Естеріңізде болса, Мұса пайғамбардың (ғ.с.) бірінші нышан-белгісінде (Құтқарылу мейрамы), есік жақтауы мен босағаларына тоқтының қаны жағылмаған үйдің тұңғыш ұлдары өлтіріледі деген Алла Тағаланың хабары айтылған еді. Ескертуді менсінбеген Перғауын ұлынан айырылады, содан кейін Мұса пайғамбар (ғ.с.) исраил халқын Мысырдан алып шықты, ал халықтың соңынан қуған Перғауын Қызыл теңізге батып кетті.
Алайда, халықты алып шыққандағы Мұса пайғамбардың (ғ.с.) мақсаты, оларды тек Мысырдан алып шығу емес еді, сонымен бірге оларға – Шариғат яғни Құдай заңымен өмір сүруді үйрету болатын.
Аʼәла сүресінде Алламен жаратылған әлем, табиғат заңына қалай бағынатынын біздің есімізге салып тұр:
Ұлы Раббыңның атын дәріпте. (1)
Ол сондай Алла; жаратып, толықтаған, (2)
Ол сондай Алла, шамалап оңғарған. (3)
Ол сондай Алла, жайылысты жаратқан. (4)
Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған. (5).
Аʼәла 87:1-5
Сол сияқты Алла адамдар да Әдептілік Заңымен жүргенін қалайды. Біршама уақыт өткеннен кейін Мұса пайғамбар (ғ.с.) және исраил халқы Синай тауының етегіне жетеді. Мұса пайғамбар (ғ.с.) Құдайдың заңы Шариғатты қабылдап алу үшін, таудың басына шығып сол жерде 40 күн болады. Ол жайлы Бақара сүресі мен аль-Араф сүрелерінде айтылған:
Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып: “Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар” деген едік .
Бақар 2:63
Мұса (Ғ.С.) ға отыз түн уәде еттік те оған онды қосып, сөйтіп Раббының белгілі уақыты қырық кешке толды. Мұса (Ғ.С.) туысы һарұнға: «Елімнің ішінде орынбасарым бол. Түзелт те бұзақылардың жолына ерме» деді .
Араф 7:142
Мұса пайғамбарға (ғ.с.) берілген ол қандай заң? Заңның толық мәтіні өте үлкен (харам мен халал және рұқсат пен тыйымнан тұратын 613 өсиет пен үкімдерді құрайды). Осы өсиеттердің көп бөлігі Тауратта берілген. Бірақ, алдымен Мұса пайғамбар (ғ.с.), тасқа қашалып жазылған бірнеше нақты өсиет қана қабылдады. Ол Он өсиет деп аталады және барлық Заң үкімдерінің негізін қалайды. Он өсиет Заң – өзегін, яғни ең қажетті минимумынан тұрады. Ол туралы Араф сүресінде былай делінген:
Мұса (Ғ.С.) ға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған, бұзақылардың жұртын көрсетемін?»
Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары.
Араф 7:146
Он өсиет
Сөйтіп, Құран Кәрімдегі Араф сүрелерінде айтылғандай, Он өсиет Алланың нышан-белгісі ретінде, тас бетіне қашалып жазылған. Ол не қылған өсиеттер? Мысырдан көшіп шығу кітабында жазылған Он өсиетті толығымен келтірейік. Мұса пайғамбар (ғ.с.) оларды тас бетіне қашалған жерінен көшіріп алды. (Мен тек реттік нөмірлерін ғана қойып шықтым).
Сол кезде Құдай (халыққа арнап) мына сөздердің бәрін айтты:
Мысырдан көшіп шығу 20:1-18
«Мен сені құлдықта жүрген Мысыр елінен алып шыққан Құдайың — Жаратқан Иемін.
1)Сенің Менен басқа ешқандай тәңірлерің болмасын!
2)Аспанда, жерде не суда бар нәрселердің ешқайсысынан өзіңе тәңір бейнелерін жасама!
3)Сондайларға бас иіп табынып, құлшылық етпе! Мен сенің Құдай Иеңмін, Өзімнен басқа тәңірлеріңнің болуына еш төзбеймін. Мені менсінбейтіндерді немерелері мен шөберелеріне дейін жазалаймын,
ал Өзімді сүйіп, өсиеттерімді ұстанғандарға тіпті мыңыншы ұрпағына дейін рақымымды төгемін.
4) Құдай Иеңнің атын орынсыз аузыңа алма! Жаратқан Ие Өзінің атын орынсыз қолданғандарды жазасыз қалдырмайды.
5)Демалыс күнін Тәңір Иеге бағыштауды есіңде сақтайтын бол!
Алты күн еңбектеніп барлық жұмыстарыңды істей бер,
ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер!
Себебі алты күн ішінде Жаратқан Ие аспан, жер және теңізді әрі олардағы күллі нәрселерді жаратып, жетінші күні демалды. Сондықтан Ол демалыс күніне оң батасын беріп, оны Өзіне бағыштап қасиетті деп белгіледі.
6)Ата-анаңды сыйла! Құдайың Жаратқан Ие өзіңе табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе.
7)Кісі өлтірме!
8(Неке адалдығын бұзба!
9)Ұрлық жасама!
10)Ешкімді бекерге айыптама!
Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба! Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне, не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!»
Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Содан олар зәрелері ұша дірілдеп кетті.
Зайырлы елдерде өмір сүріп жатқан біздер, өсиет туралы айтылып жатқанын жиі естен шығарып аламыз. Бұл жақсылық жайлы кеңес емес. Бұл ұсыныстар да емес. Дауласуға болатын жағдай да емес. Бұл мойынсұнып орындауға арналған өсиеттер. Шариғат заңы осындай. Киелі Құдайды көргенде халықты үрей биледі.
Мойынсұну өлшемі
Хашр сүресінде Он өсиеттің түсуін Құранның түсуімен жанама байланыстырады. Құраннан өзгеше жері, Он өсиет Мұса пайғамбарға (ғ.с.) түтінге оранып, найзағай жарқылдап, күн күркіреп тұрған тауда түсті.
Егер осы Құранды бір тауға түсірсек еді, Алладан қорыққандығынан үрейленіп, быт-шыт болғанын көрер едің. Бұл мысалдарды адам баласы түсінсін деп, келтіреміз. Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Көместі де, көрнеуді де біледі. Сондай-ақ Ол, тым есіркеуші, ерекше мейірімді .
Хашр 59:21-22
Сонда да бір сұрақ жауапсыз қалды. Олар қанша өсиетті орындауға тиіс болды? Келесі аят Он өсиет түскенге дейін келтірілген:
Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті. Сонда Мұса Құдайдың алдына баруға тауға көтерілді. Жаратқан Ие оған тау басынан былай деп тіл қатты: — Жақыптың әулеті — Исраил халқына мынаны жеткіз: «Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер. Сондықтан, егер айтқандарыма құлақ асып, Менің Келісімімді сақтап жүрсеңдер, барлық халықтардың ішінде сендер Менің ерекше құнды меншігім боласыңдар.… .
Мысырдан көшіп шығу 19:2-5
Ал мына аят он өсиеттен кейін бірден жазылған:
Содан кейін ол Келісім кітабын алып, халыққа дауыстап оқып берді. Олар: — Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін орындап, мойынсұнатын боламыз, — деп жауап қайырды .
Мысырдан көшіп шығу 24:7
Таураттың соңғы кітабында (олар бес кітап) Мұса пайғамбар (ғ.с.) Заңды орындау үшін былай деп жазып қалдырған:
Жаратқан Ие әрқашан игілікті де аман-есен өмір сүруіміз үшін бізге осы жарлықтардың бәрін орындап, Өзін, біздің Құдайымыз Жаратқан Иені, терең қастерлеуді өсиеттейді. Соның арқасында қазір аман-есен өмір сүріп жатырмыз да. Құдай Иеміз бізге тапсырғандай осы өсиеттердің бәрін Оның алдында орындауға қырағы болсақ, онда біз әділ болып табыламыз» .
Заңды қайталау 6:24-25
Әділдікті иелену
Осы жерде тағы да «әділдік» деген сөз шығып тұр. Бұл өте маңызды сөз. Алла Тағала Адам ата ұрпағы яғни бізге арнап айтқан осы сөзі, алғаш рет Адам ата нышан-белгісінде кездесті:
Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік-бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер.
Араф 7:26
Одан кейін біз ол сөзді Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) екінші нышан-белгісінде көрдік. Ол жерде Құдай Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұл берем деп уәде еткенде және пайғамбар Иемізге сеніп артқанда кездесті. Онда былай делінген:
«Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады» .
Жарат. баст. 15:6
(Әділдік туралы толық түсіндірме Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) екінші нышан-белгісінде келтірілген).
Көріп отырғанымыздай, Заң бізге әділдікке ие болу үшін былай делінген жаңа әдісті ашып тұр:
«Құдай Иеміз бізге тапсырғандай осы өсиеттердің бәрін Оның алдында орындауға қырағы болсақ, онда біз әділ болып табыламыз» .
Заңды қайталау 6:25
Әділдіктің талабын орындау өте қиын. Адам, «Осы өсиеттің бәрін орындауға тырысу керек» – деп айтылған, тек сонда ғана әділдікке ие болмақ. Бұл бізді қайтадан Адам ата нышан-белгісіне қайтарады. Жаратқан Ие Адам атаға үкім шығарып, бейіш бағынан қуып шығу үшін, Адам тарапынан бір ғана мойынсұнбау жеткілікті болды. Алла Тағала Адам атаның өсиетті бірнеше рет бұзғанын күтіп қарап отырмады. Дәл осы нәрсені Лұттың нышан-белгісіндегі сияқты Лұттың әйелінен де көруге болады. Осы секілді талаптардың барлық маңыздылығын түсіну үшін, Заңға мойынсұну маңыздылығын анықтайтын Таураттан бірқатар аяттар келтірейін.
Бұның бәрі не туралы деп ойланып көрейік. Мен университетте оқып жүрген кезімде бір профессор бізге бірнеше сұрақтар жиынтығын (мысалы 25) берді, бірақ бізге соның ішінен өз таңдауымызда, бірнешеуіне ғана жауап беруімізді талап етті. Мысалы 25-тің 20-на деген сияқты. Егер де бір сұрақ өте қиын боп жатса, онда оны өткізіп жіберіп басқасына жауап беруге болатын. Ал басқа адам үшін бәрі өзгеше болуы мүмкін. Бірақ, 25 сұрақтың тек 20-на ғана жауап беру талап етілетін. Профессор біздің тапсырмамызды жеңілдетуге тырысатын.
Көп адамдар Он өсиетті де сондай көзқараспен қабылдайды. Олар, Алла Тағала осы Он өсиетті бергенде: «Өз қалауларыңа сай, тек бесеуін орындап жүрсең болады» – деп айтқан сияқты қарайды. Алайда мүлде олай емес. Өздеріңе ұнағандарды ғана емес, Жаратқан Ие БАРЛЫҚ өсиетті орындау үшін берді. Барлық өсиетті орындап жүргенде ғана Заң олардың әділдігін анықтайды.
Бірақ, кейбір адамдар Заңға неге немқұрайлы қарайды? Өйткені Заңды орындап жүру өте қиын, себебі оны бір күн ғана емес, өмір бойы сақтау керек. Өзімізді-өзіміз алдап, өлшем бірлікті төмендетіп алау әрине оңай нәрсе. Өсиеттерді тағы бір оқып шығып, мына сұраққа жауап беріп көріңізші: «Мен осының бәрін орындай аламын ба? Бәрін толық. Күнде. Міндетті түрде». Бұл өте маңызды, өйткені Он өсиетті әлі ешкім жойған жоқ. Алла Тағала оны өзгертпеді және Мұса пайғамбардан (ғ.с.) бастап, Иса Мәсіх пен Мұхамбет пайғамбар заманына дейін де жалғасын табуда (Осы жерді қара). Сонымен осы өсиеттер, мысалы пұтқа табынба, жалғыз Жартқанға ғана сиын, неке адалдығын бұзба, ұрлық істеме, кісі өлтірме деген сияқты әдептілік негіздері уақытқа бағынбайды және олар толық орындалуға тиісті. Осы сұрақтарға байланысты ешкім басқа адам үшін жауапты бола алмайды. Әркім тек өзі үшін жауап береді. Қиямет күні осылар үшін – Алланың алдында тағы да жауапқа тартылады.
Алла Тағала алдындағы ең маңызды сұрақ
Заңды қайталау 6:25 аятқа байланысты, сіз өзіңізге қатысты жауап бере алуыңыз үшін мен сізге деп жеке сұрақ қояйын. Заңның осы нормасына сәйкес берген жауабыңызға қарай, Заңды әр түрлі қабылдауға болады. Өзіңізге көбірек келетін жауаптың бірін таңдаңыз. Таңдаған жауабыңыздың тұсын басыңыз.
Заңды қайталау 6:24-25 аяттарын өзімізге арнап былай десек:
Жаратқан Ие әрқашан игілікті де аман-есен өмір сүруім үшін маған осы жарлықтардың бәрін орындап, Өзін, біздің Құдайымыз Жаратқан Иені, терең қастерлеуді өсиеттейді. Соның арқасында қазір аман-есен өмір сүріп жатырмын да. Құдай Иеміз маған тапсырғандай осы өсиеттердің бәрін Оның алдында орындауға қырағы болсам, онда мен әділ болып табыламын».