(Израил ғрпақтарынан біреу малына қызығып, бір жақынын түнде өлтіріп тастайды. Көп жанжал болып, өлтіруші ақсынып Мұса (F.C.) ға шағады. Мұса (F.C.) Алланың әмірі бойынша: “Бір сиыр сойылып, кей мүшесімен қағылса, тіріліп, кім өлтіргенін айтады” дейді.)
Сол уақытта Мұса (F.C.) қ а у м ы н а : “Алла, бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды” деді. Олар: “Бізді келемеж қыласын ба?”,¬деді. Мұса (F.C.): “Надандардан болудан Аллаға сиынамын” деді
Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның түсін білдірсін” десті. (Мұса ғ.сл “Алла, ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілерді стйіндіреді дейді” деді.
Олар тағы: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, о немене? Бізге білдірсін. Өйткені бізге (баска сиырға) ұқсас келді. Әрине Алла қаласа тура жолда боламыз” десті.
(Мұса Ғ.С.) расында Алла: «Ол сиыр қорлық көрмеген, жер жыртпаған, дін аман онда дақ жоқ дейді» деді. Олар: «Міне, әзір шындықты келтірдің» десті. Сонда олар, істегілері келмесе де оны бауыздады. (Қайта- қайта сұрақ қойып жүріп әрең орындады.)
Сол уақытта біреуді өлтірдіңдер де сол жөнде таластыңдар. Алла жасырғандарыңды ортаға шығарды.
Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағындар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар.