Skip to content

ымбатты Теофил! Бірінші кітабымда мен Исаның қызметіне кіріскен уақытынан бастап,
көкке көтерілген күніне дейінгі аралықта не істеп, не үйреткені туралы түгел баяндадым. Ол көкке көтеріліп кетпес бұрын Өзінің таңдап алған елшілеріне Киелі Рухтың жетелеуімен нұсқауларын берді.
Иса азапталып өлгеннен кейін оларға көптеген сенімді дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін ашық көрсетті: қырық күн бойы Ол елшілеріне көрініп, Құдайдың Патшалығы туралы тәлім беріп жүрді.
Бірде Иса елшілерімен дастарқан басында жиналған кезде оларға былай деп бұйырды: — Иерусалимнен кетпей, Әкенің өз уәдесін орындауын тосыңдар! Мен сендерге сол туралы айтқан едім ғой.
Жақияның шомылдыру рәсімі сумен болатын, ал енді біраз күнде сендер Киелі Рухпен шомылдырыласыңдар. —
Сондықтан елшілер Исаның қасында болғанда Одан: — Иеміз, Исраил елінің патшалығын осы кезде қайта орнатасыз ба? — деп сұрады.
Иса оларға былай деп жауап қайтарды: — Әкем өз еркімен белгілеп қойған мерзімдер мен кездерді білу сендерге бұйырмаған.
Бірақ Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар. Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар.
Иса осылай деді де, олардың көзінше жоғары көтеріліп кетіп, бір бұлт Оны көзден таса қылды.
10 Олар аспанға қадала қарап тұрған кезде, кенеттен ақ киімді екі жігіт қастарында пайда болды да, оларға тіл қатып:
11 «Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді.