Skip to content
Home » Иса Мәсіх (ғ.с.) астарлы әңгімелер арқылы үйретеді

Иса Мәсіх (ғ.с.) астарлы әңгімелер арқылы үйретеді

  • by

Естеріңізде болса Иса Мәсіх (ғ.с.) билікпен тәлім берген. Адамдармен сөйлескенде ол шындықтың әр түрлі аспектілерін бейнелеу арқылы түсіндірген. Мысалы, үйлену тойы туралы әңгімесінде, Құдай Патшалығына кіру туралы айтса, зұлым қызметкер арқылы кешірім беру маңыздылығын  көрсетті. Исаның осы айтқандары астарлы әңгімелер деп аталады. Иса Мәсіх (ғ.с.) – ерекше пайғамбар, өйткені ол барлық басқа пайғамбарларға қарағанда өте көп астарлы әңгімелер айтты. Және ол астарлы әңгімелері әдеттен тыс болды. 

Анкәбут сүресінде Жаратқан Ие де мысалдармен айтатыны жазылған. Онда былай делінген: 

Міне осы мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді .  

Анкәбут 49:43

Ибраһим сүресінде Алла Тағала бізге ағаш туралы астарлы әңгіме келтірген. 

 Көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді. Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді. Алла (Т.) адам баласына насихат алуы үшін мысал келтірді. Ал енді (Аллаға серік қатылған) жаман сөз, жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты.

Ибраһим 14:24-26

Тұқым себуші және төрт түрлі топырақ туралы астарлы әңгіме

Бірде шәкірттері Исадан, неге астарлы әңгіме айтатыны туралы сұрады. Інжілде ол былай баяндалған: 

Шәкірттері Исаның қасына келіп: — Халыққа сөзіңізді арнағанда неге астарлы әңгімелер айтасыз? — деп сұрағанда, Оның жауабы мынадай болды: — Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді оларға емес, сендерге ғана бұйырған. Өйткені кімде (біраз түсінік) бар болса, соған тағы да беріліп, онікі асып-тасып кетеді. Ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады. Мен бұларға астарлап айтамын, өйткені олар көріп тұрса да, шынымен көрмейді, естіп тұрса да, шынымен естімейді де, түсінбейді де.

Матай 13:10-13

 Осы үзіндідегі соңғы сөйлем – б.з.д 700 жыл бұрын өмір сүрген Ишая пайғамбардың (ғ.с.) жүректердің қатаюы туралы ескерткен сөзі келтірілген.   Бір нәрсені өткізіп алғандықтан немесе түсіндіру тым қиын болса, біз кейде бірдемелерді дұрыс түсіне алмауымыз мүмкін. Ондай жағдайда жеткілікті етіп түсіндірсе жетіп жатыр. Бірақ басқа да себеп бар кейде жүрегіміздің түкпірінде түсінгіміз келмегендіктен түсіне алмаймыз. Оны мойындағымыз келмейді, сондықтан түсінбеген күй танытып сұрақтар қоя береміз. Айтылғандарды жүрегіміз қабылдамаса, ақыл-түйсіктен пайда аз. Мәселе сонда біз оны түсінбегеннен емес, жәй ақиқатты мойындағымыз келмейді. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) астарлы әңгіме арқылы айтқанда, адамдарға ерекше әсер етеді. Ақылмен түсіне алмағандар, қызығушылық танытады да оны анықтау үшін сұрақтар қоя бастайды. Ал оны түсінгісі және қабылдағысы да келмейтіндер, мысқылдай күліп, өздерін ол қызықтырмайтындай кейіп танытады. Ондай адамдар шынында да ештеңе түсіне алмайды. Астарлы әңгіме – адамдар бидай мен бидайықты ажырата алуы үшін ұстаздар қолданатын көнеден келе жатқан әдісі. Ол мойындауға дайын және дайын еместерге бірдей арналған. Мойындауға дайын еместерге мысал әңгіме түсініксіз көрінеді, өйткені олардың жүректері айтылғанның ақиқатын қабылдауға дайын емес. Олар көріп тұрса да көре алмайды. 

Тұқым себуші және төрт түрлі топырақ туралы астарлы әңгімеШәкірттері Иса Мәсіхтен (ғ.с.)ол неге астарлы әңгімелер арқылы үйрететінін сұрағанда, ол дәл сол кезде Құдай Патшалығы туралы астарлы әңгімені және оның адамдарға қалай әсер ететіні туралы айтып болған еді. Біріншісі былай: 

 Иса оларға мынау сияқты астарлы әңгімелермен көп тәлім беріп былай деді: «Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып жеп қояды. Біраз тұқым топырағы аз тастақ жерге түседі. Топырақ жұқа болғандықтан, тұқым тез көктеп шығады. Алайда күн шыққан соң күйіп, тамыр жая алмағандықтан қурап қалады. Тағы басқа дәндер тікен арасына түседі. Тікендер қаулап, оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. Ал өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Бұлардың біразы жүз, басқалары алпыс, бірқатары отыз еседен өнім береді. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!»

Матай 13:3-9

Бұл астарлы әңгіме не туралы? Бас қатырудың керегі жоқ – осы шындықты қабылдауға дайын адамдар, естігендеріне қызығып, осы мысал не түсіндіретінін сұрады. 

  Енді тұқым сепкен диқан туралы әңгіменің мағынасын тыңдаңдар: біреу Патшалық туралы Ізгі хабарды естіп, түсінбесе, лезде әзәзіл шайтан келіп, сол адамның жүрегіне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді. Жол бойына түскен тұқым — осы. Ал тастақ жерге себілгені мынаны көрсетеді: адам Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан берік болмайды. Ізгі хабарға бола басына азап не қуғын түскенде, дереу сенімінен безіп кетеді. Тікен арасына себілген дәндер болса, мынаны білдіреді: біреу Ізгі хабарды естиді. Алайда бұ дүниелік тұрмыс қамын ойлап абыржып, байлыққа алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып, өнім бермейді. Ал құнарлы топыраққа себілген тұқым болса, мынаны бейнелейді: адам Ізгі хабарды тыңдап, түсініп, өнімді болады. Ол жүз, алпыс немесе отыз еседен өнім береді.

Матай 13:18-23

Құдай Патшалығы туралы сөзге адамдар төрт түрлі көзқараспен келуі мүмкін. Кейбіреулер оның не екенін түсінбейді, сондықтан шайтан келіп жүрегіне себілген сөзді ұрлап кетеді. Қалған үшеуі де сөзді алғаш естігенде қуанышпен қабылдайды. Бірақ сөз қиындықтар арқылы жүректе пісіп жетілуі керек. Ақиқатты ақылмен ғана қабылдап, ары қарай әдеттегі өмір сүре беруге болмайды. Алдыңғы екеуі сөзді қабылдағандарымен жүректерінде өсіп жетілуіне мүмкіндік бермеді. Тек төртінші жағдайдағы адамдар «сөзді естіп, түсінеді»; олар Құдай күткендей шындықты қабылдап мойындайды. 

Бұл астарлы әңгіме бізге де арналып айтылғандай: «Осы оқиғада мен кіммін?»  Тек сөзді «дұрыс түсінгендер» ғана жақсы жеміс бере алады. Жүрекпен түсінудің бір әдісі, Адам атадан бастап, Таурат пен Забурдағы көне пайғамбарлары арқылы айтып отырған Құдайдың еркін көре алу. Адам атадан кейін, ұлы нышан-белгілер Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) және оның құрбандығы, сондай-ақ Мұса пайғамбар (ғ.с.) Он өсиет және Һарон пайғамбар (ғ.с.) арқылы беріліп отырған. Ал егер Забур пайғамбарлары туралы айтар болсақ, Мәсіхтің келуіне байланысты Ишая (ғ.с.), Еремия (ғ.с.), Захария (ғ.с.), Даниял (ғ.с.) және Малахия (ғ.с.) арқылы Құдай Патшалығының қандай болатынын терең түсіне алуымызға көмектеседі.  

Бидайық туралы астарлы әңгіме

Диқан туралы астарлы әңгіме айтып болған соң, Иса Мәсіх (ғ.с.) бидайық туралы басқа астарлы әңгіме айтып берді. 

  Иса халыққа тағы басқа бір астарлы әңгімені айтып берді: «Құдай Патшалығының орнауы мынаған ұқсайды. Бір адам егіндігіне жақсы тұқым себеді. Жұрт ұйықтап жатқанда дұшпаны келіп, бидай арасына бидайықтың тұқымын шашып кетеді. Бидай көктеп шығып, дән жинай бастағанда, әлгі арам шөп те өсіп шығады. Сонда қызметшілері егіндіктің иесіне келіп: — Мырза, жеріңізге сепкеніңіз жақсы тұқым емес пе еді? Онда бидайық қайдан шыққан? — деп сұрайды. Ол: — Мұны істеген дұшпан кісі, — деп түсіндіреді. — Ендеше біздің сонда барып, отап тастауымызды қалайсыз ба? — Жоқ, — деп жауап береді қожайын, — сендер бидайықты отаймыз деп, бидайды бірге жұлып тастарсыңдар. Орылғанша бірге өсе берсін. Ал орақ кезінде егін жинаушыларға: Өртеп жіберу үшін алдымен арам шөптерді баулап, жиып алыңдар, ал бидайды жинап, қамбама құйыңдар! — деп бұйырамын»

Матай 13:24-29

Ол оның мағынасын былай түсіндірді: 

   Бұдан кейін Иса халықты таратып, үйге кірді. Қасына келген шәкірттері: «Егіндіктегі арам шөп туралы астарлы әңгімені түсіндіріңізші», — деп өтінген соң, Иса оларға былай деді: «Жақсы тұқым сепкен — көктен келген Билеуші. Егіндік — осы дүние, жақсы тұқым — Құдай Патшалығының адамдары, ал бидайық — әзәзілдің адамдары. Сол арам шөптің тұқымын шашқан дұшпан — әзәзіл шайтан, орақ кезі — ақырзаман, ал орушылар — періштелер. Жұрттың арам шөптерді жинап, өртеп жіберетіні сияқты, ақырзаманда да солай болады: көктен келген Билеуші Өзінің періштелерін жібереді. Олар азғындық пен заңсыздық жасайтын адамдардың бәрін Оның Патшалығынан жинап алып, жанып тұрған ошақ іспетті тозақ отына лақтырмақ. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады-ау! Ал әділдер көктегі Әкелерінің Патшалығында күн сәулесіндей жарқырайтын болады. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын!» .

Матай 13:36-43

Қыша дәні мен ашытқы туралы астарлы әңгімелер

Иса Мәсіх (ғ.с.) тек ұзын ғана емес, өте қысқа астарлы әңгімелері де болды. 

 Иса халыққа тағы мына астарлы әңгімені де айтып берді: «Құдай Патшалығы бір адамның егістігіне еккен қыша дәніне ұқсас: қыша дәні басқа тұқымдардан гөрі майда болса да, өскенде барлық дәнді дақылдардан биік болып шығып, бұтаға айналады. Сонда бұтақтарына құстар ұшып келіп, паналайды». Иса оларға астарлап келесі бір әңгімені де айтып берді: «Құдай Патшалығын ашытқымен де салыстыруға болады: әйелдер үш астау ұнға аздаған ашытқы қосып, араластырған соң, ол барлық қамырды ашытып, көтереді» .

Матай 13:31-33


  Құдай Патшалығы көзге көріне бермейтін кішкентай дәннен басталады. Ол топыраққа егіледі артынан одан бұтақ жайған үлкен ағаш өсіп шығады. Ол кішкентай ашытқыдан үлкен қамыр пайда болатыны сияқты. Ол мәжбүрлікпен және тез әрі бірден өспейді. Оның өсуі білінбейді бірақ ол барлық жерде болады және оны тоқтату мүмкін емес. 

Көмілген қазына мен асыл інжу-маржан туралы астарлы әңгіме

  «Құдай Патшалығын егіндік жерге көмілген қазынаға да ұқсатуға болады. Соны тауып алған адам қазынаны қайтадан көміп тастап, қуанғанынан өзіндегі барды түгел сатып жіберіп, егіндікті сатып алады. Құдай Патшалығы мынаған да ұқсайды: бір саудагер асыл інжу-маржан іздеп жүріп, аса құнды біреуін тауып алады. Сонда ол өзінде бардың бәрін түгел сатып, сол асыл інжуге ие болады .

Матай 13:44-46


   Бұл астарлы әңгімеде Құдай Патшалығы – үлкен қазынаға ұқсайды.   Егер егіс даласында қазына көміліп жатса, ол туралы ешкім білмейді жанынан өткендер ол жәй жер деп ойлайды. Оларды жер қызықтырмайды. Бірақ егер біреу онда қазына көміліп жатқанын білсе, ол жер өте құнды болып шыға келеді, оның құндылығы сондай сол жерді сатып алу үшін ол қолындағы бар мүлікті сатуға дайын болады. Сол сияқты Құдай Патшалығы – көп адамдар үшін оның құндылығы білінбейді. Ал оның құндылығын ұққан адам оның бағасын біліп, сол жер сияқты барын беріп сатып алады. 

Балық аулайтын ау туралы астарлы әңгіме

 Құдай Патшалығын көлге тасталғанда әр түрлі балықтар түсетін аумен де салыстыруға болады. Ау толғанда оны жағаға шығарып, отыра қалып, балықтың жақсыларын ыдысқа жинап алып, нашарларын лақтырып тастайды. Ақырзаманда да осылай болмақ: періштелер келіп, жамандарды әділдерден ажыратып, жанып тұрған ошақ іспетті тозақ отына лақтырады. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады», — деп сөзін аяқтаған

Матай 13:47-50


 Құдай Патшалығы адамдарды ажыратады. Адамдарды толық ажырату қиямет қайымда яғни Құдай Сотында жүректегі ниеттері ашылғанда болады. 

Құдай Патшалығы қамырдағы ашытқы сияқты білінбей өседі. Оның шынайы құндылығы көп адамдар көзінен тасаланып, олардың арасында әр түрлі әсер етеді. Патшылық түсінетін және түсінбейтін адамдарды бөліп ажыратады. Осы астарлы әңгімелердің бәрін атып болған соң, Иса Мәсіх (ғ.с.) тыңдаушыларына маңызды сұрақ қойды: 

Иса: — Мұның бәрін түсіндіңдер ме? — деп сұрады.

Матай 13:51

          Ал сіз осының бәрін түсіндіңіз бе? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *