Қасиетті Құранды алғаш оқыған кезімде мені таңқалдырған нәрселер көп болды. Біріншіден, Інжілге тікелей көрсетілген сілтемелерді көп кездестірдім. Алайда Інжілге сілтеме жасайтын ерекше қағида мені қатты қызықтырды. Төменде Інжілді тікелей еске түсіретін Құрандағы барлық аяттар келтірілген. Мүмкін мен байқаған заңдылықтарға сіз де назар аударатын шығарсыз.
(Мұхаммед Ғ.С.) Алла (Т.) саған, алдындағыны растаушы Құранды шындық бойынша түсірді. Және Тәурат, Інжілді түсірді. (3)
Бұрын адамдарға тура жол еді. Және парық қылатын мұғжизаны түсірді. Расында Алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азап бар. Алла, өте үстем, өш алу күшіне ие.
Әли-Имран 3:3-4
Алла (Т.) оған кітапты, хикметті және Тәурат, Інжілді үйретеді. .
Әли-Имран 3:48
Әй Кітап иелері! Ыбырайым (Ғ.С.) жайында не үшін таласасыңдар? Негізінен Інжіл де Тәурат та одан кейін түсірілген. Ойламайсыңдарма? .
Әли-Имран 3:65
Және пайғамбарлардың ізінше өзінің алдындағы Тәуратты растаушы етіп, Мәриямұлы Ғисаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған алдындағы Тәуратты бекітуші сондай-ақсақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік.
Мәида 5:46
Егер олар Тәурат, Інжілді және Раббылары тарапынан өздеріне түсірілгенді толық орындаса еді, әрине олар үстіңгі жақтарынан (ағаштардың жемістерінен) әрі аяқтарының астынан (жердің өсімдіктерінен) жейтін еді. Олардың бір орташа тобы бар. Дегенмен олардың көбінің істеген істеріжаман еді.
Мәида 5:66
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: “Әй Кітапиелері! Інжіл, Тәуратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емессіңдер!” Әрине саған түсірілген Құран олардың көбінің азғындығын, қарсылығын арттырады. Сонда қарсы келген елге уайым жеме.
Мәида 5:68
Сол уақытта Алла (Т.): “Әй Мәриям ұлы Ғиса! Саған әрі анаңа берген нығметімді есіңе ал. Сол уақытта сені Жебрейіл арқылы қуаттаған едім. Бесікте және ер жеткенде адамдармен сөйлесуші едің. Саған Кітапты, даналықты, Тәурат, Інжілді үйреттім. Және сол уақытта Менің бұйыруыммен балшықтан құстың бейнесі құсаған жасап, оның ішіне үрлегеніңде бұйыруыммен құс болатын еді. Және бұйыруыммен іштен туған соқырды да, аламесті де жазатын едің. Және бұйыруыммен өлікті (тірілтіп) шығарар едің. Және сол уақытта Израил ұрпақтарына ашық дәлелдермен келгеніңде, олардың қарсы шыққандары: “Бұл ашық жадыдан басқа ешнәрсе емес” дегенде, сені олардан қорғаған едім” деді.
(Мәида 5:110
Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жәннәттен айырбас тапалды. Олар, Алла жолында соғысады, өледі және өлтіреді. Бұған байланысты хақ уәде Тәуратта, Інжілде және Құранда бар. Алладан артық уәдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне осы ірі қолжетушілік.
Тәубе 9:111
Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рүкұғда, сәждеде көресің. Олар Алладан мәрхамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделер діңізінің дерегі бар. Олардың Тәуратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, оны мен кәпірлерді ызаландыру үшін. Алла, олардан иман келтіріп, ізгі ісістегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті.
Фәтих 48:29
Егер Құранда Інжілге келтірілген барлық сілтемелерді салыстырсақ, онда Інжіл жеке дара айтылмайтыны бірден көзге түседі. Барлық жағдайда да ол Тауратпен (Заң) бірге келтірілген. «Заң» – Мұса пайғамбармен (Ғ.С.) жазылған, ол мұсылмандар арасында Таурат, ал яһудилерде Тора деген атпен белгілі. Інжіл, Киелі кітаптар арасында ешқашан жеке аталмайтынымен ерекшеленеді. Салыстыру үшін: Таурат пен Құранға жеке көрсетілген сілтемелерді кездестіруге болады. Бірнеше мысал келтірейік:
Сонан соң Мұса (Ғ.С.) ға игілік істегенге; толық, әр нәр сені айыратын, жетекшілік ететін мәрхамет түрінде Кітап бердік. Олар Раббыларына жолығуға иман келтірер. (154)
Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер.
Ән,ам 6:154-155
Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді.
Ниса 4:82
Басқаша айтқанда Қасиетті Құранда Інжіл Тауратпен бірге айтылады және ол міндетті түрде Таураттан кейін көрсетіледі. Бұл өте ерекше жағдай, өйткені Құран басқа киелі жазбаларға сілтемесіз жеке аталады; сондай-ақ Тауратта жеке еске түсіріліп отырған.
Қағида бірғана ерекшелікпен сақталған
Мен келтірілген қағидадан тек бір ғана ерекшелік таптым. Інжіл туралы келтірілген сілтемеге байланысты келесі аятқа назар аударыңызшы.
Расында Нұх (Ғ.С.) және Ыбырайым (Ғ.С.) ды жібердік. Екеуінің ұрпақтарынан да пайғамбар қылып, кітап бердік. Олардан тура жол тапқандары да бар. Олардың көбірегі бұзақылар. (26)
Содан кейін аталмыш пайғамбарлардың ізін ала өзге де пайғамбарларымызды бірінен кейін бірін жіберіп отырдық. Ақырында Мәриямұлы Исаны жіберіп, оған Інжілді бердік һәм оған ергендердің жүрегіне мейірбандық пен мейірімдік сезімдерін ұялаттық…
Хадид 57:26-27
Бүкіл Құранда Тауратқа тіркелмей Інжілге жеке сілтеме жасалған жалғыз аят осы болса да, контекст бойынша біз келтірген қағида заңдылығын растап тұр. Осының алдындағы (26) аятта Нұх пен Ыбырайым және де басқа пайғамбарлар туралы анық жазылған, содан кейін 27 аятта Інжіл келтірілген.
Пайғамбарлардан бізге берілген нышандар ма?
Осы заңдылық (Інжілге берілген сілтемелер Таураттан кейін жүретіні) маңызды ма? Біреулердің осыған жәй сәйкестік ретінде мән бермеуі немесе Інжіл туралы келтіргенде дәстүрлі ереже сияқты қарауы да мүмкін. Ал мен Кітаптағы осы секілді заңдылықтарға өте мұқият қарауды үйрендім. Бұл мүмкін, сіз бен бізге маңыздылығын ұғынуға көмектесетін және біз Інжілді жақсы түсіну үшін алдымен Тауратқа жүгіну қажеттілігін Алланың Өзі бекіткен қағида болуы ықтимал. Інжілді түсінуге берілген қажетті шарт алдымен Тауратпен танысу болып тұр. Інжілді кеңірек әрі жақсы түсіне алуымыз үшін, алдымен Тауратты зерттеп сабақ алу қажеттілігі мүмкін сияқты. Бұрынғы пайғамбарлар біз үшін белгілер жолдаған деп Құранда жазылған. Онда не туралы айтылғандарды қарастырайық:
Әй адам балалары! Егер сендерге іштеріңнен өздеріңе аяттарымды түсіндіретін елшілер келсе, сонда біреу сақсынып, өзін түзелтсе, оларға бір қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды. (35)
Сондай аяттарымызды өтірік дегендер, өздерін одан зор санағандар, солар, тозақтық. Олар онда ұдайы қалушылар.
раф 7:35-36
Басқаша айтсақ, пайғамбарлар өз өмірлерінен белгі және Адам ата балаларына (біз бәріміз – Адам ата ұрпағымыз) өсиет қалдырды! Кім дана және ақылды болса, сол осы пайғамбарлық сөздерді түсінуге тырысады. Алдымен бізге қандай белгілер берілді және Түзу Жолды түсінуімізге қалай көмектесетінін көре алуымыз үшін, алғашқы пайғамбарлар туралы әуел баста Тауратта не айтылғанына жүгіну арқылы Інжілді қарастырайық.
Адам атаның нышандары болған, сонау әуел бастан бастайық. Мүмкін сіз Таурат,(I, II, III). Забур және Інжіл кітаптары уақыт өте келе өзгеріске ұшыраған жоқ па деген сұрақтан бастағыңыз келген шығар. Осы сұраққа байланысты қасиетті Құранның Сунна сүресінде не делінген екен? Қиямет күні Тауратты біліп және түсінгеніміздің пайдасы тиіп қалуы да мүмкін, өйткені Тура Жолдың нышаны заң болып тұр ғой.