Менің мұсылман достарым көп. Мен де Аллаға сеніп, Інжілді ұстанатын сенуші болғандықтан, олармен сенім туралы және өз көзқарасым жайлы жиі сөйлесіп тұрамыз. Кейбір мағынада біздің арамызда ортақ дүниелеріміз жетерлік. Солай болса да, Інжіл (сондай-ақ Киелі кітапты құрайтын Забур мен Таурат) бізге дейін бұрмаланып немесе өзгертіліп жеткен дегенді үнемі естимін. Біз бүгінгі таңда, алғашқыда Құдай Рухымен шабыттанып, пайғамбарлар және Алланың шәкірттерімен жазылғаннан бұрмаланып, өзгерген Киелі кітап мәтіндерін оқып жүрміз-мыс. Бұл мәлімдемелер ойланатын нәрсе, өйткені біз бүгін оқып жүрген Киелі кітап бізге жеткенге дейін бұрмаланса, онда оған сене алмаймыз ғой. Және ол бізге Алланың ақиқатын аша алмайды. Мен Киелі кітапты да сонымен бірге қасиетті Құранды да мұқият оқып зерттеп жүрмін. Жуықта мен Суннаны оқып бастадым. Мені таңқалдырған дүние, Киелі кітапқа қазіргі замандағыдай қарсы пікірді мен Құраннан кездестіре алмадым. Одан да зоры, сол Құран Киелі кітаптың беделін өте жоғары бағалап отыр. Нақты аяттар келтірейін.
Құранда Киелі кітап туралы былай делінген
“Әй Кітап иелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!” Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме (Мәида 5:68).
Сондай-ақ Нисан 4:136 қара)
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған түсіргенімізден күдіктенсең, сенен бұрынғы Кітап оқығандардан сұра. Расында саған Раббыңнан ақиқат келді. Сондықтан күдіктенушілерден болма .
Юнус 10:94
Осы аяттарда «Кітап иелеріне» (мәсіхшілер мен яһудилерге) аян – Алланың Өзінен келгені жазылған. Менің достарым бұл аяттар түпнұсқаға негізделген, қазіргі мәтіндер өзгеріске ұшырағандықтан, біз осы аяттарды қазіргі Киелі кітапқа арналды деп айта алмаймыз дейді. Бірақ екінші аятта «Жазбаны сенен бұрын бастап оқыған» – делінген ғой. Бұл жерде әңгіме түпнұсқа жайлы емес, Құран пайда болған кездегі Киелі кітап туралы сияқты. Құран Мұхамбед пайғамбарға (ғ.с.) б.з. 600 жылдары түсірілді. Үзіндіде Киелі кітап б.з. 600 жылдары бар болғаны анық көрсетілген. Осыған куә ретінде басқа да үзінділерді келтіруге болады. Төмендегілерді оқып көріңіз:
(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана өзіне елші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен сұраңдар .
Нахл 16:43
Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар .
Әнбия 21:7
Бұл жерде Мұхамбед пайғамбарға (ғ.с.) дейін өмір сүргендер туралы айтылып жатса керек. Қызығы сол б.з. 600 жылдары Құдайдың жіберген еркектері (пайғамбарлары) бар екенін еске салып отыр. Басқаша айтқанда Алладан шыққан түпнұсқалық мәтіндер, Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) заманында бұрмаланбаған.
Қасиетті Құран Алланың Сөзі өзгермейтінін айтады
Құран Киелі кітаптың бұрмаланбағаны немесе өзгеріске түсу мүмкіндігі туралы қатал ескертіп жоққа шығарады. Мәида 5:68 аят не туралы айтылғанын ұмытпаңдар (Заң… Інжіл – Жаратқан Иемен жіберілген аяндар). Ойланып көріңіздер:
Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да жасынға шығарылған еді. Сонда олар жалғаншы саналғандықтарына және көрген жапаларына жәрдеміміз келгенге дейін сабыр еткен болатын. Алланың сөздерін өзгертуші жоқ. Расында саған пайғамбарлардың қиссаларынан келді.
Ән’Нам 6:34
Раббыңның сөзі (Құран) шындық әрі туралықпен тамамдалған. Оның, сөздерін өзгертуші жоқ. Ол, толық естуші, аса білуші .
Ән’Нам 6:115
Оларға дүние тіршілігінде де ақыретте де қуаныш бар. Алланың сөздерінде өзгеріс жоқ. Міне ірі қол жетушілік осы.
Юнус 10:64
Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың .
Кәһф 18:27
Егер біз Мұхамбет пайғамбарға (ғ.с.) Алладан келген аяндарды (Мәида 5:68-69) қабылдасақ және олар бірінен кейін бірі Жаратушының сөздерін ешкім өзгерте алмайды деп тұжырымдаса, онда Таурат, Забур және Інжіл кітаптары (яғни Киелі кітап) адамдармен өзгеріске ұшырады деп қалай айта аламыз? Бұл дегеніміз, Құранның сөздерін жоққа шығарумен бірдей болады.
Құранның өзі әр түрлі аяндарды жікке бөліп (бір аян басқасына қарағанда тура келіп тұр) қарайтын кең тараған нанымдарға қайшы.
Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұп (ғ.с.) тарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса (ғ.с.) ға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (Бәріне де сенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер (Бақара 2:136).
Сондай-ақ 2:285 қара
Сондықтан біз аяндар арасындағы өзгешеліктерді іздемеуіміз керек. Бұл аяндарды зерттеуге де қатысты. Барлық киелі кітаптарды зерттеу қажет. Мен мәсіхшілерге Құранды, мұсылмандарға Киелі кітапты оқуға кеңес беремін.
Бұл кітаптарды зерттеп оқу уақыт пен ерлікті талап етеді. Сонымен бірге көптеген сұрақтар да туындайды. Бұл дегеніміз жердегі өміріміздегі уақытымызды – пайғамбарлар кітабын зерттеу үшін жұмсауға арналған ең тамаша әдіс! Ал маған салсақ, мен уақытымның көп бөлігін киелі жазбаларды зерттеуге жұмсадым және менде өте көп сұрақтар туындады. Дегенмен, осы үрдіс нәтижесінде, көп пайдалы нәрсе таптым және Алланың батасын өз бойымда сезініп жүрмін. Осы төменде берілген веб-сайтта көрсетілген мақалалар мен сабақтарды оқып танысуды жалғастыратындарыңызға үлкен үміт артамын. Таурат, Забур және Інжіл (Киелі кітап) туралы Мұхамбед пайғамбар (ғ.с.) және хадистер не дегенінен бастап оқыған жөн шығар. Осы мақалаларға берілген сілтемелер. Көне кітаптар тұтасымен ғылыми аспекті ретінде қалай бағаланатыны сізді қызықтырса және Киелі кітап бұрмаланған деген көзқарасқа ғылыми баға бергіңіз келсе, онда осы мақаланы оқыңыз.