Иса пайғамбар (ғ.с.) туралы Құранда «Мәсіх» деген қосымша есім бірге жүреді. Ол қайдан шыққан және нені білдіреді? Мәсіхшілер Исаны неге «Христос» деп атайды? «Мәсіх» сөзі «Христос» деген атауды білдіре ме, әлде басқа мағына ма, әлде түпнұсқадан аударған кезде қате кетті ме? Забур жырлары кітабында осы маңызды сұрақтардың жауабы бар. Алайда толық түсінік алу үшін, Киелі кітапты аудару қағидасымен танысайық, өйткені сол қағида осы жерде керек болады.
«Христос» сөзінің шығу тарихы
Төменде берілген сызбада мен «Киелі кітап қалай аударылды?» – атты мақаладағы аудармалардың орналасу тәртібін қолданып, қазіргі орыс тіліндегі Інжілде немесе Жаңа келісімде «Христос» сөзін қарастырып отырмын.
Иврит тіліндегі Забурдағы түпнұсқада «mashiyach» (1 тік төртбұрыш) деп жазылғанын көрі отырмыз; түсіндірмелі сөздік ол сөздің анықтамасын «майланған немесе арналған» адам деп түсіндіреді. Забурдағы пайғамбарлық сөздерге сәйкес ерекше «мәсіх» келу керек дегенді бірнеше аяттар еске салады. Б.з. 250 жылдары Септуагинт құрарда (Киелі кітап қалай аударылды? мақаланы қара) «mashiyach» сөзіне ұқсас етіп, грек тілінде Χριστός (Христос) деп аталатын сөзді пайдаланған; ол сөздің мағынасы таққа отырғызғанда chrio «майлау» дегенді түсіндіреді. Нәтижесінде‘mashiyach’ деген сөздің әдеби айтылуы емес, мағынасы бойынша Christos сөзі грек Септуагинте қолданып отыр (екінші тік төртбұрышты қара). Исаның (ғ.с.) шәкірттері, Сепуагинтте өздерінің Ұстазы туралы айтылып тұрғанын түсінді және Інжілдегі яғни Жаңа келісімде грек тіліндегі Christos сөзін қолданды.
Кейін Christos сөзігрек тілінен басқа тілдерге соның ішінде орыс тіліне де аударғанда айтылуы бойынша Христос деп аударылып отырды. Аудару үрдісі төменде орналасқан 3 тік төртбұрышта көрсетілген. Сөйтіп орыс тіліндегі «Христос» сөзі Забур жырындағы нақты атауы болып саналады; ол иврит тілінен грек тіліне аударған кезде мағынасы бойынша пайда болды, артынан грек тілінен орыс тіліне аударғанда айтылуы бойынша сақталып қалды. Забур кітабы қазіргі тілдерге иврит тілінен аударылып жатыр, сондықтан аудармашылар түпнұсқадағы ‘mashiyach’ сөзін әр түрлі нұсқада қолданып жүр. Забурдың кейбір аудармаларында түпнұсқадағы ‘mashiyach’ айтылуы бойынша Мәсіх деп аударса, кейбірі Майланған деп мағынасы бойынша аударған. Қалай болғанда да «Христос» сөзі Забур жырларындағы қазіргі мәтінде кездеспейді, сондықтан ол сөзді Көне келісім мәтіндерінен табу қиын. Бірақ біздің сараптамамыз көрсеткендей, Киелі кітапта
«Христос»-«Мәсіх»- «Майланған»
сөзі ерекше құрметке ие.
Құранда «Мәсіх» сөзі қайдан пайда болған?
Біз жаңа ғана Киелі кітапта кездесетін «Христос»-«Мәсіх»-«Майланған» сөздер тізбегін қарастырдық. Ал Құранда «Христос» сөзі қалай қолданған? Осы сұраққа жауап беру үшін, мен жоғарыда келтірілген Киелі кітапты аударғанда қолданған ‘mashiyach’ -> Христос тізбегін негізге аламын.
Сызбаға иврит тілінде жазылған, артынан грек тіліне аударылған, Киелі кітап түпнұсқасынан кейін келген, араб тілінде жазылған Құран Кәрімді қосамыз. Мен 1 тік төртбұрышты екіге бөлдім. 1а деп белгілеген бірінші бөлікті өзгертусіз қалдырдым, ол иврит тілінде жазылған Забур түпнұсқасындағы ‘mashiyach’ сөзін көрсетеді. 1б екінші бөлігінде сол сөздің араб тіліндегі нұсқасы көрсетілген. Біз ‘mashiyach’ сөзінің айтылуы бойынша (مسيح) Құранда берілгенін көреміз. Кейін араб тілінен орыс тіліне аударған аудармашылар, айтылуы бойынша «Мәсіх» терминін қалдырғанын көреміз.
Осы төрт тұжырымды саралай отырып, мынадай қорытындыға келеміз, олар бірдей мағына береді, мысалы «4» – «төрт», немесе IV (рим) 6-2 ⹀ 2+2.
1-ші ғасырда келтірілген Христос
Жоғарыда келтірілген сараптама негізінде Інжілге үңілейік. Төменде, Исаның туылған күніне арналаған Жаңа келісімдегі жақсы танымал үзіндіде шығыс ғұламалары «Яһуди Патшасына» тағзым етуге іздеп келгендегі – Ирод патшаның әрекеті келтірілген. Назар салыңызшы «Патша» сөзі барлық патшалардың үстінен қарайтын билеуші ретінде бас әріппен жазылған:
Иса Иродтың патшалық құрған заманында Яһудея аймағындағы Бетлехем қалашығында дүниеге келді. Біраздан кейін Иерусалимге шығыс өлкесінен жұлдыз санаушы ғұламалар сапарлап келіп: «Яһудилердің жаңа туған Патшасы қайда екен? Біз Оның жұлдызының шығыс жақтан туып, жарқырағанын көрдік. Жаңа туған Патшаға ізет білдіру үшін келіп тұрмыз», — деп сұрастыра бастады. Ирод патша мұны естігенде қатты абыржып, онымен бірге Иерусалимнің бүкіл халқы да мазасызданды. Патша елдің барлық басты діни қызметкерлері мен дін мұғалімдерін жинап алып, оларға: — Мәсіх қай жерде дүниеге келуге тиіс? — деген сұрақ қойды
Матай 2:1-4
«Христос» түсінігі – Иса дүниеге келгенге дейін – Иродқа және оның рухани кеңесшілеріне белгілі болатын, бірақ осы жерде нақты Иса деп айтылмаған. Өйткені «Христос» сөзі 1-ші ғасырда еврейлермен бірге оқылған Жаңа келісімнен алынып отыр. «Христос» есім емес, лауазым болған (қазір де солай). Ол сөз мәсіхшілік келгенге дейін жүздеген жылдар бұрын пайда болған.
«Мәсіхтің» келетіні туралы Көне келісімдік пайғамбарлық сөздер
Пайғамбарлық лауазым «Мәсіх» Иса келгенге дейін б.з.д 1000 жыл бұрын Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) жазған Забур жырларында кездеседі.
Жаратқан мен Оның қойған патшасына Әлемнің патшалары қарсы тұрып, Әкімдер кеңесіп жатыр бірігіп: «Бізге салған шынжырларын сындырып, Бұғауларынан құтылайық лақтырып!» Көктегі тағында отырған Құдай күледі, Солардың ойларын Жаратқан келекелейді, Содан ашулана зекіп, тіл қатады, Қаһар шашып, зәрелерін ұшырады: «Киелі тауым Сионда Мен Өзім Осы патшамды тағайындаған едім!» Паш етейін
Жаратқанның жарлығын: «Рухани ұлымсың, — деді Ол маған. — (Өзіңді патшалыққа тағайындап) Мен бүгінгі күні Әке болдым саған .
Забур 2:2-7
Септуагинте 2-ші Забур (сіздер оның Септуагинте «Христос» лауазымын көрсін деген мақсатта мен Христос сөзін мағынасы бойынша қойып) қалай оқылатынын көрсетемін:
Жаратқан мен Оның қойған Христосына Әлемнің патшалары қарсы тұрып… Солардың ойларын Жаратқан келекелейді… ().
2-ші Забур
Енді осы үзіндіде 1-ші ғасырдағы оқырман «Мәсіх» сөзін қалай оқи алатынын көрдіңіз. Одан кейінгі жырлар да Мәсіхтің келетіні туралы ескертеді. Бұдан да жақсы түсіну үшін «Христос» сөзінің стандартты үзіндіде қалай орын алып оқылатыны туралы мысал келтірейін:
Псалом 132 – с иврита | Псалом 132 – с Септуагинты | Псалом 132 – с Забура (транслитерация с арабского) |
О Иегова, … 10Ради Давида, твоего служителя, Не отвергни лица твоего помазанника. 11Иегова поклялся Давиду И ни в коем случае не отступится: «От плода твоего чрева Я посажу на твой престол… 17Там я подниму рог Давида. Я приготовил светильник для своего помазанника. | О Иегова, … 10Ради Давида, твоего служителя, Не отвергни лица твоего Христа. 11Иегова поклялся Давиду И ни в коем случае не отступится: «От плода твоего чрева Я посажу на твой престол… 17Там я подниму рог Давида. Я приготовил светильник для своего Христа. | О Иегова, … 10Ради Давуда, твоего служителя, Не отвергни лица твоего Масиха. 11Иегова поклялся Давуду И ни в коем случае не отступится: «От плода твоего чрева Я посажу на твой престол… 17Там я подниму рог Давуда. Я приготовил светильник для своего Масиха. |
132 Забур жыры Көне келісімнің басқа да үзінділері секілді болашаққа арналған (…«Басындағы тәжін жарқыратамын»). Жаңа келісім, Көне келісімдегі жағдайды алып, Иса (ғ.с.) ыңғайлы етіп «реттеу» үшін жасалмаған. Еврейлер осы уақыттың бәрінде «Мәсіхті» (немесе Христосты) күтті. Мәсіхтің келуін және келетініне үміт арту фактісі, болашаққа арналған Көне келісім мәтіндерімен түсіндіріледі.
Таурат пен Забурдағы пайғамбарлық сөздер: құлып-кілт жүйесі тәріздес
Таурат пен Забурдағы болашақты болжаған пайғамбарлық сөздер есіктің құлпы сияқты. Құлыпта белгілі бір тетік бар, сондықтан оны дәл келетін «кілт» қана аша алады. Көне келісімді сол тәрізді құлыппен салыстыруға болады. Біз таңдалған пайғамбардың келетіні туралы, Ыбырайымның (ғ.с.) құрбандығы, 1-ші Мұса – Құрбандық мейрамы және сондай-ақ, пәк қыздан туған ұл туралы мақалаларда кездестірдік. 132 Забурда да «Мәсіх» Дәуіт (ғ.с.) патшаның тұқымынан шығатыны туралы шарт айтылған. «Құлып» Көне келісімдегі жаңа пайғамбарлық сөздердің пайда болуымен одан сайын айқындалып келе жатыр. Бірақ Забур осы пайғамбарлық сөздермен тоқтап қалмайды, ол одан әрі Мәсіх қандай болатыны және не істейтіні туралы тәптіштеп отырады. Забурмен танысуды ары қарай жалғастырайық.