Skip to content

19 Сол жексенбі күнінің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққаннан есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді.
20 Осыны айтқаннан кейін Иса оларға екі қолы мен бүйірін көрсетті. Шәкірттері Иелері Мәсіхті көріп қатты қуанды.
21 Иса оларға тағы да: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. — Әкемнің Өзімді осы дүниеге жібергені сияқты, Мен де сендерді адамдарға жіберемін». —
22 Осылай дегеннен кейін Иса шәкірттерінің бетіне демін үрлеп: «Киелі Рухты қабыл алыңдар!
23 Кімнің күнәларын кешсеңдер, солар кешіріледі, ал кімнің күнәларын кешпесеңдер, солар кешірілмейді», — деді.
24 Исаның он екі шәкіртінің бірі, Сыңарлас деп те аталған Тома, Иса оларға келген кезде араларында жоқ еді.
25 Басқа шәкірттер оған: — Біз Иемізді көрдік, — дегенде, Тома: — Мен Оның қолдарынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстамасам, Оның тірілгеніне еш сенбеймін, — деп жауап берді.
26 Бір аптадан кейін Исаның шәкірттері тағы сол үйге жиналды, олармен бірге Тома да болды. Есік бекітілген еді, бірақ Иса кіріп келіп, орталарына тұра қалды да: — Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді.
27 Содан кейін Томаға: — Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол! — деді.
28 Тома Оған: — Ием менің, Құдайым менің! — деп мойынсұнды.
29 Иса: — Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндер бақытты! — деп жауап берді.
30 Иса шәкірттерінің көз алдында осы кітапта жазылмаған басқа да көптеген кереметтер істеді.
31 Ал жазылғандары Исаның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы екендігіне сендер сенсін, әрі сенімдерің арқылы Онымен тығыз байланыста тұрып, шынайы өмірге ие болсын деген мақсатпен жазылған.(Жохан 20: 19-30)

ұдан кейін Иса Тіберия көлінің жағасында тағы бір рет шәкірттеріне көрінді. Бұл былай болған еді:
Шимон Петір, Сыңарлас Тома, Ғалилеядағы Қана қаласынан шыққан Натанайыл, Зебедейдің ұлдары және Исаның тағы басқа екі шәкірті бәрі бірге болды.
Сонда Петір серіктеріне: — Мен балық аулауға бара жатырмын, — деді. — Біз де барайық, — деді олар. Содан барлығы сыртқа шығып, қайыққа мінді. Алайда сол түні олар түк те ұстай алған жоқ.
Таң сәріде Иса жағада тұрды, бірақ шәкірттері Оның Сол екенін білмеді.
Иса оларға: — Жігіттер, балықтарың бар ма? — деп үн қатты. Олар: — Жоқ, — деп жауап берді.
— Ауды қайықтың оң жағынан салыңдар, сонда біразын ұстайсыңдар, — деді Иса. Олар ауын тастаған соң, түскен балықтың көптігінен оны тартып шығара алмады.
Сол кезде Исаның жақсы көретін шәкірті Петірге: «Бұл — Иеміз ғой!» — деді. «Бұл — Иеміз ғой!» дегенді естігенде, сырт киімсіз жүрген Шимон Петір көйлегін буып алып, суға секірді.
Басқа шәкірттер де қайықпен жағаға беттеді, олар жағалаудан алыс емес, жүз метрдей жерде жүрген еді. Бұлар балыққа толы ауды сүйретіп келді.
Жағалауға шыққан олар күйген ағашпен жағылған отты, оның үстіндегі балық пен нанды көрді.
10 Иса оларға: «Қазір ұстаған балықтарыңнан әкеліңдер!» — деді.
11 Петір суға түсіп, үлкен-үлкен балыққа толы ауды жағалауға сүйреп шығарды, бір жүз елу үш балық бар екен. Балық сонша көп болса да, ау жыртылмапты.
12 Иса оларды: «Енді келіп, тамақтаныңдар!» — деп шақырды. Шәкірттердің ешқайсысының: «Кімсіз?» — деп сұрауға батылы бармады. Себебі олар Оның Иеміз екенін білді.
13 Иса келіп, нан алып, бұларға үлестіріп, балықтан да берді.
14 Бұл Исаның өлімнен қайта тірілгеннен кейінгі үшінші рет шәкірттеріне көрінуі еді.
15 Олар тамақтанып алғаннан кейін, Иса Шимон Петірден: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені мыналарға қарағанда көбірек сүйесің бе? — деп сұрады. — Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой. — Тоқты-қозыларымды бақ!
16 Иса екінші рет: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені сүйесің бе? — деп сұрады. — Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой. — Иса оған: — Қойларымды бағып жүр! — деп тапсырды.
17 Иса үшінші рет: — Жохан ұлы Шимон, сен Мені жақсы көресің бе? — деп сұрады. Иса: «Сен Мені жақсы көресің бе?» деп үшінші рет сұрағандықтан Петір мұңайып: — Ием, Сіз бәрін де білесіз, Сізді жақсы көретінімді де білесіз, — деді. Иса оған: — Қойларыма қарап жүр!
18 Саған өте маңызды шындықты айтамын: жас кезіңде сен беліңді өзің байлап, қалаған жағыңа бардың. Ал қартайғанда қолыңды созып тұрасың, сонда басқа біреу беліңді байлап, барғың келмеген жаққа еріксіз ертіп кететін болады, — деді.
19 Иса мұны Петірдің кейінірек қандай ажалмен өлетінін алдын ала білдіру үшін айтты. Сол өлімі арқылы ол Құдайдың ұлылығын паш ететін болды. Иса осыдан кейін оған: «Мен жүріп өткен жолмен жүр!» — деп тапсырды.
20 Петір артына бұрылып, Исаның жақсы көретін шәкіртінің ілесіп келе жатқанын көрді. Ол кешкі ас кезінде Исаның қасында жантайып жатып: «Мырза, Сізге опасыздық жасайтын сол адам кім?» — деп сұраған шәкірт еді.
21 Петір сол шәкіртті көргенде Исаға: — Ием, ал мынау ше? — деді.
22 Иса: — Қаласам, Мен қайтып келгенше ол осында болады, онда сенің не шаруаң бар? Өзің Мен жүріп өткен жолмен жүр! — деп жауап берді.
23 Бұдан кейін бауырластар арасында «сол шәкірт өлмейді» деген сөз тарады. Бірақ Иса Петірге «өлмейді» деп айтқан жоқ. «Қаласам, Мен қайтып келгенше ол осында болады, онда сенің не шаруаң бар?» деген еді.
24 Осының бәріне куә болып, барлығын жазып қалдырған — әлгі шәкірт. Біз оның куәлігінің шынайы екенін білеміз.
25 Исаның істеп кеткен көптеген басқа да істері бар. Олар туралы толықтай жазса, жазылуға тиісті кітаптар, менің ойымша, бұл дүниеге сыймас еді. (Аумин)(Жохан 21: 1-25)

ымбатты Теофил! Бірінші кітабымда мен Исаның қызметіне кіріскен уақытынан бастап,
көкке көтерілген күніне дейінгі аралықта не істеп, не үйреткені туралы түгел баяндадым. Ол көкке көтеріліп кетпес бұрын Өзінің таңдап алған елшілеріне Киелі Рухтың жетелеуімен нұсқауларын берді.
Иса азапталып өлгеннен кейін оларға көптеген сенімді дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін ашық көрсетті: қырық күн бойы Ол елшілеріне көрініп, Құдайдың Патшалығы туралы тәлім беріп жүрді.
Бірде Иса елшілерімен дастарқан басында жиналған кезде оларға былай деп бұйырды: — Иерусалимнен кетпей, Әкенің өз уәдесін орындауын тосыңдар! Мен сендерге сол туралы айтқан едім ғой.
Жақияның шомылдыру рәсімі сумен болатын, ал енді біраз күнде сендер Киелі Рухпен шомылдырыласыңдар. —
Сондықтан елшілер Исаның қасында болғанда Одан: — Иеміз, Исраил елінің патшалығын осы кезде қайта орнатасыз ба? — деп сұрады.
Иса оларға былай деп жауап қайтарды: — Әкем өз еркімен белгілеп қойған мерзімдер мен кездерді білу сендерге бұйырмаған.
Бірақ Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар. Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар.
Иса осылай деді де, олардың көзінше жоғары көтеріліп кетіп, бір бұлт Оны көзден таса қылды.
10 Олар аспанға қадала қарап тұрған кезде, кенеттен ақ киімді екі жігіт қастарында пайда болды да, оларға тіл қатып:
11 «Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді.(Елшілердің істері 1:1—11)