«Аләқ» сүресінде, Алла Тағала бізге біз бұрын білмеген жыңа нәрсе ашады.
Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен .
Аләқ 96:4-5
«Рум» сүресінде, Алла Тағала бізге пайғамбар сөзімен, шынайы табыну арқылы өз қателігімізді түсінгенімізді түсіндіреді.
Немесе оларға, Аллаға ортақ қатуларын айтатын бір дәлел түсірдік пе?.
Рум 30:35
Пайғамбарлар, біздің оймен, сөзбен және іспен істеген дұрыс емес нәрселеріміз бен қателіктерімізді түзету үшін, Құдайдан келген билікпен айтты. Иса Мәсіх (ғ.с.) шынайы ұстаз болды және біздің ойымыз арқылы қателереміз бен жұрегіміздегі дұрыс емес нәрселерді әшкерелеу үшін, ол да билікпен сөйледі. Мына нәрсеге назар аударайық. Иса Мәсіх (ғ.с.) бізге билік нышанымен келіп – сауықтыру құдыретін көрсетті.
Шайтанның сынағын жеңіп шыққан Иса Мәсіх (ғ.с.) пайғамбарлық қызметіне кірісті. Оның Інжілдегі ең ұзақ тәлімі: «Таудағы уағыз» – деп аталады. «Таудағы уағыздың» толық мәтінін осы жерден оқуға болады. Төменде осы уағыздың басты маңызды жерлері келтірілген, ары қарай Иса Мәсіхтің (ғ.с.) сөздері мен Таураттағы Мұса пайғамбар (ғ.с.) болжамдары арасындағы байланыстар туралы болады.
Иса Мәсіх (ғ.с.) былай үйретті:
Ежелгі адамдарға: «Кісі өлтірме! Кісі өлтірген әркім сотталуға тиіс» деп бұйырылғанын естідіңдер. Ал Мен сендерге былай деймін: кімде-кім басқа адамға кәрін төксе, сол сотталмақ. Басқаны «Сенен еш пайда жоқ!» деп балағаттайтын әркім Жоғарғы кеңес алдында жауап бермек, ал «Құдайдан безген ақымақ!» деп жамандайтындар тозақ отына түседі. Сонымен сен Құдайға арнаған сый-тартуыңды ғибадатханадағы құрбандық үстеліне алып барғанда, бауырласыңның өзіңе өкпелеп жүргені сонда есіңе түссе, алып келгеніңді сол жерде қалдыр да, бауырласыңа барып, онымен татулас! Бұдан кейін қайтып келіп, сый-тартуыңды Құдайға бағыштап ұсын. Біреу саған қарсы дау көтерсе, оған еріп сотқа бара жатқанда онымен тезірек татуласуға тырыс! Олай етпесең, қарсыласың сені сот алдына апарады, ал сот сақшыға ұстап беріп, сақшы сені түрмеге қамайды. Саған шындығын айтамын: сен берешегіңді соңғы тиынына дейін төлемейінше, сол жерден шыға алмайсың!
Неке адалдығы әрі сөзінде тұру жайында
«Неке адалдығын бұзба!» деген өсиетті де естідіңдер. Ал Мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны. (Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) Егер оң көзің (секілді өте құнды нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «ойып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын. Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді. Яки оң қолың (сияқты өте қажетті нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын! Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді. «Кім әйелімен ажыраспақ болса, оған арнайы куәлік қағазын беруге тиіс» деген бұйрық та берілген. Ал Мен сендерге былай деймін: жеңіл жүріске түспеген әйелімен ажырасқан әркім соның неке адалдығын бұзуына себепші болады. Кім күйеуімен ажырасқан әйелге үйленсе, сол да неке адалдығын бұзады. Ежелде жұртқа: «Анттарыңды бұзбаңдар, Жаратқан Иеге берген уәделеріңді орындаңдар!» деп бұйырылғанын естідіңдер. Ал Мен сендерге былай деймін: үстірт ант етуші болмаңдар! Не көкті атап ант бермеңдер, ол Құдайдың «тағы», не жермен де ант бермеңдер, ол Оның «табан тіреніші», не Иерусалиммен де ант етпеңдер, ол «Ұлы Патшаның қаласы»! Өз басыңмен де ант берме! Себебі шашыңның бір талын шын мәнінде не ағартып, не қарайту қолыңнан келмейді. Қайта, сендердің «иә» дегендерің шынымен «иә», «жоқ» дегендерің шынымен «жоқ» болсын! Бұған қоса айтқандарыңның бәрі жамандықтарыңнан келеді.
Таспен атқанды аспен ат
Сендер «көзге көз, тіске тіс» дегенді естідіңдер. Ал Мен сендерге айтамын: зұлымдық жасағаннан кек алма! Егер біреу бетіңнің оң жағын ұрса, оған сол жағын да тос. Біреу сенімен соттасып, көйлегіңді тартып алғысы келсе, оның шапаныңды да алуына қарсы болма! Немесе біреу сені бір шақырым жерге еріп (жүгін көтеріп) жүруге мәжбүр етсе, онымен екі шақырым жүр. Сұрағанға мұқтажын бер, қарыз алғысы келгеннен де теріс айналма. Сендер «Маңайыңдағы адамды жақсы көріп, жауыңды жек көр!» дегенді де естідіңдер. Ал Мен сендерге айтамын: жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді қудалағандар үшін Жаратқан Иеге мінажат етіңдер! Осылайша көктегі Әкелеріңнің рухани балалары боласыңдар: Ол жамандарға да, жақсыларға да күн сәулесін бірдей түсіріп, әділдерге де, әділетсіздерге де жаңбырды бірдей жауғызады. Ал егер өздеріңді жақсы көретіндерді ғана жақсы көрсеңдер, онда сендерге қандай сый берілмек? Тіпті күнәлі салықшылар да солай етпей ме? Сондай-ақ, өз бауырларыңмен ғана жарқын жүзбен амандассаңдар, онда басқаларға қарағанда қандай ерекше іс істейсіңдер? Тіпті Құдайға мойынсұнбайтындар да солай етпей ме? Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!.
Матай 5:21-48
Мәсіх және Таудағы уағыз
Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің көп тәлімдерінде былай бастайды: «Бұрыңғы айтылғандарды естідіңдер…», «Ал мен сендерге былай деймін…». ол алдымен Таураттан сөзбе-сөз келтіреді, содан кейін сонда айтылған нәрсені кеңейтіп, жүрек қалауы, ой-сана және сөздерге нұсқаулық етеді. Иса Мәсіх (ғ.с.) Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы берілген өсиеттегі мәтінді сөзбе-сөз алады, ары қарай оны орындауды одан да ары қиындатады!
Сондай-ақ оның Таурат өсиеттерін әдеттен тыс уағыздайтынына назар аударыңызшы. Ол өз атынан айтып тұр! Өз билігіне сүйеніп айтып тұр. «Ал мен былай деймін…», және содан кейін өсиеттің терең мағынасын түсіндіреді. Ол оның тәлімінің ерекшелігін көрсетеді. Інжілде уағыздан кейін былай делінген:
Иса сөзін аяқтағанда, халық Оның тәліміне қатты қайран қалды. Себебі Иса оларға өздерінің дін мұғалімдері сияқты емес, Құдайдан ерекше билігі бар Біреу ретінде тағылым берді .
Матай 7:28-29
Шыныда да Иса Мәсіх (ғ.с.) шексіз билігі бар адам секілді тәлім берді. Көптеген пайғамбарлар Алла Тағаланың сөзін хабарлады. Ал Иса (ғ.с.) тәлімі өзгеше болды. Оның осыған құқы болды ма? Мәсіх (біздің есімізде) – лауазым, ол Забурда болашақта келетін шексіз билікке ие қызметші ретінде көрсетілген. «Мәсіх» лауазымы алғаш рет аталған, Забурдың екінші жырында Жаратқан Ие Мәсіхке былай деген:
Менен сұра, сонда иелігіңе сенің Халықтарды мәңгілікке беремін, шартарапты қол астыңа өткіземін .
Забур 2:8
Жердің шетіне дейінгі халықтардың үстінен ұлы билік Мәсіхке тапсырылған. Сондықтан Мәсіх қалай айтуға тиіс болса ол солай айтуға құқылы да болды.
Пайғамбар және Таудағы уағыз
Осы жерде айтқанымыздай, Тауратта Мұса пайғамбар (ғ.с.) басқалардан бөлек тәлім беретін ұлы пайғамбардың келетінін болжады. Онда Мұса (ғ.с.) былай деді:
Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын .
Заңды қайталау 18:18-19
Мұса пайғамбар (ғ.с.) жоғарыдан билік алған ерекше пайғамбар туралы айатқан болжамы бойынша, Мәсіхтің ерекше билігі болды, соның негізінде Иса (ғ.с.) әдеттен тыс тәлім берді. Иса (ғ.с.) бір мезетте, әрі Мәсіх, әрі пайғамбар болды.
Таудағы уағыз және сіз бен біз
Егер өзіңізді қалай ұстау керек деген мақсатпен, Таудағы уағызды оқысаңыз, онда сіздің абдырап қалатыныңыз анық. Жүректің түкпіріндегі құпия ниетке қатысты өсиетті қалай орындауға болады? Иса (ғ.с.) осы уағызды не үшін айтты? Осы сұрақтың жауабын Исаның (ғ.с.) соңғы тұжырымынан табамыз:
Сонымен көктегі Әкелерің қандай мүлтіксіз болса, сендер де сондай мінсіз болыңдар!.
Матай 5:48
Назар аударыңыз: алдымызда өсиет емес, ұсыныс тұр. Ол бізден мінсіздікті талап етеді! Ненің негізінде? Ол негіз, Құдай мінсіз киелі, егер Онымен бірге жұмақта болғымыз келсе, онда біз де Сол секілді мінсіз болуымыз керек. Егер менің жақсы істерім жамандықтарымнан асып тұрса, жиі сол жетеді деп ойлап қаламыз. Тіпті егер солай болып, Құдай бізді бейішке күнәларымызбен кіруге мүмкіндік берсе, онда біз өз күнәмізбен жерді құртқан сияқты, жұмақтың да түбіне жетеміз. Құмарлық, қызғаныш, ашу т.б. күнәларымыз біздің өмірімізді құртады. Егер біз сол ашу-ыза, құмарлық, қызғанышпен жұмаққа кірсек, бейіш бағы тез арада, барлық ауртпалығы бар жер сияқты болар еді.
Шынында да Иса (ғ.с.) тәлімдерінің көп бөлігі, сыртқы дәстүр емес, жүрек қалауына арналған. Иса (ғ.с.) ішкі қалау туралы айтқандарынан, тағы бір үзінді:
Ол тағы да былай деді: — Адамды арамдайтын — оның ішкі дүниесінен шыққандары! Себебі адамның ішкі дүниесінен, яғни оның жүрегінен, шығатындар мыналар: жаман ойлар, азғындық, неке адалдығын бұзу, кісі өлтіру, ұрлық, ашкөздік, зұлымдық, алдаушылық, жүгенсіздік, қызғаныш, жамандау, тәкаппарлық және ақымақтық. Осындай арамдықтардың бәрі адамның ішкі дүниесінен шығып, оның өзін арамдайды (Марқа 7:20-23).
Жүрек тазалығы өте маңызды – өйткені ол көктегі мінсіздік стандартын көрсетеді. Құдай Иеміз Өзінің мінсіз киелі жұмағына, тек мінсіз киелі жандардың ғана кіруіне мүмкіндік береді. Теория бойынша әрине керемет, бірақ онда басқа мәселе шығады. Егер біз мінсіз киеліліктен әлдеқайда алыста жүрсек, жұмаққа қалай кіре аламыз? Біздің мінсіз бола алмауымыз – көңілімізді пәс етері анық.
Бірақ Жаратқан Ие мінсіздікті талап етіп тұр! Егер біз «жеткілікті жақсы болу» деген барлық үміттен айырылсақ, онда біз өз күшімізге сүйенуді тоқтатамыз да, «рухы кедей» (түгі жоқ құр алақан) жанға айналамыз. Өзінің ұлы уағызының басында Иса Мәсіх (ғ.с.) былай деді:
— Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты: Құдайдың Патшалығы сондайларға арналған!.
Матай 5:3
Даналықтың басы – бізге қай жағынан қатысты болса да, осы тәлімнен бас тартпау. Ол – сіз бен бізге арналған! Құдайдың стандарты – мінсіздік. Осы стандартқа өз күшімізбен жете алмайтынымызды сезіну және түсіну арқылы, біз Тура жолға түсеміз. Өз әлсіздігіңді мойындау, Тура жолға түсудің белгісі. Енді біз көмек қабылдауға дайынбыз ба – өйткені енді біз өз күшімізге үміт артпаймыз.