Skip to content
Home » Екінші күн: Иса Мәсіх (ғ.с.) таңдаған жері – қазіргі Әл-Ақса мешіті және жартастағы киелі күмбез орналасқан жер

Екінші күн: Иса Мәсіх (ғ.с.) таңдаған жері – қазіргі Әл-Ақса мешіті және жартастағы киелі күмбез орналасқан жер

  • by

Иерусалимдегі Әл-ақса мешіті мен жартастағы киелі күмбез орналасқан жер неге сондай маңызды деп саналады? Сол жерде көп тарихи оқиғалар орын алған, бірақ сол киелі таудың басында Иса Мәсіх (ғ.с.) не болғанын көпшілік біле бермейді. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) Иерусалимде қандай азап шеккенін түсіну үшін, оның жүріп өткен жолын Меккеге сапарлаған Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) жолымен салыстырып көрейік. Фатих сүресінде Қағбаны қорғайтын куәриштер туралы айтылады. 

Олар сондай кәпірлер, сендерді Месжіт Харамнан және тостырылған құрбандықты орнына барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді. (Соғысқа жол қойылар еді). Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлеу үшін (осылай істеді). Мүбада мүміндер бөлінген болса еді, олардан қарсы келгендерді күйзелтуші азаппен қинар едік .  

Фатих 48:25

Куәриштер Меккеде болған пайғамбар (ғ.с.) және оның соңынан ерушілерді мешітке өткізбей қойды. Иса Мәсіхтің заманында Иерусалимдегі ғибадатханадағы құрбандық шалатын орында да осыған ұқсас оқиға болды.  Дін басшылары құрбандыққа шалынатын малдарды сатып алу және сату үшін белгіленген жүйе орнатты және оның бәрі ғибадатханада болып жатты. Алыстан келген қажылық жасаушылар сол жерде ақшаларын айырбастады. Осылардың бәрі Құдайға қызмет көрсетуге кедергі жасайтын. Естеріңізде болса, ғибадатхана Құдайды жасырып қою үшін емес, барлық халықтар келіп Құдайға құрмет көрсету үшін салынған. Иса Мәсіх (ғ.с.) осы жағдайды түзету үшін келді, сол жағдай оның сенбеушілермен қағтығысына әкелді. Ол туралы Тәғабун сүресінде баяндалған. 

Пайғамбар Иерусалимге кірген сол күн туралы ежелгі пайғамбарлар болжам жазып қалдырған. Ол өзін Мәсіхпін және басқа ұлт өкілдеріне нұрмын деп жариялады. Яһудилік күнтізбе бойынша ол жексенбі Нисан айының 9-ы күні болды. Таурат жазбасы бойынша келесі Нисанның 10-ы ерекше күн еді. Дәл сол күні жүздеген жылдар бұрын Мұса пайғамбар (ғ.с.) Құдайдың он жазасы туралы Перғауынға ескертіу айтқан. 

   Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға Мысыр елінде мына ережелерді табыстады: — Бұдан былай осы ай сендер үшін айлардың басы, жылдың алғашқы айы болсын. Исраилдің барлық қауымына мынаны айтыңдар: әрбір отағасы осы айдың оны күні жанұясы үшін бір тоқтыдан арнап бөлек қойсын.

Мысырдын көшіп шығу 12:1-3

Яъудилер үшін жылдың бірінші айы Нисан болып саналады. Мұса пайғамбармен (ғ.с.) байланысты сол оқиғалардан кейін, исраил халқының от басыларына Нисан айының 10-ы күні құрбандық мейрам тойлау үшін бір тоқтыны сайлап қою тапсырылған және оны дәл сол іске асырулары керек еді.   Иса Мәсіхтің (ғ.с.) заманында яһудилер құрбандық тоқтыларын иерусалимдік ғибадатханадан алатын, дәл сол жерде көптеген жүз жыл бұрын Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлын құрбандыққа әкелген. Ал бүгін сол жерде Әл-Ақса мешіті мен жартастағы киелі күмбез орналасқан. Нисан айының 10-ы күні құрбандық мейрамын тойлау үшін яһудилік отбасы тоқты (кедейлері кептер) сатып алған орында, Иса Мәсіх (ғ.с.) заманында сол жерде яһуди ғибадатханасы тұрған сол жерде қазір Әл-ақса мешіті тұр. Сондай сауда мен ақша айырбастау орнында қандай у-шу болып қайнаған базар өмірі, дәл сол ғибадатханада орын алды. Ал Нисан айының 10-ы күнгі ғибадахна қазіргі базар алаңынан айырмасы аз еді. Інжілде Иса Мәсіх (ғ.с.) сол күні ғибадатханада не істегені туралы жазылған. «Келесі күн» Исаның (ғ.с.) Иерусалмге салтанатпен кіргеннен кейінгі келесі күнді яғни, яһудилер ғибадатханада тоқты таңдап алатын Нисан айының 10-ы күнді білдіреді. 

 Осылай Иса Иерусалимге кірді де, ғибадатханаға барып, оны айнала қарап шықты. Кеш батқанда Ол он екі елшісін ертіп қаладан шығып, Бетания ауылына барды.

Жеміссіз інжір ағашының қарғалуы, ғибадатхананың арамдықтан тазартылуы

Келесі күні олар Бетаниядан шыққанда, Исаның қарны ашты. Алысырақтан жапырақ жайған інжір ағашын көрген Ол жемісінің бар-жоғын байқау үшін қасына барды. Бірақ ағаштан жапырақтан өзге ештеңе таппады. Жеміс беретін маусымы әлі болмаған еді. Сонда Иса: «Бұдан былай мәңгі ешкім де жемісіңнен дәм татпасын!» — деді. Шәкірттері Исаның осы айтқандарын естіді. Сонымен олар Иерусалимге жетті. Иса ғибадатхана алаңына кіріп, ондағы сатушылар мен алушыларды қуып шығара бастады: шетелдік ақшаны (зекет беру үшін жергілікті теңгелерге) айырбастаушылардың үстелдері мен (құрбандыққа шалынатын) көгершіндерді сатушылардың орындықтарын аударып тастады, әрі жүк көтергендердің ғибадатхана ауласымен өтулеріне де тыйым салды. Оларға: «Киелі жазбаларда: «Менің (киелі) үйім барлық ұлттар мінажат ететін үй деп аталатын болады!» делінген емес пе? Бірақ сендер оны «қарақшылар ордасына» айналдырғансыңдар!» — деп қатаң ескертіп тәлім берді.

Марқа 11:11-17

Адамның көзқарасымен қарағанда Иса Мәсіх (ғ.с.) ғибадатханаға дүйсенбі яғни Нисан айының 10-ы күні кіріп, барлық сату және сатып алумен айланысқандарды қуып шықты. Ғибадатханадағы сауда мінәжат етуге әсіресе басқа ұлт өкілдеріне дұға етуге кедергі болды. Мәсіх басқа ұлт өкілдеріне нұр болғандықтан, осы сатушылар мен сатып алушыларды қуып шығу арқылы көк пен жердің арасына кедергі боп тұрғандырды алып тастады. Бірақ сол арқылы көзге көрінбейтін тағы бір маңызды нәрсе орын алды.  Жақия пайғамбар (ғ.с.) Иса Мәсіхті (ғ.с.) қалай атағаны есіңізде ме? Ол оны «Құдайдың құрбандық тоқтысы» – деп атады: 

   Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп: — Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды

Жохан 1:29

Иса Мәсіх Құдайдың құрбандыққа жіберген тоқтысы. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) құрбандық шалу оқиғасында Жаратқтан Ие Ыбырайымның ұлының орнына құрбандық тоқтыны Өзі берді. Ол бұтаға мүйізінен шырмалып қалған қошқар болатын. Құрбан айт мейрамы сол күннен бастау алған. Яһудилердің ғибадатханасы Алла Тағала құрбандыққа қошқар ұсынған дәл сол жерде – қазір Ақса мешіті мен жартастағы киелі күмбез тұрған жер.  Нисан айының 10-ы күні ғибадатханаға кірген Иса Мәсіх (ғ.с.) Жаратқан Ие Өзінің құрбандық тоқтысы ретінде таңдады. Алла Тағала оны құрбандық ретінде таңдап алу үшін Иса (ғ.с.) ғибадатханаға дәл сол күні кіруі керек болды. Және ол дәл сол күні кірді.   

Құдайдың құрбандық тоқтысы, Иса (ғ.с.) міндеті

Ол неге құрбандық тоқтысы ретінде таңдалды? Жауап Иса (ғ.с.)   ілімінде тұр. Иса Мәсіх (ғ.с.) «Менің (киелі) үйім барлық ұлттар мінажат ететін үй деп аталатын болады!» – деген сөзі, Ишая пайғамбар (ғ.с.) жазғанын сөзбе-сөз келтірді. Жазбадағы сол сөз толық мәтінде берілді: 

  Сол сияқты, егер басқа ұлт адамдары Маған ғибадат етіп, Мені сүйіп, қызметшілерім болуға өздерін түбегейлі арнаса, әрі демалыс күнінің ережелерін сақтап, Келісімімді берік ұстанса, онда Мен, Жаратқан Ие, олардың Өзіме бағышталған қасиетті Сион тауына келулеріне жол беремін. Маған сиынуға арналған ғибадатханада оларды қуанышқа кенелтемін. Сол басқа ұлттық сенушілердің Өзімнің құрбандық үстелімде шалып, өртеген құрбандықтарына және өзге де сый-тартуларына риза боламын. Себебі Менің киелі үйім барлық ұлттар мінажат ететін үй деп аталатын болады» .

Ишая 56:6-7

Уақыт сызбасында Забурдағы басқа пайғамбарлармен бірге Ишая пайғамбардың (ғ.с.) өмір сүрген жылдары көрсетліген. 

Киелі тау деп отырғанымыз, кезінде Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлының орнына тоқтыны құрбандыққа шалған Мория тауы. Ол Құдай Өзі берген құрбандық болатын. «Мінәжат үйі» Нисан айының 10-ы күні Иса Мәсіх (ғ.с.) кірген ғибадатхана. Яһудиердің көзқарасында Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) мен Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы келген мейрмды бірге қарастырады. Бірақ құрбандық шалу мен құтқарылу мейрамды тек яһудилер ғана ғибадатханада өткізетін. Ишая пайғамбар (ғ.с.) былай болжам айтты: «Сол басқа ұлттық сенушілердің Өзімнің құрбандық үстелімде шалып, өртеген құрбандықтарына және өзге де сый-тартуларына риза боламын» деп басқа ұлттар туралы жазды. Ишаяның (ғ.с.) осы сөздерін келтірген Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің құтқарылу еңбегінің яһуди еместерге де тарайтынын жариялады. Бірқ ол оны кейін түсіндіреді. Ары қарай біз соңында Құдай Өзінің халықтарды құтқару жоспарынның оның ішінде сіз бен біз де бар, рет-ретімен қалай іске асыратынын көремз. 

Сол аптаның келесі күндері

Тауратта жазылғандай яһудилер өздеріне құрбандық тоқтыларын таңдап алып:  «Осы малды айдың он төртіне дейін бағып күтіп, қастарыңда ұстаңдар. Сол күні кешке қарай Исраил халқының бүкіл қауымы тоқтыларын құрбандыққа шалсын».

Мысырдан көшіп шығу 12:6
Тауратта жазылған ережелерге сәйкес, Иса Мәсіх (ғ.с.) 2-ші күні дүйсенбіде істеген істері.  

Мұса пайғамбар (ғ.с.) заманында бірінші құтқарылу мейрамнан кейін, яһудилер Нисан айының 14-ші күні тоқтыларын құрбандыққа шалады. Уақыт сызбасына Таурат ережесіне сәйкес өткізілетін «тоқтыны таңдау» сөз тіркесін қосайық. Сызбаның астына пайғамбардың істегені – ғибадатхананы тазалау және Құдайдың Иса (ғ.с.) құрбандық тоқтысы ретінде таңдауын келтірейік. 

Дұйсенбі күні Иса Мәсіхтің (ғ.с.) Таураттың ережесіне сәйкес Иерусалиге келіп, ғибадатхананы тазартудың өзіндік мағынасы болды. өйткені Інжілде былай жазылған: 

 Мұны дін мұғалімдері мен басты діни қызметкерлер де естіп, Исаның көзін құртудың жолын іздеді. Себебі жұрттың бәрі Оның тәліміне қатты қайран қалғандықтан, олар Исадан қорқып жүрді

Марқа 11:18


  Ғибадатханадағы сатушылар мен сатып алушыларды қуып шыққаннан кейін яһуди көсемдері Исаның (ғ.с.) көзін құртуды ойластыра бастады. Олар Мәсіхке ашық қарсыдықтар көрсете бастады. Інжілге сәйке келесі күні:   

  Осылай олар тағы да Иерусалимге келді. Иса ғибадатхананың ішінде жүргенде, бірқатар басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар Оның қасына келіп: — Бұл істерді қандай билікпен істеп жүрсіз? Оларды істеуге Сізге кім билік берді? — деген сауал қойды . 

Марқа 11:27-28

          Тәғабун сүресінде сол заманда барлық пайғамбарлар сондай сынақтардан өтті деп жазылған. 

Сендерге бұрынғы қарсы болғандардың әңгімесі келмеді ме? Олар істегендерінің жазасын татты. Олар үшін тағы күйзелтуші азап бар. Бұл, өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: “Бізді адам тура жолға сала ма?”,- деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Алла, оларға мұқтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Алла, мұңсыз, мақтауға лайық. Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаға оңай” де .

Тәғабун 64:5-7

  Иса Мәсіх (ғ.с.) Тәғабун сүресінде айтылғандай пайғамбарлар басынан өткізген өте қатал сынақтан өте отырып – өз билігін дәлелдеуге тура келді. Осы сынақ пайғамбарды адам емес тек Құдайдың Өзі жіберді дегеннің АНЫҚ нышан-белгісі. Тәғабун сүресі өлімнен қайта тірілу сынағы болғанын түсіндіреді. Бірақ, алдымен осы тағдырлы аптаның басқа оқиғалары іске асуы керек еді. 

Ары қарай діни басшылардың ойлаған зұлымдықтары, пайғамбардың ісі және Таураттың қаулысы үшеуінің осы аптаның 3-ші және 4-ші күндері таңқаларлықпен қалай түйіскенін көреміз.    

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *