Skip to content

Бұл сайт – Мәсіхшілік (Християнство) туралы емес, Інжіл немесе Ізгі хабар туралы сайт. Бұл айырмашылық өте маңызды.

«Өзім туралы» мақаламда айтқанымдай, пайғамбарлар арқылы ашылған дәл осы Інжіл, қызығушылығымды тудыра отырып, менің өмірімді толық өзгертті. Христиан діні дәл осылай маған әсер еткен жоқ, сондықтан Інжіл сияқты менің қызығушылығымды арттыра алмады. Ал мен тек өзіме әсер еткен нәрсені ғана жазатындықтан, мен осы сайтты тек пайғамбарларға қалай ашылса, сол қалпында, Інжілмен (яғни, Таурат, Забур және Киелі кітаптағы басқа жазбалармен) шектелемін. Христиан дінін талқылайтын көптеген веб-сайттар бар, біреулері жақсы болса, кейбіреуі онша жақсы емес, егер сізге осы қызық болса, онда мен жалпы христиандық сайттар мен осы сайтты салыстыруды ұсынамын. Сонда екеуінің айырмашылығы неде? Сіз мұны араб болу мен мұсылман болу арасындағы айырмашылыққа ұқсас деп ойлауыңыз мүмкін. Батыстағы көп адамдар үшін дәл солай, яғни олар үшін араб болса мұсылман, мұсылман болса араб деп ойлайды. Әрине екеуінің арасында орасан зор сәйкестік пен айырмашылық бар. Араб мәдениеті мен әдет-ғұрпына ислам діні қатты әсер етті және Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) мен оның сахабалары араб болғандықтан, араб ортасы исламды тудырып, өсіргені де рас. Сондықтан Құран көбінесе араб тілінде оқылады және түсіндіріледі.  Алайда, араб емес мұсылмандар көп, сол сияқты мұсылман емес арабтар да бар. Бір-бірін қайталау және бір-біріне әсер ету бар, бірақ олар бірдей емес. 

Христиан діні мен Ізгі хабар да дәл солай. Христиан дінінде Ізгі хабарға кірмейтін көптеген нәрселер, сенімдер мен әдет ғұрыптар бар. Мысалы Пасха мен Рождество сияқты белгілі діни мерекелері бар. Мүмкін олар христиан дінінің ең танымал мерекелері шығар. Бұл Інжілдегі басты пайғамбар Иса Мәсіхтің (ғ.с.) тууы мен өлімнен қайта тірілгеніне арналған мейрамдар. Бірақ Ізгі хабарда немесе Інжіл кітабында осы діни мейрамдарды тойлауға арналған сілтеме немесе бұйрық таппаймыз. Мен сол мерекелерді тойлауды ұнатамын, бірақ менің көп достарым соған байланысыты Ізгі хабарға қызғушылық танытқанын байқамадым. Шын мәнінде осы мейрамды христиан секталары жылдың әр мезгілінде тойлай береді. Тағы бір мысал, Інжілде Иса Мәсіх (ғ.с.) шәкірттеріне «Сендерге амандық пен тыныштық болсын» (Ассаламалеикум) – деп сәлем бергені жазылған, бірақ бүгінгі христиандар оны қолданбайды.  

 Сол жексенбі күнінің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққаннан есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!»  — деп батасын берді .

Жохан 20:19

Мерекелерде, шіркеулерде, суреттерде (икондарда) және басқа христиан діни жорағалырда Інжіл пайда болғаннан кейін ашылған жақсы және жаман нәрселер де бар. 

Олардың арасында ұқсас және бір-бірін қайталаған дүниелер болғанымен – олар бірдей емес. Шын мәнінде бүкіл Киелі кітапта «христиан» сөзі үш рет қана кездеседі, оның бірінші жазылған жері сол заманның пұтқа табынушылары, өздерін Иса Мәсіхтің (ғ.с.) соңынан ерушілеріміз деп атаса керек.

Оны тауып, Антақияға алып келді. Сол жердегі қауымда екеуі бір жылдай болып, көп кісілерге тәлім берді. Антақияда Исаның жолын қуушы шәкірттері алғаш рет «мәсіхшілер» деп аталды.

Елшілердің істері 11:26

Ол кезде Антиохия халқы көптеген құдайларға табынатын және Исаның (ғ.с.) шәкірттері оның ілімін ұстанған кезде, бұл адамдар оларды «христиандар» деп атаған. Тәурат, Забур және Інжілдегі (Інжіл немесе Киелі кітап) Інжілді сипаттау үшін жиі қолданылатын терминдер мен ұғымдар «Жол» және «Тура жол»; Ал Ізгі хабарға ергендер «иман келтіргендер», «шәкірттер», «жол ұстанушылар», «Алланың әділдігіне мойынсұнушылар» деп аталады. Мен әркімнің Інжіл мен Ізгі хабарды түсінуге мүмкіндігі болатынына сенімдімін.  Ізгі хабар мен Ислам арасында көптеген ортақ тарих пен негіз бар, келіспеушіліктердің көпшілігі түсінбеушіліктен туындайды.

Сол үшін мен достарыммен бірге осы веб-сайтты аштық. Иншаллах бұл мүміндерге пайғамбарлар айтқан барлық нәрселерді жақсы түсінуге көмектесер деген үміттемін. Осыдан көп жыл бұрын Өзі үйреткендей, Иса Мәсіх (ғ.с.) өмірді тыныш бірақ драмалық жолмен өзгерте береді. 

Інжілді Иса Мәсіх (ғ.с.) пайғамбар әкелгенін білетіндіктен, Алладан қорқатындар пайғамбарлар айтқанның бәрін түсінуі керек болса, онда христиандық туралы дауларын басқа жерлерге және басқа адамдарға қалдырамыз. Ізгі хабар күрделі христиан дінінің қатысуынсыз түсінуге лайық. Менің ойымша, сіз де мен сияқты, дәл осы негізде оның жеткілікті қызықты және қиын болатынын таба аласыз.