Лұттың белгісі – Құран | Луттың белгісі – |
7:80-83 (Биіктіктер) 80-аяттар. Лұт (Ғ.С.) сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?» деді. «Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер» Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу ғана болады. Сонда Лұт (Ғ.С.) ты және семьясын құтқардық. Бірақ қатыны ғана апатқа ұшырағандардан болды. Оларға бір жаңбыр жаудырдық. Күнәкарлардың сонының қалай болғанын көр! 11:77-83 (Худ) 77-аяттар. Елшілеріміз (жас жігіттер бейнесінде) Лұт (Ғ.С.) қа келгенде (елінің сұмдығын ойлап,) олардың келуімен қынжылды да олардың салдарынан көңлі тарайып: “Бұл ауыр бір күн” деді. Қауымы оған жүгірісіп келді. Сондай-ақ олар бұрыннан да жаман істер істейтін еді. (Лұт Ғ.С.): “Әй халқым! Мына қыздарым, олар сендер үшін тағы таза. Енді Алладан қорқыңдар! Қонақтарым жайында мені қорламаңдар. Іштеріңде бір де есті кісі жоқ па?”, – деді. (Лұт Ғ.С. ның “мына қыздарым” дегені, елінің әйелдері еді. Өйткені, Бір пайғамбар үмметінің әкесі жерінде. Б.К.Х.Т.Ж-Қ) Олар: “Сенде білесің. Қыздарыңда жұмысымыз жоқ. Расында сен біздің нені қалайтындығымызды жақсы білесің” деді. (Лұт Ғ.С.): “Әттең! Сендерге төтеп берер күшім болса не бір мықты бекініске паналасам” деді. (Елшілер): “Әй Лұт! Расында біз Раббыңның елшілеріміз. Олар, әсте саған соқтыға алмайды. Дереу түннің бір бөлімінде үй-ішіңмен жөнел, жұбайыңнан басқа ешкім кейін қалмасын. Өйткені, еліңе келетін апат оған да жетеді. Олардың уәдесі таң. Таң жақын емес пе?”, – деді. Оларға апат әміріміз келген сәтте, ол жердің үстін астына келтірдік. Сондай-ақ үстеріне ерекше әзірленіп қыздырылған тас жаудырдық. Раббыңның қасында таңбаланған болатын. Бұл апат залымдардан ұзақ емес. | Таурат Жаратылыс 19 ешке қарай Жаратқан Иенің екі хабаршысы Содом қаласына жетті. Лут сол кезде қала қақпасының алдында отырған еді. Ол хабаршыларды көргенде оларға сәлем беру үшін орнынан тұрып, жерге дейін басын иіп тағзым етті де: 2 — Мырзалар, құлдарыңыздың үйіне кіріп, жуынып-шайынып, қонып қонақ болыңыздар. Ертең ертемен тағы да жолға шығарсыздар, — деп үйіне шақырды. Хабаршылар оған: — Рақмет сізге, біз базар алаңында түнеп шықпақшымыз, — деп жауап берді. 3 Лут қиыла өтініп қоймаған соң, екеуі оған еріп, үйіне келді. Тамақ дайындалып, ашытқысыз қамырдан нан пісіріліп, хабаршылар тамақтанды. 4 Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды. 5 Лутты айқайлап шақырып: — Саған кешқұрым келген еркектер қайда? Бізге алып шық, олармен жақындасып көңіл көтерейік, — деді. 6 Лут кіреберіске, олардың алдарына шығып, есікті жауып: 7 — Оу, ағайындар, мұндай зұлымдық жасамаңдар! — деп өтінді. — 8 Тыңдаңдаршы, ермен жақындаспаған бойжеткен екі қызым бар. Сендерге соларды үйден шығарып берейінші, оларға білгендеріңді істей беріңдер. Бірақ бұл адамдарға тиіспеңдер, олар менің шаңырағымның астына түскен меймандарым ғой! — 9 Алайда қаланың ер адамдары оған: — Былай кет! Мынау кірме неме, бізге билік айтпақ па? Тоқтай тұр, сенің бізден алатын сыбағаң олардікінен бетер болмақ! — деп айғай салды. Сөйтті де, Лутқа тап беріп, есікті бұзуға айналды. 10 Сонда үй ішінде тұрған хабаршылар есікті сәл ашып, қолдарын созып, Лутты ішке қарай тартып кіргізіп алды. Хабаршылар есікті қайтадан бекітіп, 11 алдында тұрған үлкенді-кішілі адамдардың бәрін есікті таба алмастай соқыр етіп тастады. 12 Бұдан кейін олар Лутқа: — Сенің бұл жерде тағы қандай жақындарың бар? Күйеу балаларың, ұл-қыздарың әрі барлық басқа адамдарыңды осы қаладан алып кет! — деп бұйырды. 13 — Біз оны құртпақшымыз. Жаратқан Иеге бұл жер туралы қатты дауыспен айтылған шағым түсуде. Сондықтан Жаратқан Ие бізді осы қаланы құрту үшін жіберді. 14 Сонда Лут сыртқа шығып, қыздарына үйленбек күйеу балаларына барып: «Жиналып, бұл жерден кетіңдер! Жаратқан Ие қаланы құртпақшы!» — деп ескертті. Бірақ күйеу балалары оны қалжыңдап тұр деп ойлады. 15 Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды ал да, бұл жерден кет!» — деді. 16 Лут әлі де қобалжып тұрғанда, елшілер оны, әйелін, екі қызын қолдарынан ұстап далаға сүйрей жөнеліп, қаланың сыртына шыққанда ғана қоя берді. Себебі Жаратқан Иенің оларға рақымы түскен болатын. 17 Төртеуін қаладан алып шыққанда хабаршылардың біреуі: — Осы жазықтың еш жеріне аялдамастан, арттарыңа қарамай қашыңдар! Өліп қалмау үшін тауға барып, соны паналаңдар! — деп бұйырды. 18 Лут сонда былай деп өтінді: — Жоқ, Ием! 19 Сен құлыңа рақыммен қарап, мені аман сақтап қалып, үлкен мейірімділік жасадың. Бірақ мен тауға қашып құтыла алмаймын, әйтпесе апатқа ұшырап өліп қалармын. 20 Міне, алдымызда мына қала бар. Барып, паналау үшін ол жақын және кішкентай ғана қалашық қой. Соған қашып құтылайын. Ол кішкентай қалашық емес пе? Осылай жаным аман қалмақ. 21 Хабаршы оған: — Жарайды. Мен осы тілегіңді де орындап, сен айтып отырған қаланы құртпаймын. 22 Бірақ тезірек сол жерге қашып құтыл! Себебі сен жеткенше мен түк те істей алмаймын, — деді. Бұл қала осы оқиғадан кейін Сиғор (яғни «Кішкентай») деп аталатын болды. 23 Лут Сиғорға күн шыға жетті. 24 Сол кезде Жаратқан Ие Содом мен Ғомораның үстіне аспаннан от аралас күкірт жаудырып, 25 бұл қалаларды, төңірегіндегі бүкіл жазықты, барлық қала тұрғындарын және далада өсіп тұрғанның бәрін де күл-талқан етіп қиратты. 26 Ал Луттың әйелі артына қарамақ болып кері бұрылды. Сонда ол бірден тұз бағанасына айналды. |