Өткен мақалада біз Адам ата мен Хауа ана нышандарын қарастырдық. Олардың екі ұлдары бар еді, бірақ олар бір-бірімен өш болды. Осы өшпенділік әлемдегі алғашқы кісі өлтірумен аяқталды. Бізге берілген нышан-белгіні жақсырақ түсіне алуымыз үшін, осы бір Киелі кітаптық әңгімені жан-жақты талқылап қарастырайық. Ол үшін аталмыш оқиғаны тағы бір мұқият оқып шығайық. (Үзіндіні басқа терезеден ашу үшін, осы жерді басыңыз).
Қабыл мен Әбіл. Екі ұл екі түрлі құрбандық.
Тауратта Адам ата мен Хауа ананың ұлдары Қабыл мен Әбіл туралы жазып қалдырылған. Құранда олардың есімдері берілмеген, бірақ мұсылмандық дәстүрде Қабыл және Абыл деп аталады. Бірде олар Аллаға құрбандықтарын ұсынады, алайда Жаратушы тек Әбілдің құрбандығын қабылдайды да, Қабылдың құрбандығын қабылдаудан бас тартады. Қызғаныштан күйінген Қабыл өз бауырын ұрып өлтіреді, бірақ өзінің масқара қылмысын Алладан жасыра алмады. Осы оқиға барысында мынадай маңызды сұрақ шығады: Алла Тағалаға Әбілдің құрбандығы ұнады, ал Қабылдың құрбандығы неге ұнамай қалды? Көп адамдар мұның себебі ағайындылар арасындағы айырмашылықта деп пайымдайды. Бірақ, үзіндіні мұқият оқу арқылы біз басқа қорытындыға келеміз. Тауратта бұл жағдай былай түсіндіріледі: айырмашылық ағайынды жігіттерде емес, ұсынған құрбандықтарында болды. Қабыл құрбандыққа «жерден жинап алған өнімінен» (яғни көкөніс, жемістер) әкелді, ал Әбіл құрбандыққа «малының алғашқы төлдерінен әкеліп, құрбандыққа шалып, олардың майлы бөліктерін де тарту етті». Әбіл құрбандыққа өз отарынан қозы немесе лақ әкеп ұсынды.
Бұл жерде Адам ата нышанынан қызықты параллель шығып тұр. Адам ата өзінің жалаңаш тәнін ағаш жапырақтарымен жабуға тырысты, алайда, оның жеткіліксіз болғаны біздің есімізде. Сонда Құдай оның жалаңаш тәнін жабу үшін жануарларды құрбан етті (яғни өлтірілді), терілерін пайдаланды және сол терілер тәнді жабуға жеткілікті болды. Жапырақта, көкөністе және жемістерде қан болмайды; оларда адам немесе жануарлардағы сияқты өмір жоқ. Адам атаға жалаңаш денесін жабуға жапырақ жеткіліксіз болғаны сияқты, Қабылдың құрбандығына да риза болмады, өйткені оларда қан жоқ еді. Әбіл өз отарының алғашқы төлінен қоңды да семіз құрбандық ұсынды. Осы құрбандық төлдің қаны төгіліп, артынан күнмен кеуіп кетті, сол сияқты Адам ата мен Хауа ананың тәндерін жабуға арналған жануарлардың да қандары төгілді.
Бұл нышан-белгіні мен бала кезімнен естіп келе жатқан сөз тіркесімен қорытындылауға болады: «Тозаққа апаратын жол жақсы ниетпен жасалған». Және бұл Қабылдың әрекетіне толық сәйкес келіп тұр. Иә, ол Аллаға сенді және өз сенімін құрбандық ұсынумен дәлелдегісі келді. Бірақ Алла оның құрбандығын да және өзін де қабылдағысы келмеді. Неге? Себебі оның көзқарасы дұрыс болмады ма? Басында оның көзқарасы жаман емес еді ғой. Мүмкін оның ниеті тіпті де жақсы болған шығар. Жұмбақтың кілті – әкесі Адам атаның нышанында жатыр. Алла Адам ата мен Хауа анаға үкім шығарысымен олар өлетін болды. Олардың күнәларының құны өлім еді. Дәл сол үшін – олардың тәндерін жабуға тері нышанын ұсынды. Әрине сол құрбандық жануарлар өлуі тиіс боды. Жануарлар өлтірілгенде олардың қаны ағып, күнмен кепті, сөйтіп Адам ата мен Хауа ананың масқаралары жабылды. Енді ұлдарына оралайық: ұсынылған құрбандықтарда тек Әбілдің құрбандығы (отарының алғашқы жақсы төлдерінің бірі) өлімге душар болып, қаны төгілді. Ал Қабылдың ұсынған жер өнімдері тірі емес еді және оларда төгілетін қан да болмады.
Бізге арналған белгі: төгіліп және кепкен қан.
Құдай бұл жерде бізге сабақ беріп тұр. Біздің Онымен жақын болу дәрежеміз бізбен анықталмайды. Ол Өзі стандарт тағайындайды, ал онымен жүру немесе жүрмеуді біз шешеміз. Ол стандарт – өліп және өз қанын төгетін құрбандық. Егер маған салса, менің жеке қорымды қанағаттандыратындай мен кез келген басқа талапты таңдар едім. Мен Құдайға, өз уақытым, күшім, ақшам, мінажатым және адалдығымды ұсынар едім, тек өмірімді емес. Бірақ Алла Тағала қан төгілетін құрбандық талап етіп отыр. Оған басқа сыйлық керек емес. Ары қарайғы пайғамбарлық нышандар осы құрбандықтардың қалай жалғасын тапқаны туралы қызық заңдылықты көрсетеді.