Біз бәріміз Алладан не қалаймыз? Бұл сұрақтың бірнеше жауабы бар, дегенмен Адам атаның нышан-белгісі, адамның ең терең қажеттілігі ол әділдік екенін біздің есімізге салады. Осы нышан-белгі тікелей бізге (яғни Адам ата ұрпағына) арналған:
Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер .
Араф 7:26
Әділдік дегеніміз не? Тауратта Құдай туралы былай делінген:
Құдай — Қорғанымыз жартастай мықты, мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері, барлық жолдары Оның әділетті, Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы, әрдайым Ол әділ әрі шынайы!.
Заңды қайталау 32:4
Бұл Құдай берген әділдік туралы сыйдың символикалық бейнесі. Әділдік толықтықты көрсетеді, атап айтқанда: адамның барлық (кейбір, немесе көптеген емес, барлық) жолы адалдыққа толы және адам баласы ешқандай да (ешқашан) зұлымдық істемейді. Осындай адам әділ адам. Әділдіктің анықтамасы осы, Алла Тағала Өзін Тауратта дәл осылай танытып тұр. Бізге әділдік не үшін керек? Осыған жауап алу үшін Забурға жүгінейік. Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Забурдың 15 жырында мыналарды оқи аламыз:
Уа, Құдайым, сақтай гөр Өзің мені,
Баспана етемін жалғыз Сені!
Жаратқанға былай деймін: «Сен Иемсің,
Сенен бөлек жоқ ешбір игілігім!»
Ұлы жандар — Саған бағышталғандар,
Маған өте ұнайды елде олар.
Ал бөтен тәңірлердің жолын қуғандар:
Қасіретке молынан ұшырамақ олар.
Тәңірсымақтарға құрбандық шалмаймын,
Олардың аттарын аузыма еш алмаймын.
Уа, Ием, маған жар болып келесің,
Жарылқап мені амандық бересің, .
Забур 15:1-5
Сұрақ: «Сенің киелі тауыңда кім өмір сүре алады?» бұл сұрақты басқадай қоюға да болады, «Алланың бейіш бағында кімдер бола алады?» Біз екінші аяттан әділ жандардың Алламен бірге бейіште бола алатынын көреміз. Әділдіктің не үшін қажеттілігі осында тұр. Әділдік – Құдаймен бірге жұмақта болудың негізгі шарты, өйткені Алла Тағала мінсіз.
Енді Ыбырайым пайғамбар (Ғ.С) екінші нышан-белгісіне назар аударайық. Киелі Жазбалардағы мәтінді оқи алуыңыз үшін осы жерді басыңыз. Таурат пен Құранда келтірілген үзінділерден көретініміз, Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) «Оның жолымен жүргенін» (Саффат 37:83) және ол әділдікке ие болды (Жаратылыстың басталуы 15:6), Адам ата нышан-белгісіндегі бізге ең қажетті дүние осы. Енді мына маңызды сұраққа жауап іздейік: ол оған қалай ие болды?
Менің ойымша әділдікке мына екі әдіспен ие болуға болады. Біріншісі, Құдайдың бар екеніне – сену (менің ойымша). Мен Алла Тағалаға нық сенемін. Егер Ыбырайым пайғамбарды (ғ.с.) алсақ, ол Құдайға сенбеді ме? (Жаратылыстың басталуы 15:6). Кейбір ой тармақтарынан өткізгеннен кейін мен ол жалғыз Хақ Тағаланың бар екеніне тек сеніп қана қоймады деген қорытындыға келдім. Жоқ. Оған Алла Тағаланың Өзі ұлды боласың деп нық уәде етті ғой. Енді осыған сену немесе сенбеу таңдау құқы Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) өзінде болды. Тағы бір рет ойланайық: Құдайдың барына шайтан да (ібіліс – деп те аталады) сенеді, бірақ онда ешбір әділдік жоқ. Яғни «әділдік жолын ұстану» үшін, Жаратқанның бар екеніне жай ғана сену жеткіліксіз. Сондықтан, әділдікке ие болу үшін мені жиі мазалайтын екінші әдіс, еңбек арқылы қол жеткізетін, мейірімді әрі Құдайға ұнамды істер. Жамандықпен өмір сүрмей, көбірек игі істер істеу, мінәжат ету және ораза ұстау арқылы мен әділдікке ие бола аламын. Бірақ Тауратта мүлде басқа нәрсе туралы келтірілген үзінді жайлы не дей аламын?
«Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады» .
Жаратылыстың басталуы 15:6
Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) әділдікті еңбегімен алмады; ол тек «ақталды». Айырмашылығы неде? Бұл – еңбек ақы. Сен «марапатты» еңбегіңмен иелендің. Бұл еңбек ақы алғанмен бірдей. Ал егер сені ақтап алса, онда сен сол үшін ештеңе де істемегеніңді көрсетеді. Бұл сыйлық. Яғни сен оны еңбектеніп тапқан жоқсың.
Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) Алланың барына кәміл сенген адам. Ол үнемі мінәжат етті, Алланы қастерлеп өмір сүрді және мұқтаж жандарға көмектесті (өзінің немере інісі Лұт үшін дұға етті және көмектесті). Әрине бұларды есептен алып тастауға болмайды. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) бүкіл «сапары» оған мән бермесін деп құр бекер суреттелмеген шығар. Тауратта Ыбырайым пайғамбарды (ғ.с.) әділ деп есептеді, өйткені ол Алла Тағаланың өзіне берген уәдесіне кәміл сенді. Осы нәрсе әділдікке қалай ие болуға болады деген біздің әдеттегі жорамалымызға қарама-қарсы. Біз екі ойдың біреуі деп пайымдаймыз: Алланың барына сенсең болды, немесе әділдікке ие болу үшін (ораза ұстап, мінәжат ету т.б.) игі істер істеу қажет. Бірақ Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) жолы мүлде басқа болды. Ол тек берілген аян-уәдеге нық сенді.
Ұлды боласың деп берілген уәдеге сену тым қарапайым, бірақ екінші жағынан ол өте күрделі дүние. Егер Алла Тағала Ыбырайым пайғамбарға (ғ.с.) шынымен ұл сыйлағысы келсе, ол осы уәдені оңай елемей қоюы мүмкін, өйткені Ол оны баяғыда орындар еді ғой. Сол кезде Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) мен оның әйелі Сара жастары келген қартайған адамдар сондықтан балалы болу мүмкіндіктері болмады. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) бірінші нышан-белгіде өз үйін тастап Қанахан еліне сапарға шыққанда оның жасы 75 деп жазылған. Алла Тағала оған сол кезде «сенен ұлы халық» шығарамын деп уәде берген. Сол уақыттан бері көп жылдар өтті. Уәдені күткен Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) мен Сара өте терең қарт адамдарға айналды. «Халық» былай тұрсын, оларда бірде-бір бала жоқ еді. Мүмкін сол кездері Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) іштей болсын: «Құдай неге осы уақытқа дейін бір ұл қимады екен? Осыны істеу қолынан келеді ғой». Басқадай айтқанда, ол өзіне берілген ұлы уәдеге сенді бірақ ішінде күдік-күмәні қоса жүруі мүмкін. Ол Құдай уәде бергендіктен сенімі нық болды, бірақ пенделік оймен соны дұрыс түсіне алмай жүрді. Ұлды боласың деген уәдеге сену (бала көтеретін жастан асып кеткен қартайған шақта), Алланың кереметтер жасай алатынына ғана үміт артып сену.
Сондай уәдеге сену үшін, ұзақ әрі шыдамдылықпен күту қажет. Уәде етілген ұлды күтіп, күтпеген жаңалықпен тоқтар деп, Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) өзіне уәде етілген жерде көп жылдар бойы шатырда өмір сүрді. Бәріне қолды бір-ақ сермеп, Алланың уәдесін де күтпей көп жыл бұрын тастап шыққан, өзінің туып өскен жері (қазіргі Иракта орналасқан) Месопотамиге қайтып кетсе де болушы еді. Онда әлі күнге дейін бауыры өмір сүріп жатыр және басқа туған-туысқандары бар дегендей. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) Алланың уәдесіне сенемін арта жүріп, көптеген қайғы-қасіретті басынан өткізді. Ұзақ жылдар бойы күн санап пайғамбарлық сөздің орындалуын сарыла күтті. Ол сол уәдеге бар болмысымен нық сенім артты да, қалған күнделікті күйбің тірлік, жақсы жағдай бәрі екінші кезекке сырғып кетті. Кейбір мағынада Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) уәдені күтемін деп, қарапайым адамға тән өмір құштарлығынан өз еркімен бас тартты. Уәдеге деген сенім Аллаға сенім арту мен сүйіспеншіліктің көрнекі куәсі болды.
Оның сенімі тек Құдай берген уәдеге деген парасатты келісім ғана емес. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) осыған өз өмірін, игі есімін, қауіпсіздігін, сондай-ақ өз әрекеті мен болашаққа деген үмітін де салды. Уәдеге сену арқылы, ол Алланың уәдесін белсенді әрі шыдамдылықпен күтті.
Осы нышан-белгіде Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) Алла Тағалаға ұл береді деп сеніп артты, ал Жаратқан Ие оны әділдер қатарына қосты. Шын мәнінде де Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) осы жерде ұлы мойынсұнушылық пен кішіпейілділік танытты. Ол сол уәдеге сенбесе де және келген жағына (қазіргі Ирак жеріне) қайтып кетуіне де болушы еді. Ол тек Алланың барына ғана сеніп, мінәжат ету, ораза ұстау және басқаға көмектесумен ғана айналысса, онда сол уәдеге немқұрайлы қарар еді. Онда ол өз дініне деген адалдықты сақтап қалар, бірақ әділдер қатарынан табылмас еді. Барлық адам баласына Құранда жазылғандай: «Тақуалық киім бәрінен де – жақсы». Бұл Ыбырайымның жолы.
Бізге ашылған нәрсе көп. Әділдік, немесе бейіш бағына кіре алатын бізге қажет дүние, міне осылар біздің еңбегіміздің жемісі. Әділдік бізге сыйға берілді. Оған тек Құдайдың уәдесіне сену арқылы иеленеміз. Егер әділдік үшін біз құн төлемесек, онда ол үшін кім құн төлейді? Үшінші нышан-белгіні қарастырайық.