Ассалаумалейкум. Бұл сайт/парақша Інжіл, яғни Евангелие туралы. Інжіл сөзінің тура мағынасы «Ізгі Хабар». Ал бұл Хабардың сіздің өміріңізге әсерін тигізіп қойғаны анық. Рим Империясының шарықтап тұрған шағында бұл хабар Европаның, Таяу Шығыстың және Азия мен Африканың өңін танылмастай етіп өзгертті. Бәлкім сіз білмеген боларсыз, бірақ осы Ізгі Хабардың сол күндері әкелген өзгерістері күні бүгінге дейін біздің өмірімізге әсерін әлі тигізуде. Кітаптар, бас және кіші әріппен жазу, жазылған сөздердің арасында бос орын қалтыру, университеттер, емханалар, тіпті жетімдер үйі Інжілге сенген адамдардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамға қандай жақсы үлес қосамын деген ниеттерінің нәтижесі. Осы Ізгі Хабардың арқасында білектің күшімен, найзаның ұшымен, парақорлыққа әбден батқан Рим Империясының өктемдігінен бейбіт түрде халық бостандық алды.
Ал Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) Құран берілген кезде, ол Інжіл жайында асқан құрметпен сөйледі. Осы сайттағы мақалалардан біз Мұхамедтің (ғ.с.) және оның соңынан ерушілердің алғашқы жазбалар (Таурат, Забур, Інжіл) жайында да сыйлап, құрмет көрсетіп айтқандарын көреміз. Егер біреу Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) көрсеткен үлгісіне сай өмір сүргісі келсе, осы жазбалармен таныс болуға тиіс емес пе?!
Бірақ бүгін көптеген нәрселер өзгерді. «Інжіл» сөзін, өкінішке орай, Ізгі Хабар деп түсінбейміз. Көп жағдайда бұл сөзді Мәсіхшілікпен (Христианство) немесе Батыспен тығыз қатынаста қабылдайды. Дегенмен, олай қабылдау үлкен қателік. Ол Аллаға сенетін барлық адамдарға арналған және оның шыққан жері Таяу Шығыс, Батыс емес.
Адамдың Інжілге қарсылығы Інжілдің өзі емес, бірақ соның атын жамылып келген басқа нәрселер. Біз бүгін алғашқы Інжілдің орынына басқа бір жазба келді ме деген сауал қоямыз. Басқа кездері Інжілдің мазмұны өзгертілген бе деп сұраймыз. Күнделікті өмірдің қамын ойлаймыз деп жүріп, Ізгі Хабардың не жайында екенін егжей тегжейлі зерттеп көрмеппіз. Осылайша, Інжілді оқып, үйрену мүмкіндігін Иудейлер, Мұсылмандар, тіпті Мәсіхшілердің өздері жіберіп алды.
Сондықтан біз осы сайтты ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсатымыз Інжілдегі Ізгі Хабарды түсіну, мүмкін кейбіреуіміз үшін бұл бірінші рет болып тұрған шығар. Сонымен қатар, бұл сайтта Інжілге байланысты басқа да сұрақтар талқыланады. Егер сіз бұл жерде бірінші рет болсаңыз, Өзім Туралыны оқып, Інжілдің менің өміріме қалай келгенімен танысыңыз. Иншаллах, осы маңайдан ұзымай, мән жәйді ұғып, Інжілдегі Ізгі хабардың қаншалықты маңызды екенін зерттеуді бастайсыз деп үміттенемін.
Інжілдегі «Ізгі хабардың» мағынасы маған қашан және қалай әсер еткенін айтайын. Ол осы жерде жарияланып отырған мақалаларды жақсы түсінуге көмектеседі деп ойлаймын.
(Қысқаша өмірбаяным: мен Канада да өмір сүремін. Отбасым бар бір ұл тәрбиелеп отырмын. Торонто, Нью-Брансуик және Акадия университеттерінде білім алдым. Инеженер мамандығым бар және негізінен математикалық модуль мен инженерлік бағдарламалық қамтамасыз ету саласында жұмыс істедім).
Жетілген жастар ортасында орным табылмады. Мен орта деңгейлі қамтамасыз етілген отбасыда өсіп шықтым. Ата-анам менің кішкентай кезімде Швециядан көшіп келген. Мен өсіп жетілгенге дейін бір елден екінші елге көшіп-қонып жүрдік. Мен Алжир, Германия және Камерунда өмір сүрдім. Артынан университетке түсу үшін Канадаға қайта оралдым. Мен бәрі сияқты толық қанды яғни, қанағаттану сезімі, ішкі тыныштығым және мақсатыма жету үшін өмір сүруге ұмтылдым (қазір де ұмтылып жүрмін). Әрине мен басқа адамдармен қарым-қатынасымды өте жоғары бағалаймын.
Әр түрлі мәдениеттер мен әр түрлі діндер арасында өмір сүргендіктен, толық қанды өміру үшін мен барлық шындықтармен таныстым. Енді осыған менің кітап оқуға ниетім жоқтығын қосыңыз. Сондағы менің байқағаным: батыстағы көп адамдар (оның ішінде мен де бармын) алдына қойған мақсатына қол жеткізуге орасан байлығы, технологиясы және мүмкіндіктері мол. Бірақ тағдыр тәлкегі бойынша, шынайы бақыт қол жеткізбейтін көлеңке тәріздес. Біз бұрынғыға қарағанда қарым-қатынасымызды одан сайын құлдыратып жатырмыз. Адамдар арасындағы байланыс күн сайын тұрақсызданып нашарлап барады. Біздің қазіргі өмір салтымыз «тышқанның тірлігі» атауына жақындап тұр. Бізге жиі: «Тағы бір кішкене содан кейін…» – дейді, «Кішкене» – ол қанша? Және кішкене деп нені айтып тұр? Ақша ма? Ғылыми атақ па? Технология ма? Ләзат қанағаты ма?
Менің жас кезімдегі сезімімді «уайымсыз бұлыңғыр сезім» – деген сөзбен жеткізген дұрыс. Менің әкем экспат болды және Африкада инженер-кеңесші болып жұмыс істеді. Ал менің соның арқасында Батыстан келген бай, білімді және статусы жоғары қоғаммен араластым. Ол жердегі өмір бір қалыпты тыныш өтіп жатты, өйткені айналысатын ештеңе жоқ. Біз достарымызбен өз елімізге қайтып демалуды – теледидпр көру, дәмді тамақ жеу, мүмкіндіктерді пайдалану және батыстағы жеңіл өмір ләзатына батуды қиялдап күтіп жүрдік. Сонда нағыз қызық өмір басталатындай елестеттік. Бірақ, аз уақытқа Канадаға немесе Еуропаға жол түскенде, алғашқы кездесу қуанышы тез басылып қалатын да іш пыстыратын біркелкі өмір қайта басталатын. Одан да жаманы дәл сондай бос сезімді сол жергілікті адамдар арасынан да байқайтынмын. Олар қанша байлық жинаса да (ал оларда ол жеткілікті) бәрібір қанағаттанбау сезімнен арыла алмайтын.
Мен қасыма бір сұлу бойжеткен тапсам, менде қызық өмір басталады деп үміттенетінмін. Иә ол қызық өмір бірнеше айға ғана жетеді, артынан сол іш пыстырған бос өмір қайта басталады. Мен сонда мектеп бітірсем, жүргізу куәлігін аламын, еркін қозағала аламын, сонымен барлығы өзгерер деп күттім. Сөйтіп, менің жанталаса іздегенім қанағат табатын болады. Бірақ мен бірталай есейіп кеттім, енді маңайымдағылар зейнетке шықсам өмір рахатын сезінермін деген сөздерді жиі еститін болдым. Шынымен де солай ма? Сонда қалай біз өмір бойы ұстатпайтын сағым қуып жүрміз бе? Қандай ақымақтық!
Негізінен батыс қоғамы зайырлы жән көбі атеист болғанына қарамастан, сол уақыттар арасында мен Құдайға сендім. Біздің әлем және ондағылардың бәрі өз-өзінен пайда болды деген тым мүмкін емес нәрсе боп көрінді. Осы діни сенімге қарамастан, соңында мені ұят сезімнен арыла алмаған жоғарыда айтылған іш пыстыру кеңістікті толтыра алмайтын, мен ішкі мазасыздықтан арыла алмадым. Басқалар білмейтін менде бір құпия өмір басталғандай сезіндім. Бірақ менің сол өмірім қызғанышқа (басқа да бар нәрсені мен де иеленгім келді), әділетсіздікке (мен кейде шындықты жасырып жүрдім), ұрыс (мен отбасы мүшелерімен жылдам келіспей қаламын), жыныстық азғындық (мен теледидардан жиі көретін, ол кезде ғаламтор жоқ еді, сол туралы ойлататын менің басыма сіңіп алған) және менмендікке толы болды. Менің осы өмірімді басқалар көрмегенімен Құдай жақсы білетін. Осы мені мазалап жүрді. Шынын айтсам көп жағдайда Оның бары өтірік болса деген де тілек болды, өйткені онда Оның алдындағы ұят сезімдерге мән бермейтін едім. Забур жырындағы Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) сөзімен мына сұрақты жиі қоятынмын: «Жастар қалай таза жолмен жүре алады?»(Забур 118:9). Мен дұға, ораза немесе киелі орындарға бару секілді діни жорғалыларды жиі орындап, тырысқанмен, менің ішімдегі сол тай-таласты азайта алмады.
Сүлейменнің даналығы
Іш пыстырарлық ішімдегі бос кеңістік орнаған сол жылдары кітапта жазылған Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) даналығы маған қатты әсер етті. Сүлеймен (ғ.с.) көне Исраил патшасы болған. Ол өте дана адам болды және Көне келісімде бірнеше кітап жазған. Ол Уағыздаушы кітабында мені өмір бойы қудалаған бос кеңістік туралы жазады. Онда былай жазылған:
Мен іштей: «Ал енді, рақаттана шаттанып, жақсы нәрселерді тексеріп көрейінші!» — деп ойладым. Бірақ бұл да бекершілік екен. Себебі ойнап-күлуді «ақылсыз іс» деп таптым, әрі рақатқа берілу жайлы: «Бұл не нәрсеге қол жеткізеді?» — дедім. Содан ойға шомдым да, шарап ішіп көңіл көтерейін деп шештім. Санам мені әлі де парасатпен жетелесе де, ақымақтыққа берілдім. Осылайша адамға осы өткінші дүниедегі қысқа ғұмырында ең тиімдісі не екенін біліп алуға тырыстым. Мен үлкен істерге де кірістім: өзіме арнап сарайлар салып, жүзімдіктер отырғыздым. Өзім үшін бау-бақшалар да дайындап, оларға түрлі жеміс ағаштарын ектім. Тоғайларымда өсіп тұрған ағаштарымды суғару үшін тоғандар жасадым. Сатып алған құлдарымнан басқа, өз сарайымда туылған құл-күңдерім де болды. Ірілі-ұсақты малдарымның көп болғаны сонша, бұрын-соңды Иерусалимдегі патшалардың бірде-біреуінде соншама мал болып көрген емес. Мен алтын-күміс жиып, патшалар мен аймақтардың қазыналарын молынан иемдендім. Қасыма әнші-күйшілер мен түрлі күй аспаптарын жинап алдым. Сөйтіп адам баласының рақатына бөлендім. Осылай мен ұлылыққа ие болып, бұрынырақ Иерусалимде патшалық құрғандардың барлығынан асып түстім. Соның бәрінде де ақыл-парасатымнан айырылмадым. Көзім түсіп, ұнатқанның ешқайсысынан бас тартқан жоқпын. Ешқандай көңіл көтеруден де шет қалған емеспін. Бірақ та жан дүниемнің басты қуанышы атқарған еңбегім болды. Ал еңбегімнің қызығы сол еңбектің өзі ғана еді .
Уағыздаушы 2:10
Байлық, атақ, білім, жетістік, әйелдер, ләзат, жұмыстағы табыс, билік, ішімдік… Сүлейменде осы нәрселердің бәрі болды. Энштейіннің білімі, Билл Гейтстің байлығы, Мик Джаггердің көп әйелдері және Британ корольдігінің ханзадасы Уильям сияқты ақсүйектік осының бәрі Сүлеймен пайғамбарда (ғ.с.) артығымен болды. Осының бәрі бір адамның басында ешқашан болған жоқ. Басқа-басқа дәл сол Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) ең бақытты жан болу керек еді! Бірақ, міне оның сөзі:
Қолға алған жұмыстарыма әрі атқарған бейнетті еңбегіме назар аударғанда олардың да жел соңынан қуғандай бекершілік екенін, сондай-ақ, осы өткінші дүниеде шынайы табысқа жетуге болмайтынын байқадым.
Құдайсыз даналық пен еңбектің түбінде мәнсіз болуы
Содан мен даналық жайында әрі топастық пен ақымақтық туралы ойлай бастадым. Өйткені келешек патшалар осы мәселе жөнінде бұрын істелгендерден басқа не істер екен? Жарық нұр қара түнектен қалай артық болса, даналықтың да ақымақтықтан солай артық екеніне көз жеткіздім. Дананың көзі өз орнында, ал ақымақ қара түнекте сипаланып жүреді. Бірақ соңында екеуі де бірдей тағдырға ұшырайтын болады. Мен іштей: «Ақымақтың басына түсетіні маған да тиесілі болса, онда соншама дана болып не бар?» — деп, бұны да бекершілік деп қорыттым. Ақымақ сияқты, дана жан да жұрт есінде ұзаққа қалмайды. Болашақ күндерде бәрі де ұмытылады. Ақымақ сияқты, дана жан да өлуге тиіс. Содан мен осы өткінші дүниеде болып жатқан істерге наразыланып, өмірді жек көріп кеттім. Себебі бәрі де жел соңынан қуғандай бекершілік екен. Осы дүниеде атқарған ауыр еңбегімнің бар өнімін де жек көре бастадым, өйткені оны өзімнен кейінгі бір адамға қалдыруым қажет. Ол дана бола ма, ақымақ бола ма, онысын кім біледі? Ол бәрібір менің ауыр еңбекпен әрі ақыл-парасатпен қол жеткізгендерімнің барлығына ие болады. Бұл да бекершілік! Сонымен осы өткінші дүниеде атқарған бүкіл бейнетті еңбегімнен көңілім қалып түңілдім. Себебі бір адам ақыл-парасатпен, біліммен және шеберлікпен еңбек еткеннен кейін соның жемісін бұған еш еңбек сіңірмеген басқа біреуге қалдыруға тиіс болады. Бұл да бекершілік әрі жанға қатты бататын жайт. Солай болғанда адам баласына осы өткінші дүниеде атқарған бейнетті еңбегінен және жан салған ұмтылысынан не пайда? Ол өмір бойы міндетін өтеп, азап пен мехнат шегіп жүреді, тіпті түнде де оның ақыл-санасы толықтай тынықпайды. Бұл да бекершілік.
Уағыздаушы 2:11-23
Өлім, дін және әділетсіздік – «Күн астындағы өмірдің» серіктері.
Осы мәтіндерден менің іздегенім сияқты сұрақты Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) өзіне қойып отыр. Өйткені ол сұрақ Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) қинады.
Өйткені адам баласының да, хайуанның да ұшырайтын тағдыры бірдей: адамның өлетініндей, хайуан да өледі. Екеуінің де кеудесінде тіршілік лебі бар, осы жағынан адамның хайуаннан артықшылығы жоқ. Себебі олардың бәрі де өткінші. Барлығының да барар жері біреу: бәрі де топырақтан жаратылған және қайтадан топыраққа айналады. Адам баласының жанының көкке көтерілетінін, ал хайуанның жанының төменге, жер қойнына кететінін кім біледі?».
Бәрі де бірдей жайттарға тап болады екен: әділ мен зұлым, жақсы мен жаман, адал мен арам, құрбандық шалып ұсынатын әрі соны ұсынбайтын адамдар. Олар ізгі не күнәкар болсын, Құдайға уәде беретін не солай істеуден қорқатын болсын, барлығының тағдыры бірдей екен. Ал барлығының да осы өткінші дүниеде бірдей тағдырға ұшырайтыны — жанға бататын жайт! Сондай-ақ, адам баласының жүрегі зұлымдыққа кенеліп, өмір жолында ақымақтық жасайды. Содан кейін ол о дүниеге аттанып, өлгендердің қатарына қосылады.
Уағыздаушы 3:19-21
Құдай осы өмірде сыйлаған игіліктерді қуана қабылдау жайлы
«Өлі арыстаннан тірі ит артық» дегендей, тірі жүргендер үшін әлі де үміт бар. Тірілер өлерін біледі ғой, ал өлгендер ештеңе білмейді екен. Олар енді қайтып еңбектерінің сыйын көрмейді екен, оларды ешкім есіне де алмас .
Уағыздаушы 9:2-5
Мен діндар отбасында өсіп, Алжирде тұрдым, ол жер онсыз да діншіл ел болып саналады. Дін соған жауап бере ала ма? Менің байқағаным дін жиі үстіртін өтіп кетеді – ол сыртқы мәдениет пен дәстүрге негізделген, сондықтан ол менің жүрегімнің түкпіріне әсер ете алмады. Дұға ету мешітке немесе шіркеулерге тұрақты барып тұру сияқты діни жоралғыларды орындау арқылы Құдайдың алдында «бедел» жиюға пайдасы бар ма? Діни-таза өмір сүруге ұмтылу күнәдан үнемі қашып жүруге мүмкіндік бере ме? Мен неден қашуға тиіспін? Құдай менен шын мәнінде не күтеді? Діни міндеттерді орындау үстіртін көзқарас.
Егер шынында Құдай бәрінің иесі болса, онда неге Ол жаман жұмыс істеп жатыр? – деп өзімнен сұрадым. Маңайымызда болып жатқан – әділетсіздік, жемқорлық және біреуді қанау сияқты нәрселерді көру үшін, көп іздеудің қажеті жоқ. Бұл кейінгі кезде ғана пайда болмаған сияқты, өйткені оларды Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) осыдан 3000 жыл бұрын байқапты. Ол былай дейді:
Мен, сондай-ақ, осы өткінші дүниеде тағы мынаны да байқадым: Әділдік іске асуға тиіс орында — зұлымдық, әрі әділет орындалуға тиіс жерде сұмдық жүреді екен! Мен қайтадан көз салып, осы өткінші дүниеде жасалған әр түрлі зорлық-зомбылықты көрдім. Жапа шеккен бейшаралар көз жастарын төгіп жыласа да, оларды жұбататын ешкім жоқ екен! Қанаушылары зор күш-қуатқа ие, ал қаналғандарға жаны ашып, қолдайтын ешкім де жоқ болды! Сондықтан мен өлгендердің жағдайы әлі де өмір сүріп жатқандарға қарағанда жақсырақ екен деп түйдім. Ал мүлдем өмір сүрмегеннің жағдайы екеуінікінен де артық екен, өйткені ол осы дүниеде жасалып жатқан зұлым істерді еш көрген емес .
Уағыздаушы 3:16, 4:1-3
Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) және біз үшін бір нәрсе түсінікті; ол «күн астындағы» өмір – қанау, әділетсіздік және жамандыққа толы. Неге солай? Оның қандай да бір шешімі бар ма? Сонда өмір жәй өліммен аяқталады. Өлім біздің барлық өмірдің соңғы билік иесі болып алған. Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) жазғандай, жақсы немесе жаман, діндар немесе Құдайсыз болсын барлық адамның тағдыры осылай аяқталады. Мәңгілік туралы сұрақ өліммен тікелей байланысты болды. Өлген соң жұмаққа немесе (өмірден де қорқынышты) тозаққа түсемін бе?
Мәңгі өмір туралы жазылғандарды іздеу
Барлық адамзат тарихында орын алған, өмірде ұзақ рахат табуға ұмтылу, діни жоралғыларды орындау, қудалау мен әділетсіздік, соңында өлім құшу, содан кейін не болады деген қорқыныш, осылардың бәрі менің ішімде қайнап, миымды жеп жатты. Жоғарғы сыныптарда біз (өзімізге ұнаған) жүз әдеби шығарманың (ән, жыр, әңгіме және т.с.с.) тізімін жасау туралы тапсырма алдық. Бұл тапсырма мен үшін бүкіл мектеп өмірімдегі алғашқы пайдалы жаттығу болды. Менің жиынтығымның үлкен бір бөлігі дәл осы мәселеге арналыпты. Осы оқиға мен сияқты жоғарыдағы мәселенің жауабын іздеуге тырысқан көптеген авторлармен кездесуге мүмкіндік берді. Мен әр ғасырда, әр түрлі жанрда, білім немесе философиялық көзқараста жазылған дүниелермен таныстым.
Мен Інжілде келтірілген Иса Мәсіх (ғ.с.) бірнеше тәлімін де осы тізімге қостым. Әдеби шығармалармен бірге Иса Мәсіхтің (ғ.с.) бірнеше айтқандары жатталып қалды:
«Ал мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке ағыл-тегіл мол болсын деп келдім» .
Жохан 10:10
Менің, Сүлеймен пайғамбардың (ғ.с.) және басқа жазбалар авторларына сұрақтарына жауап бар ма деген ойға қалдым. Інжіл (ол кезде ол мен үшін тек діни кітап секілді болған) шын мәнінде «Ізгі хабар» болып тұр. Сол қуанышты жаңалықтың мағынасы неде? Немесе ол жәй бос қиял, фантастика ма?
Ұмытылмайтын кездесу
Сол жылы сәл кейінірек, мен достарыммен Швейцарияға шаңғы тебуге аттандым. Тамаша шаңғы тебуден кейін және жастықтың сарқылмас қуаты арқасында кешке клубқа бардық. Біз онда қыздармен кездестік, биледік және түннің бір уағына дейін көңіл көтердік.
Швейцариядағы тау шаңғысы курорты биік тауда орналасқан. Менің есімде мәңгі қалған оқиға, мен түннің бір уағында би залынан бөлмеме бет алдым. Бірақ, мен тоқтап аспандағы жұлдыздарға қарадым. Айнала тас қараңғы болатын (өйткені тау басында қолдан құрылған шырақтар жоқ еді) сондықтан мен барлық жұлдыздарды еркін тамашалай алдым. Менің тынысым тарылып, жүрегім тоқтап қалғандай, керемет жаратылысты тамашалап тұрып қалдым. Менің ойыма Забур жырындағы аят түсті: «Құдайдың салтанатты ұлылығын аспан әлемі паш етеді» (Забур 18:1).
Қараңғы түнде самаладай жарқыраған жұлдыздарға қарап, Құдайдың ұлы кереметін көргендей болдым. Осы тыныштық сәтте, мен өзімде таңдау барын сездім. Мен Оған мойынсұнып немесе өмір бойы оның құдіретті күшін жоққа шығарып, өз жолымен жүріп, өмір сүре алатынымды түсіндім. Мен шешім шығарып тізерлеп отыра кеттім де сол қараңғы түнде былай деп дұға еттім: «Сен Тәңрім. Мен Саған бағынамын. Мен көп нәрсені түсінбеймін. Өтінемін, мені Өзіңнің тура жолыңмен жүргізе гөр». Мен Оған мойынсұнған қалпым да жерде тізерлеп отырып, өмірімде күнәмнің көп екенін мойындап Оның жетелеуін өтіндім. Сол сәтте маңымда бірде-бір адам болмады. Швецарияның таушаңғы курортында түнгі сағат екі кезінде жұлдызды аспанның астында тек Жаратқан Иемен екеуміз ғана болдық. Ол мен ешқашан ұмытпайтын кездесу болды және сол сәтті сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Бұл менің өмірімдегі маңызды қадам еді. Мен сұрақтарыма жауап іздеп жүрген кезімде, дер кезінде Оның еркіне бағынуға шешім шығардым. Және сол сұрақтардың жауптары мен зертттей бастағанда көп күттірмей біртіндеп келе бастады. Осы веб-сайтта көрсетілгендердің көбін мен сол түні білдім. Менің басымнан өткен жағдай, біреу белгісіз сапарға шықса, ол оны толық меңгере алмайды, бірақ мен өмір бойы қойған сұрақтарыма Інжіл толық жауап бере алады. Шын мәніндегі Оның негізгі мақсаты – отбасылық қатынастағы шынайы сүйіспеншілік, ұят, кінәлі, үрей және кешірім беру сезімдерге шынайы қамқорлық және өлім, мәңгілік, еркіндік сияқты күрделі сұрақтарға қатысты толық қанды өмір сүруімізге көмектесу. Осы нәрсе біз өз өмірімізді нық сеніммен тұрғыза алатын ірге тас екенін Інжіл растайды. Кейбіреуге Інжілдің берген жауаптары ұнмауы немесе оны толық түсінуі де мүмкін, бірақ ол Иса Мәсіх (ғ.с.) бейнесінде келген Жаратқан Иенің шынайы хабарына мән бермеу ақылсыздық болар еді.
Егер сіз Інжілмен толық танысуға уақыт тапсаңыз, онда сізге де осы шындықтар ашылатын шығар.
Бұл сайт – Мәсіхшілік (Християнство) туралы емес, Інжіл немесе Ізгі хабар туралы сайт. Бұл айырмашылық өте маңызды.
«Өзім туралы» мақаламда айтқанымдай, пайғамбарлар арқылы ашылған дәл осы Інжіл, қызығушылығымды тудыра отырып, менің өмірімді толық өзгертті. Христиан діні дәл осылай маған әсер еткен жоқ, сондықтан Інжіл сияқты менің қызығушылығымды арттыра алмады. Ал мен тек өзіме әсер еткен нәрсені ғана жазатындықтан, мен осы сайтты тек пайғамбарларға қалай ашылса, сол қалпында, Інжілмен (яғни, Таурат, Забур және Киелі кітаптағы басқа жазбалармен) шектелемін. Христиан дінін талқылайтын көптеген веб-сайттар бар, біреулері жақсы болса, кейбіреуі онша жақсы емес, егер сізге осы қызық болса, онда мен жалпы христиандық сайттар мен осы сайтты салыстыруды ұсынамын. Сонда екеуінің айырмашылығы неде? Сіз мұны араб болу мен мұсылман болу арасындағы айырмашылыққа ұқсас деп ойлауыңыз мүмкін. Батыстағы көп адамдар үшін дәл солай, яғни олар үшін араб болса мұсылман, мұсылман болса араб деп ойлайды. Әрине екеуінің арасында орасан зор сәйкестік пен айырмашылық бар. Араб мәдениеті мен әдет-ғұрпына ислам діні қатты әсер етті және Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) мен оның сахабалары араб болғандықтан, араб ортасы исламды тудырып, өсіргені де рас. Сондықтан Құран көбінесе араб тілінде оқылады және түсіндіріледі. Алайда, араб емес мұсылмандар көп, сол сияқты мұсылман емес арабтар да бар. Бір-бірін қайталау және бір-біріне әсер ету бар, бірақ олар бірдей емес.
Христиан діні мен Ізгі хабар да дәл солай. Христиан дінінде Ізгі хабарға кірмейтін көптеген нәрселер, сенімдер мен әдет ғұрыптар бар. Мысалы Пасха мен Рождество сияқты белгілі діни мерекелері бар. Мүмкін олар христиан дінінің ең танымал мерекелері шығар. Бұл Інжілдегі басты пайғамбар Иса Мәсіхтің (ғ.с.) тууы мен өлімнен қайта тірілгеніне арналған мейрамдар. Бірақ Ізгі хабарда немесе Інжіл кітабында осы діни мейрамдарды тойлауға арналған сілтеме немесе бұйрық таппаймыз. Мен сол мерекелерді тойлауды ұнатамын, бірақ менің көп достарым соған байланысыты Ізгі хабарға қызғушылық танытқанын байқамадым. Шын мәнінде осы мейрамды христиан секталары жылдың әр мезгілінде тойлай береді. Тағы бір мысал, Інжілде Иса Мәсіх (ғ.с.) шәкірттеріне «Сендерге амандық пен тыныштық болсын» (Ассаламалеикум) – деп сәлем бергені жазылған, бірақ бүгінгі христиандар оны қолданбайды.
Сол жексенбі күнінің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққаннан есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді .
Жохан 20:19
Мерекелерде, шіркеулерде, суреттерде (икондарда) және басқа христиан діни жорағалырда Інжіл пайда болғаннан кейін ашылған жақсы және жаман нәрселер де бар.
Олардың арасында ұқсас және бір-бірін қайталаған дүниелер болғанымен – олар бірдей емес. Шын мәнінде бүкіл Киелі кітапта «христиан» сөзі үш рет қана кездеседі, оның бірінші жазылған жері сол заманның пұтқа табынушылары, өздерін Иса Мәсіхтің (ғ.с.) соңынан ерушілеріміз деп атаса керек.
Оны тауып, Антақияға алып келді. Сол жердегі қауымда екеуі бір жылдай болып, көп кісілерге тәлім берді. Антақияда Исаның жолын қуушы шәкірттері алғаш рет «мәсіхшілер» деп аталды.
Елшілердің істері 11:26
Ол кезде Антиохия халқы көптеген құдайларға табынатын және Исаның (ғ.с.) шәкірттері оның ілімін ұстанған кезде, бұл адамдар оларды «христиандар» деп атаған. Тәурат, Забур және Інжілдегі (Інжіл немесе Киелі кітап) Інжілді сипаттау үшін жиі қолданылатын терминдер мен ұғымдар «Жол» және «Тура жол»; Ал Ізгі хабарға ергендер «иман келтіргендер», «шәкірттер», «жол ұстанушылар», «Алланың әділдігіне мойынсұнушылар» деп аталады. Мен әркімнің Інжіл мен Ізгі хабарды түсінуге мүмкіндігі болатынына сенімдімін. Ізгі хабар мен Ислам арасында көптеген ортақ тарих пен негіз бар, келіспеушіліктердің көпшілігі түсінбеушіліктен туындайды.
Сол үшін мен достарыммен бірге осы веб-сайтты аштық. Иншаллах бұл мүміндерге пайғамбарлар айтқан барлық нәрселерді жақсы түсінуге көмектесер деген үміттемін. Осыдан көп жыл бұрын Өзі үйреткендей, Иса Мәсіх (ғ.с.) өмірді тыныш бірақ драмалық жолмен өзгерте береді.
Інжілді Иса Мәсіх (ғ.с.) пайғамбар әкелгенін білетіндіктен, Алладан қорқатындар пайғамбарлар айтқанның бәрін түсінуі керек болса, онда христиандық туралы дауларын басқа жерлерге және басқа адамдарға қалдырамыз. Ізгі хабар күрделі христиан дінінің қатысуынсыз түсінуге лайық. Менің ойымша, сіз де мен сияқты, дәл осы негізде оның жеткілікті қызықты және қиын болатынын таба аласыз.