Skip to content
Home » Исраил халқының тарихы: Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған қарғыстар орындалды ма?

Исраил халқының тарихы: Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған қарғыстар орындалды ма?

  • by

Көп кезеңнен тұратын исраил халқы тарихына шолуды жеңілдету мақсатында, уақыт сызбасының көмегіне жүгінейік. Алдымен Иса Мәсіх (ғ.с.) келген заманды қоса ала отырып, Киелі кітаптағы барлық белгілі пайғамбарларды орналастырайық.  

Уақыт сызбасы батыс күнтізбесі негізінде сызылды, онда болған оқиғалар б.з.д. кезеңде орын алған. Түрлі түсті сызбалар әр пайғамбардың өмір жасының ұзақтығын көрсетеді. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) мен Мұса пайғамбар (ғ.с.) өздерінен кейін біз қарастырып өткен маңызды нышан-белгілер қалдырды. Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) Иерусалим қаласында билік жүргізген, халықтың алғашқы патшаларының бірі және Забур жырының авторы. Ал Иса Мәсіх (ғ.с.) біз үшін өте маңызды тұлға, өйткені Інжіл Шариф толық Соған арналған.   

Жасыл сызықпен берілген уақыт кезеңі исраил халқының мысырлық перғауын қоластында құлдықта болған жылдарын көрсетеді. 

Бұл кезең Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) шөбересі, Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) мысыр еліне құлдықта болып, артынан өз елін сол жерге көшіріп алған уақыттан басталды. Ал Мұса пайғамбар (ғ.с.) исраил халқын мысырлық құлдықтан алып шықты және Құтқарылу мейрамы (Песах) нышан-белгісін қалтырды. 

Мұса пайғамбар (ғ.с.) заманында исраил халқының жаңа тарихы басталды, ол уақыт сызбасында сары жолақпен белгіленген. 

Олар Исраил (немесе Палестина) жерінде өмір сүрді. Мұса пайғамбар (ғ.с.) өз өмірінің соңында исраил халқына Бата мен Қарғысты жариялады – ол уақыт сызбасында жасыл жолақтан сары жолаққа ауысу аралығында орналасқан. Сөйтіп, исраил халқы Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) бірінші нышан – белгісінде көрсетілген уәде етілген жерде бірнеше жүздеген жылдар бойы өмір сүрді. Олар сол жерде патшасыз және астанасыз өмір сүрді, өйткені Иерусалим қаласы ол кезде басқа халықтың иелігінде болды. 

Кейін, б.з.д. 1000 жылдары билік басына Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) келген соң, исраил халқының жағдайы өзгерді. 

Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) Иерусалимді басып алып, сол қалаға өзіне патша сарайын салдырып оны өзінің астанасы етті. Самуил пайғамбар (ғ.с.) Дәуітті патша деп жариялап майлау рәсімін жасады. Дәуіт пайғамбардың (ғ.с.) ұлы даналығымен аты шыққан Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.), тақ мұрагері болды. Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) патша болғанда Иерусалим қаласының ортасына тамаша ғибадатхана салғызды. Дәуіт патшаның ұрпақтары 400 жыл бойы патшалық құрды; уақыт сызбасында осы кезең (б.з.д 1000-600 ж.ж.) көгілдір жолақпен белгіленген. Осы кезең исраил халқының өрлеу уақыты болды – олардың көз алдында Бата уәдесі орындалды. Исраилдіктер күшті халық атанды, дамыған қоғам мен өркендеген мәдениет құрды, өз ғибадатханалары болды; осы кезеңде көптеген пайғамбарларға Құдайдың хабарлары ашылды, ол мәліметтер Дәуіт бастаған Забур жырларында жазылған. 

Уақыт өте келе исраил халқы Он өсиетті орындамай, пұттарға табынып, күнә былығына батқан сайын бата берді де, көптеген пайғамбарлардың шығуына себепкер болды. Сондықтан Жаратқан Ие Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған қарғысқа ұшырамай тұрғандарыңда теріс жолдарыңнан қайтыңдар деп, пайғамбарлар арқылы қайта-қайта хабар жолдап отырды. Бірақ исраилдіктер пайғамбарлар сөздеріне немқұрайлық танытты. 

Ақыр соңында б.з.д. 600 жылдары Қарғыс орындала бастады. Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған қарғыстардың бірі орындалып, қуатты Бабыл елінің патшасы Набуходоносор келді:

   Жаратқан Ие сендерге қарсы алыстан, тіпті жердің шетінен бір халықты төменге шүйілген бүркіттей аттандырып келтіреді. Сол халық сендер түсінбейтін бөтен тілде сөйлеп, айбарлы болып көрінеді. Олар кәріге құрмет, кішіге мейірім көрсетпейді. Сол халық сендерді құртып болғанша малдарыңның төлдерін, егістіктеріңнің өнімін жеп қояды да, астықтарыңды, жүзім шырындарың мен зәйтүн майларыңды, бұзауларың мен тоқтыларыңды түгел сендерден тартып ала береді. Осылайша сендер ойран боласыңдар. Дұшпандарың елдегі барлық қалаларыңды қоршап алып, олардағы сендер сенім артқан зәулім қамалдарыңды қиратады. Сонда жау Құдайларың Жаратқан Ие өздеріңе табыстаған еліндегі барлық қалаларыңды қоршап алып, сендерді қыспақтайтын болады ().

Заңды қайталау 28:49-52


  Набуходоносор Иерусалимді жаулап алды, Сүлеймен тұрғызған әсем ғибадатхананы талқандап өртеп жіберді. Содан кейін ол исраил халқын бытыратып, Бабыл елінің әр түкпіріне жер аударып жіберді, Иерусалимде тек ең кедейлерін ғана қалтырды. Бұл Мұса (ғ.с.) арқылы алдын ала айтылған мына пайғамбарлық сөзі еді: 

  Бұрын Жаратқан Ие сендерге жақсылық жасауды, сандарыңды көбейтуді қалай ұнатқан болса, енді Ол сендерді құртып, жоқ қылуды да солай ұнататын болады. Осылай сендер қазір кіріп, иемденгелі тұрған елдеріңнен түпкілікті аластатыласыңдар. Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар.

заңды қайталау 28:63-64

Осылай исраилдіктер уәде етілген жерден аластатылып, басқа елге жер аударылып 70 жыл бойы (осы кезең қызыл жолақпен берілген), жат жерде сергелдеңмен өткізді. 

Кейін Парсы патшасы Кир Бабылды басып алады да, жер бетіндегі ең мықты патшалыққа айналады. Ол исраилдіктер өз отанына орала алатындай Жарлық шығарады. 

Алайда исраил халқы мекендеген жеріне оралғанымен, тәуелсіз ел болудан қалды, олар енді Парсы елінің бір құрамы ретінде өмір сүрді. Осы кезең 200 жылға созылды; уақыт сызбасында ол қызғылт жолақпен белгіленген. Сол уақыт аралығында Иерусалимдегі ғибадатхана қалпына келтірілді (ол екінші Храм деп те аталады); және Көне келісімдегі соңғы пайғамбарлар өз хабарларын жолдай бастады. 

Содан кейін Ескендір Зұлқарнайын Парсы елін жаулап алады да, исраил халқын Грек империясының құрамына айналдырады, олар сонда 200 жылдай болды. Ол кезең көк түспен белгіленген. 

Артынан римдіктер Грек патшалығын тас-талқан етеді де, бүкіл әлемге билігін жүргізе бастайды. Исраилдіктер қайтадан басқа елдің құрамына өтеді; ол кезең ақшыл-сары түспен белгіленген. Дәл сол заманда Иса Мәсіх (ғ.с.) Исраил жерінде өмір сүрді. Иса Мәсіх (ғ.с.) өмір сүрген замандағы Інжілде айтылатын рим әмірлері мен рим әскерлері осы оқиғалармен тұспа-тұс келуімен түсіндіріледі.

Сөйтіп Дәуіт патшалық құрған дәуірден кейін Бабылдың заманынан (б.з.д. 600 ж.) бастап, исраил халқының (қазіргі еврей ұлты) тәуелсіздігі болмады. Олар басқа патшалықтардың қол астында өмір сүрді. Еврейлер Иса Мәсіх (ғ.с.) өлгеннен кейін рим патшалығына қарсы ереуілге шықты.  Тәуелсіздік үшін соғыс басталды да, еврей халқы жеңіліп қалды. Римдіктер Иерусалимді талқандап, екінші Храмды өртеп жіберді, ал еврейлерге құлдық қамытын кигізіп, Рим патшалығының түкпір-түкпіріне бытыратып жіберді. Сол кездегі Рим патшалығының көлемі өте үлкен болғандықтан еврейлерді дүниенің түкпір-түкпіріне шашыратып жіберді десе де болады.  

Шамамен 2000 жыл бойы еврей халқы – шашыраған, жер әлемге бытыраған және ешқашан ешкіммен қабылданбаған күйде, осылай өмір сүрді. Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Қарғыс олардың өмірлерінде дәл осылай орын алды: 

 Сендерге сол халықтардың арасында да тыныштық болмайды. Аяқтарың дамыл таппай ел кезетін боласыңдар. Жаратқан Ие сендерге дірілдеп үрейленген жүрек, көз жасын төгіп, көруден қалған көз және үміті үзіліп торыққан көңіл береді .
   

Заңды қайталау 28:65

Мұса (ғ.с.) пайғамбарлық сөзі орындалды ма? Иә, бүге-шігесіне дейін түгел орындалды. Исраил халқының басына осы қарғыстар түскенде, басқа ұлт өкілдері жағаларын ұстап, былай сұрады:   

 Соны көріп, күллі халықтар да: «Жаратқан Ие неліктен осы елге мұны істеді екен? Неден оған қаһарын соншама төкті?» — деп сұрайтын болады. Сонда оларға мына жауап беріледі: «Бұл елдің адамдары өз ата-бабалары сиынған Құдай — Жаратқан Иенің Келісімінен бас тартты. Ол өздерін Мысырдан құтқарып алып шыққан кезінде сол Келісімді олармен жасаған болатын .

Заңды қайталау 29:24

Бізге арналған маңызды нышан-белгі сол, пайғамбарлар сөздерін шындықпен қабылдауымыз керек. Өйткені сол пайғамбарлық сөздерде біздің әр қайсымыздың тағдырымыз көрсетілген. 

Біз қарастырған тарихи кезең, тек 2000 жыл бұрынғы оқиғаларды қамтыды. Осы жерден Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Бата мен Қарғыстың біздің осы күндерімізде де орындалып жатқанын оқуға болады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *