Дәуіт патша (ғ.с.) – көне пайғамбарлар арасындағы маңызды тұлға. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) батаның жаңа негізін қалады – біріншіден, оған ұрпағы көбейтіні сондай кейін одан тұтас бір халық шығады деген уәде берілді, екіншіден, ұлы құрбандық сынағынан өтті. Мұса пайғамбар (ғ.с) исраил халқын құлдықтан алып шықты, Құтқарылу құрбандығын орындады, содан кейін толыққанды ел болуы үшін, оларға Заң сыйлады. Оларға енді Алланың қарғысына емес, батасына иеленетіндей етіп, басқарып жүретін патша ғана керек еді. Дәуіт (ғ.с.) бірінші патша әрі пайғамбар болды. Оның арқасында жаңа бата құрылысы – Иерусалимде билік жүргізетін патшалар заманы басталды.
Дәуіт патша (ғ.с.) кім болған?
Исраил халқының уақыт сызбасында көріп тұрғанымыздай, Дәуіт (ғ.с.) б.з.д. 1000 жылдары, яғни Ыбырайым пайғамбардан (ғ.с.) 1000 жыл кейін, ал Мұса пайғамбардан (ғ.с.) 500 жыл кейін өмір сүрген. Бозбала шағында Дәуіт (ғ.с.) әкесінің қойын баққан қойшы болған. Бірде Исраилге қуатты жау әскері шабуыл жасайды, ал сол әскердің көшбасшысы ретінде алып денелі Голиаф атты батыры болды. Оны көрген исраил әскерінің қатты қорыққандары сондай ұнжырғалары түсіп кетті. Алайда Дәуіт (ғ.с.) оны жекпе-жекке шақырып өлтіреді. Осы бір таңқаларлық оқиға Дәуіттің (ғ.с.) бірден аты шығып даңққа бөленуіне себеп болды. Өйткені қарапайым қойшы баланың сондай даңқты алып батырды жеңіп шыққанын күнде көре бермейсің. Осы жеңістің арқасында рухтары көтерілген исраил әскері жауын тас-талқан етіп жеңіп шығады. Құран Кәрімде Дәуіт (ғ.с.) мен Голиаф арасындағы шайқасты былай суреттейді:
Сонда олар, оларды Алланың бұйрығымен жеңіліске ұшыратты. Дауыт Жалұтты өлтірді. Алла (Т.) Дауытқа патшалық, даналық берді. Әрі оған қалағанынан үйретті. (Темірден сауыт жасау, құстардың тілін білу, т.б) Алла (Т.) адам баласының бірін-бірі арқылы қорғамаса, жер жүзі бұзылар еді. Алла, бүкіл әлемге кеңшілік иесі.
Бақара 2:251
Осы шайқастан кейін Дәуіттің (ғ.с.) даңқы ел арасына бірден тарап кетті. Бірақ ол ұзақ жылдардан кейін, көптеген сынақтарды басынан өткізіп барып бірақ патша болады, өйткені өз отандастары және басқа ұлт өкілдері арасында оны жек көріп қатты қудалаған дұшпандары көп болды. Дәуіт (ғ.с.) жеңістері мен қайғы-қасіреттері Киелі кітаптың 1-ші және 2-ші Патшалық кітаптарында егжей-тегжейлі сипатталған. Сол кітаптардың авторы Самуил (ғ.с.) Дәуіт (ғ.с.) патшалыққа сайлап басына май құю рәсімін орындаған Алла Тағала жіберген пайғамбар.
Сонымен бірге Дәуіт (ғ.с.) ән шығаратын өнерпаз еді, ол Жаратқан Иені мадақтайтын тұтас бір кітап, керемет ән мен жыр жазды. Ол туралы Құранның аяттарында былай делінген:
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы. Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптеуші еді. Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік
Сад 38:17-20
Осы аяттарда Дәуіт (ғ.с.) жауынгерлік қуаты мен оның құстың сайрағаны секілді Аллаға арнап шығарған тамаша ән-жырлары туралы ерекше айқындалып көрсетілген. Оған патша ретінде Алла Тағаладан шешендік өнер мен даналық берілген. Дәуіттің (ғ.с.) әндері мен жырлары жинақталып Забур кітабында жазылған. Оған даналық сөздерді Жаратқан Иенің Өзі сыйлап отырғандықтан, Забур кітабы да Таурат секілді киелі жазба қатарына жатқызылады. Құран былай дейді:
Раббың көктер мен жердегі әркімді жақсы біледі. Расында пайғамбардың біреулерінен, біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ Дәуітке Зәбүрді бердік
Исра 17:55
Сүлеймен Забурды жазуды жалғастырды
Қызығы мен қиындығы қатар жүрген күндерін басынан өткерген Дәуіт (ғ.с.) қартайған шағында дүниеден озады, бірақ Құдайды мадақтаған әсем жырлар мен әндер онымен бірге тоқтап қалмады. Оның ұлы әрі тақ мұрагері Сүлеймен (ғ.с.) Алланың даналық сыйын қабылдады. Осы туралы Сад сүресінде былай жазылып қалдырылған:
Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты.
Сад 38:30
Дәуіт пен Сүлеймен (Ғ.С.) ді есіңе ал. Екеуі бір елдің қойы түнде егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық. Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен де әр қайсысына әкімшілік, білім бердік. Және Дәуіт (Ғ.С.) пен бірге Алланы дәріптейтін тауларды, құсты бой ұсындырдық. Оны Біз істедік .
Әнбия 21:78-79
Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар: “Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық” деді .
Нәмл 27:15
Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) Құдайды мадақтаған Забур кітабының даналық дәстүрін жалғастырды. Ол арқылы жазылған кітаптар – Нақыл сөздер, Уағыздаушы және Таңдаулы әндер.
Сүлейменнен кейін Забур дәстүрін басқа да пайғамбарлар жалғастырды
Сүлеймен (ғ.с.) өлгеннен кейін, патшалар Таурат өсиетінен бас тартып, Құдай беретін даналыққа ие бола алмай қалды. Исраил халқының барлық патшаларының ішінде әрі патша, әрі пайғамбар болған, тек Дәуіт (ғ.с) пен Сүлеймен (ғ.с.) ғана Құдайдың даналығын иеленген жандар. Сүлейменнен (ғ.с.) кейінгі барлық патшаларға Жаратқан Ие өзінің пайғамбарларын жұмсап ескертумен болды. Сол пайғамбарлардың бірі үлкен балық жұтып қойған (Саффат сүресі 37:139-144) Жүніс пайғамбар еді. 300 жыл бойы Жаратқан Ие патшаларға пайғамбарларын жұмсаумен болды. Олардың насихаттары, ескертулері және пайғамбарлық болжамдары сондай-ақ Забур кітабынан орын алды. Осы мақалада айтылғандай, исраил патшалығы құлап, еврейлер бабылдықтарға тұтқын болып жер аударылып кетті, тек Парсы елінің патшасы Кирдің заманында ғана өз жерлеріне оралатын мүмкіндік алды. Сол уақыттардың бәрінде де Алла Тағала Өз атынан сөйлейтін пайғамбарларын жұмсап отырды. Пайғамбарлық сөздер мұқият жазылып, Забур кітабына енгізілді.
Забур – Мәсіхтің келуіне болжамы
Осы пайғамбарлық сөздердің сіз бен бізге де маңызы зор, өйткені онда тек Құдайдың ескертуі ғана емес, сонымен бірге Інжіл Шариф кітабы негізі де қаланған. «Мәсіх» атауы Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) арқылы Забур кітабының басында қолданылған. Одан кейінгі пайғамбарлардың сөздерінен Мәсіхтің келуі туралы қосымша мәліметтер кездестіреміз. Сүлейменнен (ғ.с.) кейінгі патшалардың Таураттан бас тартып, исраил халқы Өсиетті орындамай кеткен кездері одан да маңызды болды. Мәсіхтің келетіні туралы уәде мен үміт, көмек ретінде сенімнен тайған контексте берілген. Мұса пайғамбар (ғ.с.) сөзімен айтсақ, Таурат пайғамбарлары болашақты көрегендікпен болжап отырған. Сол пайғамбарлық сөздердің бүгінгі таңдағы бізге қатысы бар, өйткені бізден талап етілген нәрселерді біле тұра, біз де сенім жолынан тайған жандармыз. Мәсіх – Ол сенімсіздік түнегіне нұрын шашқан үміт шырағы.
Иса Мәсіх (ғ.с.) Забурға қалай қарады?
Иса Мәсіх (ғ.с.), Інжіл жазбасы арқылы Мәсіхтің рөлі жөнінде соңынан ерушілер мен шәкірттеріне түсінік беріп әңгімелескенде Забур жырына жиі сілтеме жасап отырды. Ол жайлы былай делінген:
оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді .
Лұқа 24:27
«Бүкіл басқа пайғамбарлар» – деген сөз, Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Таураттан кейінгі Забур жырларындағы пайғамбарларға да қатысты. Иса Мәсіх (ғ.с.) шәкірттеріне Забур жырларында оның қалай келетіні туралы жазылған пайғамбарлық сөздерді түсіндірді. Иса Мәсіх (ғ.с.) былай тәлім берді:
Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп, Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты
Лұқа 24:44-45
«Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда» – деген сөз, Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) жазған бірінші кітап Забурға және канонға кірген басқа да кітаптарға қатысты. Иса Мәсіх (ғ.с) жазбаларда (Таурат пен Забур) айтылғандарды түсіну үшін олардың ой-саналарын ашуы керек болды. Келесі мақалаларда Иса Мәсіх (ғ.с.) шәкірттеріне сол кітаптардан нақты не ашқанын және Інжілдің насихатына біздің де ой-санамыздың ашылуын қарастыруға тырысамыз.
Дәуіт (ғ.с.) және басқа пайғамбарлардың уақыт сызбасында орналасуы
Төменде берілген уақыт сызбасында Забурдағы барлық пайғамбарлар қамтылған (бүкіл пайғамбарларды сыйғызуға орын жетпес еді). Бағанадағы сызба ені әр пайғамбардың жасаған жасын көрсетеді. Уақыт сызбасындағы түрлі-түсті бояулар, Мұса пайғамбар (ғ.с.) жариялаған Бата мен Қарғыс пайғамбарлық сөзі баяндалған сызбадағы секілді, исраил халқының тарихы бейнеленген.