — деп айғай салды. Сөйтті де, Лутқа тап беріп, есікті бұзуға айналды.
10 Сонда үй ішінде тұрған хабаршылар есікті сәл ашып, қолдарын созып, Лутты ішке қарай тартып кіргізіп алды. Хабаршылар есікті қайтадан бекітіп,
11 алдында тұрған үлкенді-кішілі адамдардың бәрін есікті таба алмастай соқыр етіп тастады.
12 Бұдан кейін олар Лутқа: — Сенің бұл жерде тағы қандай жақындарың бар? Күйеу балаларың, ұл-қыздарың әрі барлық басқа адамдарыңды осы қаладан алып кет! — деп бұйырды.
13 — Біз оны құртпақшымыз. Жаратқан Иеге бұл жер туралы қатты дауыспен айтылған шағым түсуде. Сондықтан Жаратқан Ие бізді осы қаланы құрту үшін жіберді.
14 Сонда Лут сыртқа шығып, қыздарына үйленбек күйеу балаларына барып: «Жиналып, бұл жерден кетіңдер! Жаратқан Ие қаланы құртпақшы!» — деп ескертті. Бірақ күйеу балалары оны қалжыңдап тұр деп ойлады.
15 Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды ал да, бұл жерден кет!» — деді.
16 Лут әлі де қобалжып тұрғанда, елшілер оны, әйелін, екі қызын қолдарынан ұстап далаға сүйрей жөнеліп, қаланың сыртына шыққанда ғана қоя берді. Себебі Жаратқан Иенің оларға рақымы түскен болатын.
17 Төртеуін қаладан алып шыққанда хабаршылардың біреуі: — Осы жазықтың еш жеріне аялдамастан, арттарыңа қарамай қашыңдар! Өліп қалмау үшін тауға барып, соны паналаңдар! — деп бұйырды.
18 Лут сонда былай деп өтінді: — Жоқ, Ием!
19 Сен құлыңа рақыммен қарап, мені аман сақтап қалып, үлкен мейірімділік жасадың. Бірақ мен тауға қашып құтыла алмаймын, әйтпесе апатқа ұшырап өліп қалармын.
20 Міне, алдымызда мына қала бар. Барып, паналау үшін ол жақын және кішкентай ғана қалашық қой. Соған қашып құтылайын. Ол кішкентай қалашық емес пе? Осылай жаным аман қалмақ.
21 Хабаршы оған: — Жарайды. Мен осы тілегіңді де орындап, сен айтып отырған қаланы құртпаймын.
22 Бірақ тезірек сол жерге қашып құтыл! Себебі сен жеткенше мен түк те істей алмаймын, — деді. Бұл қала осы оқиғадан кейін Сиғор (яғни «Кішкентай») деп аталатын болды.
23 Лут Сиғорға күн шыға жетті.
24 Сол кезде Жаратқан Ие Содом мен Ғомораның үстіне аспаннан от аралас күкірт жаудырып,
25 бұл қалаларды, төңірегіндегі бүкіл жазықты, барлық қала тұрғындарын және далада өсіп тұрғанның бәрін де күл-талқан етіп қиратты.
26 Ал Луттың әйелі артына қарамақ болып кері бұрылды. Сонда ол бірден тұз бағанасына айналды.
5:28-31 (Маида)Жаратылыс 4:1—12
(Мұхаммед Ғ.С) оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді.Сонда біреуінен қабылданып,екіншісінен қабылданбаған еді.» (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : «Әлбетте мен сенді өлтіремін»деді.Сонда (һабыл): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді»деді.«Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да,мен сені өлтіру үшін қол созбаймын.Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!»Сөзсіз мен,сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп,тозақтық болуды қаламаймын.Осы,залымдардың жазасы,»Сонда оның нәпсісі,туысын өлтіруге қызықтырды да ол,оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды. (Адам Ғ.С егіз ұлқыздарды ауыстырып үйлендіреді екен.Бірақ Қабыл өз сыңарымды аламын деп,һабыл екеуі сеттесіп құрбан шалғанда құрбаны қабылданбаған Қабыл,Һабылды өлтіріп,қайтерін білмей жүргенде Құдіретінше екі қарға таласып бірін бірі өлтіріп көмгенін көріп,көмеді.Б.М.Р.К.т.б)Сонда Алла,оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға,жерді қаза бастағанда: «Әттең! Маған не болды?Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?»,-деді де,өкінушілерден болды..дам әйелі Хауамен жақындасқан соң, әйелі жүкті болып, Қабылды туды. Сонда Хауа: «Жаратқан Иенің жарылқауымен бір ұл балаға ие болдым», — деді.
Хауа қайтадан жүкті болып, Қабылдың інісі Әбілді туды. Әбіл мал бағушы, ал Қабыл жерді өңдейтін егінші болды.
Біраз уақыт өткеннен кейін Қабыл Жаратқан Иеге арнап жерден жинап алған өнімінен тарту ұсынды.
Ал Әбіл малының алғашқы төлдерінен әкеліп, құрбандыққа шалып, олардың майлы бөліктерін де тарту етті. Жаратқан Ие Әбілге және оның құрбандығына ризашылықпен қарады,
бірақ Қабылға және оның ұсынған тартуына риза болмады. Бұған Қабыл қатты ашуланып, қабағын түйіп безеріп алды.
Сонда Жаратқан Ие Қабылға: — Сен неге ашуланасың? Неліктен қабағыңды түйіп безересің?
Егер істегенің дұрыс болса, онда сені қабылдар едім. Ал істегенің дұрыс болмаса, онда босағаңды күнәнің жағалағаны: күнә сені иемденуге құштар, бірақ сен оған жол бермеуің керек, — деп сөзін арнады.
Алайда Қабыл інісі Әбілге: «Далаға барайық», — деді. Олар далаға шыққан соң, Қабыл інісін бас салып, ұрып өлтірді.
Кейін Жаратқан Ие Қабылдан: — Інің Әбіл қайда? — деп сұрады. Ол: — Білмеймін, мен інімнің күзетшісі ме едім? — деп жауап қайырды.
10 Жаратқан Ие: — Сен не істедің? Ініңнің төгілген қаны Маған жерден үн қатып, кегін алуды сұрап тұр!
11 Сені қарғыс атқан! Енді өз қолыңмен өлтірген ініңнің қаны сіңген жердің топырағынан аулақ жүресің.
12 Сен оны өңдегенде, түк өнім ала алмайсың. Сондықтан жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге айналасың, — деді.
Құран- 37: 102-110 (Саффат)Таурат: Жаратылыс 22:1-18
102.Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: “Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?”,- деда. Ол: “Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың” деді.
!103(Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: “Таруя”; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа”; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: “Нахыр” деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М.)
104.
Біз, оған: “Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық:
  105. “Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз” (дедік.)
106Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді. 107.Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К.)
108.Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық.109. Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем.110. Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.
сы оқиғалардан соң Құдай Ыбырайымды сынамақ болып, оны: — Ыбырайым! — деп шақырды. Ол: — Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
Сонда Құдай оған: — Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды.
Ыбырайым таңертең ерте тұрып, есегін ерттеп, жастау екі қызметшісін және ұлы Ысқақты өзімен бірге ертіп алды. Ол құрбандық отына жеткілікті етіп отындық ағаш жарып алып, Құдай өзіне айтқан жерге қарай жолға шықты.
Үшінші күн дегенде, Ыбырайым айналасына көз жүгіртіп, сол жерді алыстан көрді.
Сонда ол қызметшілеріне: «Сендер есекпен осы жерде қалыңдар. Балам екеуіміз сол жерге өрлеп барып, Құдайға ғибадат етеміз, содан кейін сендерге қайтып келеміз», — деді.
Ыбырайым құрбандық отына арналған ағашты баласы Ысқаққа арқалатып, өзі шоқ салынған ыдыс пен пышақты қолына ұстап, екеуі бірге әрі қарай жүріп кетті.
Сонда Ысқақ әкесіне: — Әке! — деп тіл қатты. Ыбырайым: — Иә, ұлым, не айтайын деп едің, — деді. Ысқақ: — Бізде шоқ пен отын бар, ал құрбандыққа шалынып, өртелетін қой қайда? — деп сұрады.
Ыбырайым: — Ұлым, Құдай құрбандыққа шалынып, өртелуге қажетті қойды Өзі береді, — деді. Осылай екеуі бірге әрі қарай жүре берді.
Олар Құдай белгілеп берген жерге келгенде, Ыбырайым құрбандық өртейтін орын жасап, оның үстіне отындық ағаштарды қаластырды. Мұнан соң Ысқақты байлап, осы ағаштардың үстіне жатқызды.
10 Содан кейін Ыбырайым пышағын қолына алып, ұлын бауыздамақ болды.
11 Ал сол сәтте Жаратқан Иенің періштесі оған көктен дауыстап: — Ыбырайым! Ыбырайым! — деп тіл қатты. Ол: — Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
12 Періште: — Балаңа қол көтерме, оған ештеңе істеме! (Құдай былай дейді:) енді сенің Өзімді терең қастерлейтініңе көзім жетті. Себебі Менен өзіңнің жалғыз ұлыңды да аямадың, — деді.
13 Ыбырайым төңірегіне көз тастағанда, қалың бұтаның ішінде мүйізінен шырмалып қалған қошқарды көрді. Ол барып, қошқарды әкелді де, оны ұлының орнына құрбандыққа шалып, өртеп жіберді.
14 Осы жерге Ыбырайым «Жаратқан Ие қажетіңді береді» деген ат қойды. Сондықтан да күні бүгінге дейін жұрт: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді», — дейді.
15 Жаратқан Иенің періштесі Ыбырайымға екінші рет көктен дауыстап былай деді:
16 «Жаратқан Ие мынаны айтады: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін:
17 саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады.
18 Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің».
Ибраһимнің белгісі (2-бөлім) – ҚұранЫбырайымның белгісі (2-бөлім) – Тәурат
37 сүресі: 83-84,99-101 (Саффат) 
83.Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында.. 84. Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді.99. (Ыбырайш* Ғ.С.): “Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді” деді. 100. “Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!” 101. Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық.
Жаратылыс 15:1—6
сы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: — Ыбырам, қорықпа! Мен сені қалқандай қорғаймын. Саған берілер сыйлық аса зор болады, — деді.
Бірақ Ыбырам жауап беріп былай деді: — Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Сен маған қандай сыйлық бермексің? Мен әлі де ұрпақсыз келемін. Үйіме дамаскілік қызметшім Елиезер иелік етпек. —
Ыбырам тағы: — Сен маған бала сыйламадың, сондықтан мұрагерім үйімдегі бір қызметшім болады, — деп те мұңын шақты.
Ал Жаратқан Ие оған сөзін арнап: — Мұрагерің ол емес, сенен туатын ұл болады! — деді.
Содан оны сыртқа алып шығып: — Аспанға қарап жұлдыздарды санашы! Сен оларды санай алар ма екенсің? Сенің үрім-бұтағың да осындай сансыз көп болады! — деп уәде берді.
Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.
Ибраһимнің белгісі – ҚұранИбраһимнің белгісі – Тәурат (Жаратылыс 12:1-7)
3:84 (Әли Имран) сүресі.
(Мұхаммед Ғ.С.): «біз Аллаға, өзімізге түсірілген Құранға, Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ларға сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларында айырмашылық жасамаймыз. Сондай-ақ біздер Ол Аллаға бой ұсынушылармыз» де. 4:54 (Әйелдер)
Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенін қызғана ма? Расында Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік.
аратқан Ие Ыбырамға сөзін арнап былай деп бұйырған еді: «Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш!
Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын, Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын. Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады.
Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын, Ал кім сені жамандап қарғаса, соны Мен қарғаймын. Сен арқылы жер бетіндегі бар ұлттар жарылқанады».
Сондықтан Ыбырам Жаратқан Иенің айтуымен жолға шықты. Оған Лут ілесті. Хараннан көшіп кеткен кезде Ыбырам жетпіс бес жаста еді.
Осылайша Ыбырам әйелі Сарайды және туған інісінің ұлы Лутты ертіп, бар жиған-тергендері мен Харанда өздері иемденген қызметшілерін де алып, сапарға шығып, Қанахан еліне барды.
Ыбырам сол жерді кезіп, Сихем қаласының маңайындағы алып емен ағашы өсіп тұрған Море деген жерге дейін жетті. Ол кезде бұл елді қанахандықтар мекендеуші еді.
Ал Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: «Мен сенің ұрпақтарыңа осы жерді сыйлаймын», — деп уәде етті. Ыбырам сол жерде өзіне аян берген Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды.

аратқан Ие Мұса мен Һаронға Мысыр елінде мына ережелерді табыстады:
— Бұдан былай осы ай сендер үшін айлардың басы, жылдың алғашқы айы болсын.
Исраилдің барлық қауымына мынаны айтыңдар: әрбір отағасы осы айдың оны күні жанұясы үшін бір тоқтыдан арнап бөлек қойсын.
Егер үй ішіндегі адамдардың саны бұл малдың етін толық жей алмайтындай аз болса, онда оны іргелес көршісімен бөліссін. Тоқтының үлкен-кішілігін оны қанша адамның жей алатындығына қарап анықтауларың керек.
Таңдап алған малдарың қойдың не ешкінің еш мінсіз, бір жылдық еркек төлі болсын.
Осы малды айдың он төртіне дейін бағып күтіп, қастарыңда ұстаңдар. Сол күні кешке қарай Исраил халқының бүкіл қауымы тоқтыларын құрбандыққа шалсын.
Олар тоқтының қанынан біраз алып, құрбандық асын ішейін деп отырған үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларына жақсын.
Сол түні олар тоқтының етін отқа қақтап, ашытқысыз пісірілген нанмен және ащы шөптермен қосып жеулері керек.
Оны не шикілей, не суға пісіріп жеуші болмаңдар, тұтастай бас-аяқтарымен, ішкі ағзаларымен қоса қақтаңдар.
10 Таң атқанша тоқтыдан ештеңе де артылып қалмасын. Егер қалып қойса, оны өртеп жіберу қажет.
11 Сендер тамақтанып жатқанда белдерің буулы, аяқкиімдерің киюлі, таяқтарың қолдарыңда болсын, тамақты тездетіп жеңдер! Бұл — Маған, Жаратқан Иеге, арналған Құтқарылу асы.
12 Сол түні Мен Мысыр елін аралап, ондағы адамның да, малдың да тұңғыштарын құртып, Мысырдың барлық тәңірсымақтарын әшкерелеп соттаймын. Себебі Мен Жаратқан Иемін!
13 Жағылған қан сендердің отырған үйлеріңді көрсететін белгі болады. Сонда қанды көріп, соқпай өтіп кетемін. Мен Мысыр елін қырғынға ұшыратып жатқан кезде сендер бұл күйретіп жатқан соққыдан түгелдей аман қаласыңдар.
14 Осы күн естеріңде қалсын. Бүкіл үрім-бұтақтарыңмен оны Жаратқан Иеге арнап мейрамдаңдар. Бұл мереке туралы ережені ұрпақтарың мәңгі берік сақтасын.
15 Жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер. Алғашқы күні-ақ үйлеріңнен ашытқы атаулыны шығарып тастаңдар. Осы апта ішінде ашытқымен дайындалған тамақ ішкен әркім Исраил халқының арасынан аластатылуға тиіс.
16 Бірінші және жетінші күндері Маған бағышталған жиналыстарың болсын. Сол екі күнде ешқандай жұмыс істемеңдер, тек жейтін тамақтарыңды дайындауларыңа ғана болады.
17 Осылай «Ашымаған нан мейрамын» берік сақтаңдар! Бұл күні Менің сендерді Мысырдан лек-лектеріңмен алып шыққанымды жыл сайын еске алып отырыңдар. Келешек ұрпақтарың да бұл ережені мәңгі берік ұстансын.
18 Бірінші айдың он төртінші күнінің кешінен бастап, жиырма бірінші күнінің кешіне дейін ашымаған нан жеңдер.
19 Сол жеті күн бойы үйлеріңде ашытқы болмасын. Кімде-кім, мейлі елде туған исраилдік, мейлі жат жұрттық адам болсын, осы аралықта ашытқымен дайындалған тамақ ішсе, сол Исраил халқының арасынан аластатылуға тиіс.
20 Қайда тұрып жатсаңдар да, сол күндері ешқандай ашыған тағам жеулеріңе болмайды, нанды ашытқысыз пісіріп жеңдер!
21 Содан Мұса Исраилдің күллі рубасыларын шақырып алып, оларға былай деді: — Араларыңдағы әр отбасы үшін бір-бір тоқтыдан таңдап алып, Құтқарылу мейрамына арнап сойыңдар!
22 Бір байлам сайсағыз бұтақшасын құрбандықтың қаны жиналған ыдысқа малып алып, қанын есік жақтаулары мен маңдайшасына жағыңдар. Мұнан кейін таң атқанша ешқайсың да сыртқа шықпаңдар!
23 Сол кезде Жаратқан Ие Мысырды қырғынға ұшырату үшін бүкіл елді аралап жүрмек. Сонда Ол жақтаулары мен маңдайшаларына жағылған қанды көріп, сендердің есіктеріңнің қасынан өтіп кетеді де, құртушының үйлеріңе кіріп, өлтіруіне жол бермейді.
24 Бұл нұсқауды өздеріңе және келешек ұрпақтарыңа арналған ереже ретінде мәңгі берік сақтаңдар!
25 Жаратқан Ие сендерге табыстаймын деп уәде еткен елге кіргеннен кейін де осы рәсімді ұстануларың керек.
26 Балаларың: «Бұл не қылған рәсім?» деп сұраса,
27 оларға былай деңдер: «Бұл — Жаратқан Иеге арналған Құтқарылу мейрамының құрбандығы. Жаратқан Ие мысырлықтарды қырғынға ұшыратқан кезде исраилдіктердің үйлеріне соқпай өтіп кетіп, бізді өлімнен аман алып қалды». Мұны естіген халық Тәңір Иеге иіліп ғибадат етті.
28 Содан исраилдіктер үйлеріне барып, Жаратқан Иенің Мұса мен Һаронға бұйырғанындай істеді.
29 Сол күні түн ортасында Жаратқан Ие Мысырдағы барлық тұңғыштарды — тақта отырған перғауынның тұңғышынан бастап, түрмеде жатқан тұтқынның тұңғыш ұлына дейін және мал атаулының тұңғыш төлдерін де өлтірді.
30 Сол түні перғауын, оның күллі нөкерлері және барлық мысырлықтар да ұйқыларынан тұрды. Бүкіл Мысыр зарлы жоқтау жамылды, себебі өлім шықпаған бірде-бір үй болмады.
31 Перғауын сол түні Мұса мен Һаронды шақырып алып: — Жолға жиналыңдар! Исраилдің үрім-бұтағын ертіп алып, халқымның арасынан аулақ кетіңдер! Барып, өз сөздеріңе сай Жаратқан Иеге ғибадат етіңдер!
32 Ірілі-ұсақты малдарыңды да өздерің айтқандай ала кетіңдер. Ал маған оң баталарыңды бере көріңдер, — деп өтінді.
33 Мысыр халқы да исраилдіктерге: — Осы елден тезірек кете көріңдер, әйтпесе бәріміз де өліп қалармыз! — деп жалынып асықтырды.
34 Сонда исраилдіктер қамырларын ашытпастан ыдысымен бірге киімдеріне орап, иықтарына салып көтеріп жүрді.
35 Олар жолға шықпас бұрын Мұса мен Һаронның айтқандары бойынша мысырлықтардан күміс, алтын бұйымдар мен әсем киімдер сұрап алған болатын.
36 Жаратқан Ие мысырлықтарды Өзінің халқына мейіріммен қаратқандықтан, олар исраилдіктердің сұрағандарын түгел берді. Мысырдың байлығын исраилдіктер осылайша олжалады.
37 Сонымен Исраилдің үрім-бұтағы Рамсес қаласының маңынан Соқотқа қарай беттеді. Әйелдері мен балаларын есептемегенде шамамен алты жүз мың еркек жаяу жолға шықты.
38 Көптеген бөтен ұлттықтар да, сондай-ақ қора-қора ірілі-ұсақты малдары да бірге жүрді.
39 Жұрт алып шыққан ашымаған қамырларынан жолшыбай күлше нан пісірді. Мысырдан жедел кетуге мәжбүр болғандықтан, олар сапарға тіпті тамақ та дайындап үлгермеген болатын.
40 Исраилдің үрім-бұтағы Мысырда төрт жүз отыз жыл тұрды.
41 Осы мерзім біткен күні-ақ Жаратқан Иенің жасағы — Оның халқы лек-легімен Мысыр елінен шықты.
42 Бұл түні Жаратқан Иенің Өзі оларды Мысырдан алып шығу үшін сергек болып күзеткендіктен, осы түн Жаратқан Иеге бағышталған; оны Исраилдің барлық үрім-бұтағы мен келешек ұрпақтары да жыл сайын сергек болып ұйықтамай өткізуге тиіс.