Skip to content
Home » Құран – өзгермеген кітап па? Хадистер не дейді?

Құран – өзгермеген кітап па? Хадистер не дейді?

  • by

«Құран – түпнұсқа күйінде сақталған қасиетті жазба. Бір тілде, бір әріппен, бірдей түрде оқылады. Адам тарапынан еш өзгеріс енбеген, аудармаларда бұрмалану жоқ… Жер шарының қай түкпірінен болсын Құранды қолға алсаңыз, олардың бәрі бірдей екенін көресіз».

Бұл пікірді маған бір досым айтты. Ол Құран мен Інжілді салыстырып отыр еді. Інжілдің бүгінгі күнге жеткен 24 мың көне қолжазбасы бар, олардың арасында кейбір сөздерде ғана ұсақ-түйек айырмашылықтар кездеседі. Бірақ мазмұны мен негізгі ойлары – соның ішінде Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышта өлімі және қайта тірілуі арқылы адамзатты құтқаруы – барлығында да бірдей. Ал Құранда еш өзгеріс болмаған деген пікір жиі айтылады. Бұл – Құранның Інжілден артықшылығын дәлелдейтіндей көрінетін уәж. Бірақ Құран қалай жинақталып, қандай жолмен бүгінгі нұсқасына жетті? Бұл жөнінде хадистер не дейді?

Құран пайғамбардан бастап халифтерге дейін қалай жинақталды?

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) бір оқиғаны былай еске алады:

«Хишам бин Хаким бин Хизамның Фурқан сүресін менен өзгеше оқығанын естідім. Ал мен бұл сүрені Алланың елшісінен (с.ғ.с.) басқаша оқып үйренген едім. Ашуланып, намазын аяқтағанша күтіп, артынан оның киімімен мойнынан тартып ұстап, Пайғамбардың алдына алып келдім де: “Бұл Фурқан сүресін сен маған үйреткеннен мүлде бөлек оқиды”, — дедім. Пайғамбар (с.ғ.с.) оны жіберіп, сүрені оқуын өтінді. Хишам оқығаннан кейін: “Осылай түскен”, — деді. Сосын мені оқуға шақырды. Мен оқығанда: “Бұл да осылай түскен”, — деді. Содан кейін ол: “Құран әртүрлі оқылымдармен (қырағаттармен) түсірілді, сондықтан қайсысы сендерге оңай болса, солай оқыңдар”, — деді.»

Сахих аль-Бухари 2419: 44 кітап, 9-шы Хадис

Сондай-ақ, Ибн Масғуд (р.а.) былай дейді:

«Бір адамның Құран аятын белгілі бір әдіспен оқып жатқанын естідім, ал Алланың елшісінің (с.ғ.с.) оны басқаша оқитынын білген едім. Осыны Пайғамбарға жеке айтып едім, оның түрінен реніш байқалды. Кейін ол: “Сендер екеуің де дұрыс оқыдыңдар. Бірақ араларыңда келіспеушілік тудырмаңдар. Себебі сендерден бұрынғылар осы себептен бөлініп кетті”, — деді.»

Сахих аль-Бухари 3476: 60- кітап, 143-ші Хадис

Бұл хадистер Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) көзі тірісінде Құранның бірнеше қырағат түрінде оқылуына рұқсат етілгенін көрсетеді. Бірақ Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін бұл жағдай қалай өзгерді?

Абу Бакр және Құран жинағы

Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін халифа болып сайланған Абу Бакр (р.а.) Құранды бір жинаққа келтіру қажеттілігін түсінді. Сахих әл-Бухарида Заид ибн Сабит (р.а.) былай дейді:

Ямама шайқасында Құранды жатқа білетін (Қурра) мұсылмандар көп қаза тапты. Бұл жағдай Умар ибн әл-Хаттабты алаңдатты. Ол Абу Бакрге: «Егер осындай жағдайлар жалғаса берсе, Құранды жатқа білетіндер жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан Құран аяттарын жинап, жазбаша түрде сақтауымыз керек» – деді. Алғашында Абу Бакр: «Бұл – Пайғамбар (ғ.с.) өзі жасамаған іс, мен оны қалай жасаймын?» – деп тартынғанымен, кейін Алла оның жүрегін де бұл іске иілтіп, Заид ибн Сабитті осы жұмысқа жауапты етіп тағайындайды.

Заид (р.а.) былай деп еске алады:

«Құран аяттарын жинау мен үшін ауыр іс болды. Маған пальма жапырақтарынан, ақ жұқа тастардан, сондай-ақ Құранды жатқа айтқан сахабалардан деректер жинау тапсырылды. Кейбір аяттар бір ғана адамның есінде сақталған болып шықты. Мысалы, Тәубе сүресінің соңғы екі аяты (9:128-129) Абу Хузайма әл-Ансариден ғана табылды».

Осылайша Заид Құранның толық нұсқасын жинақтап, оны Абу Бакрдің қолына тапсырады. Бұл жазба кейін Омардың қолында болады, ол қайтыс болған соң қызы Хафсаға беріледі.
(Сахих әл-Бухари 4986: 66-кітап, 8-хадис)

Бұл хадис Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) көзі тірісінде Құранды толық жинақтауды талап етпегенін, алайда Қурралардың (жатқа білетіндердің) азаюына байланысты, Құранды жазбаша түрде сақтау қажеттілігі туындағанын көрсетеді. Абу Бакр мен Умар бұл жауапкершілікті Заид ибн Сабитке жүктеді, ал Заид оны әртүрлі жазба және ауызша дереккөздерден жинап, бір тұтас кітап ретінде рәсімдеді.

Масруқ былай деген:

«Абдулла бин Амр, Абдулла ибн Масудты еске салып: “Мен бұл адамды ерекше жақсы көремін, өйткені Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) бізге: ‘Құранды мына төрт адамнан үйреніңдер: Абдулла ибн Масуд, Салим, Муаз және Убай ибн Кааб’ – деп өсиет қалдырған еді,” – деді.»

Сахих аль-Бухари 4999: 66-кітап, 21-ші Хадис

Алайда пайғамбар (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін Құранды оқу тәсілдеріне байланысты сахабалар арасында келіспеушіліктер туындай бастады. Мысалы, Ләйлә сүресін оқу жайлы бір хадисте былай делінеді:

Ибрахим былай жеткізеді:

«Абдулланың шәкірттері Абу Дарданы іздеп келеді. Оны таба алмаған соң, ол кейін өзі оларға келіп: “Араларыңда Абдулла сияқты кім Құран оқи алады?” – деп сұрайды. Олар: “Бәріміз де оқи аламыз” – дейді. “Жақсы, онда кім оны толық жатқа біледі?” – деп сұрағанда, олар Алқаманы көрсетеді. Сонда Абу Дарда Алқамадан: “Абдулла Ләйлә сүресін қалай оқыды?” – деп сұрайды. Алқама: “Ер мен әйелге ант етемін” – деп жауап береді. Абу Дарда: “Мен де пайғамбардың (ғ.с.) дәл осылай оқығанын естідім. Алайда кейбір адамдар менен ‘Мен ер мен әйелді Жаратқанның атымен ант етемін’ деп оқуды талап етеді. Бірақ Алланың атымен ант етемін, мен олардың талабын орындамаймын,” – деді.» 

(Сахих әл-Бухари 4944: 65-кітап, 468-хадис / ағылшын аудармасы: 6-том, 60-кітап, 468-хадис)

Бүгінде Құранның Ләйлә сүресінің (92:3) екі түрлі оқу нұсқасы бар. Ең қызығы – Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) өзі Құранды үйренуді тапсырған беделді төрт қаридің бірі саналатын Абу Дарда осы аятты бір нұсқамен оқыған және басқа нұсқаларды мойындамаған. 

Ислам әлемінің түрлі аймақтары Құран оқу нұсқаларын өздеріне үйреткен қарилардың шығу тегі мен беделіне қарай қабылдаған. Мысалы, төмендегі хадис Куфа қаласынан шыққан Ирактағы оқу дәстүрінің Абдулла ибн Масудқа байланысты екенін көрсетеді:

Алқам былай деп жеткізеді:

«Мен Абу Дардамен жолықтым. Ол менен: ‘Қай елденсің?’ – деп сұрады. Мен: ‘Ирактықпын’ – дедім. Ол: ‘Қай қаладан?’ – деп сұрады. Мен: ‘Куфадан’ – деп жауап бердім. Ол тағы: ‘Абдулла ибн Масуд сияқты оқисың ба?’ – деді. Мен: ‘Иә’ – деп жауап бердім. Ол: ‘Мына аятты оқышы – “Жерді басқан қараңғылықпен ант етемін”’. Мен оқып бердім: ‘Түн басқанда ант етемін, таң атқанда ант етемін, еркек пен әйелді жаратқанмен ант етемін’. Ол күліп: ‘Мен де пайғамбардың дәл осылай оқығанын естідім’ – деді.»

Сахих Муслим 824 б: 6-кітап, 346-шы Хадис

Аббас жеткізген хадисте:

Омар былай деген: «Ұбай – Құран оқуда арамыздағы ең үздік еді. Бірақ біз оның оқуының кейбірінен бас тартамыз». Ал Ұбай болса: «Мен бұл аяттарды Пайғамбардың (ﷺ) өз аузынан алдым, сондықтан олардан бас тартуға жол бермеймін» – деп жауап берді. Алайда Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Біз бірде-бір аятты өзгертіп немесе ұмыттырып алмаймыз, қайта оны соған ұқсасымен не одан да жақсысымен ауыстырамыз»
(Бақара сүресі 2:106)

Сахих аль-Бухари 5005: 66-шы кітап, 27-ші Хадис

Ұбай Құранды өте жақсы оқығандардың бірі еді, әрі Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) оның оқуын дұрыс деп мойындаған. Соған қарамастан, басқа сахабалар Ұбай оқыған кейбір аяттарды қабылдамай, келіспеушілік тудырды. Бұл – Құран мәтінін стандарттауға дейінгі кезеңде, қандай аяттарды сақтау немесе алып тастау керектігі жөнінде түрлі пікірлер болғанын көрсетеді. 

Осман халифа және Құранды стандарттау

Анас ибн Маликтің айтуынша:

Шам мен Ирак тұрғындары арасында соғыс болып жатқан кезде, Худәйфа бин әл-Яман Армения мен Әзербайжанның жаулап алынуына қатысып жүрді. Ол екі жақтың Құранды әртүрлі оқуынан туындаған келіспеушіліктерге куә болды. Бұл жағдай Яһудилер мен мәсіхшілердің жазбаларын бұрмалап алған кезеңін еске салды. Содан Худәйфа халифа Османға келіп:
«Уа, мұсылмандардың әміршісі! Бұл үмметті бұрынғы Яһудилер мен мәсіхшілер сияқты Құранда ала-құлалыққа түсіп кетуден сақта!» – деп ескерту жасады.

Осыдан кейін халифа Осман Пайғамбардың (ғ.с.) жесірі Хафсаға хабар жіберіп:
«Бізге Құранның қолжазбасын бер, содан бірнеше ресми көшірме жасайық. Кейін түпнұсқаны өзіңе қайтарамыз» – деді.

Хафса қолжазбаны берді. Содан соң Осман Заид ибн Сабит, Абдулла ибн аз-Зубайр, Саид ибн әл-Ас және Абдуррахман ибн Харис ибн Хишамға Құранның көшірмелерін жасауға бұйрық берді. Ол құрайыштық үш көмекшіге:
«Егер Құран мәтінінің қандай да бір бөлігі бойынша Заидпен келіспесеңдер, оны құрайыш диалектісіне сәйкес жазыңдар, себебі Құран сол диалектіде түскен» – деп нұсқау берді.

Олар көшірмелерді дәл осы талап бойынша дайындады. Барлық көшірмелер дайын болғаннан кейін, Осман Хафсаға түпнұсқа қолжазбаны қайтарды. Ал көшірмелерді әрбір мұсылман аймағына таратып, бұдан бұрынғы барлық басқа Құран жазбаларын – толық нұсқасы болсын, жеке үзінділері болсын – жоюды, яғни өртеп жіберуді бұйырды.

Сахих аль-Бухари 4987: 66-шы кітап, 9-шы Хадис

Сондықтан бүгінгі күні Құранды оқудың өзге нұсқалары сақталмаған. Бұл Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) бір ғана мәтіндік үлгіні қабылдағандықтан емес – бұл шындыққа қайшы, өйткені ол Құранның жеті түрлі оқу нұсқасын рұқсат еткен. Сондай-ақ, пайғамбар (ғ.с.) Құранның біртұтас, беделді үлгісін жасап кеткендіктен де емес. Жоқ, мұның себебі – үшінші халифа Осман Құранның бір ғана нұсқасын қалдырып, қалған барлық нұсқаларды жойып жіберу туралы шешім қабылдағанында. Мысалы, егер онлайн хадис жинақтарынан іздесеңіз, Сахих Бухаридің 61-хадисінде Құранның әртүрлі оқу үлгілері туралы ашық жазылғанын көресіз.

Осы шешімдердің салдарынан қазіргі Құран нұсқасы “үлгілі” деп танылғанымен, өзге нұсқалар жойылған. Төмендегі хадистер Құран мәтінінің кейбір бөлімдері бүгінгі таңда кездеспейтінін көрсетеді.

 Аббас былай деді:

Омар (р.а.) былай деген:
«Келер ұрпақ мынадай сөз айта ма деп қорқамын: “Біз Алланың кітабынан Раджам (таспен ұрып өлтіру) туралы аятты таба алмай отырмыз” – сөйтіп, адамдар Алланың әмірінен бас тарта ма деп алаңдаймын. Ал неке адалдығын бұзған адамның ісі, егер ол жүктілік арқылы немесе куәгерлердің айғақтарымен дәлелденсе, Раджам жазасын алуға тиіс екенін мен растаймын. Расында, Алланың елшісі (ﷺ) бұл жазаны іске асырған, біз де одан кейін солай жасадық».  

Сахих аль-Бухари 6829:  86-кітап, 56-Хадис

Тағы бір хадисте Аббас былай дейді:

«Алла Тағала Мұхамбет пайғамбарды (ғ.с.) Қасиетті кітаппен жіберді. Сол кітаптың ішінде, неке адалдығын бұзған адамды Раджаммен жазалау туралы аят та болған. Біз ол аятты оқыдық, жаттадық, және Пайғамбар бұл жазаны қолданды, кейін біз де соны орындадық».

Бухари: 86-кітап, 57-Хадис

Алайда қазіргі Құранда неке адалдығын бұзғандарға қатысты Раджам жазасы туралы ешқандай аят жоқ. Бұл аят сол кезде жинақталған көшірмелерден алынып тасталған.

Қазіргі Құранда неке адалдығын бұзғандарға арналған Раджам (таспен ұрып өлтіру) жазасы туралы аят жоқ. Бұл аят ертеректегі кейбір көшірмелерде болғанымен, кейінгі ресми нұсқалардан алынып тасталған.

Аз-Зубайрдің айтқаны:

«Мен Османға былай дедім: “Бақара сүресіндегі мына аят – ‘Өлім алдында әйелін жесір етіп қалдырған адам туралы’ – бұрынғы аяттың негізінде қайта жазылған еді. Онда неге ол әлі де Құранда тұр?” Осман маған: ‘Ол қай жерде болса, сол жерде қалсын. Мен оны өзгертпеймін’ – деді».

Ағылшын нұсқада: 6-шы том, 60-шы кітап, 60-шы хадис; Араб нұсқада: 65-ші кітап, 4536-шы хадис

Бұл үзінді Осман мен Аз-Зубайр арасындағы пікір қайшылығын көрсетеді: Құранда сақталып қалған кейбір аяттардың мазмұны бұрынғы аяттарға негізделсе де, оларды алып тастау немесе қалдыру мәселесінде келіспеушілік болған. Ақырында, Осман өз шешімінде қалып, сол аятты Құранда қалдырды. Дегенмен, бұл жағдай Құран мәтінін қалыптастыру кезінде дау-дамайлар болғанын көрсетеді.

Осман және Тәубе сүресінің тақырыбы

Османның айтқаны:

Язид әл-Фариси былай дейді:
«Мен Аббастың Османмен былай сөйлескенін естідім: “Сен неге Тәубе сүресін (Аль-Бараа) Ал-Анфал сүресімен біріктіріп, екеуінің арасына ‘Мейірімді, Рақымды Алланың атымен’ деген бастау сөзін қоймадың? Екеуі екі түрлі сүре емес пе?”»

 СунанАби Дауд 786: 2-кітап, 396-Хадис

Бұл хадис Тәубе сүресінің басында неліктен “Бисмиллә” жоқ екенінің себептерін көрсетеді және сүрелердің біріктірілуі жөнінде Осман халифаның қандай шешім қабылдағанын аңғартады.

Тәубе сүресінің ерекшелігі және Осман халифаның шешімі

Құрандағы жалғыз сүре – Тәубе сүресі – «Мейірімді, Рақымды Алланың атымен» деген кәдімгі бастамамен басталмайды. Бұл ерекшелік хадисте түсіндіріледі: Осман халифа тақырыптары ұқсас болғандықтан, Тәубе сүресін (9-сүре) Анфал сүресінің (8-сүре) жалғасы ретінде қабылдап, екеуінің арасына бисмилла сөзін қоспаған. Дегенмен, осы шешім бұрынғы мұсылман қауымында келіспеушілікке себеп болған сияқты. Келесі хадис осыны дәлелдейтін сахабалардың бірі – Абдулла ибн Масудтың көзқарасын көрсетеді.

Абдулла ибн Масуд және Құран нұсқаларына деген көзқарас

Абдулла ибн Масуд өзінің серіктеріне Құранның көшірмесін жасырып ұстауды ұсынған. Ол былай деген:

«Біреу қандай да бір нәрсені жасырса да, Қиямет күні бәрі ашылады. Маған: “Қай үлгімен оқуға тиіссің?” деп айтасыңдар ма? Мен Алланың елшісінің (ﷺ) көзінше Құранның жетпістен астам тарауын оқыдым. Пайғамбардың сахабалары менің Құдайдың кітабын терең түсінетінімді біледі. Егер біреудің менен артық білетінін білсем, соның алдына өзім-ақ баратын едім».

Шакик былай дейді:

«Мен пайғамбардың сахабалары арасында отырдым, бірақ бірде-біреуінің ибн Масудты жоққа шығарғанын немесе оның оқуының өзгертілгенін көрмедім».

Сахих Муслима 2462: 44-кітап, 162-Хадис

Бұл хадистен бірнеше маңызды тұжырым жасауға болады:

1. Ибн Масуд өз көшірмесін жасырын ұстауды ұсынуы – оның Осман халифаның стандартталған Құранын қабылдай қоймағанын білдіруі мүмкін.

2. Ол Құранды басқа үлгімен оқуға мәжбүр болған сияқты.

3. Ол өзгертулерге қарсы болып, өзінің пайғамбардан үйренген нұсқасын дұрыс деп санады.

4. Шакиктың куәлігі бойынша, сахабалар арасында бұл мәселеде айқын қарсылық болмаған.

Қазіргі Құран мәтіні және оқу үлгілері

Осман халифа Құранның бірізді нұсқасын қалыптастырғаннан кейін де әртүрлі оқу үлгілері кей өңірлерде сақталып қалды. Пайғамбар Мұхамбеттен (ғ.с.) бірнеше ғасыр өткен соң, әсіресе хижри IV ғасырда, кейбір мұсылман ғалымдары бұл оқылымдарды қайта мойындай бастады. Бүгінде Құранды оқу үлгілері бірнеше түрлі:

  • Көпшілік қолданатын негізгі мәтін — Хафс нұсқасы.
  • Варш нұсқасы — Солтүстік Африкада кеңінен таралған.
  • Аль-Дури үлгісі — әсіресе Батыс Африкада кездеседі.
  • Тағы басқа нұсқалар да бар, бірақ өте шектеулі.

Бұл үлгілер арасындағы айырмашылықтар әдетте мәтіннің дыбысталуы мен орфографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Алайда, кейбір айырмашылықтар кей контексттерде мағыналық реңкке де әсер етуі мүмкін. Дегенмен бұл өзгерістер кітаптың жалпы мазмұны мен негізгі мағынасына елеулі ықпал етпейді.

Құран мәтінінің бір ғана үлгімен шектелуі

Қазіргі таңда араб тілінде қолданылатын Құран нұсқалары өте аз. Бұл — басқа нұсқалар болмағандықтан емес, бұрын болған нұсқалардың Османның бұйрығымен жойылып кетуіне байланысты. Сондықтан Құранның ішінде басқа үлгілерге жасалған сілтемелер кездеспейді. Осман мүмкін ең жақсы нұсқаны таңдаған шығар, бірақ бұл таңдау жеке пікір мен саяси тұрғыдан жасалған және діни тұрғыда бірауыздан қабылданған жоқ. Осы себепті, Құран — «бір ғана тілде, бір әріптік үлгіде сақталған, адам тарапынан еш өзгеріске түспеген» деген тұжырым тарихи шындықпен үйлеспейді.

Қолжазбалар мен мәтіннің шынайылығы

Құран мен Інжіл сияқты көне кітаптар әртүрлі оқу үлгілеріне ие болса да, қолымыздағы ежелгі қолжазбалар олардың түпнұсқа мазмұнын жоғалтпағанын көрсетеді. Бұл кітаптар өз замандарындағы Құдай сөзі туралы сенімді өкілдік бере алады. Көптеген адамдар бұл екі кітаптың сақталу жолдарын ғана салыстырады. Алайда маңыздысы — олардың мазмұнын түсіну мен қабылдау. Бұл салыстыру бізге тек ұқсастықтарын тануға көмектеседі. Енді осы екі Жазбадағы ортақ желі — Адам атадан басталатын нышан-белгілерді танып білуден бастайық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *