Skip to content
Home » Қиямет күні: Әл-Қариға және Ат-Такәсүр сүрелері және Мәсіх

Қиямет күні: Әл-Қариға және Ат-Такәсүр сүрелері және Мәсіх

  • by

Әл-Қариға сүресі (101 – «Зардап күні») Қиямет күнін былай суреттейді:

«Қариға! Қариғаның не екенін саған не білдірер?
Ол күні адамдар бытырап ұшқан көбелектер сияқты болады.
Таулар түтілген жүндей боп ұшады.
Кімнің таразысы ауыр болса – ол жайлы өмір сүреді.
Ал кімнің таразысы жеңіл болса – оның орны – түпсіз ор.

Әл-Қариға, 101:2-9

Бұл сүре бізге – ізгі істері көп болғандар Қияметте аман қалады деген үміт береді.

Ал енді, ізгі істерінің таразысы жеңіл болғандарға не болады?

Ат-Такәсүр сүресі (102 – «Көбірекке таласу») былай ескертеді:

«Көбірекке ұмтылу сендерді (мәнді істерден) алаңдатады.
Тіпті қабірлерге барғанға дейін.
Жоқ, жақында білесіңдер!
Тағы да айтамын, жақында білесіңдер!
Егер анығында білсеңдер – сақтанар едіңдер.
Әрине, Тозақты көресіңдер!
Тағы да анығында оны көзіңмен көресіңдер!
Сол күні сендерден рақаттанған нәрселерің туралы сұралады».

Ат-Такәсүр, 102:1-8

Тәкәсүр сүресі бізге жер бетіндегі барлық істеріміз әшкереленген сәтте тозақ оты дайын тұратынын ескертеді.

Егер жақсылық таразымыз жеңіл тартса, қиямет сотына дайын бола аламыз ба?

Иса Мәсіх (ғ.с.) игі істері аз адамдар үшін де келген. Інжілде ол былай дейді:

— Шынайы өмір сыйлайтын «нан» — Менмін. Маған келген жан рухани аштық көрмейді, Маған сенген ешқашан шөлдемейді.
Бірақ сендерге: «Мені көрдіңдер, бірақ сенбейсіңдер» деп айтқанмын.
Әкем Маған тапсырғандардың бәрі Маған келеді, ал келген ешкімді кері қайтармаймын.
Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен түстім.
Әкемнің еркі — Маған тапсырылған ешкімнің тозаққа түспей, бәрінің ақырғы күні қайта тірілуі.
Ал Әкемнің қалауы — Ұлына назар аударып, сенген әрбір адамға мәңгілік өмір беру, және Мен оларды соңғы күні қайта тірілтемін.

Исаның көктен түскен «нан» — өзі екенін айтқанын естіген діндар яһудилер наразылық білдіріп:

— Бұл біздің әке-шешесін білетін, Жүсіптің ұлы Иса емес пе? Қалайша «Мен көктен түстім» дейді? — деді.

Иса оларға:

— Өзара күңкілдемеңдер. Мені жіберген Әкемнің Өзіме тартып жақындатқан адамы ғана Маған келе алады; ал Мен ондайларды ақырғы күні қайта тірілтемін.
Пайғамбар жазбаларында: «Бәрі де Құдайдан тәлім алады» делінген. Әкемді тыңдап, Одан үйренген әркім Маған келеді.
Әрине, Құдайдан келгеннен басқа ешкім Әкені көрген емес. Әкені көрген — тек Сол ғана.

Исаның құрбан болғаныңа сеніп, мәңгілік өмірге қол жеткізу

Иса былай деді:

Сендерге шын айтамын: Маған сенген адам мәңгілік өмірге ие болады. Мәңгілік өмір сыйлайтын «нан» — Менмін. Ата-бабаларың айдалада көктен түскен манды жесе де, бәрібір өлді. Ал көктен түскен «нан» мынадай: одан жеген адам ешқашан рухани өлімге ұшырамайды. Мен — көктен түскен тірі нанмын. Одан жеген әркім мәңгілік өмірге ие болады. Бұл нан — адамзат өмір сүрсін деп құрбан еткен Менің тәнім.

Жохан 6:35-51

Иса Мәсіх (ғ.с.) Өзіне сенген әр адамға мәңгілік өмір беру үшін көктен келгенін ашық айтты. Оның сөздерін естіген яһудилер мұндай билігі бар екенін дәлелдеуін сұрады. Иса өзінің құдіретін тек керемет істерімен ғана емес, ежелгі пайғамбарлардың жазбаларына сүйене отырып та дәлелдеді. Біз оның келуі туралы Таурат пен кейінгі пайғамбарлар жазғанын көрдік. Бірақ Оған сену дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабын осы жерден таба аласыз.

Иса тек сөзбен сауықтырған жоқ, табиғаттың өз күштерін де бағындыра алды. Ол халыққа былай түсіндірді:

Мейрамның ортасында Иса ғибадатхананың ауласына барып, жұртқа тәлім берді. Яһудилер таңырқап:
— Бұл кісі арнайы діни білім алмаса да, Қасиетті жазбаларды қалайша сонша жақсы біледі? — деді.

Иса оларға жауап берді:
— Менің үйреткен ілімім Өзімдікі емес, Мені Жібергендікі. Кім Оның еркін орындауды қаласа, бұл ілімнің Құдайдан екенін немесе мен өз бетіммен сөйлеп тұрғанымды біледі. Өз бетімен сөйлейтін адам өз даңқын ғана іздейді. Ал өзін Жібергеннің даңқын іздейтін кісіде әділетсіздік болмайды.

Сендерге Мұса пайғамбар Таурат заңын берді. Бірақ, шын мәнінде, бірде-бірің соған толық бағынбайсыңдар. Әйтпесе Мені өлтірмек болып неге жүрсіңдер?

Жұрт:
— Сен жын соққансың ба? Кім сені өлтірмек? — деп қарсы болды.

Иса:
— Мен бір керемет істедім, соған бәрің таңырқап отырсыңдар. Мұса сендерге сүндеттеуді бұйырды. Шындығында бұл рәсім Мұсадан емес, одан да бұрынғы ата-бабаларыңнан қалған. Сендер балаларыңды туғаннан кейін сегізінші күні, демалыс күні болса да, сүндеттейсіңдер. Яғни Мұсаның заңы бұзылмасын деп, демалыс күні де сүндет жасайсыңдар. Ендеше, мен біреуді демалыс күні толықтай сауықтырғаным үшін неге ашуланасыңдар? Сыртқы көрініске ғана қарамай, әділ үкім шығарыңдар!

Иса — Құдай уәде еткен Құтқарушы Мәсіх пе?

Сол кезде Иерусалим тұрғындарының кейбірі:
— Басшылар өлтіреміз деп жүрген адам — осы емес пе? Қараңдаршы, Ол ашық та еркін сөйлеп тұр, ал Оған ешкім қарсы сөз айтпайды. Сонда басшылар Оның шынымен Мәсіх екеніне көз жеткізгені ме? — десті.

Алайда олар тағы:
— Мәсіх келгенде, Оның қайдан шығатынын ешкім білмейді. Ал мына Кісінің қай жақтан екенін біз білеміз ғой, — деді.

Сонда ғибадатханада тәлім беріп тұрған Иса дауыстап былай деді:
— Менің кім екенімді, қайдан шыққанымды білесіңдер ме? Мен өз еркіммен келген жоқпын. Мені жіберген — сендер білмейтін Ақиқат Иесі. Мен Оны білемін, өйткені Мен Солдан келдім, Мені Сол жіберді.

Сол сәтте біреулер Оны ұстамақ болды, бірақ ешкім қол тигізе алмады. Себебі Оның жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді.

Халықтың көбі:
— Мәсіх келгенде, Бұдан артық қандай керемет көрсетеді дейсің? — деп, Оған сене бастады.

Халық арасындағы бұл әңгіме парызшылдардың да құлағына жетті. Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Исаны ұстау үшін сақшыларын жіберді.

Бірақ Иса оларға былай деді:
— Тағы біраз ғана уақыт араларыңда боламын, содан кейін Мені Жібергенге қайта ораламын. Сол кезде Мені іздесеңдер де, таба алмайсыңдар. Мен барар жерге сендер бара алмайсыңдар.

Сонда яһуди діндарлары өзара:
— Бұл біз таба алмайтындай қайда бармақшы? Шетелге тарап кеткен яһудилерге барып, басқа халықтарға да тәлім бермек пе? Оның «Мені іздесеңдер де, таба алмайсыңдар» және «Мен барар жерге сендер бара алмайсыңдар» дегені нені білдіреді екен? — деп талқылады.

Қайнаған қызық жаңа өмір

Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»! Кім Маған сенсе, (келіп, шөлін қандырып су ішсін!) Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады, — деді. Иса бұларды Киелі Рух туралы айтты; Оны Исаға сенгендер кейінірек қабылдады. Құдай Исаның ұлылығын адамдарға әлі білдірмегендіктен, Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі қондырмаған еді. Исаның сөзін естіген кейбіреулер: — Шынында да Бұл — келуге тиісті Пайғамбар! — деді. Басқалары: — Ол — Құтқарушы Патшамыз Мәсіх! — дегенді айтты. Енді біреулері: — Ал Мәсіх Ғалилея аймағынан келуші ме еді? Киелі жазбаларда Мәсіх Дәуіт патшаның әулетінен, оның атамекені Бетлехемнен шығады делінген емес пе? — деп күмән келтірді. Осылай ел арасында Иса туралы араздық туды. Бірнешеуі Оны тұтқындамақ болды, бірақ ешқайсысы Оған қарсы қол көтермеді.

Жохан 7:14-44

Уәде етілген тірі су, қиямет күні бізді өлімнен құтқара алатын, елуінші күні жер бетіне келген Киелі Рух. Бірақ біз алдымен қанбайтын шөлімізді мойындауымыз керек.   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *