Біз хронологиялық тәртіпті сақтап басынан бастап (Адам ата/Хауа ана және Қабыл/Әбіл) жылжып келеміз, Таураттағы келесі маңызды пайғамбар – Нұх (Алланың сәлемі болсын), ол Адам атадан кейін шамамен 1600 жылдары өмір сүрген. Бірақ Нұхтың (Алланың сәлемі болсын) нышан-белгісі қандай болды? Біз неге мән беруіміз керек?
Рақымдылыққа ие болмау және қабылдау
Мен Алланың соты туралы батыс адамдарымен сөйлескенде, олар шамамен былай жауап береді: «Мен қиямет туралы көп уайымдамаймын, себебі Аллам сондай мейірімді, сондықтан Ол мені шынымен жазаға тарта қоймас». Нұх (Алланың сәлемі болсын) туралы дәл осы әңгіме маған күдік ұялатып, байыпты ойлануыма түрткі болды. Иә, Алла мейірімді жән сондай-ақ Ол өзгермейді, Ол Нұхтың (Алланың сәлемі болсын) заманында да мейірімділікке толы болған. Бірақ сол сот күні (Нұхтың отбасынан басқа) жер бетіндегі барлық адамдар жойылды.71 сүреде Нұх былай деді:
Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады.
Нұх 71:25
Сонымен дәл сол күні Оның мейірімділігі қайда қалды? Ол мейірімділік тек кемеге ғана бағытталды.7 Араф сүресі 64 аятта бізге былай делінген:
Сонда олар оны жасынға шығарды. Сондықтан оны және онымен бірге кемеде болғандарды құтқарып, аяттарымызды өтірік дегендерді суға батырдық. Өйткені олар анық көзсіз ел еді.
Алла Өзінің мейірімділігін Нұх пайғамбарға (ғ.с.), бәрі де кіре алатын кеме арқылы көрсетті. Кім болса да сол кемеге кіріп мейірімділік пен қауіпсіздікке ие болар еді. Өкінішке орай осы хабарды естіген адамдардың бәрі дерлік сенімсіздік танытты. Олар Нұхты (ғ.с.) мазақтап күлді және сот қаһарының төніп тұрғанына сенбеді. Егер олар да кемеге кіргендерінде, сот қаһарынан аман қалар еді.
Қасиетті Құраннан келтірілген үзіндіде, Нұхтың ұлдарының бірі сот қаһарына сенді делінген, ол тау басына шығып Алланың қаһарлы сотынан қашып құтылуға тырысты (яғни ол Аллаға және Оның сотына сенуі тиіс болды). Бірақ, бұл жерде де мәселе шықты. Ол өз сенімін мойынсұну арқылы емес, қаһарлы соттан өз бетінше қашып құтылғысы келді. Бірақ әкесі оған былай деді:
Сол күні Алланың кешірім мен рақымдылығына ие болғандардан басқа ешкім де Алланың бұйрығынан қашып құтыла алмайды!
Сол ұлға Алланың қаһарлы соты күні өз бетінше қашып құтылуға тырысу емес, Алланың рақымдылығына иелену ғана керек болды. Оған тауға қашып кетудің пайдасы жоқ еді. Сондықтан нәтижесінде Нұх пайғамбарды (ғ.с.) мазақтап күлгендерді топан су жалмап қойғанындай, ол да суға батып кетті. Егер ол да кемеге кіргенінде қаһарлы соттан құтылар еді. Осы жайттан біз мынаны түсіндік, қаһарлы соттан құтылу үшін тек Аллаға сену жеткіліксіз. Біздің Алланың мейірімділігіне мойынсұнған фактіміз, Оның рақымдылығына нақты ие бола алатынымызды көрсетеді. Кеме – біз үшін Нұхтың белгі-нышаны. Бұл Алланың жазалайтыны немесе рақымдылық жасап құтқаратыны туралы нақты көрініс болды. Кеменің құрылысын бақылап жүрген кез келген адамға бұл Алланың қаһарлы сотының жақын екенін және одан құтқарылу жолды да көрсететін «анық белгі» ғой. Бірақ осы нәрсе Оның рақымдылығын иелену – тек Өзі бекіткен шартпен ғана мүмкін екенін тағы да дәлелдеп тұр.
Сонымен неге Нұх қана Алланың рақымдылығына ие болды? Таурат мына бір сөз тіркесін бірнеше рет қайталайды:
«Нұх Құдайдың айтқанның бәрін орындады».
Ал, өзімнен байқағаным, мен тек өзім түсінген нәрсені, маған ұнайтын дүниені немесе мен келіскендерді ғана орындауға тырысады екенмін. Жерге топан су келетіні және құрғақ жерде үлкен кеме тұрғызу қажеттілігі туралы Алладан хабар алғанда, Нұх пайғамбардың (ғ.с.) сана сезімінде көптеген сұрақтар туындағанына, мен кәміл сенімдімін. Ол басқа жағынан жақсы адам болғанымен, кеме тұрғызуға байланысты соған мән беріп назар аударудың оған қажеттілігі болмағанына да сенімдімін. Бірақ ол, әкесінің айтқанына, өзінің түсінгеніне, оған ыңғайлы ма және тіпті соның мағынасы бар жоғына қарамастан өзіне берілген бұйрықтың «бәрін» орындап шықты. Осы жағдай біз үлгі алатын өте жақсы мысал.
Құтқарылуға арналған есік
Нұх пайғамбар (ғ.с.) мен оның отбасы және жануарлар мен құстар кемеге кіріп болған соң, Құдай кеменің есігін Өзі жапты деп Тауратта жазылған.
Кемеге кіретін жалғыз есікті Нұх пайғамбар (ғ.с.) емес, Алланың Өзі бақылауында ұстады. Жер бетін топан су жайлай бастағанда, есікті сыртынан тарсылдатып кемеге кіруге тырысқан көпшіліктің ешқайсысы да Нұх пайғамбарға (ғ.с.) есікті ашып беруіне көндіре алмады. Өйткені сол кіретін жалғыз есікті Алланың Өзі бақылауда ұстады. Сол кезде кеменің ішіндегілер өздерінің құтқарлатындарына нық сенімде болды, өйткені сол есік Алланың толық бақылауында болды да, тіпті оны жел, қатты толқын және тағы да басқа нәрсе аша алмас еді. Олар есіктің ар жағында яғни Алланың рақымдылық аясында тұрды.
Алланың өзгермейтіні бүгінгі күндері өмір сүріп жатқан бізге де тікелей қатысты. Барлық пайғамбарлар отпен келетін тағы бір қаһарлы Сот туралы ескертіп жатыр, бірақ Нұх пайғамбар (ғ.с.) нышаны, Ол сотпен бірге рақымдылықты да қоса ұсынатынын көрсетті. Сондықтан біз Оның жалғыз есікті, рақымдылыққа ие болуға кепілдік беретін «кемені» іздеуіміз керек.
Пайғамбарлардың құрбандық ұсынулары
Таурат бізге тағы былай дейді:
Нұх Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын жасады. Содан кейін ол малдың және құстың барлық адал түрлерінен біразын алып, оларды құрбандыққа шалып, өртеп жіберді .
Жаратылыстың басталуы 8:20
Бұл Адам ата/Хауа ана және Қабыл/Әбілдің жануарларды құрбандық шалу үлгілерімен сәйкес келеді. Нұх пайғамбар (ғ.с.) Аллаға сиынып, малдар мен құстарды құрбандыққа шалды және оны Құдай қабылдады, Осы нәрсе тағы да малдың қаны ағып кепкенін көрсетеді. Осы құрбандықтан кейін Алла Нұхқа жән оның ұлдарына батасын берді:
«Құдай Нұх пен оның ұлдарына былай деп бата берді: «Өсіп-өніп, ұрпақтарың көбейіп, жерді толтырыңдар» .
Жаратылыстың басталуы 8:20
Сондай-ақ, Тауратта Құдайдың Нұхпен жасаған келісімі туралы да жазылған:
Құдай Нұхқа және оның ұлдарына тағы да үн қатып:
«Осылай Мен сендермен, келешек ұрпақтарыңмен және сендердегі барлық тірі мақұлықтармен: құстармен, малдармен, аңдармен, сендермен бірге кемеден шыққан жер бетіндегі барлық жан-жануарлармен Келісім жасаймын.
Бұдан былай еш уақытта барлық тіршілік атаулы топан судан құрымайды және жерді бүлдіретін топан су ешқашан қайтып болмайды деп, сендермен Келісім жасаймын», — деді ().
Жаратылыстың басталуы 9:8-11
Сөйтіп, Нұх пайғамбардың (ғ.с.) құрбандық шалып, малдар өлтіріліп қандары кепкені, осы келісімнің түйіні болып тұрған сияқты. Бұл қаншалықты маңызды? Біз Таураттағы пайғамбарларды зерттеуімізді жалғастырайық, келесі пайғамбар Лұт.