Skip to content
Home » Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) құрбандыққа кімді әкелді: Ысқақты ма, әлде Ысмағұлды ма?

Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) құрбандыққа кімді әкелді: Ысқақты ма, әлде Ысмағұлды ма?

  • by

Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) өз баласын құрбандыққа әкелгені туралы әңгіме бола қалса, менің достарым, құрбандыққа Сарадан туған Ысқақ емес, Ажардан туған үлкен ұлы Ысқақ дейді. Сондықтан Құраннан осы туралы оқығанда мен таңқалдым. Осы үзіндіні достарыма көрсеткенде олар да таңқалды. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) үшінші нышан-белгісі берілген мақалада, осы бір маңызды тарихи оқиғаны талқыладық. Үзіндінің толық мәтінін осы жерден оқуға болады. Онда не делінген? Сол аятты тағы да келтірейік: 

Ұлы өзімен бірге жүруге жеткен кезде: “Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?”,- деді. Ол: “Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың” деді . 

Сафат 37:102

Үзіндіде Алла Тағалаға Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлын құрбандыққа беретіні жазылған, бірақ онда баланың аты аталмаған. Ондай жағдайда бар мәліметтердің бәрін саралап қарап шығу керек. Егер Құран кәрімді басынан бастап толық оқып шыққанда, Ысмағұл пайғамбардың аты 12 рет аталатыны көруге болады. 

  • Сол 12 үзіндінің екеуінде оның есімі Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) бірге аталады.(2:125, 2:127).
  • Бес рет Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) және інісі Ысқақпен бірге аталады.  (3:84, 4,163, 2:133, 2:136, 2:140).
  • Қалған бес үзіндіде Ыбырайым пайғамбарсыз (ғ.с.) басқа пайғамбарлармен бірге аталады. (6:86, 14:39, 19:54, 21:85, 38:48).

Ысмағұлдың әкесі Ыбырайым пайғамбармен (ғ.с.) бірге аталған жоғарыдағы екі жерде, құрбандық емес бірге мінажат еткені туралы айтылған шығар.  

Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайым (ғ.с.) ның орнынан намаз орны қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл (ғ.с.) екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп, уәде алғанбыз.

Бахара 2:125

Сол уақта Ыбырайым мен Ысмайыл (ғ.с.) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтере: «Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің.»

Қасиетті Құранның еш жерінде Ысмағұл құрбандыққа шалынды деген сөз жоқ. Ол жерде тек «ұл» – деп қана тұр. Құрбандыққа Ысмағұл шақырылды деген пікір неге көп тарады? 

Ыбырайым (ғ.с.) ұлын құрбандыққа шалған мәтін туралы пікірлер 

Юсуф Али — Құранды аударған, құрметті аудармашылардың бірі. Оның пікірін осы жерден оқуға болады. 

Оның түсіндіруінде Ыбырайым пайғамбар қай ұлын құрбандыққа әкелгені туралы жазылған, екі сілтеме бар. 

4071Ол Палестина мен Сириядағы құнарлы жер болды. Мұсылмандық дәстүрде, сол жерде туған ұл Ыбырайым пайғамбардың тұңғышы – Ысмағұл. Оның есімі Самия деген түбірді білдіреді, мағынасы «есту», өйткені Құдай Ыбырайым пайғамбардың дұғасын естіді (100 аят). Ысмағұл туғанда Ыбырайым пайғамбар 86 жаста болды . 

Жарат. баст. 16:16

Юсуф Алидің бұл жерде келтірген жалғыз дәлелі, мұсылмандық дәстүр.

4076 Көне келісімде келтірілген яһуди-мәсіхшілік нұсқамен біздің нұсқа салыстырмалы. Яһудилік дәстүр бойынша, арабтар тараған үлкен ұл Ысмағұлды емес, еврейлер тараған ұрпақ, кіші ұл Ысқақты құрбандыққа әкелді деп қарсы пікір айтады (Жарат. баст. 22: 1-18). Ысқақ Ыбырайым пайғамбар 100 жасқа келгенде дүниеге келді (Жарат. баст. 21:5), ал Ысмағұл туғанда ол 86 жаста болды (Жарат. баст. 16:16). Сөйтіп, Ысмағұл Ысқақтан 14 жас үлкен.14 жасқа келгенге дейін Ысмағұл әкесінің жалғыз ұлы болды, ал Ысқақ ешқашан да Ыбырайым пайғамбардың жалғыз ұлы болмады. Дегенмен, Көне келісімде былай делінген: «Сонда Құдай оған:— Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды» (Жарат. баст. 22:2). Бұл жерде мына дәлел бар. Тауратта айтылып тұр: «Өзіңнің жалғыз ұлыңды…» (Жарат. баст. 22:2), яғни Ысмағұл өз інісінен 14 жылға үлкен болғандықтан, сол «жалғыз ұл» Ысмағұл. Осы дәлелді келтіріп отырған автор, алдындағы 21 тарауда Ыбырайым пайғамбар Ажар мен ұлы Ысмағұлды қуып жібергенін ұмытып қалған сияқты.

Сондықтан Жаратылыстың басталуы 22 тарауда Ысмағұл үйінен кетіп қалады да, сол кезде үйінде «жалғыз ұлы» Ысқақ қалды. Қосымша мәліметтерді осы жерден оқи аласыз. 

Ыбырайым пайғамбардың ұлын құрбандыққа әкелуі: Таурат куәлігі

Сөйтіп, қасиетті Құрандағы аяттың Таураттағы аяттан өзгешелігі, құрбандыққа әкелген ұлдың аты аталмаған. Ал Тауратта Ысқақтың аты алты рет аталып тұр (22:2, 3, 6, 7(2 рет), 9).  

Мұхамбед пайғамбар (ғ.с.) Таураттың беделін бекітті

Хадистерде Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) қазір біз оқып жүрген түріндегі Таурат беделін бекіткені анық жазылған. Осы фактіге арналған менің мақаламды оқы, онда  осы айтылғандарды растау ретінде бірнеше хадис келтірілген:

Абдулла ибн Омар былай деді: «Бір топ яһудилер Алланың Елшісіне (ғ.с.) келіп, Қағбаға шақырып: «Абулкасим атты біздің бір адамымыз, зина жасады, сондықтан оның үкімін шығар». Олар  Алланың Елшісі (ғ.с.) отыру үшін астына жастық төседі, соған отырған ол былай деді: «Тауратты әкеліңдер». Тауратты әкелгенде ол астындағы жастықты алып, кітапты соның үстіне қойып, былай деді: Мен саған және сені Ашқанға сенемін.» Сунна Аби Дауд, 38 кітап, № 4434. 

Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіх (ғ.с.) Таурат беделін бекітті

Алдында айтылғандай Иса Мәсіх Таурат беделін Өз сөзімен бекітті. Өзінің бір тәлімінде, «Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады.
Сондықтан кімде-кім ондағы өсиеттердің тіпті ең кішкентайын болса да бұзып, басқаларды соған үйретсе, Құдай Патшалығындағы адамдардың арасында оның жолы ең кішкентай болады. Ал өсиеттерді орындап, жұртты соған үйреткендердің Құдай Патшалығындағы жолы үлкен болады .

Матай 5:18-19

Ескерту: дәстүр Таураттан жоғары емес

Таурат мәтініндегі Мұсаның қандай да бір дәстүрін ұстану дұрыс емес. Шынында да Иса Мәсіх халықтың діни көсемдерін әшкерелер, Тауратқа адамдық дәстүрлерді қолданғысы келетіні жайлы айтты: 

Исаның жауабы мынау болды: — Ал сендер неге өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың өсиеттерін бұзасыңдар?! Құдай: «Ата-анаңды сыйла!» және «Егер біреу әкесін не шешесін жамандайтын болса, ол өлтірілсін!» деп бұйырған еді ғой. Бірақ сендер адамның өз әкесіне не шешесіне: «Менен көрмек иіліктеріңізді мен Құдай жолына бағыштадым» деуіне рұқсат бересіңдер. Осылай ол әке-шешесін сыйлап, парызын орындауға міндетті емес деп үйрертесіңдер. Сөйтіп сендер өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың бұйрығын жоққа шығартыңдар! Екі жүзділер!

Матай 15:3-7

Бұл жерде Мәсіх Заңды адамдық дәстүрге бұрмалаудың қауіптілігі жайлы нақты ескертіп тұр. 

Біз оқып жүрген қазіргі Таурат мәтіндері, Өлі теңіз маңында табылған орама қолжазбамен расталды

Төменде келтірілген сызбада Таураттың ең көне қолжазба көшірмесі б.з.д. 200 жылдары жазылғаны көрсетілген (толығырақ мына жерден қараңыз). Бұл Мұхамбед пайғамбар (ғ.с.) мен Иса Мәсіх (ғ.с.) куәлік келтірген Таурат әуел баста қалай жазылса, бізге дейін ол еш өзгеріссіз солай жетті дегенді білдіреді.

Көне заманнан біздің күнге дейін жеткен – Киелі кітап. 

Сөйтіп, егер пайғамбарлардың куәліктеріне оралсақ, онда осы сұрақтың жауабы толық анықталады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *