Ассалаумалейкум. Бұл сайт/парақша Інжіл, яғни Евангелие туралы. Інжіл сөзінің тура мағынасы «Ізгі Хабар». Ал бұл Хабардың сіздің өміріңізге әсерін тигізіп қойғаны анық. Рим Империясының шарықтап тұрған шағында бұл хабар Европаның, Таяу Шығыстың және Азия мен Африканың өңін танылмастай етіп өзгертті. Бәлкім сіз білмеген боларсыз, бірақ осы Ізгі Хабардың сол күндері әкелген өзгерістері күні бүгінге дейін біздің өмірімізге әсерін әлі тигізуде. Кітаптар, бас және кіші әріппен жазу, жазылған сөздердің арасында бос орын қалтыру, университеттер, емханалар, тіпті жетімдер үйі Інжілге сенген адамдардың өздері өмір сүріп жатқан қоғамға қандай жақсы үлес қосамын деген ниеттерінің нәтижесі. Осы Ізгі Хабардың арқасында білектің күшімен, найзаның ұшымен, парақорлыққа әбден батқан Рим Империясының өктемдігінен бейбіт түрде халық бостандық алды.
Ал Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) Құран берілген кезде, ол Інжіл жайында асқан құрметпен сөйледі. Осы сайттағы мақалалардан біз Мұхамедтің (ғ.с.) және оның соңынан ерушілердің алғашқы жазбалар (Таурат, Забур, Інжіл) жайында да сыйлап, құрмет көрсетіп айтқандарын көреміз. Егер біреу Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) көрсеткен үлгісіне сай өмір сүргісі келсе, осы жазбалармен таныс болуға тиіс емес пе?!
Бірақ бүгін көптеген нәрселер өзгерді. «Інжіл» сөзін, өкінішке орай, Ізгі Хабар деп түсінбейміз. Көп жағдайда бұл сөзді Мәсіхшілікпен (Христианство) немесе Батыспен тығыз қатынаста қабылдайды. Дегенмен, олай қабылдау үлкен қателік. Ол Аллаға сенетін барлық адамдарға арналған және оның шыққан жері Таяу Шығыс, Батыс емес.
Адамдың Інжілге қарсылығы Інжілдің өзі емес, бірақ соның атын жамылып келген басқа нәрселер. Біз бүгін алғашқы Інжілдің орынына басқа бір жазба келді ме деген сауал қоямыз. Басқа кездері Інжілдің мазмұны өзгертілген бе деп сұраймыз. Күнделікті өмірдің қамын ойлаймыз деп жүріп, Ізгі Хабардың не жайында екенін егжей тегжейлі зерттеп көрмеппіз. Осылайша, Інжілді оқып, үйрену мүмкіндігін Иудейлер, Мұсылмандар, тіпті Мәсіхшілердің өздері жіберіп алды.
Сондықтан біз осы сайтты ұйымдастырып отырмыз. Басты мақсатымыз Інжілдегі Ізгі Хабарды түсіну, мүмкін кейбіреуіміз үшін бұл бірінші рет болып тұрған шығар. Сонымен қатар, бұл сайтта Інжілге байланысты басқа да сұрақтар талқыланады. Егер сіз бұл жерде бірінші рет болсаңыз, Өзім Туралыны оқып, Інжілдің менің өміріме қалай келгенімен танысыңыз. Иншаллах, осы маңайдан ұзымай, мән жәйді ұғып, Інжілдегі Ізгі хабардың қаншалықты маңызды екенін зерттеуді бастайсыз деп үміттенемін.