Home » Һаронның нышан-белгісі: бір баспақ, екі теке

Һаронның нышан-белгісі: бір баспақ, екі теке

  • by

Мұсаның екінші нышан-белгісі жайлы айтқанда, Синай тауындағы өсиеттің берілуі өте қатал іске асқаны туралы айтқанбыз. Сіз заңды үнемі және (Заң талаптарына сәйкес) толық орындай алып жүргеніңізді өзіңіз бағалаңызшы деп өтінген едім. Егер сіз де мен сияқты Заңды толық орындай алмай жүрсеңіз, онда бізді бақытсыздық – қатал Сот күтіп тұр. Сонда не еш амал жоқ па? Һарон (Арон деп те аталатын Мұсаның ағасы) және оның ұрпағы күнәдан тазару үшін, Құдайға құрбандық шалатын болды. Ол күнәнің құнын өтейтін құрбандық деп аталды. Һарон шалатын екі ерекше құрбандық, Құдайдың Заңын бұзған күнәні жабуға арналған. Һаронға бір бұқа және екі текені құрбандыққа шалу өсиеттейді. Алдымен текелер жайлы. 

Иен далаға айдалатын теке және тазару күні 

Мұса пайғамбар (ғ.с.) бірінші нышан-белгісінде әңгіме болған, перғауынның құлдығынан босап шыққан күн, яһудилердің Құтқарылу мейрамы (күні бүгінге дейін) жыл сайын тойланады. Алайда Тауратта басқа мейрамдар туралы да өсиеттер бар. Сол басты діни мейрамдардың бірі Тазару күні деп аталады. Тауратта келтірілген сол үзіндіні толық оқи алу үшін осы жерді басыңыз. 

Тазару күні мейрамы қалай тойланатыны туралы мәліметтер не үшін керек? Қалай басталатынына назар аударыңызшы: 

 Һаронның екі ұлы Жаратқан Иенің алдына оттың (Ол бұйырмаған бөтен түрін алып) келіп, өлгеннен кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:

— Ағаң Һаронға мынаны ескерт: Һаронның шымылдықтың арт жағындағы ең қасиетті бөлменің ішіне және онда орналасқан Келісім сандығының үстіндегі қақпақтың алдына өзі қалаған кезінде келуіне болмайды. Әйтпесе ол өледі. Өйткені күнәнің арамдығынан тазару рәсімі орындалатын сол қақпақтың үстіндегі бұлт ішінде Мен боламын .

Леуліктер 16:1-2

Құдай ғана болатын ең киелі жерге лайықсыз кірмекші болған Һаронның екі ұлы өлтірілді. Заңды барлық өсиеттерін орындамай киелі жерге кірмек болған Һаронның ұлдарының өлтірілгенін біз көрдік. Неге? Өйткені киелі шатырда Өсиет сандығы тұр. Өсиет сандығы жайлы Құранда да айтылған. Онда былай делінген: 

Және олардың пайғамбарлары: «Оның патшалығының белгісі; Раббыларың тарапынан, көңілге тоқтау болатын сандықтың келуі. Онда Мұса, һарұн (Ғ.С.) семьяларынан қалған мұралар бар. Оны періштелер көтереді. Расында мұнда анық белгі бар. Егер сенсеңдер  

Бақара 2:248

Өсиет сандығы Мұсаның Заңындағы Құдайдың Өсиетін білдіретін Билік нышан-белгісі қызметін атқарды деп есептейміз. Өсиет сандықтың ішінде тасқа қашалып жазылған Он өсиет сақталған. Өсиет сандықтың жанында – Заң өсиетінің бір кішкентайжерін бұзған адам – өледі. Һаронның үлкен екі ұлы киелі шатырдың ең киелі бөлігіне лайықсыз кіргендері үшін өлім құшты. Бұл егжей-тегжейлі нұсқаудың себебі осы: Һарон жылына бір рет қана – Тазару мейрамы күні ғана киелі шатырға кіруге болатын. Егер ол киелі шатырға басқа күні кірсе ол да өлетін еді. Тазару мейрам күннің өзінде де, Өсиет сандығы тұрған ең киелі жерге Һарон қалай болса солай кіре алмайтын.  Алдымен: 

 Һарон жас бұқаны өзінің күнәларының құнын өтейтін құрбандық ретінде ұсынсын. Осы арқылы ол өзін және отбасын күнәларына бола арамданған күйлерінен тазартады.

 Һарон сол жерде, Жаратқан Иенің алдында хош иісті затты табаға салсын. Соның бұлт тәрізді хош иісті түтіні Келісім сандығының  үстіндегі қақпақты тұмшалап көзден тасалайды. Осылайша Һарон өлмей тірі қалады .

Леуліктер 16:6, 13

Жас бұқа Һаронның өз күнәсінің құнын жабу үшін құрбандыққа тартылатын, өйткені ол да Заң өсиеттерін бұзды. Содан кейін Һарон ерекше құрбандық болып саналатын екі текені шатырдың алдына әкелетін. 

  Содан соң ол екі текені кездесу шатырының кіреберісінде Жаратқан Иенің алдына тұрғызып қойсын. Һарон екі текенің қайсысы Жаратқан Иеге бағышталатынын, қайсысы халықтың күнәларын мойнына артып шалғай құла түзге айдалып тасталатынын жеребе тастап анықтасын. Жеребе түсіп, Жаратқан Иеге бағышталған текені Һарон күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде шалып, ұсынсын.

Жас бұқаны құрбандыққа шалғаннан кейін Һарон екі текеге жеребе тастайтын. Бірінші теке ай далаға айдалатын деп аталады. Екіншісі – күнәнің құны жабылу үшін деп ұсынылады. Неге? 

  Содан соң Һарон халықтың күнәларының құнын өтейтін құрбандыққа арналған текені де шалсын. Оның қанын ішкі шымылдықтың арғы жағына алып барып, құрбандыққа шалған жас бұқаның қанымен не істеген болса, текенің қанымен де соны істесін: оны сол қақпақтың үстіне және оның алдына бүркіп шашсын. Осылайша Һарон ең қасиетті бөлмені оның арамданған күйінен тазартсын. Ең қасиетті бөлме Исраил халқының Жаратқан Иеге мойынсұнбағандықтан жасаған барлық күнәларының кесірінен арамданған болатын. Исраилдіктердің арасында тігіліп қойылған, дәл солай арамданған бүкіл кездесу шатырын да Һарон осы сияқты тазартсын .

Леуліктер 16:15-16

Ары қарай, иен далаға айдалатын текемен не болады? 

 Һарон ең қасиетті бөлмеге, бүкіл кездесу шатырына және құрбандық үстеліне оларды арамданған күйінен тазарту рәсімін орындап болған соң, тірі текені алға шығарсын. Содан Һарон текенің басына қолдарын қойып, исраилдіктердің күллі теріс қылықтарын, олардың Жаратқан Иеге мойынсұнбай жасаған күнәларының барлығын да мойындап, осы текенің басына артсын. Содан соң текені арнайы дайын тұрған адамға тапсырып, ол соны елсіз иен далаға айдап апарсын. Адам текені иен далада босатып жібергеннен кейін, теке халықтың барлық теріс қылықтарын шалғайдағы құла түзге алып кетеді.


  Жас бұқа Һаронның өз күнәлары үшін құрбандыққа шалынады. Бірінші теке Исраил халқының күнәларын тазарту үшін құрбандыққа ұсынылатын. Содан кейін Һарон тірі текенің басына қолын қойып, рәсім ретінде халықтың бар күнәсін сол текенің мойнына артады. Содан кейін халықтың күнәсін арқалаған текені айдалаға апарып босатып қоя береді, сөйтіп халықтың күнәсі тазарып өздерінен алысқа кетті деп санайды. Күнәлардың құны жабылу үшін осындай  құрбандықтар өсиеттейді. Бұл рәсімдер жылына бір рет Тазару мейрамы күні орындалып отырды. 

Баспақ, Бақара және Таурат  

Һарон басқа құрбандықтар мен бірге баспақты да құрбандыққа шалуға тағайындалды. Бұл құрбандық (Қасиетті Құранда) «Бақара сүресі» деп аталады. Құранда құрбандық шалу тура айтылған. Үзіндіні толық оқу үшін, осы жерді басыңыз. Көріп отырғандарыңызда халық құрбандыққа әкелінетін мал әдеттегі бұқа емес неге сиыр деп қайран қалды. Үзінді былай аяқталады: 

Сөйтіп өлікті оның кейбір мүшесімен қағыңдар дедік. Алла осылайша, өлікті тірілтіп сендерге белгілерін көрсетеді. Әрине ойланарсыңдар.  

Бақара 2:73

Сөйтіп, әңгіме бізге арналған Нышан-белгі туралы болып тұр. Баспақ бізге қалай нышан-белгі болмақ?  Біз бұл жерден өмір мен өлім арасындағы байланысты оқимыз. Тауратта келтірілген, осы құрбандық туралы Һаронға айтылған өсиетті мұқият оқысақ, сол сұрақтар жайлы айтылғанды мүмкін түсіне алармыз. Мәтінді толық оқи алуыңыз үшін осы жерді басыңыз. Сонымен біздің байқағанымыз: 

 Малдың өзі: терісі, еті, қаны, жыны түгелімен Елазардың көз алдында өртеліп жіберілсін. Діни қызметкер самырсынның бір жаңқасын, сайсағыздың бір бұтақшасын және ал қызыл түсті жүннің бір шүйкесін алып, жанып жатқан мал денесінің үстіне лақтырсын.

Руларды санау 19:5-6

Ағаштың жапырағы сай сағыз деп аталады. Өлім үйлеріне соқпай өту үшін исраилдіктер Құтқарылу мейрамы күні мынадай нұсқау алған: 

 
Бір байлам сай сағыз бұтақшасын құрбандықтың қаны жиналған ыдысқа малып алып, қанын есік жақтаулары мен маңдайшасына жағыңдар. Мұнан кейін таң атқанша ешқайсың да сыртқа шықпаңдар!.

Мысырдан шығу 12:22


Баспақты құрбандыққа шалғанда сай сағыз бұтақшасы да пайдаланды, баспақ, сай сағыз бұтақшасы және ағаш жапырағы түгел өртеліп жіберілетін. Содан кейін: 

 Арамданбаған басқа бір адам өртелген баспақтың күлін жинап алып, оны ел қонысының сыртындағы бір таза жерге апарып сақтап қойсын. Осы күл исраилдіктердің жамағаты үшін тазару рәсімінің суында қолдануға сақтала берсін. Бұл рәсім күнәдан тазарту үшін жасалады .

Руларды санау 19:9


          Ары қарай баспақтың күлі «тазару сумен» араластырылады. Сол күл араласқан сумен жуынғандар дәстүр бойынша тазарады (тазарту суы). Алайда осы күл бәрін емес нақты бір нәрсені тазартады. 

  Өлген адамның мәйітіне жанасқан әркім жеті күн бойы таза емес арамданған болып саналады. Арамданғаннан кейінгі үшінші және жетінші күндері сондай адам арнайы сумен тазару рәсімінен өтсін. Бұдан кейін ол таза болады. Ал егер үшінші және жетінші күндері тазару рәсімінен өтпесе, онда ол таза болмайды. Өлген адамның мәйітіне жанасып, тазару рәсімінен өтпеген әркім Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағын арамдайды. Ондай адам Исраилдің қауымынан аластатылсын. Тазарту суы оған бүркіп себілмегендіктен ол арамданған күйінде қала береді .

Руларды санау 19:11-13

 Сөйтіп, өлген адамның мәйітіне қолын тигізіп арамданған адам күл араласқан сумен жуынып, тазарту дәстүрін орындаған. Мәйітке жанасқан адам қалай арамданған болып саналады? Ойланып көрейік. Адам ата күнәсі нәтижесінде, (сіз бен бізді қоса алғанда), барлық Адам ата ұрпағы өлетін болды. Өлік адамды арамдайтын себебі – ол күнәнің нәтижесі. Барлық арамдар бірлестігі. Сондықтан мәйітке жанасқан әркім арам болып саналады. Бірақ нышан-белгі болып отырған жоғарыда келтірілген күл, адамды арамдықтан тазартады. Дәстүр бойынша адам өз күнәсіне сай арамданып өледі, содан кейін баспақтың күлі араласқан сумен тазарып, ары қарай өмір сүреді. 

Неге баспақты ғана пайдаланды екен? Тура жауабы жоқ, сондықтан Жазбаларды оқу арқылы біз ойланып көрейік. Таураттың барлық жерінде және басқа да киелі жазбаларда, Жаратқан Ие ер жынысында «Ол» деп аталады. Ал Исраилді әйел жынысындағы «ол» деп айтылады. Осы символды қолдансақ, Құдай Өз халқының көсемі, ал Оған сенушілер Оның артынан жүреді дегенге саяды. Алайда бастаманың бәрі Алладан басталып отыр. Дәл Құдайдың Өзі Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлыңды құрбандыққа әкел деді; Соның өсиетімен исраил халқы Он өсиетті қабылдады; жерге Нұхтың топан суын жіберген де Соның Өзі т.с.с. Адам баласы (пайғамбарларды қоса алғанда) ешқашан бір нәрсені өзі біліп бастамапты; Құдайға сенім артқандар тек Оның айтқанын орындап отырған. 

Баспақтың күлі адамзаттың қалауын қанағаттандыру үшін тазарту дәстүрі ретінде берілді. Адамзаттың қалауы нышан белгісі ретінде мал ұрғашы болу керек болды. Алла алдындағы күнәдан айырмашылығы, арамдық біз күнә жасаған кездегі ұятты сезімді көрсетеді. Мен күнә жасағанда тек Ұлы сот Иесі Құдайдың алдында Заң бұзушы ғана емес, сонымен бірге өкініш пен ұят сезімі де қоршап алады. Бізді ұят сезімнен құтқару үшін Алла Тағала не істеді? Алдымен бізге жамылғы киім берді.  Адам ата мен Хауа анаға ұяттарын жабу үшін, малдың терісінен киім тігіп берді. Сол кезден бастап Адам ата ұрпағы күні бүгінге дейін киім киіп жүреміз, оның әдетке айналғаны сондай – неге солай істейміз деп ойланбаймыз да. Баспақтың күлі араласқан сумен тазару рәсімі – күнәнің ұятты салдарынан жеңілдеудің тағы бір әдісі. Біздің тазару құрметімізге баспақ құрбандыққа шалынды. 

  Сондықтан да адал жүрекпен, нық сеніммен Құдай алдына барып, Оған сиынайық. (Мәсіхтің төгілген қаны) жүректерімізге «бүркіліп», ар-ұжданымыз күнә атаулыдан арылған әрі денеміз таза сумен жуылған болсын .   

Еврейлерге 10:22

Тазару күні құрбандыққа шалынатын текелерге келсек, олар ер жынысты, сондықтан олар Құдайға арналып шалынатын. Он өсиет нышан-белгісінде айтылғандай, Заңның бір әріппін бұзған адам – өлім құшатынын тағы да қайталап еске алайық (үзіндіні қарау үшін осы жерді басыңыз). Алла Тағала Сот болып қала береді және Сот ретінде Ол өлім жазасын талап етіп отыр. Жас бұқаның құрбандығы Һаронның күнәсі үшін шалынады. Бірінші теке исраил халқының күнәлары кеселінен Құдайдың талабын қанағаттандыру үшін шалынады. Тек содан кейін халықтың күнәсі дәстүр ретінде тазару үшін иен далаға айдалатын екінші текенің мойнына артылады.   Соны Һарон іске асырды. Халықтың күнәсі босатылды дегенді көрсету үшін екінші теке иен далада босатылып жіберіледі. 

Осындай Һарон арқылы орындалатын құрбандықтар мыңдаған жылдар бойы жалғасын тауып келеді. Исраил халқы уәде етілген жерде өмір сұрген кезде, Дәуіт және оның ұрпағы патшалық құрған дәуірде, сондай-ақ Құдайдың хабарын жеткізіп отырған пайғамбарлар заманы мен Иса Мәсіх (ғ.с.) өмр сүрген күндерінде де адамзаттың қажетін қанағаттандыру үшін осы құрбандықтар жалғасын тауып отырды. Солай болса да осының бәрі келе жатқан ұлы құтқарылудың белгісі немесе көлеңкесі сияқты болып отыр

Мұса пайғамбар (ғ.с.) мен Һаронның соңғы нышан-белгілері, Таураттың аяқталғанын көрсетеді. Енді басқа пайғамбарлар келіп Забур арқылы, Құдайдың хабарларын жеткізе бастайды. Бірақ Таурат бізге соңғы тәлімін беріп тұр. Мұса пайғамбар (ғ.с.) ұлы пайғамбардың келетініне және Исраил ұрпақтарына қарғыс пен бата қатар жүретініне болжам жасады.   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *