Skip to content
Home » Пайғамбар туралы Таураттың нышан-белгісі

Пайғамбар туралы Таураттың нышан-белгісі

  • by

Мұса (ғ.с.) мен Һарон (ғ.с.) пайғамбарлар 40 жыл бойы Исраил халқына басшылық етті. Олар Алланың өсиеттерін жазып, құрбандық шалу тәртібін орнатты және Тауратта көптеген нышан-белгілер қалдырды. Ақырында, бұл екі пайғамбардың да дүниеден қайтатын уақыты келді. Бірақ Таураттың соңғы бөлігін қарастырмас бұрын, онда қандай заңдылықтар байқалатынына тоқталайық.

Таураттағы құрбандық шалу 

Құрбандық шалудың маңыздылығы мен жиілігіне назар аударыңызшы. Төмендегілерді есіңізге түсіріңіз:

Бұл құрбандықтардың бәрі таза, мінсіз қой, ешкі немесе бұқа болды. Барлығы дерлік еркек мал, тек баспақ қана аналық болды.

Құрбандықтар адамның күнәсі мен ұятын жауып, оның алдында араша болуға арналды. Бұл құрбандықтардың бастауы Адам атаға Алланың рақымы арқылы тері киім беруінен басталған — ол терілер малдың өлімі арқылы келген.

Маңызды сұрақ: Қазір неге құрбандық шалынбайды? Бұған жауапты кейінірек қарастырамыз.

Таураттағы әділдік

«Әділдік» сөзін біз қайта-қайта кездестірдік. Ең алғаш бұл сөзді Адам ата оқиғасында, Жаратушының: «Әділдік киімі – ең жақсысы» деген сөзінен көрдік. Кейін Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) болашақта ұлға ие болатынына сенген кезде, оған бұл сенімі «әділдік» ретінде есептелді. Ал исраилдіктер Заң өсиеттерін толық әрі үнемі орындай алса, сол арқылы әділдікке ие бола алатын еді.

Таураттағы үкім мен жаза

Сондай-ақ, Өсиеттерді бұзғандарға Алланың үкімі түсіп отырғанын көрдік. Бұл Адам атадан басталды – ол бір-ақ рет бойсұнбағаны үшін жазаланды. Жаза үнемі өліммен аяқталды. Өлім – не күнә жасаған адамның, не оның орнына шалынған құрбандықтың басына түсетін еді. Төмендегі оқиғалар туралы ойланып көріңіз:

  • Адам ата үшін тері киімдер жасау мақсатында жануар өлтірілді.
  • Әбіл ұсынған қабыл болған құрбандық – мал – өлтірілді.
  • Нұх пайғамбар (ғ.с.) заманында топан су арқылы адамдар қырылды, кейін Нұх құрбандық шалу арқылы малды өлтірді.
  • Лұт пайғамбар (ғ.с.) кезіндегі Содом мен Гомора тұрғындары, сондай-ақ оның әйелі жазаланды.  
  • Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлын құрбандыққа шалмақ болғанда, оның орнына тоқты шалынды. 
  • Құтқарылу мейрамына (Песах) кезінде – не Мысырдың тұңғыштары (соның ішінде Перғауынның ұлы), не қаны есікке жағылған қозылар өлімге ұшырады.    
  • Заң өсиеттеріне сәйкес Жыл сайынғы Тазару күнінде не кінәлі адам, не оның орнына құрбандыққа шалынған теке өлуі керек болды.

Бұл нені білдіреді? Мұны біз алда көретін боламыз. Ал енді Мұса пайғамбар (ғ.с.) мен Һарон пайғамбар (ғ.с.) Тауратты аяқтағалы отыр. Бірақ олар оны болашаққа бағытталған Құдайдан келген екі маңызды хабармен аяқтайды – Болашақ Пайғамбар мен Алдағы Апаттар мен Жақсылықтар жайлы. Бұл жерде біз Болашақ Пайғамбарға назар аударамыз.

Болашақта келетін Пайғамбар

Жаратқан Ие Синай тауында Мұса пайғамбарға (ғ.с.) тасқа қашалған Он өсиетті берген кезде, Өзінің орасан зор құдіретімен көрінді. Тауратта осы Өсиеттерді беру алдындағы көрініс былай суреттеледі:

Үшінші күні таңертең күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, ғаламат қатты керней даусы естілді. Қоныстағы халықтың бәрі қорыққаннан дірілдеп қоя берді. Мұса оларды Құдаймен кездесуге алып шығып, олар таудың етегіне барып тұрды. Жаратқан Ие тау басына от жалынымен түскендіктен, Синай тауын түгел түтін қаптады. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін көтеріліп, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды.

Мысырдан шығу 19:16-18

Адамдар қатты үрейленді. Бұл туралы Таурат былай дейді:

Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Олар қорыққаннан алыстап тұрып, Мұсаға:
— Бізбен өзіңіз сөйлесіңіз, біз тыңдаймыз. Құдай бізбен тікелей тілдеспесін, әйтпесе құрып кетеміз, — деп өтінді.

Мысырдан шығу 20:18-19

Бұл оқиға Мұса пайғамбардың (ғ.с.) халқын басқарған 40 жылының басында болды. Кейінірек Жаратқан Ие сол үрейлі оқиғаны адамдарға еске салып, болашаққа уәде берді. Мұса пайғамбар (ғ.с.) оны Тауратта былай жазып қалдырды:

15 Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарын тыңдаңдар! 

16 Себебі сендер Хориб тауының етегінде жиналған кезде: «Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай естімейік, осы жалындаған зор отты тағы да көрмейік, әйтпесе өліп қалармыз!» деген кезде Құдай Иеден осыны өтінген едіңдер.

17 Сонда Жаратқан Ие маған былай деді: «Олардың айтқандары дұрыс. 

18 Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. 

19 Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын.

20 Бірақ бір пайғамбар Өзім оған айтуға бұйрық бермеген хабарды халыққа Менің атымнан жеткізсе, немесе бөтен тәңірлердің атынан сөйлесе, ондай (жалған) пайғамбарды өлтіруге тиіссіңдер».

21Сендер іштей: «Жаратқан Ие айтпаған сөзді қалай білеміз?» деулерің мүмкін. 

22 (Мынаны ұмытпаңдар): егер осы пайғамбардың Жаратқан Иенің атымен айтқаны рас болмай жүзеге аспаса, онда бұл хабар Жаратқан Иеден емес. Қайта, бұл пайғамбардың асқақтықпен айтқан өз сөзі. Ондайдан қорықпаңдар.

Заңды қайталау 18:15-22

Алла Тағала адамдардың арасында сыйластық пен құрмет орнағанын қалады, сондықтан Өсиеттерді тасқа қашап бергенде, оларды үлкен қорқынышпен қарсы алды. Енді Алла болашаққа көз тастап, исраил халқының арасынан Мұса пайғамбарға (ғ.с.) ұқсас бір пайғамбар шығатынын уәде етті.

Сол кезде екі нұсқаулық берілді:

  1. Егер адамдар келетін Пайғамбарға құлақ аспаса, онда Алланың Өзі оларды жауапқа тартады.
  2. Алла Тағала пайғамбарлық сөздің шынайы екенін болжау арқылы анықтауға болады дейді – ол сөз болашақты алдын ала айтады және ол сөз міндетті түрде орындалуы тиіс.

Бірінші нұсқаулық бұл пайғамбар Мұсадан кейін келетін жалғыз пайғамбар дегенді білдірмейді, бірақ бұл пайғамбар ерекше болмақ, себебі Оның аузында Құдайдың «Сөзі» болады. Ал екінші нұсқаулық – пайғамбардың шындықты айтып тұрғанын анықтауға арналған. Себебі болашақты тек Құдай ғана біледі – ешбір адам оны болжап айта алмайды.

Кейін Мұса пайғамбар (ғ.с.) осы екінші нұсқаулықты пайдаланып, исраил халқының болашақтағы Апат пен Батаға қалай душар болатынын болжап айтып, Тауратты аяқтайды.

Енді сұрақ туады: осы болашақта келетін Пайғамбар кім? Кейбір дінтанушылар бұл Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) деп есептейді. Алайда бұл пайғамбар «сендердің бауырларыңның арасынан» (яғни еврей халқының ішінен) шықпақ делінген. Сондықтан бұл Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) қатысты емес. Басқа ғалымдар бұл пайғамбар Иса Мәсіх (ғ.с.) болуы мүмкін дейді. Ол еврей ұлтынан шыққан және Оның тәлімдері Алланың сөздеріндей қуатты болды – «Менің сөздерімді оның аузына саламын» деген пайғамбарлық сөзді еске түсіреді. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) келуі Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) құрбандығы, Құтқарылу мейрамы (Песах) және осы пайғамбарлық арқылы алдын ала айтылған болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *