Skip to content
Құран- 37: 102-110 (Саффат)Таурат: Жаратылыс 22:1-18
102.Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: “Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?”,- деда. Ол: “Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың” деді.
!103(Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: “Таруя”; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа”; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: “Нахыр” деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М.)
104.
Біз, оған: “Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық:
  105. “Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз” (дедік.)
106Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді. 107.Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К.)
108.Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық.109. Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем.110. Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.
сы оқиғалардан соң Құдай Ыбырайымды сынамақ болып, оны: — Ыбырайым! — деп шақырды. Ол: — Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
Сонда Құдай оған: — Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды.
Ыбырайым таңертең ерте тұрып, есегін ерттеп, жастау екі қызметшісін және ұлы Ысқақты өзімен бірге ертіп алды. Ол құрбандық отына жеткілікті етіп отындық ағаш жарып алып, Құдай өзіне айтқан жерге қарай жолға шықты.
Үшінші күн дегенде, Ыбырайым айналасына көз жүгіртіп, сол жерді алыстан көрді.
Сонда ол қызметшілеріне: «Сендер есекпен осы жерде қалыңдар. Балам екеуіміз сол жерге өрлеп барып, Құдайға ғибадат етеміз, содан кейін сендерге қайтып келеміз», — деді.
Ыбырайым құрбандық отына арналған ағашты баласы Ысқаққа арқалатып, өзі шоқ салынған ыдыс пен пышақты қолына ұстап, екеуі бірге әрі қарай жүріп кетті.
Сонда Ысқақ әкесіне: — Әке! — деп тіл қатты. Ыбырайым: — Иә, ұлым, не айтайын деп едің, — деді. Ысқақ: — Бізде шоқ пен отын бар, ал құрбандыққа шалынып, өртелетін қой қайда? — деп сұрады.
Ыбырайым: — Ұлым, Құдай құрбандыққа шалынып, өртелуге қажетті қойды Өзі береді, — деді. Осылай екеуі бірге әрі қарай жүре берді.
Олар Құдай белгілеп берген жерге келгенде, Ыбырайым құрбандық өртейтін орын жасап, оның үстіне отындық ағаштарды қаластырды. Мұнан соң Ысқақты байлап, осы ағаштардың үстіне жатқызды.
10 Содан кейін Ыбырайым пышағын қолына алып, ұлын бауыздамақ болды.
11 Ал сол сәтте Жаратқан Иенің періштесі оған көктен дауыстап: — Ыбырайым! Ыбырайым! — деп тіл қатты. Ол: — Тыңдап тұрмын, — деп жауап берді.
12 Періште: — Балаңа қол көтерме, оған ештеңе істеме! (Құдай былай дейді:) енді сенің Өзімді терең қастерлейтініңе көзім жетті. Себебі Менен өзіңнің жалғыз ұлыңды да аямадың, — деді.
13 Ыбырайым төңірегіне көз тастағанда, қалың бұтаның ішінде мүйізінен шырмалып қалған қошқарды көрді. Ол барып, қошқарды әкелді де, оны ұлының орнына құрбандыққа шалып, өртеп жіберді.
14 Осы жерге Ыбырайым «Жаратқан Ие қажетіңді береді» деген ат қойды. Сондықтан да күні бүгінге дейін жұрт: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді», — дейді.
15 Жаратқан Иенің періштесі Ыбырайымға екінші рет көктен дауыстап былай деді:
16 «Жаратқан Ие мынаны айтады: сен осылайша істеп, жалғыз ұлыңды Менен аямағаның үшін өз атыммен ант етемін:
17 саған ақ батамды шүбәсіз үйіп-төгіп бере отырып, аспандағы жұлдыздар мен теңіз жағалауындағы құм қиыршықтары қаншалықты көп болса, Мен сенің ұрпақтарыңды да соншалықты сансыз етіп көбейтемін. Олар жауларын жеңіп, қалаларын басып алатын болады.
18 Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің».