Skip to content
Home » Мұса пайғамбар (ғ.с.) бірінші Нышан-белгісі: Құтқарылу мейрамы

Мұса пайғамбар (ғ.с.) бірінші Нышан-белгісі: Құтқарылу мейрамы

  • by

Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін 500 жыл өткен соң, оның Ысқақ арқылы тараған ұрпақтары – яғни қазіргі яһудилер – Алланың уәдесі бойынша үлкен халыққа айналды. Алайда олар уақыт өте келе Мысырда құлдыққа түсті. Бұл оқиға Ыбырайым пайғамбардың шөбересі Жүсіп пайғамбардың Мысырға сатылып, кейін отбасын қасына көшіріп әкелген кезеңнен бастау алады. Бұл Жаратылыстың басталуы кітабының 45–46 тарауларында баяндалған. Ол Мұса пайғамбар жазған Таураттың бірінші кітабы.

Енді біз келесі ұлы пайғамбар – Мұса (ғ.с.) – жайлы және оның көрсеткен нышан-белгілеріне көшеміз. Бұл оқиғалар Таураттағы «Мысырдан көшіп шығу» кітабында жазылған. Ол кітап Мұса пайғамбардың (ғ.с.) Исраил халқын құлдықтан қалай алып шыққаны жайлы баяндайды.

Алла Тағала Мұса пайғамбарға (ғ.с.) перғауынның алдына барып, Исраил халқына бостандық беруін талап ет деп бұйырады. Бұл бұйрық Мұса мен перғауын сиқыршылары арасында қарсыластыққа ұласып, Алланың ескерту ретінде жіберген тоғыз жазаға дейін жалғасады. Бірақ перғауын бұл нышандарға мойынсұнбады, Алланың еркіне қарсы шықты.

Назият сүресінде бұл оқиға былай сипатталады:

«Саған Мұсаның хабары келді ме? Сол уақытта Раббы оған қасиетті Тұуа жазығында үн қатты: “Перғауынға бар. Өйткені ол шектен шықты. Оған: ‘Тазарғың келе ме? Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Сонда қорқатын боларсың’. Сөйтіп Мұса оған Ұлы Мұғжизаны көрсетті.”

Назият 79:15-20

Мүззәммил сүресінде перғауынның жауабы берілген:

«Бірақ Перғауын пайғамбарға қарсы шықты. Сондықтан Біз оны қатты азаппен жазаладық».

73:16

Мұнда айтылған «Ұлы Мұғжиза» және «қатты азап» нені білдіреді? Бұл – Алланың оныншы және ең ауыр жазасы.

Он жаза

Сонда Жаратқан Ие Мысырға оныншы, ең қорқынышты жазаны жіберетінін уәде етті. Бұл жаза басталмас бұрын, Тауратта Тәңір Ие Мұса пайғамбарға (ғ.с.) ерекше дайындық жасауға бұйырады. Бұл жайында Қасиетті Құранда да айтылған. Мына аяттарға назар аударайық:

«Расында, Мұсаға (ғ.с.) тоғыз айқын мұғжиза берген едік. (Уа, Мұхаммед!) Исраил ұрпағынан сұра: Мұса (ғ.с.) оларға келген кезде, Перғауын: “Әй, Мұса! Мен сені сиқырланған адам деп ойлаймын”, – деді.
Мұса (ғ.с.): “Шын мәнінде, сен бұл мұғжизалардың көктер мен жердің Раббысы тарапынан келгенін жақсы білесің. Әй, Перғауын! Мен сені құрып кетеді деп ойлаймын” – деп жауап берді.»

Исра сүресі, 17:101-102

  Перғауынның «ақыры келеді» деп айтылған. Ол қалай іске аспақ? Оның алдында Алла Тағала адамдардың үстіМұнда Перғауынның «құрып кетеді» делінген. Бұл қалай іске асады?

Бұған дейін Алла Тағала халықтарға әртүрлі жазалар жіберген:
— Нұх пайғамбардың (ғ.с.) заманында — топан су
— Лұттың әйелі — тұз бағанасына айналды

Бірақ бұл жолғы жаза өзгеше болады. Бұл жай ғана жаза емес, бүкіл адамзатқа арналған Ұлы нышан-белгі еді. Құранда бұл туралы тағы да мынадай аят бар:

«Сонда Мұса (ғ.с.) оған (Перғауынға) ұлы мұғжизаны көрсетті.»

— Назият сүресі, 79:20

Оныншы жаза туралы толық мәліметті Таураттың Мысырдан көшіп шығу кітабынан табуға болады. Оқырманға осы үзіндімен танысып шығуға кеңес береміз. Онда бұл оқиғаның мәні тереңірек ашылып, әрі қарай қалай өрбігені толық баяндалған.

Құтқарылу тоқтысы және өлімнен аман қалу

Жоғарыда аталған үзіндіде Алла Тағала Мысыр еліндегі есік жақтауы мен босағасына құрбандыққа шалынған тоқтының қаны жағылмаған әрбір үйдің тұңғыш ұлы өлтірілетінін жариялайды. Бұл үкімді Перғауын да естиді — егер ол Жаратқанның бұйрығына бағынбаса, өзінің тақ мұрагері, тұңғыш ұлын жоғалтатынын біледі. Осылайша, құрбандық қанымен қорғалмаған әрбір мысырлық үйде тұңғыштар қайтыс болды. Бұл Мысыр үшін ауыр ұлттық апатқа айналды.

Алайда, Жаратқан Ие уәде еткендей, құрбандыққа шалынған тоқтының қаны есік жақтауы мен босағасына жағылған үйлерге өлім келмеді. Құдайдың қаһары ондай үйлерден «өтіп кетті». Сондықтан бұл оқиға «Құтқарылу» (ағылшынша Passover) деп аталды — яғни өлім сол үйді «басып өтпеді». Бұл рәсім нышан-белгі болды, бірақ кім үшін?

Тауратта былай делінген:

«Сол түні Мен Мысыр елін аралап, адам да, мал да болсын — бар тұңғышты қырып, Мысырдың барлық тәңірсымақтарын әшкерелеп соттаймын. Себебі Мен — Жаратқан Иемін!
Жағылған қан сендердің отырған үйлерің үшін нышан-белгі болады. Қанды көріп, сендердің үйлеріңді соқпай, өтіп кетемін. Мен Мысыр елін қырғынға ұшыратқанда сендер бұл апаттан түгел аман қаласыңдар.»

Мысырдан шығу 12:13

Демек, Жаратқан Ие қанға қарап өлімді айналып өтсе де, бұл қан Оған емес, адамдарға арналған нышан. Жазбада анық айтылған: «Қан сендерге нышан-белгі болады» — яғни бұл белгі Мұса замандастары үшін ғана емес, бүгін біз үшін де мәні бар нышан.

Неге?

Себебі бұл оқиғадан кейін Жаратқан Ие Исраил халқына былай өсиет берді:

«Бұл рәсімді өздеріңе және болашақ ұрпақтарыңа арналған мәңгілік ереже ретінде ұстаныңдар. Жаратқан Ие сендерге уәде еткен елге кіргеннен кейін де осы Құтқарылу мейрамын орындап жүріңдер.
Балаларың сендерден: ‘Бұл қандай рәсім?’ – деп сұраса, оларға былай деңдер:
‘Бұл — Жаратқан Иеге арналған Құтқарылу мейрамының құрбандығы. Жаратқан Ие мысырлықтарды қырғынға ұшыратқанда, Исраил ұрпағының үйлерін соқпай өтіп, бізді өлімнен аман алып қалды’.
Мұны естіген халық Жаратқанға иіліп ғибадат етті.»

Мысырдан шығу 12:24-27

Исраил халқының күнтізбесі Құтқарылу мейрамынан басталады

Құтқарылу мейрамынан кейін Яһуди халқының күнтізбесі басталды. Бұл күнтізбе біздің батыстық күнтізбеден өзгеше — Рамазан айы секілді жыл сайын сәл жылжып отырады, өйткені олардың жал санау жүйесі басқа. Бүгінгі күнге дейін 3500 жыл өтсе де, яһудилер Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы Құдайдан келген бұл өсиетті ұстанып, Құтқарылу күнін жыл сайын тойлап келеді. Бұл мейрам Тауратта нақты белгіленген — жыл сайын сол күнді есте сақтап, құрбандық шалады.

Қазіргі замандағы яһудилердің Құтқарылу мейрамына арналған қой шалу көрінісі.
Бұл рәсім Құрбан айт мейрамына ұқсайды.
Бұл мейрамның тарихын зерделесек, бір ерекше сәйкестікке куә боламыз. Інжіл Шарифте Иса Мәсіхтің (ғ.с.) тұтқындалып, жазаға тартылған сәтін қараңыз:

Таң атқан шақта яһуди дінбасылары Исаны Қаяфаның сарайынан Рим әміршісінің резиденциясына апарды. Олар Құтқарылу мейрамындағы астан арамданбау үшін сарай ішіне кірмеді.
Пилат оларға: “Құтқарылу мейрамы құрметіне бір тұтқынды босатып беремін. Осы «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыңдар ма?” — деді.
Олар айғайлап: “Оны емес, Бараббаны!” — деп жауап берді.
Ал Барабба — ұлтшыл қарақшы еді.

Жохан 18:28, 39–40

Басқаша айтқанда, Иса Мәсіх (ғ.с.) дәл Құтқарылу мейрамы күні — яһудилер өз қойларын құрбандыққа шалып жатқан күні — тұтқындалды және жазаға тартылды. Бұл сәйкестік кездейсоқ емес.

Естеріңізде болса, Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) туралы Нышан-белгіде біз Шомылдырушы Жақияның Иса Мәсіхті қалай атағанын оқыған едік:

Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:
— Қараңдар! Мынау — Құдайдың Құрбандық Тоқтысы! Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына алып, сол үшін жанын береді.
“Менен кейін Біреу келеді. Ол менен ұлық, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болған” — дегенімде, мен Сол жайлы айтқан едім.

Жохан 1:29–30


 Басқадай айтқанда Иса Мәсіх (ғ.с.) яһуди күнтізбесі бойынша дәл сол күні Құтқарылу мейрамы кезінде, тұтқындалып жазаға тартылып отыр. Естеріңізде болса, Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) нышан-белгісінде Шомылдырушы Жақия атаған Иса пайғамбардың бір есімі былай делінген:  

 Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:

— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!

  Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды. 

«Менен кейін Біреу келе жатыр, Оның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын» дегенімде, Сол туралы айтқан едім .

Жохан жазған Ізгі хабар 1:29-30


Иса Мәсіх (ғ.с.) Құтқарылу мейрамы күні жазаға тартылды

Сол себепті яһудилердің Құтқарылу мейрамы мен бүкіл әлем тойлайтын Пасха мейрамы бір аптаның ішінде өтеді. Өйткені Иса Мәсіх (ғ.с.) дәл сол Құтқарылу мейрамында өлім жазасына кесілді. (Пасха мен яһудилердің Құтқарылу мейрамы бір күнге сәйкес келмегенімен, бұл айырмашылық батыстық және яһудилік күнтізбелердің әртүрлі болуына байланысты. Алайда екі мейрам да бір аптаның ішінде тойланады.)

Енді «нышан-белгілер» не үшін қажет деген сұрақ туындайды. Олардың мақсаты қандай?

Олардың мақсаты қандай? Белгілер – біздің назарымызды басқа бір нәрсеге аударғысы келеді. 

Мысалы, егер адам басының қаңқасы мен сүйектерінің бейнесін көрсек, бұл өлім қаупі бар екенін білдіреді. «Алтын бел» белгісі McDonald’s мейрамханасын еске түсіреді. Надалдың маңдайында тұрған √ таңбасы Nike фирмасын білдіреді. Бұл логотип арқылы Nike біздің сол фирма туралы ойлауымызды қалайды. Яғни белгілер назарымызды нақты бір бағытқа бұруға арналған.

Мұса пайғамбардың (ғ.с.) Нышан-белгісі арқылы Алла Тағала бізге де белгі көрсетіп тұр. Ол не үшін қажет?

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлім жазасына кесілген күні мен құрбандық тоқтылар шалынып, қандары ағызылатын күннің дәл келуі — бұл Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандығына қатысты маңызды Нышан-белгі екенін көрсетеді.

Құтқарылу мейрамы — Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандығына арналған Нышан-белгі

Белгілер біздің санамызға нұсқаулық ретінде әсер етеді. Бұл Нышан-белгінің мақсаты — біздің назарымызды Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандық өліміне бұру.

Бірінші Құтқарылу мейрамында адамдарды өлім періштесінен құтқару үшін тоқты құрбан етіліп, қаны есікке жағылды. Сол сияқты, біз де мәңгілік өлімнен құтқарылу үшін Құдайдың құрбандық Тоқтысы — Иса Мәсіх (ғ.с.) құрбан болды.

Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) ұлын құрбандыққа әкелуі де Нышан-белгі болып табылады. Ол да біздің назарымызды Иса Мәсіхке (ғ.с.) аударады. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) туралы үшінші Нышан-белгіде, ол сынаққа түскен тау «Мори» деп аталады. Сол қиын сәтте Алла Тағала ұлының орнына құрбандыққа тоқты ұсынды. Яғни тоқты ұлының орнына шалынды. Ал Иса Мәсіх (ғ.с.) құрбандық өлімін дәл сол Мори тауында қабылдады. Бұл — бізге арналған терең мағыналы Нышан-белгі. Мұса пайғамбардың (ғ.с.) Нышан-белгісінде тағы бір маңызды нұсқау бар: Құтқарылу мейрамының күнтізбедегі күні мен Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімі сәйкес келеді. Бұл — жай ғана сәйкестік емес. Бұл — тағдырлық нұсқау. Құрбандыққа шалынған тоқты мен Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбандығы арасындағы байланыс — бұл Нышан-белгі арқылы көрсетілген шындық.

Келесі Нышан-белгі — Синай тауында берілген Заң. Осыдан біз одан әрі терең мағыналарды көре аламыз.

Мақаланың соңында: Перғауынның соңы

Тауратта жазылғандай, Перғауын Мұса пайғамбардың (ғ.с.) ескертуін елемей, өз тұңғыш ұлының өліміне куә болды. Сол түні Перғауын ақыры исраилдіктерге Мысырдан кетуге рұқсат берді. Алайда кейін ойланып, оларды артынан қуып жетпек болды. Қызыл теңізге жеткенде, Құдайдың құдіретімен теңіз қақ айырылып, исраилдіктер құрғақ жермен өте шықты. Арттарынан қуып келген Перғауын мен оның әскері теңіз суының астында қалды. Осылайша тоғыз жаза, тұңғыштардың өлімі және әскердің жойылуы Мысырдың қуатын әлсіретті. Бұл оқиғадан кейін Мысыр ешқашан бұрынғыдай аймақтық үстемдікке ие болмады.

Бұл — Тәңірдің әділ сотының нәтижесі еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *