Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ол Ыбрам деп те аталады. Бір Құдай (монотеистік) деп сиынатын үш дін – иудаизм, мәсіхшілік және ислам – оны киеліліктік үлгісі ретінде қарастырады. Қазіргі арабтар мен еврейлер өздерін Ыбырайым, Ысқақ және Ысмағұлдың ұрпағымыз деп санайды. Ол сонымен бірге пайғамбарлар арасында да ерекшеленеді, өйткені онымен байланысты берілген нышан-белгі кейінгі пайғамбарлық сөздердің негізін қалады. Пайғамбарлар арасында сондай ерекше орын алатындай, ол нені иеленді, не істеді және не білді? Осы сұраққа жауап беру өте маңызды. Бірнеше бөліктен тұратын Ыбырайым (ғ.с.) нышан-белгісін қарастырайық. Құран мен Тауратта берілген алғашқы нышан-белгіні оқи алу үшін осы жерді басыңыз.
Бұл аяттан біз Ыбырайым (ғ.с.) көптеген халықтардың атасы болатынын көреміз. Кейін осы халықтар «Ұлы Патшалықты» иеленеді. Алайда «көптеген халықтардың әкесі» болу үшін жоқ деген де бір ұлы болуы керек. Ал жерде мекенің болмаса, «ұлы Патшалықты» иелену мүмкін емес.
Ыбырайым пайғамбарға (ғ.с.) берілген уәде
Таураттың осы үзінділерінде біз Алланың Ыбырайым пайғамбарға (ғ.с.) – «халықтар» және «ұлы патшалық» туралы берген уәделерін қалай іске асырғысы келетіні жайлы оқи аламыз (Жаратылыстың басталуы 12:1-7). Алла оған болашақта орындалатын және бәрінің негізі болатын уәде береді. Осыларды зер сала мұқият қарастырайық. Алла Ыбырайымға былай дейді:
«Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын,
Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын.
Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады.
Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын»
Ыбырайымның ұлылығы
Мен өмір сүретін Батыстағы көптеген адамдар, Құдайдың барына күдікпен қарайды, сондықтан олар: «Құдай шынымен Өзін Тауратта ашты ма?» – деген сұрақтар қояды. Міне біздің алдымызда ішінара тексеруге болатын кейбір уәделер. Алла Өз уәдесінің соңында Ыбырайым пайғамбарға (ғ.с.) «сенің атыңды шығарамын» дейді. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан бүгінгі таңда, Ыбырайым (Аврам, Ибрахим) – тарихтағы құрметті есімдердің бірі. Алланың уәдесі тура мағынада да және тарихи мағынада да толық орындалып тұр. Біздің қолымызда бар Таураттың ең көне көшірмесі, б.з.д. 200-100 жылдары Өлі теңіздің маңында орама жазба ретінде табылған. («Таурат, Забур және Інжіл өзгеріске ұшырамағанына Сунна куәлік келтіре ме?» – атты менің мақаламды қара). Бұл қолжазба Ыбырайым өмір сүрген сол заманның өзінде оған берілген уәденің жазбасы бар болғанына дәлел. Дегенмен сол заманда Тауратты оқи алатын яһудилерден басқа Ыбырайым есімі ешкімге танымал бола қоймады. Осы уәде жазылған кезден бастап, қаншама уақыт өткеннен кейін ғана, яғни бүгінгі күндері осы аттың қаншалықты танымал болып кеткеніне біз куә болып отырмыз.
Сөйтіп, Ыбырайымға берілген бірінші уәде тіпті сенбеушілер үшін де, осылай орындалды. Енді Алла берген екінші уәденің де орындалатынына біз кәміл сенімдіміз. Талқылаумызды жалғастырайық.
Бәрімізге берілген бата
Бұл жерде тағы да «ұлы халық» және Ыбырайымға берілген «бата» тұр. Бірақ осы жерде тағы бір нәрсе бар: бата тек Ыбырайымға ғана берілмеген. Үзіндіде «Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады» (Ыбырайым арқылы) – делінген. Осының өзі сіз бен бізге қатысты, сондықтан да бұған аса мән беріп қараған дұрыс. Өйткені сіз бен біз жер бетіндегі ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайы, тұрған жері немесе тіліне қарамастан сол «барлық халықтың» біріміз ғой. Сол уәде қазір өмір сүріп жатқан барлық адамдарға арналған! Біз дініміздің, тіліміздің, ұлтымыздың әр түрлілігіне байланысты жиі-жиі бір-бірімізбен келісе алмай жатамыз, ал Құдайдың уәдесінің орындалуына осы жағдайлардың ешқайсысы да кедергі бола алмайды. Қалай? Қашан? Қандай бата? Біз құпия аянмен айналысамыз. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) нышан-белгісі арқылы, арасында сіз бен біз де бар, яғни бәріміз уәде алдық. Уәденің бірінші бөлігі толық орындалғанына көзіміз жеткендіктен, бізге арналған уәденің екінші бөлігінің еш күмәнсіз, мүлтіксіз орындалатыны да анық. Ендігі жерде бізге соны түсіне алатын кілт табуымыз керек.
Қараңызшы: Ыбырайым өзіне арналған уәде алғанда, ол Алланы тыңдады және …
«Сондықтан Ыбырам Жаратқан Иенің айтуымен жолға шықты» (4 аят).
Уәде етілген жерге жеткенге дейін оның сапары қанша уақытқа созылды? Картаға қарайық. Алдымен ол Ур қаласында өмір сүрді (қазіргі Ирак мемлекетінде орналасқан), содан кейін Харанға жетті (Ирактың солтүстігінде). Содан соң Ыбырайым сол заманда Қанахан деген атпен әйгілі болған, елге жетті. Көріп отырғаныңыздай, оның сапары өте ұзақ болды. Ол түйе, жылқы немесе есекпен сапарлаған шығар. Сондықтан діттеген жеріне жету үшін ол айлап жол жүруі мүмкін. Ыбырайым, өзінің туып өскен жері (сол замандарда өркениет отаны болған) Месопотамиді, туыстары мен жақындарын, қауіпсіздігін және үйренген ортасын тастап, белгісіз бір жерге сапарға аттанды. Тауратта сол кезде оның жасы 75-те деп жазылған.
Өзінің алдындағы пайғамбарлар секілді ол да құрбандық шалды.
Сондай-ақ Тауратта Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) Қанаханға жетті делінген, ол:
«Ыбырам сол жерде өзіне аян берген Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды».
7 аят
Құрбандық ұсынатын орын – Қабыл және Нұх пайғабар (ғ.с.) Алла Тағалаға құрбандық шалғаны секілді, Ыбырайымның да құрбандық шалатын орны. Ол пайғамбарлардың Аллаға қалай құлшылық еткенін білеміз.
Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) қартайған шағы болса да Жаратқан Иеге мойынсұну үшін өзіндегі бар дүниесін құрбан етті. Осы істері арқылы, өзіне аян беріп және ол арқылы барлық ұлттарға батам қонады деп уәде еткен Алланың еркіне тағдырын сеніп тапсырып отыр. Міне сондықтан да ол біз үшін өте маңызды. Алайда нышан-белгі мұнымен бітпейді. Келесі мақалада біз Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) Екінші нышан-белгісін қарастырамыз.