Рад сүресінде әдеттегідей сенбеушілер тарапынан сенушілерге арналған мін тағу оқиғасы айтылған.
Егер таңғалсаң олардың: “Біз бір топырақ болған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?”, – деген сөздеріне таңырқау керек. Міне бұлар Раббыларына қарсы болғандар. Әрі бұлар мойындарында темір шынжырлар болатындар. Сондай-ақ бұлар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады. Сондай қарсы болғандар: “Оған Раббыңнан бір мұғжиза неге келмейді?”-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар .
Рад 13:5, 7
Осы сын екі бөлімнен тұрады. Рад сүресінің бесінші аятында сенбеушілер, өлімнен қайта тірілу мүмкін бе деп дұрыс емес сұрақ қояды? Осы уақытқа дейін ондай нәрсе болмағандықтан, болашақта да ондай болу мүмкін емес. Ары қарай қайта тірілудің анық дәлелі бола алатын нышан белгі неге берілген жоқ дейді. Басқадай айтқанда дәлелде деп тұр!
Фурқан сүресінде сенбеушілер, осыған ұқсас сұрақ қояды.
Расында (Меккеліктер) сондай пәлекет жаңбырға ұшыраған кентке келген еді. Олар оны көрмеді ме? Олай емес. Олар қайта тірілуді де үміт етпейді. (Мұхаммед Ғ.С) Олар сені көрсе-ақ болды: “Алланың жіберген Елшісі осы ма?”,- деп тәлкекке алады .
Фурқан 25:40-41
Оларда болашақтағы қайта тірілу алдында және пайғамбар алдында да қорқыныш жоқ. Олар қайта тірілуді көрсетуді талап етеді.
Сондай-ақ, Фурқан сүресінде Құдайдың сенбеушілерге деген көзқарасы берілген.
(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тағы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды .
Фурқан 25:3
Бұл жерде адамдар жиі өздеріне жалған тәңір жасап алатын жайлы айтылған. Жалған тәңірді шын Құдайдан қалай ажыратуға болады? Ос аятта жауабы берілген. Жалған тәңір, «өлтіру, тірілту және өлімнен қайта тірілту күшіне ие болмаған». Жалған тәңірді шын Құдайдан өлімнің үстінен жүргізетін билігіне қарап ажыратады.
Сенбеушілер Құдай мен оның елшілерінен қайта тірілуді дәлелде деп талап қоюы және Жаратқан Иенің сенбеушілерді жалған тәңірге табынбау туралы ескертуі, екеуі де бір нәрсеге тіреледі – өлімнен қайта тірілу.
Біреуді өлімнен қайта тірілту үшін билік пен күш керек. Ыбырайым, Мұса, Дәуіт және Мұхамбет (ғ.с.) секілді ұлы пайғамбарлардың өзі ешкімді өлімнен қайта тірілткен емес. Әлемдегі ең дана адамдар – Сократ, Энштейн, Ньютон және Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) – өлімнің үстінен биліктері болмады. Бүкіл тарих бойынша жер бетіндегі атақты билік иелері – Грек, Рим, Византия, Омейяд, Аббастық халифат, Мәмүліктер және Оттаман империялары да, өлім үстінен биліктерін өткізе алмады. Өлімнен қайта тірілу – ең басты сынақ. Дәл осы сынақ Иса Мәсіхтің (ғ.с.) үлесіне тиді.
Жексенбі күні таңертең ол өлімді жеңіп шықты. Сол жексенбі күнгі жеңіс оныкі ғана емес, біздің бәріміздің жеңісіміз. Біз енді күнәлі ойлар мен теріс қылықтың құлы емеспіз. Фәләқ сүресінде келесі кешірімдер жазылған:
«Таңның Раббына сиынамын,» «Жаратқан нәрселерінің кесірінен,» «Қараңғылық басқан сәтте, түннің кесірінен,»
Фәләқ 113:1-3
Осы таң Иса Мәсіх (ғ.с.) айқышқа керілгенге дейін жүздеген жыл бұрын Тауратта жазылған алғашқы өнім мейрамының символикалық белгісі секілді екенін көреміз. Сол таңның Билеушісі бізді өлім түнегінен құтқарды.
Иса Мәсіх (ғ.с.) және Таурат діни мейрамдары
Осы соңғы аптадағы Иса Мәсіхтің (ғ.с.) әрбір жеті күніндегі әрекеттерін егжей-тегжейлі талдауды аяқтадық. Аптаның соңында Иса Мәсіх (ғ.с.) айқышқа шегеленіп өлтірілді, ол киелі күннің бір боп саналатын, яһудилердің құтқарылу мейрамы күні орын алды. Келесі сенбі күні пайғамбар қабірде тыныштықта болды. Ол киелі аптаның жетінші күні еді. Демалатын сенбі күнді Тауратта Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы өте ерте де белгіленген. Сол үзіндіні оқиық:
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: — Исраил халқына мынаны айт: Менің тағайындаған мейрамдарым төмендегідей. Оларды Маған, Жаратқан Иеге, бағышталған жиналыс күндері деп жариялаңдар! Аптаның алты күнінде еңбектеніп жұмыс істеулеріңе болады, ал жетінші күн — тынығатын демалыс және киелі жиналыс күні. Сол күні ешқандай жұмыс жасамаңдар! Барлық мекендеріңде бұл күн — Жаратқан Иеге бағышталған демалыс күні. Ал (демалыс күнінен басқа) Жаратқан Иенің жиналуға тағайындаған киелі мейрамдары мыналар, оларды жыл сайын белгіленген уақытында өздерің жариялаңдар! Жаратқан Иеге бағышталған Құтқарылу мейрамын бірінші айдың он төртінші күнінің кеш батқан кезінен бастаңдар .
Леуіліктер 23:1-5
Осы оқиғалардан 1500 жыл бұрын орнатылған екі киелі мейрам, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа шегеленген және қабірде тыныштық алған уақытымен таң қаларлықтай дәлме-дәл келіп отыр. Уақыт сызбасын қара. Неге дәл солай орын алды? Жауап бәрімізге де қатысты және ол біз күн сайын кездескенде айтатын сол сәлемдесуге тәуелді.
Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өмірінің соңғы аптасындағы оқиғалар мен Таураттың қасиетті мейрамдары арасындағы мағыналық сәйкестік таңқаларлық. Жоғарыда келтірілген үзіндіде тек бірінші екі мейрам туралы ғана айтылады. Келесі діни мейрам «алғашқы өнім мейрамы» деп аталады және Тауратта оны қалай өткізу туралы нақты ереже көрсетілген.
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деді: Исраил халқына мынаны тапсыр: Мен өздеріңе табыстағалы отырған осы елге еніп, егін өнімін жинайтын кездеріңде жинаған алғашқы егіннің бірінші бауын діни қызметкерге алып келіңдер. Жаратқан Ие оны мақұлдап қабылдау үшін діни қызметкер сол бауды Оның алдында демалыс күнінен кейінгі күні әрі-бері тербеп ұсынсын. Осы тартуларды Құдайыңның алдына алып келген күнге дейін (алғашқы өнімнен пісірілген) ешқандай нан, ешбір қуырылған не жаңадан піскен арпа жемеңдер! Бұл барлық мекендеріңде келер ұрпақтарыңа да тапсырылған тұрақты ереже болады
Леуліктер 23:9-11, 14
Құтқарылу мейрамы сенбіден кейін үшінші діни мейрам басталды. Әр жылы осы күні бас діни қызметкер киелі орынға көтеріліп, Тәңірдің алдына алғашқы өнімнің бауларын ұсынады. Ол «қыстың өлімін» символикалық көрінісі және халық молшылықта өмір сүру үшін жыл сайын солай істеп отырған.
Дәл сол мейрам Нисан айының 16 күні сенбілік өлімде болып тыныштықта болған, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімнен қайта тірілген күнімен сәйкес келді. Ол жаңа аптаның бірінші күні еді. Інжілде жазылғандай, діни қызметкер алғашқы өнім бауларын Құдайға арнап ұсынған сәтте таң қаларлық оқиға орын алды.
Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімнен қайта тірілді
Жексенбі күні әлгі әйелдер дайындаған иісмайларын алып, (басқа да әйелдермен бірге) таң сәріде қабірге барды. Сонда жеткенде олар үңгір аузындағы дәу қақпақ тастың домалатылып, былай қойылғанын көрді. Ішке кірген әйелдер Иеміз Исаның сүйегін таба алмады! Олар бұған аң-таң болып тұрғанда, киімдері найзағайдай жарқыраған екі ер адам кенеттен қастарына келіп, тұра қалды. Әйелдер үрейленіп, жерден көздерін алмай тұрғанда, әлгі екі кісі оларға үн қатып: «Тіріні өлілердің арасынан неге іздейсіңдер? Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті! Оның Ғалилеяда жүрген кезінде сендерге алдын ала айтқандарын естеріңе түсіріңдер: көктен келген Билеуші күнәкар адамдарға ұстап беріліп, айқышқа шегеленіп өлтірілуге, алайда үшінші күні қайта тірілуге тиіс екенін Өзі алдын ала білдірген еді ғой», — деді. Сонда Исаның айтқан сөздері олардың естеріне түсті. Қабірден қайтып келгенде олар бұл оқиғаны Оның он бір елшісі мен барлық басқа шәкірттеріне түгелдей хабарлады. Мұны елшілерге айтқан — мағдалалық Мәриям, Жоханна, Жақыптың шешесі Мәриям және олармен бірге болған басқа әйелдер еді. Бірақ елшілер бос сөз деп, олардың айтқандарына сенген жоқ. Ал Петір орнынан тұра сала қабірге жүгіріп барды. Ол үңгірдің ішіне еңкейіп қарағанда жерде жатқан кебінді ғана көрді де, болған оқиғаға таңғалып, қайта оралды.
Еммаусқа барар жолдағы ғажайып кездесу
Тап сол күні шәкірттердің екеуі Иерусалимнен он бір шақырымдай қашықтықтағы Еммаус деген ауылға бара жатып, осы оқиғалар туралы әңгімелесті. Олар өзара сөйлесіп, пікір алысып бара жатқанда, Исаның Өзі жақындап келіп, екеуіне қосылды. Бірақ олар Оны тани алмады. — Сендер не туралы әңгімелесіп (қайғыланып) келе жатырсыңдар? — деп сұрады Ол. Олар тұнжырап тұрып қалды. Клеопа есімді біреуі Оған: – Иерусалимге келген, бірақ осы күндері онда не болғанынан еш хабары жоқ жалғыз Сіз шығарсыз? — деді. Иса: — Не болған еді? — деп сұрады. Олар былай жауап берді: — Назареттік Исамен болған нәрсені айтамыз. Ол Құдай алдында да, бүкіл халық алдында да сөзімен де, ісімен де құдіретті Пайғамбар болды. Алайда біздің басты діни қызметкерлер мен рубасыларымыз Оны өлімге кестіру үшін ұстап беріп, айқышқа шегелетіп өлтіртті. Ал біз, Исраил елін Құтқарушы — Сол деп үміттенген едік. Бұған қоса, барлық осы оқиғалардың болғанына бүгін үшінші күн. Бірақ арамызда жүрген бірнеше әйел бізді қатты таңғалдырды: олар ертемен қабірге барып, Оның мәйітін таппапты! Қайтып келгенде сол әйелдер көздеріне періштелердің көрініп, өздеріне: «Ол тірі!» дегендерін айтып берді. Содан арамыздағы кейбір ер адамдар қабірге барып, оның әйелдер айтқандай бос екенін көріпті! Алайда олар Исаның Өзін көрген жоқ. — Сонда Ол: — Ей, түйсіксіз, жүрегі шеменденген шабандарым-ай! Пайғамбарлардың алдын ала айтқандарының бәріне шын жүректен сенбегенсіңдер! Мәсіх Өзінің салтанатты ұлылығына енуінен бұрын осындай азаптарды көруге тиіс емес пе еді?! — деп, оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді. Олар бара жатқан ауылға жақындағанда, Иса тоқтамай жүре беретін сыңай танытты. Бірақ екі шәкірт: — Бізбен бірге бола көріңіз! Күн кеш болды, көп ұзамай қараңғы түседі, — деп қадала өтінді. Сонда Ол үйге кіріп, екеуімен бірге қалды. Дастарқан басына бірге жайғасқан соң Иеміз Иса қолына нанды алып, шүкірлік етіп, үзіп берді. Сонда екі шәкірттің көздері ашылып, Оны таныды. Бірақ Ол кенеттен көздеріне көрінбей қалды. Олар біріне-бірі: «Ол жолшыбай бірге келе жатып, бізге Киелі жазбалардың мәнін ашып бергенде, жүректеріміз жалындап кеткен жоқ па еді?» — десті. Сол сәтте орындарынан тұрып, Иерусалимге қайтып, сонда жиналған он бір елшіні де, олардың қасындағы өзге сенушілерді де кездестірді. Олар: — Иеміз шынында да қайта тіріліп, Шимонға көрінді! — деді. Ал ана екеуі жолда не болғанын және дастарқан басында нанды үзген кезінде өздерінің Иеміз Исаны қалай танығандарын айтып берді.
Иерусалимдегі үлкен топпен кездесу
Екі шәкірт осыны айтып тұрғанда, Мәсіх Исаның Өзі жиналғандардың орталарына келіп, тұра қалды да, оларға: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді. Шәкірттері қатты абыржып қорқып, елес көріп тұрмыз деп ойлады. Бірақ Иеміз: «Неліктен абыржып тұрсыңдар? Көңілдеріңде неге сондай ой туады? Қол-аяғыма қараңдар: бұл — Менің Өзім. Маған қол тигізіп денемнің шынайы екеніне көз жеткізіңдер! Елестің еті мен сүйегі болмайды ғой», — деді де, оларға Өзінің қол-аяғын көрсетті. Шәкірттері қуаныштан әлі де сенбей таңырқап тұрғанда, Мәсіх: «Жейтін бір нәрселерің бар ма?» — деп сұрады. Олар қуырылған балықтан бір үзіп берді. Иса оны алып, көздерінше жеді.
Мәсіхтің шәкірттеріне Ұлы аманат және уәде беріп, көкке көтеріліп кетуі
Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп, Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты. Тағы сөзін жалғастырып: — Былай деп жазылған ғой: Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс. Оның атынан Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға да теріс жолдан қайтқан адамдардың күнәларын Құдай кешіреді деген Ізгі хабарды жариялау да қажет. Сендер осы жайттарды өз көздеріңмен көрген куәгерлерсіңдер. Міне, Мен Әкем уәде еткен Киелі Рухын сендерге жіберемін. Ол көктен түсіп, сендерді Өзінің құдіретіне бөлегенше Иерусалимде болыңдар!» — деді.
Лұқа 24:1-48
Иса Мәсіхтің (ғ.с.) жеңісі
«Алғашқы өнім мейрамы» күні Иса Мәсіх (ғ.с.) ұлы жеңіске жетті. Оның не достары, не жаулары – өлімнен қайта тірілу немесе өлімді жеңудің не екенін көз алдына елестете алмаған шығар. Інжілде былай делінген:
Бұл жүзеге асып, құритын нәрселер мәңгілік нәрселермен алмасқан шақта Пайғамбарлар жазбаларындағы мынадай уәделер орындалады: Өлім жеңіліп, біржола жоқ болады. Өлім, қайда сенің жеңісің? О дүние, қайда улы тісің? Өлім тудыратын «улы тіс» — күнә, ал күнә өз күшін заңнан алады .
1-ші Қорынтықтар 15:54-56
Бұл тек пайғамбарға ғана арналған жеңіс емес. Бұл бәрімізге де арналған ортақ жеңіс. Ол алғашқы өнім мейрамы кезінде символикалық орын алды. Үзіндіде былай делінген:
Алайда өлгендердің алғашқысы ретінде Мәсіх өлімнен біржола қайта тірілді! Бір адам арқылы өлім дүниеге келді, сол сияқты бір Адам арқылы өлгендер қайта тіріледі: яғни Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі. Барлығы өз кезегімен: алғашқысы ретінде Мәсіх тірілді. Ал кейін, Ол қайтып келгенде, Оның қарамағындағы адамдар да тіріледі. Мұнан соң бәрінің ақыры болады: Мәсіх қарсы тұратын күллі билік пен күш атаулыны жойып жіберіп, өз Патшалығын Құдай Әкесіне тапсырады. Құдай «барлық жауларын Оның табанының астына салып бергенше», Мәсіх билік жүргізуге тиіс. Жойылатын соңғы жау — өлім.
1-ші Қорынтықтар15:20-26
Біз өлімнен қайта тірілуге қатыса алатынымызға көзімізді жеткізу үшін, алғашқы өнім мейрамы тойланып жатқан дәл сол күні пайғамбар өлімнен қайта тірілді. Алғашқы өнім мейрамы жаңа өмірдің басталғанын көрсететіндей көктемнің соңғы күні ұлы орақ салуды күтетініміз секілді, Иса Мәсіх те (ғ.с.) өлімнен бірінші болып тірілді, ол Інжілде айтылғандай «оған қатысқанның» бәрі де сол қайта тірілуге ортақ болады. Таурат пен Құран жер бетіне өлім Адам ата арқылы келді дейді. Ал Інжілде дәл сол сияқты алғашқы өлімнен қайта тірілу Иса Мәсіх (ғ.с.) арқылы болды делінген. Ол жаңа өмірге қайта тірілудің алғашқысы және біз бәріміз соған қатысуға шақырылғанбыз.
Құтқарылу мейрамы: жексенбі күнгі қайта тірілу мейрамы
Біздің заманымызда Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімнен қайта тірілгенін Құтқарылу мейрамы ретінде тойланады, ал аптаның жетінші күні жексенбісі қайта тірілген күн ретінде саналады. Ал сол терминдер өте кейінгі уақытта пайда болды. Біздің қай сөзді пайдаланатынымыз маңызды емес. Маңыздысы пайғамбардың жүздеген жылдар бұрын Мұса пайғамбар (ғ.с.) заманында бекітілген дәл сол алғашқы өнім мейрамы кезінде өлімнен қайта тірілгені. Соның бәрі бізге де қатысты болғаны маңызды.
Уақыт сызбасында сол жексенбінің оқиғасы көрсетілген.
Ұлы жұма туралы сұраққа жауап
Жоғарыда келтіргеннің бәрі ұлы жұма күні туралы сұраққа жауап береді. Інжілде былай делінген:
Бірақ Исаның азапты өлім шеккені үшін Патша ретінде ғаламат салтанат пен құрметке бөленгенін көреміз. Ол біраз уақыт періштелерден төмен болып, Құдайдың рақымының арқасында күллі адамзат үшін жанын қиды .
Еврейлерге 2:9
Иса (ғ.с.) ұлы жұма күні өлімнің дәмін татты, ол оны біз үшін істеді. Сол жұма ұлы деп аталады, өйткені сол күні сіз бен бізге арналған тамаша керемет нәрсе жасалды. Пайғамбар алғашқы өнім мейрамы күні өлімнен қайта тірілді ол сол арқылы барлық адамға өмір сыйлады.
Құранға сәйкес Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімнен қайта тірілуі
Құранда Інжілдегідей егжей-тегжейлі баяндалмайды, солай болса да Иса (ғ.с.) қайта тірілгені туралы үш жерінде айтылады. Мәриям сүресінде былай делінген:
“Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады.”
Мәриям 19:33
Інжіл де Иса Мәсіхтің (ғ.с.) туылғаны, өлгені және өлімнен қайта тірілгенін баяндайды. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімнен қайта тірілуі – жаңа өмірдің «алғашқы өнімі» болғандықтан, пайғамбарға үміт артқан сіз бен бізге де сол өмір сыйға тартылады. Өлімнен қайта тірілген Иса Мәсіх (ғ.с.) келесі күні шәкірттерін кездестіргенде оларға былай сәлемдесті:
Сол жексенбі күнінің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққаннан есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!» — деп батасын берді. Осыны айтқаннан кейін Иса оларға екі қолы мен бүйірін көрсетті. Шәкірттері Иелері Мәсіхті көріп қатты қуанды. Иса оларға тағы да: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. — Әкемнің Өзімді осы дүниеге жібергені сияқты, Мен де сендерді адамдарға жіберемін». — Осылай дегеннен кейін Иса шәкірттерінің бетіне демін үрлеп: «Киелі Рухты қабыл алыңдар!.
Жохан 20:19-22
Әдеттегі мұсылмандардың «Ассалаумаликум» деп амандасуын біз қазір күнде пайдаланамыз, ал Иса Мәсіх (ғ.с.) барлық сенушілерге сыйлаған өзінің қайта тірілуімен байланыстырып сол кезде бәріне амандық пен тыныштық тіледі. Біз күнде амандасып осы сөзді пайдаланғанда, уәде етілген сыйлықты еске алып, бәрімізге берілген Киелі Рух туралы ойлағанымыз дұрыс.
Иса Мәсіхтің (ғ.с.) қайта тірілгені туралы ойлар
Өлімнен қайта тірілгеннен кейін Иса Мәсіх (ғ.с.) көп күндер бойы өзінің соңынан ерушілер мен шәкірттеріне көрініп жүрді. Әнжілде ол туралы жазылғандарды осы жерден қара. Шәкірттері оның тірілгенін естігенде бос сөз дегенін ескерейік.
оларға бос сөз сияқты көрінді
Лұқа. 24:10
Пайғамбарға оларға көп нәрсені түсіндіруге тура келді:
Оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді .
Лұқа 24:27
Тағы да:
Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп .
Лұқа 24:44
Құдайдың осы жоспары біздің өлімнен өмірге апаратын тура жол екеніне көзіміз анық жете ме? Болашақты тек Құдай ғана біледі. Сондықтан осы оқиғаларға дейін жүздеген жылдар бұрын, Таурат және Забур арқылы пайғамбарлар арқылы бізге алдын ала хабарлар жазылып қалдырылған. Сол нышан-белгілердің бәрі біз толық үмітпен сенімді болсын деп, Иса Мәсіх (ғ.с.) өмірінде толық орындалды.
Осылайша сіз өзіңіз үйренген осы ілімнің берік негізіне әбден көз жеткізе аласыз
Лұқа 1:4
Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімнен қайта тірілуі маңыздылығына үмітпен сенімді болуымыз үшін мына төрт сілтеме көмектеседі:
- Осы мақалада Тауратта жазылған Мұса (ғ.с.) Иса Мәсіх (ғ.с.) туралы нышан-белгіге арналады.
- Осы мақала пайғамбарлар мен жырлардағы нышан-белгілерге арналған. Осы екі мақала «Мәсіхтің өліп және үшінші күні өлімнен қайта тірілетіні» туралы киелі жазбалар куәлік келтіргені шын мәнінде орын алды ма деген сұрақты қарастырады.
- Осы мақала Иса Мәсіхтің (ғ.с.) біздің өлімнен қайта тірілетінімізге берген сыйын қалай алатынымызды түсіндіреді.
- Осы мақала Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа керілгеніне Құран көз қарасындағы түсініспеушілікті талқылайды.