Skip to content
Home » Неге төрт ізгі хабар бар, ал Інжіл біреу?

Неге төрт ізгі хабар бар, ал Інжіл біреу?

  • by

Менен кейде былай сұрайды: егер бір ғана Інжіл болса, өз авторлары бар ізгі хабар неге төртеу деп? Сонда қалай ол кітаптарды адамдар жазды ма, авторы Құдай емес пе, әлде олар бір-біріне қарама-қайшы келе ме?  

Киелі кітап өзі туралы былай дейді: 

 Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді. Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.

2 Тімоте 3:16-17

  Сөйтіп, Киелі кітаптың шынайы авторы жалғыз Құдай және Ол адамдарды Өз Рухымен жетелеп жаздырды делінген. Құран да осы көзқарасты толық растайды, оны сіздер Құран Киелі кітап туралы не дейді атты мақаладан көрдіңіздер. 

Бірақ, бір Інжілдегі төрт ізгі хабарды қалай түсінеміз? Біз Құранда бір оқиғаның қайталанып айтылатынын жиі байқаймыз және бәрін қосып тұтас оқығанда ғана не туралы айтылып тұрғаны анықталады. Мысалы, Адам атаның нышан-белгісі туралы 7:19-26 (Араф), сүресінде Адам атаның бейіш бағындағы өмірі суреттеледі. Сондай-ақ сол оқиға Таһа 20:121-123 сүрелерінде де жазылған. Осы екі үзінділерді қосып оқығанда ғана оның «алданғанын» түсінеміз. Араф сүресінде ол туралы айтылмаған. Тек екі үзіндіні біріктіріп оқығанда ғана оқиға толық ашылады. Ол әуел баста солай ұйымдастырылған – бір-бірін толықтырып тұратын бірнеше үзінді болу керек. 

Дәл сол сияқты бір Інжілдің төрт ізгі хабары бар. Оларды толық тұтас оқығанда ғана Иса Мәсіх (ғ.с.) туралы толық қанды түсінік аламыз. Олардың бірінде баяндаған оқиға басқа үш ізгі хабарда жоқ болуы мүмкін. Бір-бірін толықтыра отырып олар бізге оқиғаның толық мағынасы ашып береді. 

Міне сондықтан Інжіл мазмұны дегенде бір жеке атау қолданылады. Інжіл біреу. Мысалы, Жаңа келісімде нақты бір ғана Ізгі хабар бар. 

 Бауырластар, сендерге мынаны білдіргім келеді: мен уағыздаған Ізгі хабар адам ойынан шыққан емес! Оны ешбір адамнан не қабылдаған, не үйренген емеспін, Иса Мәсіхтің тікелей білдіруімен қабылдадым.

Ғал. 1:11-12


 Қасиетті Құранда да  Ізгі хабар туралы жекеше түрде айтылады (Құранда Ізгі хабарды қолдану қағидасын қара). Егер әңгіме куәлік немесе жеке кітап авторы туралы болса, онда біз төрт автор мен төрт ізгі хабарға жүгінеміз.   Шынында да Таурат бойынша, мәселе шешуге бір куәлік аздық етеді. Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Заң бойынша (Заңды қайталау 19:15) қандай да бір оқиғаны, аянды немесе фактіні растау үшін, кем дегенде екі куәлік болу керек. Ал ізгі хабар төрт куәлікпен расталып тұр, сондықтан ол Заң талабын екі есе артық орындап отыр. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *