Skip to content
Ибраһимнің белгісі – ҚұранИбраһимнің белгісі – Тәурат (Жаратылыс 12:1-7)
3:84 (Әли Имран) сүресі.
(Мұхаммед Ғ.С.): «біз Аллаға, өзімізге түсірілген Құранға, Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ларға сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларында айырмашылық жасамаймыз. Сондай-ақ біздер Ол Аллаға бой ұсынушылармыз» де. 4:54 (Әйелдер)
Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенін қызғана ма? Расында Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік.
аратқан Ие Ыбырамға сөзін арнап былай деп бұйырған еді: «Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш!
Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын, Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын. Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады.
Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын, Ал кім сені жамандап қарғаса, соны Мен қарғаймын. Сен арқылы жер бетіндегі бар ұлттар жарылқанады».
Сондықтан Ыбырам Жаратқан Иенің айтуымен жолға шықты. Оған Лут ілесті. Хараннан көшіп кеткен кезде Ыбырам жетпіс бес жаста еді.
Осылайша Ыбырам әйелі Сарайды және туған інісінің ұлы Лутты ертіп, бар жиған-тергендері мен Харанда өздері иемденген қызметшілерін де алып, сапарға шығып, Қанахан еліне барды.
Ыбырам сол жерді кезіп, Сихем қаласының маңайындағы алып емен ағашы өсіп тұрған Море деген жерге дейін жетті. Ол кезде бұл елді қанахандықтар мекендеуші еді.
Ал Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: «Мен сенің ұрпақтарыңа осы жерді сыйлаймын», — деп уәде етті. Ыбырам сол жерде өзіне аян берген Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды.