«Құран ерекше жазылған киелі дүние – бір тіл, ерекше әріп және ыңғайлы оқылады. Оған адам тарапынан еш нәрсе қосылмаған немесе аударма кезінде бұрмаланбаған… Жер бетіндегі кез келген үйде Құранның аудармасын қолыңызға алсаңыз, одан түпнұсқадан еш өзгеріс тапайтыныңызға сенімдімін».
Мен осы тұжырымды бір досымнан алдым. Ол қасиетті Құран мәтіндерін Інжіл аяттарымен салыстырды. Арасында аздаған сөз тіркесінің қолдануында ғана өзгерген жері бар, Інжілдің көне қолжазбаларының 24 мың данасы бар. Ал оқиға желісі мен айтпақ ойдың бәрі сол 24 мың көшірмеде дәлме-дәл сәйкес келіп тұр. Ондағы Иса Мәсіх (ғ.с.) біздің күнәміздің құнын өтеп айқышта өлгені және өлімнен қайта тірілгені туралы, Құранда бірде-бір нұсқа жоқ деп менің досым жиі қайталайды. Ол оның Інжілден Құран жоғары болып тұр деген қорғаныш куәлігі. Бірақ Құранның қалай құралғаны туралы Хадистер не дейді?
Құранның пайғамбардан бастап Халифтерге дейін құралғаны туралы
Омар әль-Хаттаб былай дейді:
Хишам бин Хаким бин Хизам Фуркан сүресін менен басқадай түрде оқығанын естідім. Құдайдың хабаршысы мені басқадай оқуға үйретті. Сөйтіп, мен онымен (намаз кезінде) ұрсысу үшін келдім, бірақ ол намазын аяқтағанға дейін күттім, содан кейін оның мойнын өз киімімен орап, пайғамбардың алдына сүйреп әкеп, былай дедім: «Ол Фуркан сүресін сен маған үйреткеннен бөлек оқиды деп естідім». Пайғамбар маған оны қоя беруге бұйырып, Хишамға Фуркан сүресін оқуды өтінді. Ол оқыған сәтте пайғамбар былай деді: «Ол былай жолданған» – деді. Содан кейін ол менен оқуды өтінді. Мен оқығанда: «Ол осылай жолданған» – деді. Құран отбасыларға әр түрлі әдістермен жолданған, сондықтан оны өзіңе қалай жеңіл болса, солай оқыған дұрыс.
Сахих аль-Бухари 2419: 44 кітап, 9-шы Хадис
Ибн Масуд былай деді:
Адамның белгілі бір әдіспен Құран аятын оқығанын естідім және пайғамбардың сол аятты мүлде басқа әдіспен оқитынын байқадым. Мен пайғамбарды оңаша шақырып осы туралы айтқанымда, оның бетінен жақтырмаушылық көрінді, артынан ол: «Сендер екеуіңде дұрыс оқыдыңдар, сондықтан бөлінбеңдер, өйткені сендерге дейін де адамдар бөлінген, сол себепті олар мүлде бөлініп кетті» – деді.
Сахих аль-Бухари 3476: 60-шы кітап, 143-ші Хадис
Осы екі үзінді, Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) кезінде, пайғамбар растап, өзі бекіткен, Құранды оқудың бірнеше әдістері болғанын көрсетеді. Ол өлгеннен кейін не болды?
Абу Бакр және Құран
Заид ибн Сабиттың айтқаны:
Мусалимдерге қарсы соғыс жүргізген, Ямам халқы яғни пайғамбарды қолдаушылар өлтірілген кезде Абу Бакр Ас-Сиддик маған шақырту жіберді. Мен оған келдім, оның жанында Умар ибн аль-Хаттаб отыр екен. Абу Бакр маған былай деді: «Маған Омар келіп: «Яммалар үшін соғысқан күні, Құрлар – Құран оқитандар (Құранда жатқа айтатындар) арасында шығын көп болды, басқа соғыс алаңдарында да Құрлардан көп шығын болса, Құран оқитын адам қалмай ма деп қорқамын. Сондықтан менің ұсынысым, Құранды қағазға түсірейік, «Пайғамбар істемеген нәрсені сен қалай іске асырмақсың?» – деп едім. Омар: «Алланың атынан ант етейін осы жақсы жоспар» – деді. «Омар өз ойының дұрыс екенін маған дәлелдемек болды, ал Алла оған менің жүрегімді әлі ашпады, сондықтан сол жоспардың тиімділігін білмеймін, бірақ оның тиімділігін менен бұрын Омар көріп отыр» – деді маған Абу Бакр.
«Сіз ақылды жас адамсыз, сондықтан біз сізге еш күдіктенбейміз және сіз Алланың пайғамбары үшін хабарлар жазғансыз. Сондықтан сіз Құранның бөліктерін жинап, тұтас кітап құраңыз» – деді. Алланың атынан ант етейін Құранның бөліктерін жинап құра дегеннен гөрі тауды орнынан жылжыт десе маған жеңіл болар еді. Содан кейін мен Абу Бакрға: «Пайғамбар істемеген нәрсені сен қалай іск асырмақсың?» – дедім. Абу Бакр: «Алланың атынан ант етейін бұл лайықты жұмыс» – деп жауап берді. Абу Бакр ары қарай сөзін жалғап, оның жоспарын қабылдауымды өтінді, бұрын Абу Бакр мен Омардың жүрегіне ашқаны секілді Алла менің жүрегіме де осы істі жүрексінбей бастауыма күш береді деді. Сондықтан мен Құранның үзінділерін жинап, оларды пальманың сабағына, жұқа ақ тастарға жаза бастадым, уды бастадым, сондай-ақ оны жатқа білетін адамдардың айтқанын қағаз бетіне түсіріп отырдым, ең соңында Тәубә сүресін Аби Хузайма аль-Ансаридан жазып алдым, мен ол сүрені басқа ешкімнен таппадым. Аятта былай делінген: «Сендерге орталарыңнан шыққан Құдайдың пайғамбары (Мұхамбет) (ғ.с.) жібердік. Егер қандай да бір қиындық немесе жаралансаңдар ол қиналады … (аяғына дейін Тәубә 9:128-129 оқи аласыз). Құранның толық қолжазбалары Абу Бакр өлгенше соның қолында болды, кейін Омар өмірінің соңына дейін ұстады, артынан Омардың қызы Хафсаның қолына көшті.
Сахих аль-Бухари 4986: 66-шы кітап, 8-ші Хадис
Мұхамбет (ғ.с.) өлгеннен кейін Абу Бакр халиф болды. Үзіндіде Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) ешқашан Құранды бір стандартпен оқуды талап етпегені көрсетілген. Құранды жатқа білетіндер саны азайып бара жатқан соң, Абу Бакр мен Омар (екінші халиф болған) әр түрлі дерек көздерінен Құранның ұзінділерін жинауды Заидаға тапсырады. Басында Заид бұл ұсынысқа қарсы болады, өйткені Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) мәтінді стандарттау қажеттілігіне нұсқау бермеген. Келесі хадисте ол Құранды үйретуді өзінің бірнеше із басарларына сеніп тапсырғаны жазылды:
Масрик былай деген:
Абдулла бин Амр, Абдуллу ибн Масуданың есіне салып былай деді: «Мен сол адамды үнемі жақсы көремін, өйткені Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) былай айтқан: «Құранды төрт адамнан үйреніңдер: олар Абдуллы ибн Масуда, Салима, Муада және Убай ибн Кааба».
Сахих аль-Бухари 4999: 66-шы кітап, 21-ші Хадис
Алайда пайғамабр қайтыс болған соң, Құран оқуларына байланысты оның із басарлары арасында келіспеушілік пайда болды. Төмендегі хадисте (Ләйлә 92:1-3) сүресіне байланысты келіспеушіліктер келтірілген:
Ибрахимнің айтқаны:
Абдулланың көмекшілері Абу Дардеге келді, олар оны іздеп таппады. Содан кейін ол олардан: «Араларыңда қайсысың Құранды Абдулла сияқты оқи аласыңдар?» Олар жауап беріп: «Бәріміз» – деді. Ол былай сұрады: «Кім оны жатқа біледі?» Олар Алқамды нұсқап көрсетті. Содан кейін ол Алқамнан: «Сен Абдулланың Ләйлә сүресін қалай оқитынын естідің бе?» – деп сұрады. Алқам: «Еркек және әйелмен ант етемін» – деді. Абу Ад-Дарда: «Мен пайғамбардың осылай оқығанын естідім, ал мына адамдар менен: «Мен еркек пен әйелді Жаратқанның атынан ант етемін деп оқыды деп талап етеді, бірақ Алланың атымен ант етемін мен олардың талаптарын орындамаймын» – деді.
Ағылшын аудармасына сілтеме, 6-шыТом, 60-шы кітап, 468-ші Хадис; араб нұсқасы: 65-ші кітап, 4944-ші Хадис
Бүгінгі таңда Құранда Ләйлә 92:3 сүресін оқудың екінші нұсқасы бар. Қызығы сол Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) таңдаған беделді төрт қаридің бірі Абу Ад-Дарда осы аяттың басқа нұсқасымен оқыды және басқа нұсқаларды қабылдағысы келмеді.
Ислам әлемінің тұтас бір аймағы Құран қаридің қайдан шыққаны анықтауға болатындай, оқу нұсқаларын таңдады. Төмендегі үзінді де 92:1-3 аятын Куфадан шыққан Ирак қалай оқитынын Абдулла ибн Масуда ұсынып отыр.
Алқам хабарлады:
Мен Абу Дардыны кездестірдім, ол менен: «Сен қай елдің азаматысың?» – деп сұрады. Мен: «Ирактың бір тұрғынымын» – деп жауап бердім. Ол қайтадан: «Қай қаладан келдің?» – деп сұрады. Мен: «Куфа шаһарынан келдім» – жауап бердім. Ол қайтадан: «Абдулла ибн Масуда секілді оқисың ба?» – деп сұрады. Мен: «Иә» – деп жауап бердім. Ол: «Мына аятты оқышы (Жерді басқан қараңғылықпен ант етемін). Мен оны оқып бердім: (Жерді басқанда түнмен ант етемін, таң атқанда күнмен ант етемін, еркек ен әйелді Жаратқанмен ант етемін). Ол күліп жіберді де: «Мен пайғамбардың осы әдіспен оқығанын естідім» – деді.
Сахих Муслим 824 б: 6-шы кітап, 346-шы Хадис
Аббастың айатқаны:
Омар былай деді: «Ұбай Құран оқуда арамыздағы үздік еді, бірақ біз оның оқуының кейбірнен бас тартамыз». Ұбай былай деді: «Мен осыларды пайғамбардың өз аузынан алдым (ﷺ) сондықтан одан бас тартуға жол бермеймін». Бірақ Алла Тағала былай деді: «Біз бірде-бір аянды өзгертпейміз және оны соған ұқсас немесе жақсы жаман шыққанына қарамастан ұмытуға жол бермейміз» 2.106
Сахих аль-Бухари 5005: 66-шы кітап, 27-ші Хадис
Ұбай Құранды жақсы оқитындардың қатарында (Мұхамбет (ғ.с.) өзі кезінде дұрыс деп қабылдаған) болғанымен, қоғамның басқа мүшелері ол оқитын мәтіннің кей жерін алып тастады. Олардың араларында, қай жері қалу керек, қай жерін алып тастауға болады деген пікірталас жүрді. Оқу үлгілері мен кей тұсына өзгерту енгізу қоғам арасында шиеленіс туғызды. Төменде келтірілген хадисте сол мәселенің қалай шешілгені көрсетілген.
Осман халиф пен Құран
Анас ибн Маліктің айтқаны:
Шама мен Ирак халықтары бір-бірімен соғысып жатқанда, Худхайфа бин аль-Яман Армения мен Азербайжанды басып алу мақсатымен Османға келді. Худхайфа Құранды оқуға байланысты (Шама мен Ирак халықтары) әр түрлі көзқарастан қауіптенетін, сондықтан Осаманға былай деді: «О сенушілердің төрағасы! Кезіндегі Яһуда мен мәсіхшілер сияқты Кітапқа (Құран) әр түрлі көзқараста жүрген осы халықты құтқара гөр». Сонда Осман Хафсеге былай хабар жіберді: «Бізге Құранның қолжазбаларын жібер, біз содан құрандық көшірмелер жасап алайық, содан кейін қолжазбаларды өзіңе қайтарамыз». Хафса қолжазбаларды Османға жіберді. Осман Заид бин Сабит, Абдулла ибн Аз Зубайр, Саид бин Аль-Асу және АбдурРахман ибн Харит ибн Хишаммаға қолжабалардың көшірмелерін қатесіз көшіру туралы бұйрық берді. Осман үш құрайыштарға: «Егер Құранның қандай бір жеріне байланысты Заид бин Сабитпен келіспесеңдер, онда оны құрайштардың емілесіне сәйкес көшіріңдер, өйткені Құран олардың тілінде түскен» – деді. Олар оны дәл солай орындады, көптеген көшірмелер дайын болған кезде, Осман қолжазбаларды Хафске қайтарды. Осман көшірмелердің әр данасын әр мұсылман аймағына жіберді және Құранның басқа көшірмелерін мейлі ол қолжазба үзіндісі немесе толық көшірме болсын бәрін өртеп жіберуге бұйрық берді.
Сахих аль-Бухари 4987: 66-шы кітап, 9-шы Хадис
Сондықтан бүгінгі таңда оқудың басқа түрлері жоқ. Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) мәтіннің бір үлгісін ғана қабылдап немесе қолданғандықтан осы оқиға болған жоқ (бұл шындыққа сай емес, өйткені ол жеті түрлі үлгіні қабылдаған) және ол Құранның беделді үлгісін құрастырғанына да байланысты болмады. Жоқ. Шын мәнінде онлайн-суннадан «әр түрлі» оқу үлгісін қарастырсаңыз, 61-ші хадисті табасыз, онда Құранның әр түрлі нұсқа да оқылатыны талқыланған. Қазіргі Құран да үлгілі боп саналмайды, өйткені Осман (үшінші халиф) бір нұсқаны ғана қалдырып, басқа нұсқалардың бәрін өртетіп жіберді. Келесі хадистер, бүгінгі Құрандағы мәтіндердің қалай сақталып келе жатқанын көрсетеді.
Аббас былай деді:
Омардың айтқаны: «Біршама ұзақ уақыт өткеннен кейін, халықтар былай дей ме деп қорқамын: «Біз киелі жазбалардан Раджам (таспен ұрып өлтірілген) туралы аяттарды таба алмай отырмыз» және сондықтан олар Алла Тағала өсиет етіп қалдырған тура жолдан тайып кетуі мүмкін. Кімде–кім неке адалдығын бұзса және онысы әйелдің жүкті болуы немесе куәлік арқылы дәлелденсе, Раджамды жазалау соның мойнында болатынын мен растаймын». Суфьян былай қосты: «Мен ол әңгімені былай есіме сақтадым». Омар: «Әрине, Құдайдың пайғамбары (ﷺ) Раджамды жазалауға әмір етті, біз де содан кейін солай әрекет еттік» – деді.
Сахих аль-Бухари 6829: 86-шы кітап, 56-шы Хадис
Аббастың айтқаны:
… Алла Тағала Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) жіберді және ол арқылы қасиетті кітапты берді, сол Құдай берген кітаптың ішінде неке адалдығын бұзғаны үшін, Раджамды таспен ұрып өлтірілгені де көрсетілген және біз ол аятты оқыдық және оны есімізде сақтадық. Құдайдың елшісі (ﷺ) шынында сол жазаны іске асырды және одан кейін біз де солай істедік…
Бухари: 86-шы кітап, 57-ші Хадис
Қазіргі Құран мәтіндерінде, неке адалдығын бұзғаны үшін, Раджамды таспен ұрып өлтірілген аят кездеспейді – ол бұрынғы көшірмелер кезінде алынып тасталған.
Аз-Зубаирдің айтқаны:
Мен Османға былай дедім: «Бақара сүресіндегі мына аят, «Араларыңда өліп бара жатып, әйеліне бостандық жарияламай жесір еткен…» басқа аят негізінде құрастырылған. «Онда ол неге Құранда жазылған?» – деді Осман. «Ол қай жерде болса, сол жерде қалдыра бер, мен ештеңені өзгертпеймін».
Ағылшын нұсқада: 6-шы том, 60-шы кітап, 60-шы хадис; Араб нұсқада: 65-ші кітап, 4536-шы хадис
Біз бұл жерден, Осман мен Аз-Забуйр арасындағы алып тасталған аятты Құранда қалдыру керек пе, жоқ па деген келісппеушілікті байқаймыз. Осман өз пікірінде қалды, сондықтан қазіргі Құранда сол аят бар. Бірақ соған байланысыты дау-дамай болған.
Осман және Тәубе сүресінің тақырыбы
Османның айтқаны:
Язид аль-Фариси былай деді: Мен Аббастың былай дегенін естідім: Мен Османнан былай сұрадым: Миин сүресіне тиесіліні Аль-Барааға және ас-сабуат-тиваль Құрандағы ең ұзын сүреге тиесілі Ал-анфалға қосуға не түрткі болды және олардың арасы «Мейірімді, Шапағатты, Алла Тағаланың атымен» – деген сөз тіркесімен не үшін бөлінбеді?»
СунанАби Дауд 786: 2-ші кітап, 396-шы Хадис
Тәубе сүресі Құранда «Мейірімді, Шапағатты, Алла Тағаланың атымен» -деп басталмайтын жалғыз сүре. Себебі хадисте түсіндірілген. Осман тақырыптары ұқсас болғандықтан, 9-шы сүре, 8-ші сүренің бір бөлігі деп санаған. Осы сұраққа байланысты ежелгі мұсылман қоғамында осы жағдай өзара келіспеушілікке әкелді деген қорытынды шығаруға болады. Келесі хадис сахабалардың бірінің Осман Құранына байланысты пікірін көрсетеді.
Абдулла (ибн Масуд) жолдастарына Құранның өз көшірмесін құпия ұстауды ұсынғанын хабарлады: Біреу бір нәрсені жасырып қалса, қиямет күні бәрібір ашылады деп былай деді: Кімнің үлгісімен оқы деп сіз маған бұйрық бересіз? Мен Құдайдың пайғамбарының (ﷺ) алдында Құранның жетпістен астам тарауын оқыдым және пайғамбардың сақабалары менің Құдайдың кітабын жақсы түсінетінімді біледі, егер біреудің Құранды менен жақсы түсінетінін білсем мен соның алдына барар едім. Шакик былай деді: Мен пайғамбардың сақабаларының арасында отырдым, бірақ біреудің оны жоққа шығарғанын немесе онда бір өзгеріс болғанын көрмедім.
Сахих Муслима 2462: 44-ші кітап, 162-ші Хадис
Бірнеше тармақты бөліп көрсетуге болады:
1. Абдуллах ибн Масуд өзінің соңынан ерушілерге қандай да бір себеппен өз Құранын жасыруды ұсынады.
2. Оған біреу басқа үлгіде оқуды ұсынған секілді. Бұл оқиға Осман өз Құранын стандарттау кезеңінде болса, онда осы жағдайды түсінуге болады.
3. Ибн Масуд Құранды оқу үлгісін өзгертуге былай қарсы шықты: «Мен (Масуд) кітапты жақсы түсінуге құқым бар».
4. Шакик Мұхамбеттің Масудқа қарсы болмағанын айтты.
Құранның қазіргі мәтіні
Дегенмен, Османның шығарылымынан кейін оқу үлгілері әлі де сақталып жүрді. Пайғамбардан (ғ.с.) кейін шамамен 4-ші ғасырда әр түрлі оқу үлгілерін қайтаруға рұқсат етілді. Дегенмен бүгінгі негізгі араб тіліндегі мәтін Хафс болып табылады, ал Солтүстік Африкада Варш үлгісін ұстанса, Аль-Дури үлгісі батыс Африка жерінде кеңінен таралған т.с.с. Бұл үлгілердің айырмашылығы, мағынасына еш нұсқан келтірмейтін, негізінен жазу үлгісі мен аздаған мәтін өзгерісінде ғана; бірақ кейбір үлгілер аздап мағынаға да қатысы бар, әрине бүкіл кітап бойынша емес, кейбір контекстке ғана ықпалы тиеді.
Сөйтіп, Құранның қай үлгісін пайдалану үшін таңдау құқы шығады.
Біз бүгінгі таңда Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) өлгеннен кейін басып шығару мен қалыптастыруға байланысты, Құранды араб тілінде оқу үлгілерінің айырмашылығы барын білдік. Құран мәтінінің бүгінгі күндері өте аз оқу үлгісінің себебі, басқа үлгілердің бәрі кезінде өртеліп кеткен. Басқа үлгі болмағандықтан емес кезінде жойылып кеткендіктен, Құранда басқа үлгілерге берілетін сілтеме жоқ. Мүмкін Осман Құранның ең жақсы үлгісін құрастырған шығар, бірақ ол жеке дара және әр түрлі пікірде болмады. Сөйтіп, Құран туралы «бір тілде, бір әріптерді ғана қолданған, адам тарапынан еш өзгеріске түспеген жалғыз киелі жазба» – деген тұжырым шындыққа сәйкес емес.
Бірақ, Киелі кітап пен Құранда әр түрлі оқу үлгілері болғанымен, көне қолжазбаларға қарап, қазіргі мәтіндердің түпнұсқадан алшақ кетпегенін көруге болады. Екеуі де бізге түпнұсқада жазылғандар туралы анық сенімді өкілдік көрсете алады. Көп адамдар Киелі кітаптың сақталу әдісі мен Құранның сақталу үлгілерін салыстырып түсінуге тырысып, тек соған назар аударады. Дегенмен кітаптардың мазмұнын түсінуге назар аударған дұрыс. Бұл олардың ұқсас жақтарын тек тексеру себебі ғана болды. Ал біз Адам атаның нышан-белгісімен танысудан бастауды ұсынамыз.