Жуықта мен мешітте болып имамның уағызын тыңдадым. Оның уағызында мүлде теріс бір тұжырымдама болды. Мен сол тұжырымды өзімнің жақсы достарым арасынан да естігенмін. Мүмкін осы көзқарасты сіздер де естіп, сұрақтарыңыз пайда болған шығар. Бірге ойланып көрейікші.
Имамның айтуынша Киелі кітаптық мәтіндердің алуан түрі көп екен. Егер орыс тіліне аударылғандарын қарастырсақ, ол бәріне танымал – ОКҚ синодальдық аударма, Жаңа орысша аудармасы, Халықаралық Киелі кітап қоғамы т.с.с. бар. Ары қарай имам, Киелі кітаптың осынша мол аудармасы болғандықтан ол міндетті түрде өзгеріске ұшырағанын дәлелдейді деді. Басқадай айтқанда біздің қолымыздағы қазіргі Киелі кітап мәтіндерінің түпнұсқа екеніне сенім жоқ деді. Шынында да Киелі кітаптың өте көп аудармалры бар, бірақ осы жағдай Киелі кітап өзгеріске ұшырады немесе бұрмаланды деуге еш негіз жоқ. Тек бір ғана Киелі кітап бар.
Егер ағылшын тіліндегі аудармаларды алсақ, мысалы New International Version аудармасы Інжіл Шариф Грек тіліндегі түпнұсқадан, ал Таурат пен Забур иврит тіліндегі түп нұсқадан аударылды. Ал New American Standard Version – ағылшын тіліндегі тағы бір Киелі кітап аудармасы, ол да сол түпнұсқадағы грек және еврей тілдеріндегі мәтіндерге негізделген.
Құран Кәріммен де дәл сондай жағдай. Мен әдетте Юсуф Алидің аудармасын қолданамын, бірақ кейде Мухаммед Мармадук Пикталдың да аудармаларына жүгінемін. Пикталл Юсуф Али секілді Құранды араб тіліндегі түпнұсқадан аударған, бірақ олар Құранның мағынасын ағылшын тілінде екі түрлі етіп берген. Бұлар әр түрлі аудармалар. Бірақ, ешкім не мәсіхші, не яһуди, не атеист Құранның ағылшын тілінде екі аудармасы бар (Пикталл мен Юсуф) сондықтан, әр түрлі Құрандар бар және Құран Кәрім бұрмаланған деп айтпайды. Дәл сол секілді грек тіліндегі Інжілдің түпнұсқасы (осы жерден қара) және еврей тіліндегі түпнұсқа Таурат пен Забур (осы жерден қара) еш өзгеріске ұшырамаған. Көп адамдар осы тілдерде сөйлей алмайтындықтан – Алланың сөзін өз ана тілінде оқи алулары үшін, олар ағылшын және басқа тілдерге аударылған. Сөйтіп, «әр түрлі нұсқалар» – адамдар түпнұсқа мағынасын жеңіл түсінсін деген әр түрлі аудармалар.
Бірақ аудару кезінде қате кетуі мүмкін ғой? Бір минут ойланайық. Әр түрлі аударманың болуы дұрыс аудару мүмкіндігін жоққа шығара ма? Біздің қолымызда грек классикалық әдебиеттің өте үлкен қоры болғандықтан, киелі жазбаларды жазған авторлардың түпнұсқалық ойларын дәлме-дәл аударуға көмектесетін мүмкіндіктер бар. Қазіргі аудармалар соған көрнекі мысал бола алады. Мысалы 1 Тімотеге арналған хат 2:5 аятты алайық. Ол түпнұсқалық грек тілінде былай айтылады.
εις γαρ θεοςεις και μεσιτηςθεου και ανθρωπων ανθρωπος χριστοςιησους.
1 Тім. 2:5
Ол көбіне былай аударылады:
Құдай — біреу-ақ, Құдай мен адамдар арасын Келістіруші де Біреу, Ол — адам (болып дүниеге келген) Иса Мәсіх… Синодалдық аударма
Тек бір ғана Құдай бар және Құдай мен адам арасын Жалғастырушы да біреу, ол Иса Мәсіх, Өзі адам боп келген… Қазіргі аудармаҚұдай біреу және адамдар мен Құдай арасындағы Делдал да біреу – Ол Адам Иса Мәсіх… Ізгі хабар аудармасы.
Көріп отырғаныңыздай аудармалар арасы өте жақын. Айырмашылық тек бірнеше сөзде ғана. Ең бастысы сөздер ауысса да, бәрі де бір ғана мағынаны айтып тұр. Өйткені Киелі кітап біреу ғана. Сондықтан мәтіндер аудармасы осылай өте ұқсас болып шығады. Киелі кітаптың бірнеше нұсқасы жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай, бірнеше «нұсқа» бар деген сөз, Киелі кітап біреу емес бірнеше дегенді көрсетеді. Ал ол мүлде дұрыс емес.
Мен Киелі кітапты қазіргі бар аудармалардың бірінен, әркім өз тілінде оқып шығуға шақырамын. Сеніңіз, ол соған тұрады.