Skip to content
Home » Пайғамбарлар жазбалары мен жырларда Иса Мәсіх (ғ.с.) туралы не дейді?

Пайғамбарлар жазбалары мен жырларда Иса Мәсіх (ғ.с.) туралы не дейді?

  • by

Тауратта Мұса пайғамбар (ғ.с.) Иса Мәсіхтің келетіні туралы бейнелі теңеулер арқылы көрсеткен. Мұса пайғамбар (ғ.с.) кейін Жаратқан Ие Өз жоспарын басқа пайғамбарлар арқылы көрсетіп отырды. Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) келетін Мәсіх туралы Құдайдың Рухымен б.з.д. 1000 жыл бұрын 2-ші жырында алғашқы пайғамбарлық сөздерін жазды. Ол 21-ші жырында Біреу келеді, бірақ оның қолы мен аяғы түйреліп өлім құшады, барлық ұлттардың мүдесі үшін, Ол өлімді жеңіп қайта тіріледі деп жазды. Осы айтылған сөздер Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа шегеленіп және қайта тірілетініне арналған пайғамбарлық емес пе? Нұр және Нәмл сүрелерінде айтылғандарға мән бере отырып, осыларды мұқият талқылайық. Құдай жырларды жазуға соның ішінде 21-ші жырды жазуға қалай шабытандырғанын қарастырайық. 

22-ші пайғамбарлық жыр

22-ші жырды осы жерден толық оқуға болады. Төменде берілген кестеде 21-ші жыр мен Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышта қалай шегеленгеннің куәгері болған шәкірттердің Інжілде берілген куәліктерімен салыстырылып көрсетілген. Түсінуге ыңғайлы болу үшін, түрлі-түсті бояулар қолданылды. 

Інжілдегі айқышқа шегеленген оқиғаның егжей-тегжейіБ.з.д. 1000 жыл бұрын жазылған 21-ші Забур жыры
(Матай 27:31-48)   …Содан кейін жасақшылар Исаны айқыш ағашқа шегелеп іліп қою үшін алып кетті…  39 Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап: 40 «Әй, киелі үйді бұзып, үш күнде қайта тұрғызушы! Өзіңді құтқарып ал! Егер де Құдайдың рухани Ұлы болсаң, айқыштан түс!» — деп Оны келеке етті. 41Сол секілді басты діни қызметкерлер де дін мұғалімдерімен және рубасыларымен бірге Оны мазақтап: 42 «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен! Егер Ол Исраилдің Патшасы болса, Өзінің құдіретімен қазір-ақ айқыштан түссін! Сонда Оған сенеміз. 43 Ол Құдайға үмітін артқан екен. Егер Құдай Оған разы болса, қазір-ақ Оны құтқарып алсын! Өйткені Ол Өзін Құдайдың рухани Ұлымын деді ғой», — десті.     «О, Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?» дегенді білдіреді... 48 Солардың біреуі дереу жүгіріп барып, бір сорғышты сірке суына батырып алды. Оны таяқтың ұшына қадап, Исаға ішуге ұсынды. (Марқа 15:16-20)  Жасақшылар Исаны әміршінің ордасы болған сарайдың ішкі ауласына алып барып, сонда бүкіл әскер бөлімін шақырып жинап алды. 17 Олар Исаға бір қызыл шапанды жауып, тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, Оның басына кигізді. 18 Мұнан кейін олар: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп Оған сәлем бере бастады. 19  Исаның басын таяқпен ұрғылап, бетіне түкіріп, алдына тізе бүгіп тағзым еткенсіді. 20 Мазақтап болғаннан кейін Оның үстіндегі қызыл шапанды шешіп алып, өз киімін кигізді. Содан соң жасақшылар Исаны айқыш ағашқа шегелеп іліп қою үшін қала сыртына қарай алып кетті. 37 Ал Иса қатты дауыстап жіберіп, жан тәсілім етті. (Жохан 19:34)  Бірақ жасақшылардың біреуі Исаның бүйіріне найзасын сұғып алды. Сол заматта қан мен су шыға келді.
 (Жохан 20:25)  Басқа шәкірттер оған: — Біз Иемізді көрдік, — дегенде, Тома: — Мен Оның қолдарынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстамасам, Оның тірілгеніне еш сенбеймін, — деп жауап берді. (Жохан 19:23-24)  Жасақшылар Исаны айқышқа шегелеп, көтергеннен кейін Оның сырт киімдерін төртеуі тең бөлісіп, көйлегін де алды. Көйлегі басынан аяғына дейін тігіссіз тұтас тоқылған еді. 24 Сол себепті олар бір-біріне: «Бұны жыртпайық, жеребе салып, кімге түсетінін шешейік», — деді. 
 
 
 
 
 
 
 2 О, Құдайым, Құдайым менің! Неліктен мені жалғыз қалдырдың? Айқайлаған даусыма құлақ салмайсың, Мені құтқарудан неге алшақсың? 3 Құдайым, күндіз шақырсам, жауап қатпайсың, Түнде де айқайлап, тыным таппаймын. 4 Бірақ Сен иелісің, Исраил халқың Сені мадақтайтын тағыңда отырасың. 5 Ата-бабамыз Өзіңе иланып жүрді, Сөзіңе сенді, Сен де азат еттің. 6 Саған сиынып, олар құтқарылды, Өзіңе сеніп ұятқа қалмады. 7 Ал мен адам емес, құрт іспетті қуатсызбын, Жұрт ұрсып, елемейді мені халқым, 8 Көргендердің бәрі келекелейді, Басын шайқап, балағаттап былай дейді: 9 «Ол Жаратқанға үмітін артқан екен, Сол оны аман қалдырсын пәледен! Жаратқан Ие разы болса оған, Құтқарып алсын оны қиындықтан!» 10 Ал мені ана құрсағынан Сен шығардың, Жас кезімнен Өзіңе иландырдың, 11Туғаннан-ақ қолдауыңа мұқтажбын, Өмір бойы Сенсің Құдайым менің, 12 Енді алыстай көрме менен Өзің. Себебі азап-бейнет қалды таяп, Қол ұшын берерім жоқ мені аяп. 13 Сүзеген бұқадай жау алды қоршап, Башандық бұқадай жан-жақтан қыспақтап, 14 Ақырған арыстандай жемге құмартып, Аранын ашады, маған қарсы шығып. 15 Күшім судай төгіліп, таусылды құрғап, Сүйектерім буынынан қалды босап. Кеудемде жүрегім балауыз құсап Әбден балқып, елжіреп кетті босап. 16 Қыш құмыраның сынығына ұқсап Күшімнен айырылып қалдым қурап, Тілім қалды таңдайыма жабысып, Өлім топырағына бердің мені қиып! 17 Төбеттердей жан-жақтан қыспақтады Сол жауыздар, лек-легімен қоршап алды, Аяқ-қолымды түйреп жаралады! 18 Сүйектерімді шыға алам санап, Ал халық тұр маған қадала қарап. 19 Жау жамылғымды бөлісіп алады, Киімім үшін жеребе салады.   

Оны айқышқа қалай шегелегенін өз көзімен көрген куәгерлер Інжілді жазған. Ал 21 жырды жазған кісі, адам көзімен қарағанда соның бәрін өз басынан өткізген. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа шегелнгені мен 21 жырдағы таңқаларлық сәйкестікті қалай түсіндіруге болады? Айқышқа щегеленген оқиға мен 21 жырдағы дәлме-дәл суреттелу жәй кездейсоқтық па? Исаның киімін жыртпай жеребе тастап алуы оның киімі тұтас тоқылғандықтан жыртуға келмеді. 21 жырда айқышқа шегелеу егжей-тегжейлі суреттелген (мысалы аяқ-қолын шегемен тескені, айқышқа керген кездегі сүйектердің буыннан босауы). Сонымен бірге Жохан жазған ізгі хабарда бүйріне найза сұғып алғанда қан араласқан су шыға келді деп жазылған, ол адам өлгенде қанға су араласатын жағдайды көрсетеді. Иса Мәсіх (ғ.с.) жүрегі тоқтағаннан қайтыс болды. Бұл 21 жырдағы «Менің жүрегім балауыз секілді болды» деген жолдарға сәйкес. 21 жырдағы «енді» деген еврей сөзі аударғанда «арыстан секілді» деген мағынаны білдіреді. Басқадай айтқанда пайғамбардың аяқ-қолының сүйектері арыстанның аузына түскендей паршаланды дегенмен бірдей. 

Сенбеушілер 21 жыр мен айқышқа шегеленгенді көзімен көргендердің куәліктері арасындағы сәйкестікті, шәкірттері бұрын жазылған жырға өз куәліктерін келтіріп жазды деп сенбейді.  Бұл ақылды түсінік бере ала ма? 

21 жыр және Иса Мәсіх (ғ.с.) мұрасы

Кестеден көріп отырғаныңыздай 21 жыр 18 аятпен аяқталмайды. Оның жалғасы бар. Мән беріп қарасаңыз жырдың ең соңында әңгіме өлімнен кейінгі жеңіспен аяқталады!

  Сені мадақтаймын үлкен жиында, Уәдемді орындап халқыңның алдында, Жарлылар мейрамдап, тойынады да. Құдайға сиынғандар мақтау айтсын — Лайым жандарың аман-есен болсын! Жер шетіндегілер де мұны ескереді, Жаратқан Иеге бет бұрып дұға етеді, Бар ұлттардың әулеттері бас иеді, Себебі билік Жаратқанның қолында, Ұлттардың Иесі Сол болып қалады да! Жердің бар байлары тойына қатыспақ, Жаратқанның аяғына жығылып сиынбақ, О дүниеге аттанатын жандар — Өмірі өткінші бүкіл адамдар Оның алдында тізерлеп иілмек. Келер ұрпақтар Оған қызмет етпек, Барлығы Иеміз туралы естімек, .

Забур 21:26-31

 Жырдың бірінші бөлімінде біреудің өлгенін егжей-тегжейлі суреттейді. Ары қарай Дәуіт пайғамбар (ғ.с.), болашаққа көз жүгіртіп, сол адамның өлімі оның мұрасына және болашақ ұрпаққа қалай әсер ететіні утралы айтады (31 аят). Ол өсиет Иса Мәсіхтен (ғ.с.) кейін 2000 жыл өткен соң өмір сүріп жатқан бізге арналған. Ол ұрпақ сол адамның аяқ-қолы түйреліп, ауыр азап шегіп, «өз шындығын дәлелдегеннен» кейін келетін сіз бен біз. 28-ші аятта оның ықпалының ауқымы суреттелген, барлық басқа ұлт өкілдері Тәңірге мойынсұнады. 30-шы аятта «өз өмірін сақтай алмағандар» бір күні Оған табынатын болады делінген. Ақиқатында ол адам өлген кезде өмірге әлі келмегендер оны құрметтейтін болады. 

Бұл жерде айтылғандар жырда жазылғанға келтіріп жасалғанға қатысы болмастан, болашақ ұрпаққа, яғни біздің заманға арнап айтылғаны анық болып тұр. Інжілдің авторлары Иса Мәсіхтің (ғ.с.) азапты өлімі біздің заманға қандай ықпалы болатынын еш біле алмады. Дәл осындай аргумент Иса Мәсіхтің (ғ.с.) азапты өлімі 3000 жыл өткен соң қандай ықпалы болатынын ешкім білмейтіні секілді қолдануға болады. 

Құран – Дәуіт (ғ.с.) Құдайдан алған болжамы туралы

21-ші жыр Құранда келтірген аяттармен атап айтқанда Сәбә және Нәмл сүрелерінде Дәуіт (ғ.с.) Құдайдың Рухымен жазды деген дәлме-дәл сәйкестікппен аяқталады: 

Расында Дәуіт (Ғ.С.) ке өз жанымыздан ізгілік бердік: “Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар” (дедік). Және оған темірді жұмсаттық .  

Сәбә 34:10

Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар: “Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық” деді .  

Нәмл 27:15

Осыдан шығатын қорытынды Құдай Дәуіт (ғ.с.) болашақты болжайтын қабылет пен білім дарытқан, ол сондықтан 21-ші жырда болашақта Жаратқанның ісін жырына қосып суреттеп берді.  

Уақия сүресіндегі сұраққа мән беріңізші. 

Ал жан жұтқыншаққа келген кезде; Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар. Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер. Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар; Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы. 

Уақия 83-87

  Өлген адамның жанын кім қайтара алады?  Осы сұрақ адамның ісі мен Құдайды ісі арасындағы шекараны көрсетеді. Осы Уақия сүресі мен 21 жыр арасында – болашақтағы Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өліміне нұсқайтын сәйкестік бар. 

Адамзаттың барлық тарихында Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімін 21-ші жырдағыдай ешкім дәл суреттеп бере алған жоқ. Пайғамбардың дүниеге келгеніне дейін 1000 жыл бұрын оның айқышта қалай азапталып өлетінін бүге-шігесіне дейін дәл суреттеп жазып қалдырған біреу болды ма? Өте алыстағы болашақты осындай бүге-шігесіне дейін дәл сипаттап жазып қалдыратын адам жоқ шығар, сондықтан Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқыштағы азапты өлімі Құдайдың жоспары арқылы іске асты және Ол оны алдын ала пайғамбары арқылы дәл сипаттап көрсетті

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімін басқа пайғамбарлар арқылы болжамы

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өмірінің соңғы аптасы Таураттағы айнадағы бейнедей көрсетілген, артынан сол оқиғаның басқа көріністері дәлме-дәл суреттелгені сияқты Дәуіт (ғ.с.) пайғамбарлық жазбаларынан кейін, Иса (ғ.с.) өлімі мен қайта тірілуі ақырындап өсіп келеді.  Төмендегі кестеде солардың бірнешеуі берілген.  

Пайғамбарлар жазбаларыПайғамбарлық жазбаларды Құдай болашақта келетін Иса Мәсіхпен (ғ.с.) қалай байланыстырды.
Пәк қыздан туатын ұл туралы нышан-белгіБ.з.д. 700 жыл бұрын Ишая пайғамбар арқылы алдын ала айтылғаны бойынша өмірге таза қыздан ұл дүниеге келеді және ол күнәсіз өмір сүреді. Осы айтылғандар күнәсіз өмір сүрген Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өмірінде орындалды.
Өскін туралы айтылған пайғамбарлық сөз бізге Иса есімін ашады және күнәлардың кешірілетінін жариялайдыИшая, Еремия және Зәкәрия пайғамбарлардың Қызметші туралы айтылған ол б.зд. 500 жыл бұрын айтылған және Захария күнәлар бір күнде кешіріледі деегн. Иса өлімнен қайта тірілгенде сол пағамбарлық орындалып күнәлар бір күнде кешірілді
Даниял пайғамбар және Мәсіхтің келетін уақытыДаниял пайғамбар 480 жыл бұрын Мәсіхтің келетін уақытын болжады және ол күніне дейін дәлме-дәл орындалды.
Даниял пайғамбар Мәсіх жердегі тірілерден бөлінеді деп болжағанДаниял пайғмбар Мәсіх жердегі тірілерден ажыратылады деген. Әңгіме Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімі туралы болып тұр.
Ишая пайғамбар Тәңір Қызметшісінің өліп өлімнен қайта тірілетінін болжадыИшая пайғамбар Қызметшінің қандай азап шегіп өлетіні және өлімнен қалай тірілетініне дейін тәптіштеп жазып вқалдырған. Сол жазылғандардың бәрі Иса Мәсіх (ғ.с.) өліп қайта тірілгенде сол жазылғандар дәлме-дәл орындалды. Осы жазбалар 700 жыл бұрын жазып қалдырылған.
Жүніс пайғамбар және Иса Мәсіхтің өліміЖүніс пайғамбар алып балықтың ішінде үш күн отырды. Осы оқиғаны Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің өлетініне келтіріп алдын ала айтты.
Зәкәрия пайғамбар және өлім құшқандардың құтқарылатыныИса Мәсіх Зәкәрия пайғамбардың айтқандарын еске салып, «өлім құшқандар құтқарылады» өзінің өлім үстінен билігі бар екенін көрсетті.

Осындай бір бірінен бөлек көптеген пайғамбарлық сөздерді көре отырып және әр түрлі уақытта өмір сүрген, әр түрлі мәдениетте болған, әр түрлі білімі бар, адамдардың Иса Мәсіхтің (ғ.с.) сол ұлы жеңісінің әр кезеңін ашып отырғанына қарап, біз осылардың бәрі Құдайдың ұлы жоспарымен іске асты деп сеніммен айта аламыз. Сондықтан да Иса (ғ.с.) алғашқы шәкірті Петір халыққа былай деді: 

 Ал Құдай барлық пайғамбарлардың аузымен Өзі жіберетін Құтқарушы Мәсіх сондай азаптар шегеді деп алдын ала жариялатқан хабарларын осылайша жүзеге асырды.

Елшілердің істері 3:18

          Содан кейін былай қосты:  

Сондықтан теріс жолдан қайтыңдар! Сонда Құдай Ие күнәларыңды кешіріп

Елшілердің әстері 3:19

Петір бізге рақымдылық көрсетіліп – біздің күнәларымыз кешірілетін болады деді, оның не екенін қарастырайық.   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *