Skip to content
Home » Рут пен Боғоз арасындағы махабат несімен еркше?

Рут пен Боғоз арасындағы махабат несімен еркше?

  • by

Махабат туралы ұлы оқиғаны еске алғанда, алдымен Мұхамбет (ғ.с.) мен Хадишаның немесе пайғамбардың сүйікті әйелі Айшаның немесе Али мен Фатиманың оқиғалары еске түседі. Ал фильмдер мен әдебиетті алсақ, Ромео мен Джулетта, Ару мен Құбыжық және Алладин киносындағы Али мен Жасмин, содан кейін мүмкін, Золушка мен Ханзада ойға оралар. Осы оқиғалардың бәрінде біздің сезімімізді оятып, жүрегімізді дір еткізетіндей автордың шығармашылық шеберлігін байқауға болады.  

Ал Рут пен Боғоздың арасындағы сүйіспеншілік, жоғарыда келтіргендерден айырмашылығы, ол ұзақ және қайырымдылыққа толы оқиға. Ол оқиға Рут пен Боғоздың алғаш кездескенінен бастап 3000 жыл өтіп кетсе де, әлі де біздің кейбіреуімізге сабақ бола алатын шығар.   

Мәун, Духа, Инширах және Мумтәхинә сүрелеріндегі Рут пен Боғоз жайлы жазылғандар

Рут пен Боғоздың сүйіспеншілік оқиғасы – ежелгі сүрелерде мағынасын жоғалтпаған суреттеулер. Рутқа мейіріммен қараған Боғоз, Мәун сүресінде келтірілген қатыгез еркекке қарама-қарсы тұлға.  

Міне сол жетімді қақпайлағанды, Міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды .

Мәун 107:2-3

  Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады.  

Мәун 107:7

Ал Руттың жағдайы Духа сүресіндегі кейіпкерге қатты ұқсайды: 

Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма? Сені кедей көріп, байытпады ма? Ендеше жетімді қорлама, Сұраушыны зекіме. Раббыңның нығметін білдір.

Духа 93:7-11

Руттың енесі Нағиманы уайымдағаны – Инширах сүресіндегі қағиданың анық көрінісі: 

  Көңіліңді ашпадық па? Жүгіңді түсірмедік пе? Сондай беліңді қайыстырған, Сенің абыройыңды көтермедік пе? Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар .

Инширах 94:1-6

  Боғоздың жер ауып келген Рутты бақылауы – Мумтәхинә сүресіндегі көріністі елестетеді: 

Әй мүміндер! Сендерге мүмін мұһажір әйелдер келсе, оларды сынаңдар. Олардың имандарын Алла жақсы біледі. Сонда егер олардың мүмін әйел екендігін білсеңдер, онда оларды кәпірлерге қайтармаңдар. Бұл әйелдер, оларға халал емес, олар да бұларға халал емес. Олардың бұл әйелдерге берген мәһерлерін өздеріне қайтарып беріңдер. Егер бұл әйелдердің мәһерлерін берсеңдер, оларды, некеленулеріңнің оқасы жоқ. Кәпір қатындарды некелеріңде ұстамаңдар. Кәпір қатындарға берген мәһерлеріңді сұраңдар. Кәпірлер де сендерге келген мүмін қатындарға берген мәһерлерін сұрасын. Бұл сендерге Алланың үкімі. Араларыңа үкім қылады. Алла толық білуші, хикмет иесі .

Мумтәхинә 60:10

Рут пен Боғоз қазіргі күндері

Олардың қарым-қатынас махабаттары тылсым күш сияқты немесе рухани тұлғалау тұсын бізге Жаратқан Ие Өзі ұсынады. Рут пен Боғоздың арасындағы жағдай, ауқатты еркек пен қорғансыз әйелдің қарым-қатынасы, біздің заманымызда да кездесетін әдеттегі оқиғаға ұқсайды. Осы қарым-қатынас ежелгі кездегі яһуди мен араб ұлты арасындағы неке сияқты болып, қалыпты отбасы үлгісі іспеттес. Қалай болғанда да Рут пен Боғоздың махабаты танысуға тұратын дүние. 

Киелі кітап құрамына Рут деген атпен  кірген осы кітап 2400 сөзден тұрады. Осы таңғаларлық оқиғаны сілтемеде көрсетілген жерден оқи аласыз. Ол оқиға шамамен б.з.д 1150 жылдары орын алған, яғни жазбада көрсетілген ең көне махабат оқиғасы. Сол оқиға негізінде бірнеше көркемфильм түсірілді.  

Рут пен Боғоз оқиғсы желісінде түсірілген фильм. 

Руттың махабат оқиғасы

Нағима күйеуі екеуі (екеуі де яһуди) аш қаламыз деп құрғақшылықтан қашып, Исраиль жерін тастап, Моабтықтардың (қазіргі Иордания) жеріне көшіп келеді. Ұлдары жергілікті ұлттың қыздарына үйленеді; көп ұзамай отбасыдағы барлық еркектер мезгілсіз қаайтыс болады да, Нағима екі келінімен жесір қалады. Нағима өз елі Исраилге қайтуға шешім шығарады, соңынан Рут есімді келіні қоса еріп келеді. Ұзақ сапар жүріп Нағима келінімен Бетлехем жеріне жетеді. Олардың өз жерлері де және қамқоршылары да жоқ еді, келіннің ұлты араб болатын.  

Рут пен Боғоздың кездесуі

Кіріссіз қалған Рут егін даласына барып, орақ өткен жерден масақ теруге кіріседі. Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Заңда ауылдың кедей тұрғындарына егін орағы кезінде масақ теруге рұқсат етілген. Рут ауқатты Боғоздың егіндік жеріне кездейсоқ тап болады. Ол Руттың жанталасып масақ іздеп жүргенін көргенде, жұмысшыларына ору барысында көбірек масақ қалдыруға пәрмен береді. Осы әрекетімен Боғоз Маун сүресіндегі қатыгез еркекке қарама-қайшы мінез құлқын көрсетеді. Ал Рут Духа сүресіндегідей өз қажетін еркін таба бастайды. 

uywc

Рут пен Боғоздың кездесуі туралы көпеген өнер туындылары бар. 

Қажетті астық жинап алу мақсатымен Рут күн сайын Боғоздың егіндік жеріне келеді. Боғоз оны өз қамқорлығына алып, жұмысшылары оны ренжітпеуін қадағалады. Рут пен Боғоз бір-біріне кет әрі болмағанмен, әр түрлі әлеуметтік жағдайы, жас айырмашылығы және әр ұлттықтары екеуіне де бірінші қадам жасауға кедергі болды. Сонда Руттың енесі Нағима женгетайлық рөлге еніп, келініне кешке Боғоздың жанына ұйықтауға кеңес береді. Боғоз ол әрекетті әйелдікке ұсыныс екенін түсініп, Рутқа үйленуге шешім шығарады. 

Әмеңгер-туысы

Бірақ, араларындағы жылт еткен махабат сезімнен басқа бір күрделі мәселе пайда болды. Нағима Боғоздың туысы болып келеді, ал Рут оның келіні болғандықтан, Боғоз бен Рутта неке жағынан туысқан болады. Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған заңға сәйкес әмеңгерлік жолмен Боғоз Рутқа үйленіп, оған қамқор болу міндеттеледі. Ол заңға сәйкес, Боғоз өз қаражытына Нағиманың жерін сатып алып, оған да қамқорлық көрсетуі тиіс. Бірақ сол некеге одан басқа кедергі бар еді, Нағиманың Боғоздан да жақын туысы болды, заң бойынша сол жерді сатып алуға және Рутқа үйленуге алдымен сол адам құқылы еді. Сондықтан Боғоз Рутқа үйлене ала ма, жоқ па басқа адам шешетін болды. Ақсақалдар алқасында ол адам ресми түрде өз құқынан бас тартты, өйткені олай болғанда ұрпағы өз атында болмас еді. Енді Боғоз бен Руттың үйленуіне ештеңе кедергі болмады. Нағима сонша жыл қиындықтан кейін, Шарх сүресінде айтылғандай тыныштықта болды. 

Боғоз бен Руттың ұрпағы

Олардың балалары дүниеге келді оның атын Ғабит деп қойды. Ғабит Есейдің әкесі, Дәуіт пайғмбар (ғ.с.) атасы болды. Ал Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) оның ұрпағынан Мәсіх келеді деп болжам айтылған. Одан кейінгі де пайғамбарлық сөздер іске асып, Рут пен Боғоз кездескен Бетлехем қаласында Мәсіх дүниеге келді. Олардың сол некесі қазіргі әлем боп тойлайтын Исаның туған күні мейрамының негізі болып саналады. Сол 3000 жыл бұрын бір шағын ауылда орын алған сүйіспеншілік оқиғасы, өте үлкен тарихи оқиғаның бастауы болып отыр. 

Сүйіспеншіліктің одан да үлкен өлшемі

Ауқатты да бай Боғоздың, арып-ашыған шетелдік Рутқа қамқор болып үйленгені, осы дүниедегі артынан қалмай танысуға ұмтылатын жиі көріністің бір бейнесі тәріздес. Қазіргі күнтізбеге қарап, сол тарихи махабаттың нәтижесі қандай болашаққа жетелегеніне куә болады. Сол Рут пен Боғоздың – махабат оқиғасы, бізге ұсынылып отырған, одан да маңызды әрі үлкен сүйіспеншілік негізі десе де болады. 

Киелі кітап біз жайлы не айтатыны туралы, Руттың оқиғасынан ұқсастық табуға болады.  

 Сол кезде Мен халықты Өзім үшін елге сеуіп отырғызып, «Рақым-көрмегенге» рақым көрсетіп, «Халқым-еместі» енді «Өз-халқым» деп атаймын. Ал халық Маған: «Менің Құдайымсың!» дейтін болады!» .

Ошия 2:23


 Көне келісімдік Ошия пайғамбар (ғ.с.) (б.з.д. 750 жыл) Құдайдың бізге ұсынған сүйіспеншіліктің бұзылғанын суреттеп отыр. Шетелдік Рут күтпеген жерден Боғо арқылы махабатын тауып алған сияқты, Жаратқан Ие де өзін лайықсыз сезінген жандарды Өз сүйіспеншілігіне бөлегісі келеді. Ол туралы Жаңа келісімдік Інжілде жазылған. 

Римдіктерге хат 9:25

Оның сүйіспеншілігі қалай көрінеді? Рут пен Боғоздың ұрпағы болып отырған, Иса Мәсіх (ғ.с.) Рутқа қамқор болған Боғоз сияқты, Ол да біздің қамқоршымыз. Иса Мәсіх (ғ.с.) Құдайдың алдындағы біздің күнәларымызды айқышқа шегеленіп, өз қанымен ақтап алды.

 Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды .

Тит 2:14

Боғоз әмеңгер туысы ретінде Рутты босату үшін өз қаражатын жұмсаса, сол сияқты біз үшін Өз өмірін қиған Иса Мәсіх (ғ.с.) те біздің құтқарушымыз болды. 

Неке құру үлгісі

Боғоз өз қалыңдығы үшін құн төлегені секілді Иса Мәсіх (ғ.с.) те біз үшін құн төлегені, қазіргі заманда неке құрудың жарқын үлгісі бола алады. Неке құру туралы Киелі кітапта былай жазылған: 

 Сендер Мәсіхті қастерлейтіндіктен, бір-біріңе мойынсұныңдар! Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар; өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің «басы». Мәсіх сенушілерді құтқарып алды, енді қауым — Оның рухани денесі. Қауымның Мәсіхке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнуға тиіс. Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды! Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды. Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын. Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді. Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды. Біздер Оның  рухани денесінің мүшелеріміз. «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады», — деп (Тауратта) жазылған. Осында терең сыр бар, мен мұны Мәсіхке және қауымға байланысты айтамын. Бірақ ол сендерге де қатысты: әрқайсың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті .

Ефестіктерге 5:21-33

Рут пен Боғоз шынайы махабат негізінде отбасы құрғаны секілді, Иса Мәсіх (ғ.с.) қауымды қалыңдығы сияқты қамқорлайды, осы құндылық негізі қазіргі заманда неке құрудың тамаша үлгісі.   

Біз тойға шақырылғандармыз

Барлық махабат туралы жақсы оқиға сияқты, Киелі кітап та үйлену тойымен айқталады. Боғоздың Рутқа үйлену үшін салған жолы сияқты, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) де Өз өлімі арқылы салған құтқару жолы біздің тойымызға жол салды. Ол бейнедегі емес нақты болатын той, оған шақырылғандар «Мәсіхтің» қалындығы секілді болмақ. Киелі кітапта былай делінген: 

  Шаттанып, қуанайық, Оның ұлылығын мадақтайық! «Тоқтының үйленетін уақыты» жетті. Оның қалыңдығы әзірленіп, дайын отыр .

Аян 19:7

Исаның (ғ.с.) біз үшін жасаған құрбандығын қабылдаған әркім, Оның «қалындығы» тәріздес болады. Осы көктегі одақ біздің әрқайсымызға қолжетімді. Киелі кітап біздің әрқайсымызды осы тойға шақырумен аяқталады:  

  Киелі Рух пен Қалыңдық: «Келе гөр!» — деп шақырады. Мұны естіген әркім де «Келе гөр!» десін. Жаны сусаған әркім сыйлық ретінде шынайы өмірдің суын қабылдасын!

Аян 22:17

  Рут пен Боғоздың сүйіспеншілігі бүгінгі таңда да маңызды мысал болып қала береді. Ол бізді сүйетін Құдаймен көктегі одағымыздың бейнесі тәріздес. Оның ұсынысын қабылдаған әркімді Құдай Өз қамқорына алады. Әдеттегі жағдай секілді некеге ұсыныс қабылдамас бұрын жақсылап ойлау керек. Ең басынан бастап, Адам ата оқиғасындағы Құдайдың жоспарын есіңізге түсіріңіз, содан кейін Ыбырайым пайғамбар сол жоспарды қалай біле алды, Мұса пайғамбар оны бізге қай ісімен көрсете алды. Осының бәрі Құдайдың ұлы жоспары екеніне біздің көзіміз анық жету үшін осы оқиғалар болды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *