5:28-31 (Маида) | Жаратылыс 4:1—12 |
(Мұхаммед Ғ.С) оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді.Сонда біреуінен қабылданып,екіншісінен қабылданбаған еді.» (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : «Әлбетте мен сенді өлтіремін»деді.Сонда (һабыл): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді»деді.«Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да,мен сені өлтіру үшін қол созбаймын.Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!»Сөзсіз мен,сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп,тозақтық болуды қаламаймын.Осы,залымдардың жазасы,»Сонда оның нәпсісі,туысын өлтіруге қызықтырды да ол,оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды. (Адам Ғ.С егіз ұлқыздарды ауыстырып үйлендіреді екен.Бірақ Қабыл өз сыңарымды аламын деп,һабыл екеуі сеттесіп құрбан шалғанда құрбаны қабылданбаған Қабыл,Һабылды өлтіріп,қайтерін білмей жүргенде Құдіретінше екі қарға таласып бірін бірі өлтіріп көмгенін көріп,көмеді.Б.М.Р.К.т.б)Сонда Алла,оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға,жерді қаза бастағанда: «Әттең! Маған не болды?Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?»,-деді де,өкінушілерден болды.. | дам әйелі Хауамен жақындасқан соң, әйелі жүкті болып, Қабылды туды. Сонда Хауа: «Жаратқан Иенің жарылқауымен бір ұл балаға ие болдым», — деді. 2 Хауа қайтадан жүкті болып, Қабылдың інісі Әбілді туды. Әбіл мал бағушы, ал Қабыл жерді өңдейтін егінші болды. 3 Біраз уақыт өткеннен кейін Қабыл Жаратқан Иеге арнап жерден жинап алған өнімінен тарту ұсынды. 4 Ал Әбіл малының алғашқы төлдерінен әкеліп, құрбандыққа шалып, олардың майлы бөліктерін де тарту етті. Жаратқан Ие Әбілге және оның құрбандығына ризашылықпен қарады, 5 бірақ Қабылға және оның ұсынған тартуына риза болмады. Бұған Қабыл қатты ашуланып, қабағын түйіп безеріп алды. 6 Сонда Жаратқан Ие Қабылға: — Сен неге ашуланасың? Неліктен қабағыңды түйіп безересің? 7 Егер істегенің дұрыс болса, онда сені қабылдар едім. Ал істегенің дұрыс болмаса, онда босағаңды күнәнің жағалағаны: күнә сені иемденуге құштар, бірақ сен оған жол бермеуің керек, — деп сөзін арнады. 8 Алайда Қабыл інісі Әбілге: «Далаға барайық», — деді. Олар далаға шыққан соң, Қабыл інісін бас салып, ұрып өлтірді. 9 Кейін Жаратқан Ие Қабылдан: — Інің Әбіл қайда? — деп сұрады. Ол: — Білмеймін, мен інімнің күзетшісі ме едім? — деп жауап қайырды. 10 Жаратқан Ие: — Сен не істедің? Ініңнің төгілген қаны Маған жерден үн қатып, кегін алуды сұрап тұр! 11 Сені қарғыс атқан! Енді өз қолыңмен өлтірген ініңнің қаны сіңген жердің топырағынан аулақ жүресің. 12 Сен оны өңдегенде, түк өнім ала алмайсың. Сондықтан жер бетінде тұрағы жоқ кезбеге айналасың, — деді. |