Қасиетті Рамазан айы – оразаны қалай ұстау керек?

Рамазан айында ораза ұстау уақыты келгенде, мен достарымның оразаны қалай ұстау керектігін айтып жатқанын естідім. Олардың арасында оразаны қай күні бастап, қай күні тоқтатуға болады деген пікірталас жүретін.  Рамазан айы жаз айына келгенде солтүстік жақта 15-16 сағатқа дейін созылады, сондықтан Меккедегі таңның атуы мен батуын негізге алып бір стандарт қойса деген де талқылаулар болды. Менің достарым осы және осыған ұқсас сұрақтар бойынша ненің рұқсат, ненің рұқсат етілмейтіні туралы әртүрлі ғалымдардың әрқилы нұсқауларын ұстанады. Осы сияқты талқылаулар қандай маңызды болса да, Алланың разылығы үшін қалай өмір сүруге болады деген сұрақты жиі естен шығарып аламыз. Осы жайлы кезінде пайғамбарлар жазып қалдырған және олардың айтқандары қазір Алланың алдында ораза тұтып тура жолмен  жүру қандай маңызды болса, сол кезде де солай маңызды болған.

Ишая пайғамбар (ғ.с.) сенушілер өз діни дәстүрін (мінәжат, ораза) қатал ұстанған заманда өмір сүрді. Олар өте діншіл адамдар болған.    

Забурдағы Ишая және басқа пайғамбарлардың орналасу тәртібі. 

Бірақ ол өмір сүрген кез де үлкен жемқорлық заманы еді (Забурға кіріспені қара). Сондықтан, халық арасында дау-дамай, ұрыс-керіс және айтыс-тартыс тоқтаусыз жүріп жатты. Сол жағдайларға байланысты пайғамбар осы хабарды жеткізді. 

Нағыз ораза

— Өзіңді тежемей қатты айқайла! Даусыңды кернейдей көтер! Таңдап алған халқыма опасыз істерін ашық айт! Иә, Жақыптың үрім-бұтағына жасаған күнәларын әшкереле! Олар Маған күнде сиынып, еркімді білуді қалағансиды, әрі әділдік жасайтын, Құдайының айтқандарына мойынсұнатын халық сияқты болып көрінеді. Осылай олар Құдай алдына келуді ұнатып, Менен әділ шешімдер өтініп, былай дейді: «Біз ораза ұстап едік, Сен неге көз салмадың? Саған бой ұсынған едік, Сен неге байқамадың?» (Бұған Менің жауабым мынадай:) «Ораза тұтқан күндеріңнің өзінде сендер қалағандарыңды істеп, тіпті бейшара жұмысшыларыңды қанайсыңдар! Оразаларыңның аяғы ұрыс-талас, зұлым төбелеспен бітеді. Мұндай оразаларың мінажаттарыңды көкке жеткізбейді. Әлде пенденің кішіпейіл болғансып, басын қоғадай иіп, қайғы шеккен азалы жандай көрінген күнін Маған ұнайтындай ораза деп ойлайсыңдар ма? Осындай әрекетті шынымен ораза әрі Жаратқан Иені риза қылатын күн деп атауға бола ма?! Жоқ, Маған ұнайтын ораза мынадай: зұлымдықпен бұғауланғандардың кісендерін үзіп, құлдықтың шынжырларын шешу және зорлық көріп жатқандарды азат етіп, езгі атаулыны жойып жоқ қылу! Сондай-ақ аштармен наныңды бөлісіп, қаңғырған кедейлерді үйіңе кіргіз! Киімге мұқтаждарға тап болсаң, киіндіріп, өзге пенделерге де қол ұшын беруден бас тартпа!» Сонда саған кенеттен таңғы шұғыладай нұр төгіліп, тез сауығатын боласың. Әділдігің алдыңнан бастап, Жаратқан Иенің салтанатты ұлылығы сені артыңнан қорғап жүретін болады. Сол кезде Оны шақырасың және Жаратқан Ие жауап береді. Көмек сұрап жалбарынғаныңда Ол: «Саған жар боламын!» деп сені жігерлендіреді. «Араларыңнан езгі атаулыны алып тастаңдар, сырттай өсектеу мен тіл тигізуді де доғарыңдар! Қарны аштарға шынайы жанашырлық танытыңдар, әрі зорлық-зомбылық көргендерді жұбатып, мұқтаж нәрселерімен қамтамасыз етіңдер! Сонда айналаларыңдағы қара түнекте Менің нұрым сәулесін шашып, рухани қараңғылықтарың тал түстей жап-жарық болады. Мен, Жаратқан Ие, сендерді әрқашан жетелеп жүремін, шөл далада да қажеттеріңмен қамтамасыз етіп, денелеріңе қуат беремін. Осылай сендер суы мол баққа, ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласыңдар. Халқың ежелде қираған мекендеріңді қайтадан салып, баяғы ұрпақтардан қалған негіздердің үстінен қалаларыңды қайта орнатады. Жұрт сендерді «Қираған қамалдарды қалпына келтіріп, жолдар мен үйлерді қайта салушылар» деп атайтын болады» .

Ишая 58:1-12

Бұл шынайы оразаның толық мағыналы өмір туралы берген уәдесі керемет емес пе? Бірақ сол кездегі адамдар пайғамбарды тыңдай алмады және тәубе де етпеді (Жақия пайғамбардың (ғ.с.) тәубе туралы ілімін қараңыз). Сол қылықтары үшін Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы айтылған болжау бойынша сотқа тартылды. Бұл жазбалар бізге ескерту тәрізді, өйткені Ишаяның ораза кезінде өзін қалай ұстағаны туралы жазылғандар, бүгінгі күнге де арналып тұр. Имамның үйретуі бойынша ораза ұстаудың пайдасы аз, бірақ Алланы ренжітіп өмір сүру, Оны қорлаумен бірдей. Сондықтан Иса Мәсіх (ғ.с.) арқылы Құдайдың рақымдылығын қалай алуға болатынын түсініңіз.  

Қиямет соты: Иншиқақ, Тур сүрелері және Мәсіх

Қиямет күні аспан мен жер қалай жойылып кететіні туралы Иншикак сүресі суреттейді: 

Аспан жарылған сәтте, Лайықты болып, Раббына бой ұсынған кезде, Жер созылған сәтте, Ол, ішіндегіні шығарып босатқан сәтте, Раббына бой ұсынып, лайықты болған кезде; Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың. Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе; Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі. Ол, үй ішіне-қуанып қайтады. Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе; Сонда ол, дереу өлім шақырады. Қайнаған тозаққа түседі.  

Иншиқақ 84:1-12

Иншикак сүресі қиямет сотында оң қолына кітап алмағандардың бәрі сол күні оттты жалында өлім құшатыны туралы ескертеді. 

Кітапты артыма тықпай, оң қолыма ұстап тұрамын деп нық сеніммен айта аласыз ба? 

Тур сүресінде Қиямет күні жердің қақ айырылып, халықтың зардап шегетіні суреттелген: 

Сөзсіз Раббыңның азабы болады. Оны тойтарушы жоқ. Ол күні аспан қатты теңселеді. Таулар ұшып жүреді. Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш!.

Тур 52:7-11

(Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой. Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді, әрі оларға көмек те етілмейді. Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді.

Тур 52:45-47

 Қиямет сотына тартылмас үшін, сіз ешқашан күнә істемеген ешкімді алдамай өмір сүргеніңізге сенімдісіз бе? 

Иса Мәсіх (ғ.с.) қиямет күні істеріне бола кітап ала алмаған және өздеріне сенімді бола алмаған адамдар үшін келді. Ол ешкімнен көмек ала алмайтындар үшін жер бетіне келген. Інжілде былай жазылған:

 Сондықтан Иса сөзін жалғастырып былай деді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: қойлар кіретін «есік» Менмін. Менен бұрын келгендердің бәрі ұрылар әрі қарақшылар болатын. Бірақ қойлар оларға бағынған жоқ. Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады. Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім.

Мәсіхтің өз қарамағындағы адамдарға ізгі бағушыдай қамқорлық жасауы

Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды. Ал бағушы емес жалданған адам қойлар өзінікі болмағандықтан, қасқырды көрсе, отарын тастай қашады. Қасқыр қойға шауып, оларды жан-жаққа бытыратып жібереді. Жалшы отарын тастай қашады, өйткені ол — жай жалданушы, қойлардың қамын ойламайды. Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын. Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады. Әкем Мені жақсы көреді, себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын. Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар. Бұл — Маған Әкем тапсырған міндет.

Жохан 10:7-18

Иса Мәсіх (ғ.с.) «өз қойларын» ұлы билікпен қорғайтынын және оларға қиямет күні де өмір сыйлайтынын жариялады. Ол шынымен сондай билікке ие ме? Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Таурат кітабында әлемді алты күнде жаратқан оның билігін көрсетеді. Кейін Забур кітабында пайғамбарлар, оның келетінін болжап Құдайдың ұлы жоспарын растады. Оның отарындағы қойы болу қалай болмақ, «Мен отарым үшін жанымды қиямын» дегенде ол не айтпақшы болды? Біз оны осы жерде қарастырамыз.

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) ілімі адамдар арасында жиі талас тудырады. Оның жердегі өмірі кезінде де солай болды. Төменде оның ілімін тыңдаған адамдар арасында қандай талас тудырғаны суреттелген үзінді берілген:

Осы сөзге бола яһудилер тағы да екі жақ болып айтысып кетті. Көпшілігі: «Оны жын соғыпты, сандырақтап тұр! Неменеге тыңдап тұрсыңдар?» — десе, басқалар: «Бұл жындының сөзі емес! Жын соқырдың көзін аша ала ма?!» — деп қарсылық білдірді. Бұдан кейін Иерусалимде Киелі үй мейрамы болды. Мезгіл қыстың кезі еді. Сонда Иса ғибадатхананың Сүлеймен патша атындағы бағаналы ғимаратында әрі-бері жүрді. Яһуди діндарлары Оны қоршап алып: — Қашанға дейін бізді еліктіріп, алаңдатып қоясыз? Құтқарушы Мәсіх болсаңыз, ашығын айтыңыз! — деп талап етті. Иса оларға былай деп жауап берді: — Мен оны айттым ғой, ал сендер сенбедіңдер. Әкемнің атынан істеп жүрген істерім Менің Сол екеніме айғақ. Бірақ сендер сенбейсіңдер, себебі Менің «отарымнан» емессіңдер. Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды, ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды. Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды. Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.

Иерусалимдік діндарлардың Исаны айыптауы, ал басқа жұрттың Оған сенуі

Сонда діндар яһудилер Оны тас лақтырып өлтіру үшін тағы да жерден тас алды. Иса оларға: — Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игі істер істедім. Солардың қайсысына бола Мені тас лақтырып өлтірмексіңдер? — деген сұрақ қойды. Діндар яһудилер: — Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін тас лақтырып өлтірмекпіз. Сен адам бола тұра, Өзіңнен Құдай жасағың келеді! — деді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Өздерің құрметтейтін Киелі жазбада (Құдайдың билерге арнап мынаны айтқаны) жазылған: «Былай деген едім: сендер құдайсыңдар». Ал Киелі жазбалардың күшін жоюға болмайды ғой. Сонымен Құдай Өзінің сөзі жеткен сол билерді «құдай» деп атаған. Онда Мен «Құдайдың (рухани) Ұлымын» десем, қалайша «Құдайды қорладың» деп айта аласыңдар? Өйткені Әкемнің Өзі Мені ерекше тағайындап, осы дүниеге жіберген. Егер Әкемнің Маған тапсырған істерін істеп жүрмесем, Маған сенбей-ақ қойыңдар. Ал егер Мен оларды істеп жүрсем, тіпті Өзіме сенгілерің келмесе де, істеген істеріме сеніңдер! Осылай сендер Әкемнің Менімен, Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді түсінесіңдер. Содан олар Исаны тағы да тұтқындамақ болды, бірақ Ол араларынан сытылып шығып кетті. Мұнан кейін Иса қайтадан Иордан өзенінің арғы бетіне, бұрынырақ Жақия пайғамбар шомылдыру рәсімін орындаған жерге барып, сонда қалып қойды. Исаның қасына көптеген адамдар келіп былай десті: «Жақия ешқандай керемет істеген жоқ. Бірақ оның мына Кісі туралы айтқандарының бәрі де шындық!»  — Сол жерде жиналғандардың көбі Исаға сенді.

Жохан 10:19-42

Қиямет соты: Мәсәд, Хадид сүрелері және Мәсіх

Масад сүресі қиямет соты күнгі «жалынды от» туралы ескертеді: 

Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын! Құрыды да. Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді. Ол, жалындаған отқа кіреді. Әйелі, отын көтеріп кіреді. Оның мойнында есілген арқан болады .

Мәсәд 111:1-5

 Масад сүресі біз сол күні құрып кететінімізді ескертеді. Қиямет соты күні біздің жақындарымыз, мысалы әйеліміз де жалынды оттан құтыла алмайды. 

Біздің барлық құпияларымызды білетін Жаратқан Иемен кездесуге қалай да дайындала аламыз ба?  

Хадид сүресі біздің ұятты қылықтарымызды жарыққа шығару үшін, Ол бізге нышан-белгілер жібергенін айтады:

Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-анық аяттар түсірді. Сөзссіз Алла, сендерге тым жұмсақ, ерекше мейірімді .    

Хадид 57:9

Өмірін түнекте өткізген әркім, қиямет соты күні жанталасып Жарық іздейтін болатыны ескертілген: 

Сол күні, мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдер Мүміндерге: “Бізге көздеріңнің қырын салыңдар! Нұрларыңнан біз де пайдаланайықшы!”,- дейді. Оларға: “Арттарыңа қайтып, нұр іздеңдер!”,-делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір дуал орнатылады. Оның ішінде рахмет, сырт жағында азап бар. Мұнафықтар, мүміндерге: “Сендермен бірге болмап па едік?’,-деп айқайлайды. Олар: “Әрине, бірақ сендер өздеріңді сұмдыққа салдыңдар, күттіңдер, күмәндандыңдар. Сендерді құр үміттерің Алланың әмірі келгенге дейін алдады. Сондай-ақ сендерді Аллаға байланысты алдаушы (шайтан) алдады” дейді .

Хадид 57:13-14

  Сол күні Жарықты иеленуге лайықты өмір сүре алмаған біздің күніміз не болмақ? Біз үшін қандай да бір үміт бар ма? 

Иса Мәсіх (ғ.с.) сол күні бізге көмек беру үшін жер бетіне келді. Өмірін күнәнің түнегінде өткізген және Құдайдың сотында ақтала алмайтындар үшін сол Нұр болатын Өзі екенін анық білдіріп отыр:

  Иса тағы бір жолы халыққа сөйлеп отырғанда былай деді: — Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады, — деді. Сонда парызшылдар Оған: — Сен Өзіңе-Өзің куәсің, сондықтан куәлігің жарамайды, — деді. Иса былай деп жауап берді: — Мен Өзіме-Өзім куә болсам да, куәлігім жарап тұр. Себебі Мен қайдан келгенімді, қайда баратынымды білемін. Ал сендер Менің қайдан келгенімді, қайда баратынымды білмейсіңдер. Сендер пенделік тұрғыдан үкім айтып тұрсыңдар, ал Мен ешкімге үкім айтып тұрған жоқпын. Егер де үкім айтсам, үкімім жарар еді, себебі Мен жалғыз емеспін, Өзімді жіберген Әкеммен біргемін. Сендер ұстанған Таурат заңында екі адамның куәлігінің жарамдылығы туралы жазылған ғой. Мен Өзіме куәмін, ал Мені жіберген Әкем де Маған куә. Әлгі парызшылдар: — Әкең қайда? — деп сұрады. Иса оларға: — Сендер Мені де, Әкемді де білмейсіңдер. Егер Мені білсеңдер, онда Әкемді де білер едіңдер, — деп жауап қайырды. Осы сөзді Иса ғибадатхананың қазынасы сақталатын қойманың жанында тәлім беріп отырғанда айтты. Алайда Оны ешкім тұтқындаған жоқ, өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді.

Исаның шыққан және қайтып баратын орны

Иса жиналғандарға тағы бір жолы тіл қатып былай деді: — Мен бұл жерден кетемін, сонда Мені іздейсіңдер. Ал сендер күнәларыңды арқалап өлесіңдер және Мен баратын жерге жете алмайсыңдар. Сонда яһуди діндарлары бір-біріне: — «Мен баратын жерге сендер жете алмайсыңдар» дегені Оның Өзін өлтірмек болғаны ма? — десті. Иса оларға былай деді: — Сендер жерденсіңдер, Мен көктенмін. Сендер осы күнәкар дүниенің адамысыңдар, ал Мен осы дүниелік емеспін. Сондықтан да сендерге «күнәларыңды арқалап өлесіңдер» дедім. Өйткені егер Менің Сол екеніме сенбесеңдер, күнәларыңды арқалап өлетін боласыңдар. — Олар Исадан: — Осы Сен кімсің? — деп сұрады. Иса: — Сендерге әуел бастан-ақ не айтсам, Мен дәл Солмын. Сендер туралы айтып, үкім шығаратын жайттарым көп. Бірақ Мені Жіберген — Хақ, Одан естігендерімді дүниеге білдіремін, — деп жауап берді. Олар Исаның көктегі рухани Әкесі туралы айтып тұрғанын түсінген жоқ. Сондықтан Иса былай деді: — Сендер көктен келген Билеушіні (айқышқа шегелеп) жоғары көтеріп қойған кезде Менің Сол екенімді, әрі еш нәрсені өз еркіммен істемей, тек Әкем қалай үйретсе, солай сөйлейтінімді ұғатын боласыңдар. Мені жіберген Әкем Өзіммен бірге. Мен әрқашан Оған ұнайтынын істейтіндіктен, Әкем Мені жалғыз қалдырмайды. Иса осыны айтып тұрғанда, көптеген адамдар Оған сенді .

Жохан 8:12-30

Иса Мәсіх (ғ.с.) «әлемге нұр» сияқты өзінің ұлы күшін жариялады, ал оның сөздеріне күмән келтіргенде, ол «Заң өсиетіне» сүйенді. Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Тауратта оның келуі мен күшін растайтыны алдын ала болжанған. «Құдайдың ұлы» деген кім, «Адам баласын көтеріп қойғанда» – деп айтқанда Иса Мәсіх (ғ.с.) нені меңзеді? «Өмір нұрын» иелену деген нені білдіреді? Біз оны мақалаларымыздың бірінде қарастыратын боламыз. Біз онымен қазір танысуды ұсынамыз, өйткені қиямет соты күні бәрі кеш боп қалады. 

Бүгін сізден де сенбеушілерден де құн сұрап отырған ешкім жоқ.

Сондықтан бүгін сендерден бір төлеу қабыл етілмейді әрі кәпірлерден де. Орындарың тозақ. Ол сендердің достарың. Нендей жаман орын.  

Хадид 57:15

Иса Мәсіх (ғ.с.) өз тәлімін тегін былай аяқтамаған шығар:

  Сонда Иса Өзіне сенген яһудилерге былай деді: — Егер сендер айтқандарымды естеріңе сақтап, жүзеге асырсаңдар, шынымен Менің шәкірттерім боласыңдар. Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді. Олар: — Біз Ыбырайымның ұрпағымыз, ешқашан да біреудің құлы болған емеспіз! Қалайша бізге «азаттыққа жетесіңдер» деп айта аласыз? — деді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы. Ал құлы емес, ұлы ғана қожайынның үйінде мәңгі қалады, себебі ұлы ретінде оның еркі бар. Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар. Сендердің Ыбырайымның ұрпақтары екендеріңді білемін. Алайда Мені өлтірмексіңдер, себебі айтқандарыма жүректеріңнен орын бермедіңдер. Мен Әкемнің көрсеткендері туралы айтып тұрмын, ал сендер өз түп аталарыңнан көргендеріңді істейсіңдер. — Сол яһудилер:  Біздің түп атамыз — Ыбырайым ғой, — деп жауап берді. Иса оларға былай деді: — Сендер шынымен Ыбырайымның ұрпақтары болсаңдар, Ыбырайым секілді әрекет етер едіңдер. Алайда Құдайдан естіген ақиқатты сендерге жеткізген Мені өлтіргілерің келеді. Ондай нәрсені Ыбырайым істеген жоқ. Сөйтіп сендер өз аталарың не істесе, соны істеп жүрсіңдер. – Біз некесіз туғандар емеспіз! Біздің бір ғана рухани атамыз бар, Ол — Құдай! — Иса оларға былай деді: — Рухани аталарың Құдай болса, сендер Мені жақсы көрер едіңдер. Өйткені Мен осында Құдайдан келдім. Өз бетіммен келген жоқпын, Мені Құдай жіберді. Менің айтып тұрғанымды неге түсінбейсіңдер? Себебі Менің сөзімді естіп тұра алмайсыңдар. Сендердің рухани аталарың — әзәзіл шайтан. Соның құмарлықтарын орындағыларың келеді. Ол әуел бастан-ақ кісі өлтіруші болып келеді, ақиқат жағында тұрған да емес, өйткені онда ақиқат жоқ. Әзәзіл өтірікті өз болмысына сай айта береді, себебі ол — өтірікші, өтіріктің бастауы. Мен ақиқатты айтқандықтан Маған сенбейсіңдер. Араларыңдағы қайсың Мені күнә жасадың деп әшкерелей аласың? Ал егер ақиқатты айтсам, неге Маған сенбейсіңдер? Кімде Құдайдың рухани өмірі болса, сол Оның айтқандарына құлақ асады. Сендерде Құдайдың рухани өмірі болмағандықтан, Оның айтқандарына құлақ аспайсыңдар.

Мәсіхтің мәңгілік болмысы

— Самариялық екенсің, Сені жын соққан деп тұрғанымыз дұрыс емес пе? — деп әлгі яһудилер Исаға тіл тигізді. — Мені жын соққан жоқ! Тек Әкемді құрметтеймін, ал сендер Мені қорлайсыңдар. Мен құрметке бөленуге тырыспаймын, ол жағын ойластыратын Әкем бар. Сендер мен Өзімнің арамыздағы төрелікті айтатын да Сол. Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Менің сөзімді берік ұстанатын кісі мәңгі өлмейді,  — деп жауап берді Иса. Ал яһуди діндарлары Оның айтқанын түсінбей:

— Ішіңде жынның бар екеніне көзіміз жетті. Ыбырайым да, пайғамбарлар да өлген, ал Сен «Менің сөзімді берік ұстанатын кісі мәңгі өлмейді» дейсің! Әлде Сен өліп қалған түп атамыз Ыбырайымнан да құдіреттісің бе? Пайғамбарлар да өліп қалған. Өзіңді кіммін деп тұрсың? — деді. Иса бұған жауап ретінде былай деді: — Менің Өзімді құрметтеуім түк болмас еді; Мені құрметтеуші — өз Әкем. Сендер Оны «біздің Құдайымыз» десеңдер де, Оны білмейсіңдер; ал Мен Оны білемін. Егер Оны білмеймін десем, сендер сияқты өтірікші болар едім. Бірақ Мен Оны білемін және Оның айтқандарын ұстанамын. Түп аталарың Ыбырайым Менің дүниеге келетін күнімді көретініне шаттанды; ол сол күнді көріп, қуанды да.  — Әлгі діншіл яһудилер: — Сен әлі елуге де келген жоқсың, Ыбырайымды көрдім дейсің бе? — деді. Иса оларға былай жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Ыбырайым тумастан бұрын да (Мәңгі) Бар Болушы Менмін! Сонда олар ашуланып, Оны тас лақтырып өлтіру үшін жерден тас алды. Бірақ Иса білдіртпей ғибадатханадан шығып кетті (Жохан 8:31-59).

Қиямет соты: Қариа, Тәкәсур сүрелері және Мәсіх

Қариа сүресі болашақтағы қиямет сотын былай суреттейді:

Ол зор уақиға не нәрсе?Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе? Ол күні адам баласы таралған паруанадай болады. Таулар түтілген жүндей болады.Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса, Онда ол, разы болатын бір тіршілікте болады. Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса, Онда оның орны «һауия» болады.

Қариа 101:2-9

Қариа сүресі таразы басындағы жақсылық істерге толы адамдар қиямет сотында жақсылықтан үміттері болады деп ескертеді. 

Ал енді жақсылықтары салынған таразысы жеңіл біздің жағдайымыз не болмақ? 

Тақасур сүресі былай ескертеді: 

Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды. Тіпті қабірлеріңе барғандарыңа дейін. Жоқ олай емес. Тез білесіңдер. Тағы олай емес. Жуырда білесіңдер. Жоқ олай емес. Анық білген боласыңдар; Әлбетте тозақты көресіңдер. Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер. Сол күні, (дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар.

Тәкәсур 102:1-8

Тәкәсур сүресі жердегі барлық істеріміз ашылған кезде, біздерді тозақ оты күтіп тұр дейді. 

Егер жақсылық таразымыз жеңіл болса, біз қиямет сотына дайындала аламыз ба? 

Иса Мәсіх (ғ.с.) игілікті істері аз адмдар үшін арнайы келді. Інжілде ол былай суреттеледі:

Сонда Иса оларға былай деді: — Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді! Бірақ Мен сендерге: «Мені көрдіңдер, алайда сенбейсіңдер» дегенмін. Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін. Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен келдім. Ал Әкемнің еркі — Оның қарамағыма берген адамдарының бірде-біреуін тозаққа түсірмей, бәрін де ақырғы күні қайта тірілтуім. Себебі Әкемнің еркі мынау: Өзінің рухани Ұлына назар аударып, сенім артқан барлық адамдарға мәңгілік өмір сыйлау. Мен соларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын. Сонда Исаның көктен түскен «нан» Менмін дегеніне діндар яһудилер күңкілдеп наразылық білдірді: — Мынау біз әке-шешесін білетін Жүсіп ұлы Иса емес пе? Онда Ол қалайша «Мен көктен түстім» дейді? — Иса оларға былай деп жауап берді: — Өзара күңкілдеспеңдер! Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады; ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын. Пайғамбарлар жазбаларында «Бәрі де Құдайдан тәлім алмақ» делінген. Әкемді тыңдап, Одан тәлім алған әркім Маған келеді. Әрине, Құдайдан Келгеннен басқа ешкім Әкені көрген емес, Әкені көрген — тек Сол ғана.

Исаның құрбан болғанына сеніп мәңгілік өмірді иемдену

Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім Маған сенім артса, сол мәңгілік өмірге ие. Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Ата-бабаларың айдалада тәтті нанды жесе де, ақырында өлді. Бірақ қазір көктен түскен «нан» мынадай: одан «жеген» адам рухани өлімге душар болмайды. Көктен түскен «тірі нан» Менмін. Одан «жеген» әркім мәңгілік өмірге ие болады. Бұл «нан» — Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін.

Жохан 6:35-51

Иса Мәсіх (ғ.с.) өзіне сенген әркімге мәңгілік өмір сыйлау үшін «көктен келгенін» растап отыр. Оның сөзін естіген яһудилер сондай билігінің барын дәлелдеу үшін одан керемет көрсетуін талап етті. Өз істерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін Иса Мәсіх (ғ.с.) өзі және істейтін істері туралы жазып қалдырған, ежелгі пайғамбарлар жазбаларына сүйенді. Біз оның келуі жайлы айтылған Таурат және кейінгі пайғамбарлар жазбаларын қарастырдық. Бірақ оған сену дегеніміз не? Сіз ол сұрақтың жауабын осы жерден таба аласыз. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) адамдарды сөз билігімен сауықтырып қана қоймады, сонымен бірге табиғат күштерін де бағындыра алды. Ол өз тәлімінде былай түсіндіреді: 

 Мейрамның жартысы өткен кезде Иса ғибадатхананың ауласына барып, жұртқа тәлім берді. Яһуди діндарлары таңғалып: — Арнайы дайындықсыз Мынау Киелі жазбаларды қалай түсіне алады? — деді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Ілімім Менікі емес, Мені Жібергендікі. Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады. Өз бетімен сөйлеген әркім өзінің ғана беделін ойлайды. Ал Өзін Жібергеннің беделін ойлаған Кісіге сенуге болады, Оның ойында әділетсіздік жоқ. Сендерге Мұса пайғамбар Таурат заңын бермеп пе еді? Шындығында бірде-біреуің сол заңға бағынбайсыңдар. Әйтпесе неге Мені өлтірмексіңдер? — Жұрт Оған: — Жын соқты ма? Кім Сені өлтірмек? — деп қарсылық білдірді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Мен (демалыс күні) бір керемет іс жасадым, ал бәрің соған абыржулысыңдар. Мұса сүндеттеуді бұйырды. Расында бұл рәсім Мұсадан емес, одан бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған. Сендер бұйрыққа сай балаларыңды туғаннан кейінгі сегізінші күні, демалыс күні болса да, сүндеттей бересіңдер. Сонымен Мұсаның заңы бұзылмасын деп, балалар демалыс күні де сүндеттеліп келеді. Ендеше біреуді демалыс күні ауруынан құлантаза сауықтырғаным үшін қалайша Маған ашуланасыңдар? Сырт көрінісіне ғана қарамай, әділ шешіңдер!

Иса — Құдай уәде еткен Құтқарушы Мәсіх пе?

Сонда бірнеше иерусалимдік тұрғындар былай деді: — Басшылар өлтіреміз деп жүрген кісі Осы емес пе? Қараңдар, Ол емін-еркін де ашық сөйлейді, ал Оған ештеңе демейді. Сонда Оның Мәсіх екеніне басшылардың көздері шынымен жеткені ме? Мәсіх келгенде, Оның қай жақтан шығатынын ешкім білмейді. Ал Мынаның қай жерлік екенін білеміз ғой. Сол кезде ғибадатханада тәлім беріп отырған Иса қатты дауыспен: — Менің кім екенімді, қайдан шыққанымды білесіңдер ме? Мен өз бетіммен келген жоқпын. Бірақ Мені жіберген — сендер білмейтін Ақиқаттың Өзі. Ал Мен Оны білемін, себебі Содан келдім, Мені Сол жіберді, — деді. Содан біреулер Оны тұтқындамақ болды, бірақ Оған қарсы ешқайсысы қол көтермеді. Өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді. Ал халықтың көбі: «Құтқарушы Мәсіх келгенде, Ол Бұдан артық кереметтер көрсетер деймісің?» — деп, Исаға сене бастады. Халық арасында осындай күңкіл болғаны парызшылдардың құлағына жетті. Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Исаны тұтқындауға сақшыларын жіберді. Ал Иса оларға: — Тағы біразырақ уақыт араларыңда боламын, содан кейін Өзімді Жібергенге қайта ораламын. Мені іздесеңдер де, таба алмайтын боласыңдар. Себебі Мен болатын жерге сендер бара алмайсыңдар, — деді. Сонда яһуди діндарлары өзара былай десті: — Біз Оны таба алмайтындай Бұл қайда бармақшы? Шетелге тарап кеткен яһудилерге барып, басқа ұлттарға да тәлім бермекші ме? Оның «Мені іздесеңдер де, таба алмайтын боласыңдар» және «Мен болатын жерге сендер бара алмайсыңдар» дегені не сөз?

Қайнаған қызық жаңа өмір

Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»! Кім Маған сенсе, (келіп, шөлін қандырып су ішсін!) Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады, — деді. Иса бұларды Киелі Рух туралы айтты; Оны Исаға сенгендер кейінірек қабылдады. Құдай Исаның ұлылығын адамдарға әлі білдірмегендіктен, Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі де қондырмаған еді. Исаның сөзін естіген кейбіреулер: — Шынында да Бұл — келуге тиісті Пайғамбар! — деді. Басқалары: — Ол — Құтқарушы Патшамыз Мәсіх! — дегенді айтты. Енді біреулері: — Ал Мәсіх Ғалилея аймағынан келуші ме еді? Киелі жазбаларда Мәсіх Дәуіт патшаның әулетінен, оның атамекені Бетлехемнен шығады делінген емес пе? — деп күмән келтірді. Осылай ел арасында Иса туралы араздық туды. Бірнешеуі Оны тұтқындамақ болды, бірақ ешқайсысы Оған қарсы қол көтермеді .

Жохан 7:14-44

Уәде етілген тірі су, ол басқа ештеңе емес, қиямет күні бізді өлімнен құтқара алатын, елуінші күні жер бетіне келген Киелі Рух. Бірақ біз алдымен қанбайтын шөлімізді мойындауымыз керек.   

Қиямет күні: Тариқ, Адият сүрелері және Мәсіх

Тариқ сүресінде қиямет күнін мына сөздермен ескертеді: 

Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие. Сол күні сырлар ашылады. (Ол күні) адам баласына күш те, көмекші де болмайды.

Тариқ 86:8-10

 Тариқ сүресі Жаратқан Ие біздің барлық қылмысымыз бен ұятты қылықтарымызды ашып береді және бізді қияметтен құтқаратын ешкім болмайды деп нақты айтып тұр. Сол сияқты Адият сүресі де сол күнді былай суреттейді: 

Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді. Өйткені ол, өзі де оған куә. Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде. Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте; Ол күні Раббылары толық хабар алушы. 

Адият 100:6-11

Адият адам баласының ең кішкене ұятты нәрсесінің өзі Аллаға аян және Одан ешнәрсе де құпия емес екенін ескертеді. 

Біз болашақтағы қиямет соты туралы ойламай, бізге ешқандай қауіп жоқ деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ, Тариқ және Адият сүрелері осыған байланысты нақты ескертулер келтіруде. 

Сол күнге дайын болғанымыз дұрыс па? Әлде басқадай ма? 

Иса Мәсіх (ғ.с.) сол күнге дайын болып барлық қару-жарақпен дайын тұратындар үшін арнайы келгенін мәлімдеді. Інжілде былай делінген: 

Себебі Әкесінің өлгендерді тірілтіп жан беретініндей, Ұлы да Өзінің қалағандарын тірілтеді. Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған. Осылайша бәрі Әкені қалай қадірлесе, Ұлын да солай қадірлесін. Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді. Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті. Сендерге тағы бір өте маңызды шындықты айтып тұрмын: рухани өлілер Құдайдың рухани Ұлының даусын естіп, Оған сенетін уақыт болады, тіпті сол уақыт келді де. Сонда Оның даусына құлақ салғандар тіріледі. Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады. Ол көктен келген Билеуші болғандықтан, Әкесі Оған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған.

Жохан 5:21-27

Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің ұлы билігін жариялады – қиямет соты күні бізге көмектесетінін де анық айтты. Мәсіхтің билігі Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Таурат кітабында әлемді алты күнде жаратқанымен расталып отыр. Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Тауратта әлем алты күнде жаратылды. Артынан Забур және басқа пайғамбарлар Құдайдың белгілеген жоспары бойынша, Мәсіхтің келуін егжей-тегжейлі болжады. Дегенмен, «Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті» – дегендепайғамбар не айтпақ болды?   Біз оны осы жерден қарастырамыз.   

Қиямет соты: Һумәзә және Мәсіх

Хумаза сүресі қиямет сотын мына жағдаймен ескертеді: 

Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш! Сондай мал жиып, оны санағандарға. Негізінен малы, өзін мәңгі жасатады деп ойлайды. Олай емес, әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады. «Хұтаманың не екенін қайдан білесің?» Ол, Алланың жағылған оты,

Һумәзә 104:1-6

 Һумәзә сүресі егер біз өз құлқынымыздың құлы болып, жақынымызға  жаман қарасақ, Алланың қаһары бізді отпен күтіп тұрғаны туралы айтады. Қиямет күні басқаға көмек қолын созудан ешқешен бас тартпаған, басқаның байлығына көз алартпаған, ауызынан жаман сөз шықпаған, ақшаға байланысты жанжал шығармаған әркімге Алланың нұры түсуі мүмкін дегенді келтіреді.  

Ал сонда басқаларды қандай тағдыр күтіп тұр? 

Иса Мәсіх (ғ.с.) Жаратқанның киелі қаһарынан қорқатындарды құтқару үшін келген. Інжілде былай жазылған: 

 Көктен келген Билеушіден басқа ешкім көкке шыққан жоқ, (Ол — көкте тұрушы). Мұса пайғамбар айдалада мыс жыланды жоғары көтеріп қойған. Дәл солай көктен келген Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс. Сонда Оған сенуші әркім мәңгілік өмірге ие болады. Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады. Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді. Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған. Соттың мәні мынадай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көреді және жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға жоламайды. Ал шындыққа сай өмір сүретін әркім өз істерінің Құдайдың көмегімен жасалғандығы көрініп тұрсын деп Нұрға шығады.

Жохан 3:13-21

Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің «көктен келгенін» және ұлы билігі барын паш етті. Самариялық әйелмен сөйлескенде (толық мәтінді осы жерден қара) Мәсіх өзі туралы «тірі суға» теңеп сөйледі: 

  Иса: — Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын» берер еді, — деп жауап қатты. — Мырза, құдықтан су алатын Сіздің ыдысыңыз жоқ, ал құдық терең ғой. Онда сол өмір суын қайдан аласыз? Мына құдықты қалдырған арғы атамыз Жақыптан да ұлысыз ба? Өзі де, балалары да, малы да одан су ішкен, — деді әйел. Иса оған былай деді: — Мына судан ішкен адам тағы шөлдейді. Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады.

Жохан 4:10-14

          Мәсіхтің билігі Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Таурат кітабында, әлем алты күнде жаратылғаны туралы пайғамбарлық сөзбен расталып отыр. Забур және одан кейінгі пайғамбарлық жазбаларда, Құдайдың жоспарымен іске асып жатқан, оның келуі жайлы егжей-тегжейлі болжанып жазылып қалдырылған. Бірақ Мәсіх өзіне сенушілер мәңгілік өмірге ие болу үшін «Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс» – дегенде не айтпақшы болды? Ол осы жерде түсіндіріледі.  

Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) – ол кім? Бізге қандай нышан-белгі қалдырды?

Юсуф сүресінде Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) оқиғасы туралы жазылған. Ол Жақып пайғамбардың (ғ.с.) ұлы, Ал Жақып Ысқақтың ұлы, ал Ысқақ Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлы. Жақыптың 12 ұлы болды, соның бірі Жүсіп пайғамбвр (ғ.с.). Оның 11 ағасы оған қарсы болды; олардың қастық жоспары туралы Жүсіп оқиғасында берілген. Ол алғаш осыдан 3500 жыл бұрын Таурат кітабында Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған еді. Ол оқиғаның толық нұсқасы осы жерде берілген. Юсуф сүресін осы жерден оқуға болады. Ол жерде осы жәй оқиға емес деп көрсетілген: 

Расында Юсып туыстарының киссасында сұраушылар үшін өнегелер бар  

Юсуф 12:7

Жүсіп және бауырлары арасындағы оқиғада шынымен қандай нышан-белгі болуы мүмүкін? Юсуф сүресін түсіну үшін, Тауратта келтірілген оқиғаны қарастыруды ұсынамын. 

Алдында бас иді…?

Ол нышан әкесі Жақыпқа айтып берген, Жүсіптің түсінде сияқты: 

Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді.  

Юсуф 12:4

Соңында оның немен аяқталғанын көреміз: 

Әке-шешесін таққа көтерді. Барлығы Алла үшін сәждеге жығылды. (Юсып Ғ.С.): “Әй әкетайым! Міне бұрыңғы көрген түсімнің жоруы. Рас оны Раббым ақиқатқа шығарды. Сондай-ақ шайтан туыстарым мен менің арамды бұзғаннан кейін, мені абақтыдан шығарып, сахарадан сендерді келтіріп, маған рас игілік етті. Күдіксіз Раббым қалағанына өте мейірімді. Ол толық білуші, хикмет иесі.” . 

Юсуф 12:100

   Құран сүрелерінің көп жерінде «табыну» туралы жазылған. Бірақ олардың бәрі, Жаратқан Иеге, намазда, киелі Қағбаға немесе Алланың кереметтеріне (мысалы Мұса пайғамбар (ғ.с.) мен Перғауын тартысында) келтірілген. Ал осы жағдайда адам (Жүсіп) алдында бас иді делінген. Осыған ұқсас періштелер Адам ата алдында бас игені (Һуд және Та-Ха сүрелері) берілген. Единственный похожий случай – это указ ангелам поклониться перед пророком Адамом (Та-Ха 116 и Аль-Араф 11). Бірақ періштелер адам емес қой; тәртіп бойынша адамдар тек Құдайға ғана табынуы керек. 

Әй иман келтіргендер! Рүкүғ, сәжде қылып, Раббыларыңа ғибадат қылыңдар. Және қайыр қылыңдар. Әрине құтыласыңдар .  

Хаж 22:77

Онда неге әкесі мен ағалары Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) бас июлері керек? 

Адам баласы

Забурдағы басқа пайғамбарлармен бірге Даниял пайғамбар (ғ.с.) орналасу тәртібі. 

Осыған ұқсас Киелі кітапта да тек Жаратқан Иеге ғана табыну керек деп жазылған, дегенмен бір ғана ерекшелік бар. Құдай Патшалығының орнауына байланысты, Даниял пайғамбар (ғ.с.) алыстағы болашақты көре алған; сол көріністе оған «Адам баласы» келген. 

 Мен сол түні көріп жатқан көріністерде кенеттен адам баласына ұқсайтын Біреудің аспандағы бұлттармен келе жатқанын байқадым. Ол мәңгі жасап келе жатқан Тәңір Тағалаға жақындап келіп, Оның алдына әкелінді. Оған құдірет, салтанатты ұлылық және патшалық билік тапсырылды. Барлық халықтар, ұлттар және тілдердің адамдары Оған бой ұсынып құрмет көрсетуге тиіс болды. Ол ешқашан өшпейтін мәңгілік билік құрады, Оның патшалығы еш уақытта жойылмайды!.

Даниял 7:13-14

Бұл көрініс аянда ағалары Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) бас игені секілді, адамдар «Адам баласына» иіліп жатыр. 

«Адам баласы» – Иса Мәсіх (ғ.с.) өзін жиі солай атаған лауазым. Ол жердегі өмірі кезінде асқан билікпен тәлім берді, сырқаттарды сауықтырды және табиғат күштеріне билік етті. Бірақ Даниял пайғабар (ғ.с.) аян көрінісіндегідей бұлт арасында келе жатпады. Себебі, оның бірінші келгенінде емес, ол көрініс Иса Мәсіх (ғ.с.) екінші рет жер бетіне келіп, шайтанмен соғысқан кезінде болады.   

Оның бірінші келуі (Мәриям қыздан туып) адамдарды күнә құлдығынан құтқарып, олар үшін Құдай Патшалығын ашуБірақ ол сол кезде бұлт арасында келгенде адамдарды бөлетінін айтты. Ол алдын ала болжам жасап, бауырлары Жүсіп пайғамбарға (ғ.с.) иілгені секілді, адамдар да өзіне табынатын болады деді. Мәсіх былай тәлім берді:

  — Құдай тағайындаған Билеуші қасиетті періштелерін ертіп ғаламат ұлылықпен көктен келген кезде Өзінің салтанатты тағына отыратын болады. Барлық халықтар Оның алдына жинап әкелінеді. Ол шопанның қойларды серкелерден ажыратқанындай адамдарды екі топқа бөліп, «қойларды» оң жағына, «серкелерді» сол жағына қояды. Сонда Патша оң жағындағыларға былай деп үкім шығарады: — Әкем жарылқағандар, келіңдер! Әлем жаратылғаннан бері өздеріңе дайындалған Патшалықтан үлестеріңді алыңдар! Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенімде сусын бердіңдер. Бейтаныс болып баспана іздегенімде Мені үйлеріңе қабылдадыңдар. Киімсіз жүргенімде киіндірдіңдер, ауырғанымда Маған қамқорлық жасадыңдар, түрмеде отырғанымда артымнан келіп тұрдыңдар. Сонда әділдер Оған: — Иеміз, қашан Сіздің ашыққаныңызды көріп, тамақтандырған едік? Немесе шөлдегеніңізде сусын берген едік? Қашан бейтаныс болып баспана іздеп жүргеніңізді көріп, Сізді қабылдаған едік? Немесе киімсіз жүрген Сізді киіндірдік? Қай кезде Сіз ауырып не түрмеде жатқаныңызда артыңыздан келіп тұрдық? — деген сұрақ қояды. Патша оларға былай деп жауап береді: — Сендерге шындығын айтамын: Менің мына бауырларымның тіпті ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасаған жақсылықтарың! Бұдан кейін Патша Өзінің сол жағындағыларға да былай деп үкім шығарады: — Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар! Шайтанға және оның хабаршыларына дайындалған мәңгілік тозақ отына түсіңдер! Себебі сендер Мен ашыққанда тамақ, шөлдегенде сусын бермедіңдер. Бейтаныс болып баспана іздеп жүргенімде Мені үйлеріңе қабылдамадыңдар. Киімсіз жүргенімде киіндірмедіңдер, ауырып не түрмеде жатқанымда артымнан келмедіңдер. — Олар да: — Иеміз, біз қашан ашыққаныңызды не шөлдегеніңізді, бейтаныс болып баспана іздеп, киімсіз жүргеніңізді я болмаса ауырып не түрмеде жатқаныңызды көріп, Сізге көмектеспедік? — деп сұрайды. Ол сонда: — Сендерге шындығын айтамын: мыналардың ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасамаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасамаған жақсылықтарың! — деп жауап беретін болады. Сонымен бұлар мәңгілік азап шегуге кетеді. Ал әділдер мәңгілік өмірге ие болады, — деді Иса .

Матай 25:31-46

Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) және Иса Мәсіх (ғ.с.)

Өздеріне бауырлары және адамдар бас имес бұрын олар ұқсас тағдырды басынан өткізеді. Олардың тағдырларының қандай ұқсас болғанына назар аударыңызшы. 

Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) өміріИса Мәсіх (ғ.с.) өміріндегі оқиғалар
Исраилдің 11 ұлы, оны жек көрді, одан бас тарттыИсраилдің 12 руы одан бас тартып Мәсіх ретінде мойындамады
Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) әкесі және бауырлары алдында қалай бас игенін алдын ала болжадыИса Мәсіх (ғ.с.) болашақта адамдардың өзіне қалай бас иетінін болжады (Марқа 14:62)
Жүсіптің әкесі Жақып оны бауырларына жұмсайды, бірақ олар оны қабылдамайды және өлтіруді ойластырды.Құдай Әке Иса Мәсіхті (ғ.с.) исраил халқына жұмсады, бірақ «Өз халқы Оны танымады»  Сол күннен бастап олар Исаны өлтіру туралы берік байламға келді (Жохан 11:53).
 
Оны зынданға тастады.Иса Мәсіх (ғ.с.) жердегі қабірге қойылды
Одан құтылу үшін Жүсіпті басқа ұлттарға құлдыққа сатып жібереді.Иса Мәсіхтен (ғ.с.) құтылу үшін басқа ұлттарға құлдыққа береді.
Жүсіп жат елге айдалып кетеді және оны әкесі мен бауырлары өлді деп ойлайды.Исраил халқы және бауырлары Иса Мәсіхті әлі күнге дейін өлді деп санайды.
Жүсіп мойысұнып қызметкер болды Иса Мәсіх (ғ.с.) Өз құдіреті мен салтанатты ұлылығынан Бас тартып, қабылдады құлдың сиқын (Філіп 2:7)
 
Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) жазықсыз күнә жасады деп айыпталды.Яһудилер оған жала жапты  Басты діни қызметкерлер Исаға көптеген айып тақты (Марқа 15:3).
  
Жүсіп жасықсыз түрмеге қамалды сол жерде наубайханашының босатылатынын болжадыИса Мәсіх (ғ.с.)  «тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын жар салуға жіберді» (Ишая 61:1).
Жүсіп Мысыр елінің патша тағына отырды ол тек перғауынға ғана бағынатын болды.Исаның Атағын Көктегі, жердегі, жер астындағылардың Бәрі де тізе бүкпек Оның алдында Және Иса Мәсіхті тіл атаулы барлығы да Жаратқан Ие деп ашық мойындауға Тиіс һәм Құдай Әкенің даңқын арттыруға (Філіп 2:10-11).
 
Бауырлары өлдіге санаған Жүсіптің алдына халықтар азық алуға келіп жатты.Иса Мәсіхті (ғ.с.) бауырлары өлді деп ойлады, бірақ халық оның алдына өмір нәрін алуға келіп жатты.  
Жүсіп өз баурыларының сатқындығы туралы айтты (Жарат. баст. 50:20).Яһудилердің Иса Мәсіхті (ғ.с.) сатып кеткені көптеген өмірлерді сақтауға септігін тигізді (Жохан 5:24)
Бауырлары да халық та Жүсіпке бас иді.Даниял пайғамбар (ғ.с.) барлық халықтар мен ұлттар «Адам баласына» бас иетінін болады.

Пайғамбарлар өмірі нышан-белгі қызметін атқарады

Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің келгеніне дейін жүздеген жылдар бұрын өмір сүрген Таураттағы әрбір пайғамбардың өмір сценариін қайталап шықты десе де болады. Осы нәрселер яғни Мәсіхтің келуін алдын ала жүздеген жыл бұрын болжау, адамның түсінігінен тыс, тек Құдайдың шынайы жоспарымен ғана іске асатын дүние екенін растайды. 

Адам ата оқиғсында Мәсіхтің келетіні болжанды: 

 Бірақ та өлім Адам атадан Мұсаның заманына дейін өзінің билігін жүргізіп келді. Дәл Адам атаның Құдайдың анық бұйрығын бұзғаны сияқты күнә

жасамағандарға да өлім билігін жүргізді .

Рим. 5:14


 Соңында Жүсіпке бауырлары келіп бас иеді, оның өмірінде бауырлары тарапынан қабылдамау, құрбан ету және шеттету кезеңдері анық байқалады. Мәсіхтің құрбан болуына Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) құрбандығында да қадағаланды. Жүсіптен кейін Жақыптың он екі ұлынан Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы Мысырдың құлдығынан шығарылған, Израйилдің 12 руы тарады.  Олардың құлдықтан қалай шығарылғаны да Мәсіхтің құрбандығына алдын ала болжам болып тұр. Шын мәнінде Мәсіх келгенге дейін мыңдаған жыл бұрын Тауратта көптеген нышан-белгілер берілген.

Забур және одан кейінгі пайғамбарлар Мәсіхтің келуін жүздеген жыл бұрын болжап жазып кетті; азап шеккен Қызметші және оның өз халқынан шеттелетіні туралы да осы пайғмбарлықтарда көрсетілген. Алдағы жүздеген жыл бұрын болашаққа ешбір адам көз жеткізе алмайтыны анық, бірақ егер Құдай көздерін ашпаса, сол пайғамбарлар қалай солай істей алды? Егер олар Құдай Рухымен жазса, онда Мәсіхтің шеттетіліп және айқышта құрбан болуы да Құдайдың бір жоспары екенін көрсетеді. 

Осы үлгілер мен пайғамбарлық сөздердің көбі, біздің құтқарылып, Құдай Патшалығына кіре алуымызға мүмкіндік жасау үшін Өзін құрбан еткен, Мәсіхтің жер бетіне бірінші келуіне нұсқау береді, 

Сол сияқты Жүсіптің оқиғасы да болашақты болжап тұр, яғни Мәсіх қайта келгенде Құдай Патшалығы жер бетіне орнап, барлық халықтар Иса Мәсіхтің (ғ.с.) алдында бас иеді. Біз қазір Құдай Патшалығына шақырылып тұрған кезде өмір сүріп жатырмыз. Мааридж сүресіндегідей, бәрі кеш болып кеткен, қиямет күні Құтқарушыны іздеп жанталасқан ақымақ адам сияқты болмайық. Мәсіхтің құтқарылу құрбандығы арқылы өмір сыйы туралы қазір біолгеніңіз жөн. 

Мәсіх өзінің келетіні жайлы былай тәлім берді: 

   Сол кезде Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас болады: он бойжеткен қолдарына шамдарын ұстап, күйеу жігітті қарсы алуға шығыпты. Олардың бесеуі ақылды, бесеуі ақылсыз екен. Ақылсыз қыздар шамдарын алғанмен, құятын артық май алмай шығады. Ал ақылдылары шамға қоса майға толы құмыраларын да ала жүреді. Күйеу жігіт ұзақ кешіккендіктен, барлығы қалғып, ұйықтап қалады. Бірақ түн ортасында: «Күйеу жігіт келіп қалды! Қарсы алуға шығыңдар!» — деген дауыс естіледі. Сонда қыздардың бәрі де орындарынан тұрып, шамдарын жөндейді. Ақылсыздары ақылдыларына: — Майларыңнан беріңдерші, шамдарымыз сөнейін деп жатыр, — дейді. Ал олар: — Бізге де, сендерге де жетпей қалғанша, өздерің сатушыларға барып, май сатып алғандарың жөн, — деп жауап береді. Әлгілер майға кеткенде күйеу жігіт келіп, дайын тұрғандар онымен бірге тойға кіріп кетеді де, есіктер жабылып қалады. Кейін майға кеткен қыздар да келіп: — Тақсыр мырза! Есікті аша көріңіз! — деп өтінеді. Ал күйеу жігіт оларға: — Шын айтамын, сендерді танымаймын! — деп жауап береді. Сондықтан сергек болыңдар! Себебі сендер Мен Билеуші ретінде көктен келетін күнді де, сәтті де білмейсіңдер.

Аманатталған қаржы туралы астарлы әңгіме

Бұл жайт сапарға шықпақ болған бір кісінің әрекетіне ұқсас: ол кетер алдында қол астындағы қызметшілерін шақырып алып, оларға меншікті қаражатын аманаттап тапсырады: әрқайсысына қабілетіне қарай, біреуіне бес, келесісіне екі, тағы біреуіне бір ат басындай күміс береді. Содан кейін сапарына аттаныпты. Бес ат басындай күміс алған қызметші онысын дереу айналымға жіберіп, содан қосымша тағы бесеуін табады. Екі ат басындай күміс алғаны да дәл солай істеп, қосымша тағы екеуін табады. Ал бір ат басындай күміс алғаны қожайынының қаржысын бір жерге апарып, көміп тастайды. Арада көп уақыт өткеннен кейін қызметшілердің қожайыны қайтып келіп, олардың есеп берулерін талап етеді. Бес ат басындай күміс алған қызметші тағы да бесеуін әкеліп тұрып, былай дейді: — Мырзам, сіз маған бес ат басындай күміс беріп едіңіз. Міне, солардан тағы бесеу пайда түсірдім. — Қожайыны оны мақтап: — Жарайсың, жақсы да адал қызметшім! Шағын істе сенімді болдың, сені үлкен істердің басына қоямын. Енді қуанышты тойыма кел! — дейді. Екі ат басындай күміс алғаны да келіп: — Мырзам, сіз маған екі ат басындай күміс беріп едіңіз. Міне, солардан тағы екеу пайда түсірдім, — деп есеп береді. Қожайыны оған да: — Жарайсың, жақсы да адал қызметшім! Шағын істе сенімді болдың, сені үлкен істердің басына қоямын. Енді қуанышты тойыма кел! — дейді. Ал бір ат басындай күміс алғаны келіп: — Мырзам, сіздің қатал адам екеніңізді білдім. Өзіңіз екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайсыз. Сондықтан қорқып, күмісіңізді жерге көміп тастаған едім. Мінеки, соныңыз, — дейді. Қожайыны оған былай дейді: — Әй, зұлым да жалқау қызметші! Менің екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайтынымды білдің ғой! Сол үшін де күмісімді саудагерлерге қарызға беруің керек болатын. Сонда мен қайтып келгенде өзімдікін өсімімен қайтарып алатын едім. Ендеше одан күмісін алып, он ат басындай күмісі барға беріңдер! Себебі кімде бар болса, соған тағы беріліп, молая түседі. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады. Енді мына түкке тұрғысыз қызметшіні сыртқа, қара түнекке лақтырып тастаңдар! Сонда ол зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады .

Матай 25:1-30

Әйүп пайғамбар (ғ.с.) кім? Оның хабары неге маңызды?

Бәйинә сүресінде, кім жақсы адам болып саналады деп жазылған. Онда былай жазылған: 

Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін.   

Бәйинә 98:5

Дәл сол сияқты Аср сүресінде де Құдай алдында лайықты адам қандай болу қажеттілігі туралы жазылады.  

 Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.

Аср 103:2-3

 Әйүп пайғамбар (ғ.с.) Бәйинә және Аср сүрелерінде келтірілгендей дәл сондай лайықты адам болған. Басқа пайғамбарларға қарағанда Әйүп  пайғамбар (ғ.с.) сондай әйгілі емес. Ол Құранда тек төрт рет атымен аталады. 

(Мұхаммед Ғ.С.) Нұх (Ғ.С.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.), ұрпақтарына және Ғиса, Әйюб, Юныс, Һарұн және Сүлеймен (Ғ.С.) ге де уахи еттік. Әрі Дәуіт (Ғ.С.) ке Зәбұрды бердік.  

Ниса 4:163

 Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұх (Ғ.С.) ты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан Дәуіт, Сүлеймен, Әйюб, Юсып, Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға да (тура жол көрсеттік). Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз.  

Әнам 6:84

 Әйүп (Ғ.С.) те Раббына: “Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың” деп, жалбарынды Әнбия. 

21:83

 (Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Әйюб (Ғ.С.) ты есіңе ал. Сол уақытта Раббына: “Рас мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты” деп жалбарынды.  

Сад 38:41

Әйүп пайғамбар (ғ.с.) Ыбырайым, Дәуіт және Иса Мәсіх (ғ.с.) қатар бір тізімде тұр, өйткені ол Киелі кітап авторларының бірі. Ол кітап оның өмірі жайлы жазылған. Әйүп пайғамбар (ғ.с.) Нұх пен Ыбырайым ,пайғамбар (ғ.с.) аралығында өмір сүрген. Киелі кітап оны былай суреттейді: 

Бір кезде Ус елінде Әйүп есімді адам өмір сүрді. Ол кінәратсыз да әділ болып, Құдайды терең қастерлеп, жамандықтан аулақ жүретін. Әйүптің жеті ұлы мен үш қызы болды. Жеті мың қой-ешкісі, үш мың түйесі, бес жүз жұп өгізі, бес жүз ұрғашы есегі, сондай-ақ өте көп қызметшілері бар сол кісі шығыс өлкесіндегі ең ауқатты адам болатын. Әйүптің ұлдары кезекпен үйлерінде қонақасы даярлап, соған үш әпке-қарындасын да шақыратын. Қонақасының кезеңі біткенде, Әйүп кісі жіберіп, балалары үшін тазару рәсімін орындайтын. Сол үшін Әйүп ерте тұрып, әр баласы үшін бір малдан құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп Құдайға ұсынатын.

Әйүп 1:1-5

Әйүп Бәйинә және Аср сүрелерінде айтылған барлық қасиеттерге ие еді. Бірақ содан кейін Құдайдың алдына Шайтан келеді. Әйүп кітабында ол әңгіме былай жазылған:  

 Құдайдың нөкерлері бір күні (көкте) Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге келді. Жаратқан Ие әзәзілге:

— Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол: — Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді. Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ, — дегенде, әзәзіл: — Әйүп Құдайын бекерге қастерлейді дейсің бе? Оның өзін, үй ішін және бар иелігін айналдыра шарбақпен қоршағандай қорғап жүрген Өзің емессің бе? Оның істегендерін Өзің жарылқап келесің. Содан оның табын-отарлары ел ішінде кеңінен таралуда. Бірақ, кәне, барлық иелігіне қолыңды тигізе көрші. Сонда ол Сені қалайша мадақтар екен, көрейік, — деп жала жапты. Жаратқан Ие: — Мейлі, оның барлық иелігін қолыңа берейін. Тек оның өзіне тиіспе! — деп шешті. Сонда әзәзіл Жаратқан Иенің алдынан шығып кетті.

Әйүптің басына зор апаттар түсіп сыналуы

Біраздан кейін Әйүптің ұл-қыздары оның тұңғыш ұлының үйінде қонақасында отырды. Сол күні бір шабарман Әйүпке жетіп келіп, мына суық хабарды жеткізді: «Қызметшілеріңіз өгіздермен жер жыртып, есектер олардың қастарында жайылып жүрді. Кенеттен сәбалық тонаушылар тап берді! Олар жас жігіттерді қырып, малдарды олжалап, айдап әкетті! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Аспаннан Құдайдың оты түсіп, қой-ешкілеріңіз бен қызметшілеріңізді өртеп жалмап қойды! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде тағы басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Халдейлер үш топ құрып, түйе бағып жүрген қызметшілеріңізге бас салды! Оларды өлтіріп, түйелерді олжалап, айдап алып кетті! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде тағы басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Сіздің ұл-қыздарыңыз өз ағаларының үйінде қонақасында отырған кезде шөл даланың арғы шетінен ғаламат дауыл тұрып, үйдің төрт жағынан соққылай берді. Содан үй құлап, ішіндегі балаларыңызды басып қалды. Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Сонда Әйүп орнынан тұрды да, қатты қайғырып шапанының өңірін жыртып, шашын қырқып алып тастады. Мұнан кейін ол Тәңір Иеге мойынсұнып етпетінен жерге жата кетті. Әйүп былай деді: «Анамның құрсағынан жалаңаш шықтым, дүниеден жалаңаш қайтамын да. Жаратқан Ие сыйлап берді де, Жаратқан Ие қайтарып алды да. Жаратқан Иенің есімі мадақтала берсін!» Осы жағдайдың бәрінде Әйүп күнә жасаған да жоқ, еркінсіп Құдайды айыптаған да жоқ.

Әйүп 1:6-22

Шайтан онымен тоқтамады, Әйүпті Құдайға тіл тіигізуге итермелеп, артынан екінші сынақтарын жіберді: 

  Құдайдың нөкерлері тағы бір күні Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге Оның алдында тұруға келді. Жаратқан Ие әзәзілге: — Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол:

— Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді. Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ. Оны еш себепсіз құрту үшін Мені қанша түрткілесең де, ол өзінің кінәратсыздығын сақтап келеді, — дегенде, әзәзіл: — «Теріні терімен айырбастар» деген. Адам өз басын аман сақтау үшін қолындағының бәрін де сарп етер! — деп қарсылық білдірді. — Оның еті мен сүйегіне қолыңды созып, тигізе көрші. Сонда ол Сені қалай мадақтар екен, көрейік, — деп жала да жапты. Жаратқан Ие: — Мейлі, ол енді сенің қолыңда. Тек оның өмірін сақта! — деп шешті. Сонда әзәзіл Жаратқан Иенің алдынан шығып кетті.

Қатты ауырып қиналған Әйүптің нық сенімі

Біраздан кейін әзәзіл шайтан Әйүптің денесін басынан аяғына дейін түгелдей жаралы шиқандармен қаптатты. Қатты қайғырып күл үйіндісінің үстінде отырған Әйүп қолына қыш құмыраның бір сынығын алып, сонымен терісін қасыды. Әйелі оған: — Әлі де кінәратсыздығыңды ұстанып отырсың ба? Одан да Құдайды балағаттап, (азабыңнан құтылып) өле қал, — деп ақыл айтты. Бірақ Әйүп: — Ақымақ та арсыз әйелдей сөйлеп тұрсың. Құдай жақсылық жіберсе, соны қабылдау, ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты. Осы жағдайдың бәрінде Әйүп айтқан сөздерімен күнә жасаған жоқ.

Әйүп 2:1-10

Міне сондықтан Әнбйинә сүресінде Әйүптің өз бақытсыздығы үшін жылғанын суреттесе, ал Сад сүресі тек жамандық істеуші шайтан оған шабуылдағанын түсіндіреді. Әйүптің үш досы оны жұбатуға келеді. 

 Әйүптің темандық Елипаз, шуахтық Билдад, нағамалық Сопар есімді үш досы бар болатын. Олар Әйүптің басына түскен ауыртпалықтар туралы естіген соң, оның көңілін сұрап, жұбатпақ болып өзара келісті. Содан үшеуі тұрып жатқан мекендерінен сапарлап келіп, оның қасына жиналды. Алайда үш досы Әйүпті алыстан көріп, алғашқыда танымай қалды. Сонда олар дауыстап жылап, шапандарының өңірін жыртты. Аспанға қарай күл-тозаң шашып, оны бастарына да септі. Үш досы Әйүппен бірге жеті күн, жеті түн жерде отырды. Оның соншалықты қатты қиналып жатқанын көргендіктен, олар оған ештеңе айтпай үндемеді.

Әйүп 2:11-13

Әйүп кітабында пайғамбардың неліктен сонша азап пен ауыртпалықтар басына бірден түсті, деген достарының пікірлері келтірілген. Сол талқылаулар бірнеше таруларға созылған. Соңында достары адам басына сонша қиындықтар Құдай алдында күні жасағандардың басына түседі деген қорытындыға келіп, Әйүп елден жасырып бір күнә істеген шығар деп ойлады. Егер ол тәубе етіп, күнәсін мойындаса, онда кешірімге ие болатын шығар деді. Бірақ Әйүп, өзінің еш күнә жасамағанын және Құдай алдында дұрыспын деп тұрып алды. Ол басына түскен қиындықтардың неге болып жатқанын түсіндіре алмады. Біз Әйүптің достарымен жасаған барлық әңгімесін келтіре алмаймыз, бірақ сол әңгіменің ортасында Әйүп былай деді: 

 Ал мен Құтқарушымның тірі екенін білемін! Ақырында Ол осы (өткінші) жерде (мені ақтап) тұратын болады! Денемнің күллі терісі шіріп, құрып кетсе де, соңында мен денемде Құдайды көретін боламын! Оны мен өзім көремін! Оны көретін басқаның емес, менің өз көздерім болады. Сол үшін де жүрегім кеудемде қатты толқып тұр!.
         

Әйүп 19:25-27

Өзінің басына сонша бақытсыздықтың не үшін келгенін түсінбеген Әйүп, жер бетіне күнә үшін қажетті құн төлей алатын – Құтқарушы келетінін білді. Әйүп құтқарушыны, «менің Құтқарушым» – деп атады, яғни Құтқарушы өзі үшін келетінін білді. Әйүптің терісі түсіп қалғанда (яғни өлгенде), ол «денесінде» Құдайды көреді.  

Әйүп қиямет күнін асыға күтуде, өйткені оның Құтқарушысы тірі және ол Құдайды өз көзімен көретініне нық сенімді. 

Мәариж сүресінде де қиямет күніндегі Құтқарушы туралы сөз болады. Бірақ онда дәл сол күні Құтқарушыны ашуланып, жанталаса іздеген іздеп жүрген ақымақ адам келтірілген. 

Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді; Әйелін де туысын да; Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де. Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді.

Мәариж 70:11-14

  Мәариж сүресіндегі адам, қиямет күнінде өз азаптарын мойнына ала алатын құтқарушысын іздегені көрсетілген. Жұбайы, балалары, туыстары яғни жер бетіндегі бірде-бір адам біреудің азабын бөлісе алмайды, өйткені ол өз күнәсі үшін жауап беруі керек. 

Әйіп мінсіз адам болды, соның өзінде қиямет күні Құтқарушы керек екенін түсінді. Сондай қиын жағдайға душар болып отырса да, ол Құтқарушыны иеленетінін білді. Таурат күнәнің құны өлім деп біржақты растайды, яғни құтқарушы күнә үшін өз жанын құрбан етуі керек. Өзінің Құтқарушысы ең соңында жер бетінде тұратыны Әйүпке белгілі болды. Сонда Әйүптің Құтқарушысы кім? Өліп, өлімнен қайта тіріліп, жер бетінде нық басып жүрген бір ғана адам бар, ол Иса Мәсіх (ғ.с.). Біздің күнәларымыздың құнын төлеу тек соның ғана қолынан келеді. 

Егер сондай әділ өмір сүрген Әйүп Құтқарушыға мәжбүр болса, онда қиямет күні әр қайсымызды құтқара алатын адамға біз қаншалықты мұқтажбыз? Егер Бәйинә және Аср сүрелерінде келтірілген нәрселерге лайықты адамға құтқарушы керек болса, онда біздің жағдайымыз не болмақ? Қиямет басталғанда құтқарушы іздеп жүгірген Мәариж сүресіндегі ақымақ адамға ұқсап, жағдаймызды қиындатпайық. Әйүп пайғамбар (ғ.с.) алдын ала болжаған, Иса Мәсіх (ғ.с.) әр қайсымызды қалай құтқара алатыны туралы көбірек білуге тырысайық. 

Кітаптың соңында оны одан ары қалай жарылқағаны туралы, Әйүптің Құдаймен сөйлескені келтіріледі. 

Ілияс пайғамбар – кім ол? Ол біздің жолымызды қалай бағыттай алады?

Ілияс пайғамбардың (ғ.с.) Әнам және Саффат сүрелерінде үш рет аты аталады. Оларда былай делінген: 

Және Зәкерия, Яхия, Ғиса және Ілияс барлығы жақсылардан.  

Әнам 6:85

 Әрине Ілияс (Ғ.С.) елшілерімізден еді. Сол уақытта еліне: “Алладан қорықпайсыңдар ма?”,- деді. “Ерекше жаратушыны қойып, “Бағыл” атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?” “Алла, сендердің де, бұрынғы аталарыңның да Раббы!” Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі. Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа. Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық. “Ілияс (Ғ.С.) қа сәлем.” Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді.   

Саффат 37:123-132

 Ілияс пайғамбардың (ғ.с.) аты Киелі кітаптағы Жүніс пайғамбар (ғ.с.) және Иса Мәсіхпен (ғ.с.) бірге аталып тұр. Жоғарыда айтылғандай, Ілияс пайғамбар (ғ.с.) Бағал пұтына табынатындарға қарсы шыққан адам. Олардың арасындағы тартыс, егжей-тегжейлі Киелі кітпата баяндалған. Төменде бізге («болашақ ұрпаққа») Саффат сүресінде уәде етілген батаны қарастырамыз. 

Ілияс пайғамбар (ғ.с.) және Бағалға табынушылар

Ілияс пайғамбар (ғ.с.) батылдығы сонша 450 Бағал қызметкерлеріне тайсалмай жалғыз өзі қарсы шығады. Ол сонша көп адамға қандай қарсы дәлел қоя алатын еді? Киелі кітап оның өте дана шешім шығарғаны жайлы айтады: ол және Бағал пұтының қызметшілері құрбандық шалады бірақ өртеуге отты өздері жақпауға келіседі. Содан кейін құрбандық астына отын қалаған соң, әр жақ өз Құдайларынан отты көктен түсіруі үшін сиынады. Осыны қай жақтың Құдайы орындаса, сол шынайы Құдай болып танылмақ. Бағалдың 450 қызметкері күні бойы айғайлап құдайларын шақырса да көктен еш от түспеді. Артынан Ілияс пайғамбар (ғ.с.) Жаратушыға сиынғаны сол еді, көктен от түсіп құрбандықты бірден өртеп жіберді. Осы оқиғаны көріп куә болып тұрған көпшілік, кімнің Құдайы шындық, ал кімдікі өтірік құдай екендеріне көздерін жеткізді. Сынақ Бағалдың жалғандығын әшкереледі. 

Біз Ілияс пайғамбар (ғ.с.) сынағына куә бола алмадық, бірақ осы заманда да оның әдісін пайдаланып, пайғамбарлар сөзі мен нышан-белгілері Құдайдан ба жоқ па тексере аламыз. Сынақ былай болғаны жөн, оны Құдай және Оның жібергендері ғана өте алады, ал тек адамдық қасиеттерге ғана үміт артқандар Бағал қызметкерлері секілді жеңіліске ұшырайды. 

Біздің заманымыздағы Ілияс пайғабар (ғ.с.) сынағы

Бүгінгі таңда Ілияс пайғамбар (ғ.с.) сынағын қалай өткізуге болады? 

Нәжм сүресінде былай жазылған

Негізінде ақырет, дүние Алланың иелігінде.  

Нәжм 53:25

Заманның басталуы мен ақыры тек Құдайға ғана аян. Адамдарға заманның ақыры қай күні болатынын анықтайтын құқық берілмеген, олар оны орындалған кезде бірақ көреді. Яғни, пайғамбарлардың айтып кеткені қандай дәлдікпен орындалды деген сынақ қолдануға болады. Өйткені бірде-бір адам немесе пұт болашақты болжай алмайды. Оны тек Құдай ғана біледі. 

Көп адамдарды мына сұрақ толғандырады, Иса Мәсіх (ғ.с.) шын мәнінде Құдай уәде еткен пайғамбар ма, жоқ әлде адамдар оны солай көрсету үшін қолдан жасап алды ма? Біз оны Ілияс пайғамбар (ғ.с.) әдісімен тексере аламыз. Ілияс (ғ.с.) секілді Таурат, Забур және пайғамбарлар жазбаларында, Иса Мәсіх (ғ.с.) дүниеге келгенге дейін жүздеген немесе тіпті мыңдаған жылдар бұрын жазып қалдырған. Олар яһуди пайғамбарлары арқылы жазылған, сондықтан олардың мәсіхшілікке еш қатысы жоқ. Сол көне пайғамбарлар жазбалары Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өміріне қатысы болды ма? Осы жерде Таураттағы пайғамбарлар жазбалары келтірілген, ал мына тұста Забур және одан кейінгі пайғамбарлары жазбалары бар. Енді біз Ілияс пайғамбар (ғ.с.) әдісін пайдаланып, Інжілде суреттелген Иса Мәсіх (ғ.с.) шынмен де Құдайдың жіберген адамы ма, әлде адамдардың қияли ойдан құрастырып алғаны ма, тексере аламыз. 

Әнам сүресінде Ілияс пайғамбарды (ғ.с.) Жақия және Иса Мәсіх (ғ.с.) қатар қойып тұр. Бір қызығы сол, Көне келісімнің соңғы кітабында, Ілияс пайғамбар (ғ.с.) келіп, біздің жүрегімізді Мәсіхтің келуіне дайындайды делінген. Ал інжілде Ілияс пайғамбардың (ғ.с.) рухына кенелген Жақия пайғамбар (ғ.с.) бізді Мәсіхтің келуіне дайындайды деп жазылған. Сөйтіп, Ілияс пайғамбар (ғ.с.) Жақия пайғамбар (ғ.с.) және Мәсіх туралы жазылған пайғамбарлық болжамдармен тығыз байланысты. 

Құран: өзгерістерге жол жоқ! Хадистер не дейді?

 «Құран ерекше жазылған киелі дүние – бір тіл, ерекше әріп және ыңғайлы оқылады. Оған адам тарапынан еш нәрсе қосылмаған немесе аударма кезінде бұрмаланбаған… Жер бетіндегі кез келген үйде Құранның аудармасын қолыңызға алсаңыз, одан түпнұсқадан еш өзгеріс тапайтыныңызға сенімдімін». 

Мен осы тұжырымды бір досымнан алдым. Ол қасиетті Құран мәтіндерін Інжіл аяттарымен салыстырды. Арасында аздаған сөз тіркесінің қолдануында ғана өзгерген жері бар, Інжілдің көне қолжазбаларының 24 мың данасы бар. Ал оқиға желісі мен айтпақ ойдың бәрі сол 24 мың көшірмеде дәлме-дәл сәйкес келіп тұр. Ондағы Иса Мәсіх (ғ.с.) біздің күнәміздің құнын өтеп айқышта өлгені және өлімнен қайта тірілгені туралы, Құранда бірде-бір нұсқа жоқ деп менің досым жиі қайталайды. Ол оның Інжілден Құран жоғары болып тұр деген қорғаныш куәлігі. Бірақ Құранның қалай құралғаны туралы Хадистер не дейді? 

Құранның пайғамбардан бастап Халифтерге дейін құралғаны туралы 

Омар әль-Хаттаб былай дейді: 

 Хишам бин Хаким бин Хизам Фуркан сүресін менен басқадай түрде оқығанын естідім. Құдайдың хабаршысы мені басқадай оқуға үйретті. Сөйтіп, мен онымен (намаз кезінде) ұрсысу үшін келдім, бірақ ол намазын аяқтағанға дейін күттім, содан кейін оның мойнын өз киімімен орап, пайғамбардың алдына сүйреп әкеп, былай дедім: «Ол Фуркан сүресін сен маған үйреткеннен бөлек оқиды деп естідім». Пайғамбар маған оны қоя беруге бұйырып, Хишамға Фуркан сүресін оқуды өтінді. Ол оқыған сәтте пайғамбар былай деді: «Ол былай жолданған» – деді. Содан кейін ол менен оқуды өтінді. Мен оқығанда: «Ол осылай жолданған» – деді. Құран отбасыларға әр түрлі әдістермен жолданған, сондықтан оны өзіңе қалай жеңіл болса, солай оқыған дұрыс.  

Сахих аль-Бухари 2419: 44 кітап, 9-шы Хадис

Ибн Масуд былай деді: 

Адамның белгілі бір әдіспен Құран аятын оқығанын естідім және пайғамбардың сол аятты мүлде басқа әдіспен оқитынын байқадым. Мен пайғамбарды оңаша шақырып осы туралы айтқанымда, оның бетінен жақтырмаушылық көрінді, артынан ол: «Сендер екеуіңде дұрыс оқыдыңдар, сондықтан бөлінбеңдер, өйткені сендерге дейін де адамдар бөлінген, сол себепті олар мүлде бөлініп кетті» – деді. 

Сахих аль-Бухари 3476: 60-шы кітап, 143-ші Хадис

Осы екі үзінді, Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) кезінде, пайғамбар растап, өзі бекіткен, Құранды оқудың бірнеше әдістері болғанын көрсетеді. Ол өлгеннен кейін не болды? 

Абу Бакр және Құран

Заид ибн Сабиттың айтқаны:

Мусалимдерге қарсы соғыс жүргізген, Ямам халқы яғни пайғамбарды қолдаушылар өлтірілген кезде Абу Бакр Ас-Сиддик маған шақырту жіберді. Мен оған келдім, оның жанында Умар ибн аль-Хаттаб отыр екен. Абу Бакр маған былай деді: «Маған Омар келіп: «Яммалар үшін соғысқан күні, Құрлар – Құран оқитандар (Құранда жатқа айтатындар) арасында шығын көп болды, басқа соғыс алаңдарында да Құрлардан көп шығын болса, Құран оқитын адам қалмай ма деп қорқамын. Сондықтан менің ұсынысым, Құранды қағазға түсірейік, «Пайғамбар істемеген нәрсені сен қалай іске асырмақсың?» – деп едім. Омар: «Алланың атынан ант етейін осы жақсы жоспар» – деді. «Омар өз ойының дұрыс екенін маған дәлелдемек болды, ал Алла оған менің жүрегімді әлі ашпады, сондықтан сол жоспардың тиімділігін білмеймін, бірақ оның тиімділігін менен бұрын Омар көріп отыр» – деді маған Абу Бакр.   

«Сіз ақылды жас адамсыз, сондықтан біз сізге еш күдіктенбейміз және сіз Алланың пайғамбары үшін хабарлар жазғансыз. Сондықтан сіз Құранның бөліктерін жинап, тұтас кітап құраңыз» – деді. Алланың атынан ант етейін Құранның бөліктерін жинап құра дегеннен гөрі тауды орнынан жылжыт десе маған жеңіл болар еді. Содан кейін мен Абу Бакрға: «Пайғамбар істемеген нәрсені сен қалай іск асырмақсың?» – дедім. Абу Бакр: «Алланың атынан ант етейін бұл лайықты жұмыс» – деп жауап берді. Абу Бакр ары қарай сөзін жалғап, оның жоспарын қабылдауымды өтінді, бұрын Абу Бакр мен Омардың жүрегіне ашқаны секілді Алла менің жүрегіме де осы істі жүрексінбей бастауыма күш береді деді. Сондықтан мен Құранның үзінділерін жинап, оларды пальманың сабағына, жұқа ақ тастарға жаза бастадым, уды бастадым, сондай-ақ оны жатқа білетін адамдардың айтқанын қағаз бетіне түсіріп отырдым, ең соңында Тәубә сүресін Аби Хузайма аль-Ансаридан жазып алдым, мен ол сүрені басқа ешкімнен таппадым. Аятта былай делінген: «Сендерге орталарыңнан шыққан Құдайдың пайғамбары (Мұхамбет) (ғ.с.) жібердік. Егер қандай да бір қиындық немесе жаралансаңдар ол қиналады … (аяғына дейін Тәубә 9:128-129 оқи аласыз).  Құранның толық қолжазбалары Абу Бакр өлгенше соның қолында болды, кейін Омар өмірінің соңына дейін ұстады, артынан Омардың қызы Хафсаның қолына көшті.  

Сахих аль-Бухари 4986: 66-шы кітап, 8-ші Хадис

Мұхамбет (ғ.с.) өлгеннен кейін Абу Бакр халиф болды. Үзіндіде Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) ешқашан Құранды бір стандартпен оқуды талап етпегені көрсетілген. Құранды жатқа білетіндер саны азайып бара жатқан соң, Абу Бакр мен Омар (екінші халиф болған) әр түрлі дерек көздерінен Құранның ұзінділерін жинауды Заидаға тапсырады. Басында Заид бұл ұсынысқа қарсы болады, өйткені Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) мәтінді стандарттау қажеттілігіне нұсқау бермеген. Келесі хадисте ол Құранды үйретуді өзінің бірнеше із басарларына сеніп тапсырғаны жазылды: 

Масрик былай деген:

Абдулла бин Амр, Абдуллу ибн Масуданың есіне салып былай деді: «Мен сол адамды үнемі жақсы көремін, өйткені Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) былай айтқан: «Құранды төрт адамнан үйреніңдер: олар Абдуллы ибн Масуда, Салима, Муада және Убай ибн Кааба». 

Сахих аль-Бухари 4999: 66-шы кітап, 21-ші Хадис

Алайда пайғамабр қайтыс болған соң, Құран оқуларына байланысты оның із басарлары арасында келіспеушілік пайда болды. Төмендегі хадисте (Ләйлә 92:1-3) сүресіне байланысты келіспеушіліктер келтірілген: 

Ибрахимнің айтқаны:

Абдулланың көмекшілері Абу Дардеге келді, олар оны іздеп таппады. Содан кейін ол олардан: «Араларыңда қайсысың Құранды Абдулла сияқты оқи аласыңдар?»  Олар жауап беріп: «Бәріміз» – деді. Ол былай сұрады: «Кім оны жатқа біледі?» Олар Алқамды нұсқап көрсетті. Содан кейін ол Алқамнан: «Сен Абдулланың Ләйлә сүресін қалай оқитынын естідің бе?» – деп сұрады. Алқам: «Еркек және әйелмен ант етемін» – деді.  Абу Ад-Дарда: «Мен пайғамбардың осылай оқығанын естідім, ал мына адамдар менен: «Мен еркек пен әйелді Жаратқанның атынан ант етемін деп оқыды деп талап етеді, бірақ Алланың атымен ант етемін мен олардың талаптарын орындамаймын» – деді.  

Ағылшын аудармасына сілтеме, 6-шыТом, 60-шы кітап, 468-ші Хадис; араб нұсқасы: 65-ші кітап, 4944-ші Хадис

Бүгінгі таңда Құранда Ләйлә 92:3 сүресін оқудың екінші нұсқасы бар. Қызығы сол Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) таңдаған беделді төрт қаридің бірі Абу Ад-Дарда осы аяттың басқа нұсқасымен оқыды және басқа нұсқаларды қабылдағысы келмеді.   

Ислам әлемінің тұтас бір аймағы Құран қаридің қайдан шыққаны анықтауға болатындай, оқу нұсқаларын таңдады. Төмендегі үзінді де 92:1-3 аятын Куфадан шыққан Ирак қалай оқитынын Абдулла ибн Масуда ұсынып отыр. 

Алқам хабарлады:

Мен Абу Дардыны кездестірдім, ол менен: «Сен қай елдің азаматысың?» – деп сұрады. Мен: «Ирактың бір тұрғынымын» – деп жауап бердім. Ол қайтадан: «Қай қаладан келдің?» – деп сұрады. Мен: «Куфа шаһарынан келдім» – жауап бердім. Ол қайтадан: «Абдулла ибн Масуда секілді оқисың ба?» – деп сұрады. Мен: «Иә» – деп жауап бердім. Ол: «Мына аятты оқышы (Жерді басқан қараңғылықпен ант етемін). Мен оны оқып бердім: (Жерді басқанда түнмен ант етемін, таң атқанда күнмен ант етемін, еркек ен әйелді Жаратқанмен ант етемін). Ол күліп жіберді де: «Мен пайғамбардың осы әдіспен оқығанын естідім» – деді. 

Сахих Муслим 824 б: 6-шы кітап, 346-шы Хадис

Аббастың айатқаны:

Омар былай деді: «Ұбай Құран оқуда арамыздағы үздік еді, бірақ біз оның оқуының кейбірнен бас тартамыз». Ұбай былай деді: «Мен осыларды пайғамбардың өз аузынан алдым (ﷺ) сондықтан одан бас тартуға жол бермеймін». Бірақ Алла Тағала былай деді: «Біз бірде-бір аянды өзгертпейміз және оны соған ұқсас немесе жақсы жаман шыққанына қарамастан ұмытуға жол бермейміз» 2.106

Сахих аль-Бухари 5005: 66-шы кітап, 27-ші Хадис

Ұбай Құранды жақсы оқитындардың қатарында (Мұхамбет (ғ.с.) өзі кезінде дұрыс деп қабылдаған) болғанымен, қоғамның басқа мүшелері ол оқитын мәтіннің кей жерін алып тастады. Олардың араларында, қай жері қалу керек, қай жерін алып тастауға болады деген пікірталас жүрді. Оқу үлгілері мен кей тұсына өзгерту енгізу қоғам арасында шиеленіс туғызды. Төменде келтірілген хадисте сол мәселенің қалай шешілгені көрсетілген. 

Осман халиф пен Құран

Анас ибн Маліктің айтқаны:

Шама мен Ирак халықтары бір-бірімен соғысып жатқанда, Худхайфа бин аль-Яман Армения мен Азербайжанды басып алу мақсатымен Османға келді. Худхайфа Құранды оқуға байланысты (Шама мен Ирак халықтары) әр түрлі көзқарастан қауіптенетін, сондықтан Осаманға былай деді: «О сенушілердің төрағасы! Кезіндегі Яһуда мен мәсіхшілер сияқты Кітапқа (Құран) әр түрлі көзқараста жүрген осы халықты құтқара гөр». Сонда Осман Хафсеге былай хабар жіберді: «Бізге Құранның қолжазбаларын жібер, біз содан құрандық көшірмелер жасап алайық, содан кейін қолжазбаларды өзіңе қайтарамыз». Хафса қолжазбаларды Османға жіберді. Осман Заид бин Сабит, Абдулла ибн Аз Зубайр, Саид бин Аль-Асу және АбдурРахман ибн Харит ибн Хишаммаға қолжабалардың көшірмелерін қатесіз көшіру туралы бұйрық берді. Осман үш құрайыштарға: «Егер Құранның қандай бір жеріне байланысты Заид бин Сабитпен келіспесеңдер, онда оны құрайштардың емілесіне сәйкес көшіріңдер, өйткені Құран олардың тілінде түскен» – деді. Олар оны дәл солай орындады, көптеген көшірмелер дайын болған кезде, Осман қолжазбаларды Хафске қайтарды. Осман көшірмелердің әр данасын әр мұсылман аймағына жіберді және Құранның басқа көшірмелерін мейлі ол қолжазба үзіндісі немесе толық көшірме болсын бәрін өртеп жіберуге бұйрық берді.  

Сахих аль-Бухари 4987: 66-шы кітап, 9-шы Хадис

Сондықтан бүгінгі таңда оқудың басқа түрлері жоқ. Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) мәтіннің бір үлгісін ғана қабылдап немесе қолданғандықтан осы оқиға болған жоқ (бұл шындыққа сай емес, өйткені ол жеті түрлі үлгіні қабылдаған) және ол Құранның беделді үлгісін құрастырғанына да байланысты болмады. Жоқ. Шын мәнінде онлайн-суннадан «әр түрлі» оқу үлгісін қарастырсаңыз, 61-ші хадисті табасыз, онда Құранның әр түрлі нұсқа да оқылатыны талқыланған. Қазіргі Құран да үлгілі боп саналмайды, өйткені Осман (үшінші халиф) бір нұсқаны ғана қалдырып, басқа нұсқалардың бәрін өртетіп жіберді. Келесі хадистер, бүгінгі Құрандағы мәтіндердің қалай сақталып келе жатқанын көрсетеді. 

 Аббас былай деді:

Омардың айтқаны: «Біршама ұзақ уақыт өткеннен кейін, халықтар былай дей ме деп қорқамын: «Біз киелі жазбалардан Раджам (таспен ұрып өлтірілген) туралы аяттарды таба алмай отырмыз» және сондықтан олар Алла Тағала өсиет етіп қалдырған тура жолдан тайып кетуі мүмкін. Кімде–кім неке адалдығын бұзса және онысы әйелдің жүкті болуы немесе куәлік арқылы дәлелденсе, Раджамды жазалау соның мойнында болатынын мен растаймын». Суфьян былай қосты: «Мен ол әңгімені былай есіме сақтадым». Омар: «Әрине, Құдайдың пайғамбары (ﷺ) Раджамды жазалауға әмір етті, біз де содан кейін солай әрекет еттік» – деді.   

Сахих аль-Бухари 6829:  86-шы кітап, 56-шы Хадис

Аббастың айтқаны: 

… Алла Тағала Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) жіберді және ол арқылы қасиетті кітапты берді, сол Құдай берген кітаптың ішінде неке адалдығын бұзғаны үшін, Раджамды таспен ұрып өлтірілгені де көрсетілген және біз ол аятты оқыдық және оны есімізде сақтадық. Құдайдың елшісі (ﷺ) шынында сол жазаны іске асырды және одан кейін біз де солай істедік… 

Бухари: 86-шы кітап, 57-ші Хадис

Қазіргі Құран мәтіндерінде, неке адалдығын бұзғаны үшін, Раджамды таспен ұрып өлтірілген аят кездеспейді – ол бұрынғы көшірмелер кезінде алынып тасталған. 

          Аз-Зубаирдің айтқаны:

Мен Османға былай дедім: «Бақара сүресіндегі мына аят, «Араларыңда өліп бара жатып, әйеліне бостандық жарияламай жесір еткен…» басқа аят негізінде құрастырылған. «Онда ол неге Құранда жазылған?» – деді Осман. «Ол қай жерде болса, сол жерде қалдыра бер, мен ештеңені өзгертпеймін». 

Ағылшын нұсқада: 6-шы том, 60-шы кітап, 60-шы хадис; Араб нұсқада: 65-ші кітап, 4536-шы хадис

Біз бұл жерден, Осман мен Аз-Забуйр арасындағы алып тасталған аятты Құранда қалдыру керек пе, жоқ па деген келісппеушілікті байқаймыз. Осман өз пікірінде қалды, сондықтан қазіргі Құранда сол аят бар. Бірақ соған байланысыты дау-дамай болған. 

Осман және Тәубе сүресінің тақырыбы

Османның айтқаны: 

Язид аль-Фариси былай деді: Мен Аббастың былай дегенін естідім: Мен Османнан былай сұрадым: Миин сүресіне тиесіліні Аль-Барааға және ас-сабуат-тиваль Құрандағы ең ұзын сүреге тиесілі Ал-анфалға қосуға не түрткі болды және олардың арасы «Мейірімді, Шапағатты, Алла Тағаланың атымен» – деген сөз тіркесімен не үшін бөлінбеді?»  

 СунанАби Дауд 786: 2-ші кітап, 396-шы Хадис

Тәубе сүресі Құранда «Мейірімді, Шапағатты, Алла Тағаланың атымен» -деп басталмайтын жалғыз сүре. Себебі хадисте түсіндірілген. Осман тақырыптары ұқсас болғандықтан, 9-шы сүре, 8-ші сүренің бір бөлігі деп санаған. Осы сұраққа байланысты ежелгі мұсылман қоғамында осы жағдай өзара келіспеушілікке әкелді деген қорытынды шығаруға болады. Келесі хадис сахабалардың бірінің Осман Құранына байланысты пікірін көрсетеді. 

Абдулла (ибн Масуд) жолдастарына Құранның өз көшірмесін құпия ұстауды ұсынғанын хабарлады: Біреу бір нәрсені жасырып қалса, қиямет күні бәрібір ашылады деп былай деді: Кімнің үлгісімен оқы деп сіз маған бұйрық бересіз? Мен Құдайдың пайғамбарының (ﷺ) алдында Құранның жетпістен астам тарауын оқыдым және пайғамбардың сақабалары менің Құдайдың кітабын жақсы түсінетінімді біледі, егер біреудің Құранды менен жақсы түсінетінін білсем мен соның алдына барар едім. Шакик былай деді: Мен пайғамбардың сақабаларының арасында отырдым, бірақ біреудің оны жоққа шығарғанын немесе онда бір өзгеріс болғанын көрмедім. 

Сахих Муслима 2462: 44-ші кітап, 162-ші Хадис

          Бірнеше тармақты бөліп көрсетуге болады:  

1. Абдуллах ибн Масуд өзінің соңынан ерушілерге қандай да бір себеппен өз Құранын жасыруды ұсынады. 

2. Оған біреу басқа үлгіде оқуды ұсынған секілді. Бұл оқиға Осман өз Құранын стандарттау кезеңінде болса, онда осы жағдайды түсінуге болады. 

3. Ибн Масуд Құранды оқу үлгісін өзгертуге былай қарсы шықты: «Мен (Масуд) кітапты жақсы түсінуге құқым бар». 

4. Шакик Мұхамбеттің Масудқа қарсы болмағанын айтты. 

Құранның қазіргі мәтіні

Дегенмен, Османның шығарылымынан кейін оқу үлгілері әлі де сақталып жүрді. Пайғамбардан (ғ.с.) кейін шамамен 4-ші ғасырда  әр түрлі оқу үлгілерін қайтаруға рұқсат етілді. Дегенмен бүгінгі негізгі араб тіліндегі мәтін Хафс болып табылады, ал Солтүстік Африкада Варш үлгісін ұстанса, Аль-Дури үлгісі батыс Африка жерінде кеңінен таралған т.с.с. Бұл үлгілердің айырмашылығы, мағынасына еш нұсқан келтірмейтін, негізінен жазу үлгісі мен аздаған мәтін өзгерісінде ғана; бірақ кейбір үлгілер аздап мағынаға да қатысы бар, әрине бүкіл кітап бойынша емес, кейбір контекстке ғана ықпалы тиеді.  

Сөйтіп, Құранның қай үлгісін пайдалану үшін таңдау құқы шығады. 

Біз бүгінгі таңда Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) өлгеннен кейін басып шығару мен қалыптастыруға байланысты, Құранды араб тілінде оқу үлгілерінің айырмашылығы барын білдік. Құран мәтінінің бүгінгі күндері өте аз оқу үлгісінің себебі, басқа үлгілердің бәрі кезінде өртеліп кеткен. Басқа үлгі болмағандықтан емес кезінде жойылып кеткендіктен, Құранда басқа үлгілерге берілетін сілтеме жоқ. Мүмкін Осман Құранның ең жақсы үлгісін құрастырған шығар, бірақ ол жеке дара және әр түрлі пікірде болмады. Сөйтіп, Құран туралы «бір тілде, бір әріптерді ғана қолданған, адам тарапынан еш өзгеріске түспеген жалғыз киелі жазба» – деген тұжырым шындыққа сәйкес емес. 

Бірақ, Киелі кітап пен Құранда әр түрлі оқу үлгілері болғанымен, көне қолжазбаларға қарап, қазіргі мәтіндердің түпнұсқадан алшақ кетпегенін көруге болады. Екеуі де бізге түпнұсқада жазылғандар туралы анық сенімді өкілдік көрсете алады. Көп адамдар Киелі кітаптың сақталу әдісі мен Құранның сақталу үлгілерін салыстырып түсінуге тырысып, тек соған назар аударады. Дегенмен кітаптардың мазмұнын түсінуге назар аударған дұрыс. Бұл олардың ұқсас жақтарын тек тексеру себебі ғана болды. Ал біз Адам атаның нышан-белгісімен танысудан бастауды ұсынамыз.