Құдай үшін кешіріңіз, бұл әрине жақсы хабар емес. Шындығына келсек бұл дегеніміз, сіз әділдік құқығынан айырылған жансыз (оның ішінде мен де бармын, өйткені менде де осы мәселе бар). Әділдік өте маңызды, өйткені ол жұмаққа, яғни Құдай Патшалығына кіргізетін негіз. Жұмақ – біздің бір-бірімізбен қарым қатынасымыздың (өтірік айтпаймыз, ұрламаймыз, кісі өлтірмейміз, пұтқа табынбаймыз т.с.с.) және Алла Тағаланы қаншалықты қастерлейетініміздің жемісі. Міне сондықтан Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) Забур жырында айтқанындай, кім әділ болса, тек сол ғана Киелі Патшалыққа кіре алады. Тек қана сондай адамдар ғана Киелі Патшалыққа кіре алады, сол себепті де ол жұмақ деп аталады.
Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады,
Киелі тауыңда кімнің тұруына болады?
Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,
Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді,
Ешкімді уытты тілмен өсектемейді,
Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді,
Жақынының арына дақ түсірмейді.
Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды,
Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды,
Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды,
Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды,
Пара алып жазықсыз жанды қараламайды
Забур 14:1-5
Күнә дегенміз не?
Үнемі осы жырда айтылғандай істей алмағандықтан, Құдайдың барлық Өсиеттерін орындай алмаймыз – біз күнәкарларымыз. Күнә дегеніміз не? Көне келісімдегі Таураттан кейінгі кітапта, оның не екенін түсінуге көмектесетін бейне бар. Ол аятта былай делінген:
Олардың арасында жеті жүз таңдаулы адам солақай болатын. Бұлардың әрқайсысы сақпанмен атқан тасы тимей қоймайтын қас мергендер еді .
Билер 20:16
Біз бұл жерде сақпанмен ататын мергендер туралы оқимыз, олардың атқан тастары тимей қоймайды. Таурат пен Көне келісім пайғамбарлар арқылы көне иврит тілінде жазылған. «Тимей қоймады» деп аударылған көне иврит тіліндегі сөз: יַחֲטִֽא׃ ( хо-то) деп оқылады, оның мағынасы еврей тілінен аударғанда күнә дегенді білдіреді. Мысалы ол сөз Мысыр еліне құлдыққа сатылып кеткен және сол жерде өзін зина жасауға шақырған Потифардың әйеліне көнбеген Жүсіпке байланысты «күнә» деген мағынада жазылған (Ол туралы Құрандағы Юсуф сүресі 12:22-29 аяттарынан оқи аласыз).
Бұл үйде ешкім менен артық күшті емес. Қожайыным өзіңізден басқа ештеңені де билігімнен айырған жоқ. Ал сіз оның жұбайысыз ғой! Сонда мен қалайша сондай ауыр қылмыс жасап, Құдайдың көз алдында күнәға батпақпын?! — дейді.
Жаратылыстың басталуы 39:9
Тауратта Он өсиеттен кейін бірден былай делінген:
Мұса халыққа:— Қорықпаңдар! Құдай сендерді (Өзінің араларыңда болуына) үйрету үшін осында келді. Бұдан былай Оны әрдайым шын жүректен қастерлейтін болыңдар! Бұларың сендерді күнә жасаудан сақтайтын болады, — деді .
Мысырдан шығу 20:20
Екі үзіндіде де «күнә» деп аударылатын יַחֲטִֽא׃ еврей сөзі қолданған. Яғни адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста өздерін қалай ұстау керек, сонымен бірге «күнә» сөзі «тимей қоймайды» деп пайдаланғанда да, Алла Тағала бізге күнәнің мағынасын түсінуіміз үшін тамаша мүмкіндік жасап тұр. Жауынгер нысанаға тигізу үшін тас алып сақпан көмегімен атады. Егер тигізе алмаса тасы нысанадан қиыс кетті деген сөз. Сол сияқты Алла Тағала да бізді – Өзіне мойынсұнсын және адамдарға сүйіспеншілік көрсетсін деген бір мақсатпен жаратты. «Күнә жасау» – біз жаратылған мақсаттан қиыс кеткенімізді көрсетеді. Өсиеттің барлық нүктесін орындай алмағанда біз сол күйге түсеміз. Біз Құдай жаратқан мақсаттан қисық кетіп жатырмыз.
Тауратқа сәйкес күнәнің салдары – өлім.
Қиыс кеткеннің нәтижесі қандай? Бірінші нұсқау Адам ата нышан-белгісінде берілді. Адам ата бір ғана өсиетті бұзды және Құдай оны бірден өлетін етті. Басқадай айтқанда енді ол өлетін болды. Нұхтың нышан-белгісінде ол ары қарайғы жалғасын тапты. Алла Тағала бүкіл адамзатқа топан сумен өлім жазасын кесті. Келесі кезең Лұттың нышан-белгісінде жалғасты, күнә үшін тағы да өлім орын алды. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлы құрбандық шалатын орында өлуі тиіс болды. Құтқарылу мейрамындағы оныншы жазада Мысырдағы барлық тұңғыш ұлдар өлтірілді. Біз Алланың Мұса пайғамбар (ғ.с.) айтқан сөзінде сол үлгінің қайталанғанын көреміз. Жаратқан Ие Он өсиетті тас бетіне қашап берер алдында, былай деді:
Содан Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:
— Халыққа бар да, оларды бүгін-ертең Маған бағышталып, күнәдан таза болуға шақыр. Бәрі киім-кешектерін жуып тазартып, бүрсігүнге дайын болсын! Сол күні Мен — Жаратқан Ие бүкіл халықтың көз алдында Синай тауына түсемін. Халыққа арнап тауды айналдыра шекара белгілеп қой! Оларға былай де: «Тауға көтерілуден әрі оның айналасындағы шекараға аяқ-қолдарыңды тигізуден сақ болыңдар! Тауға аяқ-қолын тигізген әркім өлтірлуге тиіс! .
Мысырдан шығу 19:10-12
Біз Таурат беттерінен бір көріністі қайталап көріп отырмыз. Исраилдіктер Алла Тағаланың барлық заңдарын орындамады, сонымен бірге киелі жерге кіруге ұмтылды. Олар өздерінің ұқыпсыздықтарының нәтижесін көргенде қандай қорқыныш ұялағанына қараңызшы.
Ал исраилдіктер Мұсаға: «Біз өлеміз, құрып бара жатырмыз! Бәріміз де құрып бара жатырмыз-ау! Тіпті Жаратқан Иенің киелі шатырына таяп келетін адам да өлім құшады екен! Осылай бәріміз де құрып кетер ме екенбіз?» — деп қатты уайымдады.
Руларды санау 17:12-13
Һаронның екі ұлы Жаратқан Иенің алдына оттың (Ол бұйырмаған бөтен түрін алып) келіп, өлгеннен кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып
былай деді:— Ағаң Һаронға мынаны ескерт: Һаронның шымылдықтың арт жағындағы ең қасиетті бөлменің ішіне және онда орналасқан Келісім сандығының үстіндегі қақпақтың алдына өзі қалаған кезінде келуіне болмайды. Әйтпесе ол өледі. Өйткені күнәнің арамдығынан тазару рәсімі орындалатын сол қақпақтың үстіндегі бұлт ішінде Мен боламын .
Леуліктерге 16:1-2
Һаронға (ғ.с.) ең киелі орынға қалай кіруге болатыны туралы нақты ереже берілді. Құдай дін қызметкерлеріне мынадай нұсқау берді:
Ал құрбандық үстеліне және Киелі шатырдағы шымылдықтың артындағы (ең киелі орынға) байланысты қызметтерді тек сен және ұрпақтарың ғана орындайтын боласыңдар. Мен діни қызметкер болып сол міндетті атқаруды сендерге сыйлап отырмын. Ал киелі шатырдағы қызметті орындау үшін жақындап келген әрбір бөтен адам өлім құшады» .
Руларды санау 18:7
Біршама уақыт өткеннен кейін Мұса пайғамбарға (ғ.с.) ағалары жоқ қыздар келіп, әкелерінің қалай өлгенін айтып мұралыққа жер сұрады. Олардың әкелері қандай себеппен қайтыс болды?
«Әкеміз иен далада көз жұмған еді. Соңынан ұл қалмады. Ол Жаратқан Иеге қарсы шыққан Қорахтың сыбайластар тобына қосылған жоқ, (өзге пенделер іспетті) өз күнәсі үшін өлді .
Руларды санау 27:3
Сонымен біз мынадай нақты байланыс көріп тұрмыз, Таураттың соңы мына сөздермен қорытындыланды:
Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі.
Заңды қайталау 24:16
Алла Тағала исраил халқына және бізге күнәнің құны – өлім екенін көрсетті.
Құдайдың рақымдылығы
Бірақ, Құдайдың мейірімділігі бар. Алла Тағаладан біз рақымдылық көрдік пе? Қажетті сабақтар ала алдық па? Иә! Әрине! Әділеттіліктен құр қалған біз секілді күнәхар пенделерге Жаратқан Иенің рақымдылағына сүйену өте маңызды. Біз рақымдылық жайлы айтылған, бірнеше Нышан-белгі туралы әңгіме көтердік. Ал енді біз Рақымдылықтың жарқын бейнесі бола алатын– бір баспақ және екі теке туралы айтылатын Һаронның нышан-белгісіне назар аударайық.