Skip to content
Home » Қыздан туған ұлдың нышан-белгісі

Қыздан туған ұлдың нышан-белгісі

  • by

Забурға кіріспе мақалада Дәуіт пайғамбар Забур кітабын Жырлармен бастап жазды, ал басқа кітаптар одан кейінгі пайғамбарлармен жазылды делінген. «Үлкен пайғамбарлардың» бірі болып Ишая саналады – мүмкін оның кітабының ауқымды көлеміне қарай солай аталған шығар. Ол шамамен б.з.д. 750 жылдары өмір сүрген. Төменде келтірілген уақыт сызбасында Забур пайғамбарларына қатысты Ишаяның өмір сүрген жылдары көрсетілген. 

Уақыт сызбасындағы Забурдағы Ишая (ғ.с.) өмір сүрген жылдары және басқа пайғамбарлардың орналасу тәртібі. 

Ишая пайғамбар (ғ.с.) өте ерте де (2800 жылдай бұрын) өмір сүрсе де болашақ туралы көптеген пайғамбарлық сөздер жазып қалдырған. Мұса пайғамбар (ғ.с.) айтып кеткеніндей, анық пайғамбар болашақты болжай алуы керек. Забурға кіріспе мақалада Сүлеймен (ғ.с.) кейінгі патшалар тура жолдан тайып кеткендері туралы айтылған. Сол оқиғалар Ишая пайғамбар өмір сүрген уақыттарда орын алды. Оның кітабында келетін сот туралы (ол 150 жылдан кейін орындалды яғни бабылдықтар келіп Иерусалимді жаулап алды – тарихты осы жерден қара) көптеген ескертулерді оқи аламыз. Сонымен бірге Ишая Алла Тағала болашақта адамзатты құтқаруға арналған ерекше нышан-белгісі бар, жеке орындалатын басқа да пайғамбарлық сөздер айтты. Бұл жерде Ишая исраил патшасы яғни Дәуіт (ғ.с.) ұрпағына сөзін арнап отыр. Міне сондықтан Нышан-белгі «Дәуіттің әулетіне» арналып тұр: 

 Сонда Ишая оған былай деді:

— Дәуіттің әулеті, сөзіме құлақ салыңдар! Адамдардың төзімін сынағандарың аз болғандай, енді Құдайымның да төзімін сынамақсыңдар ма?! Ендеше Тәңір Иенің Өзі сендерге осыны істейтіндігін дәлелдейтін кереметті жасайды: Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, ұл туады. Оған Имануил (яғни «Құдай бізбен бірге» ) деген ат қояды. Нәресте есейіп, жаманнан бас тартып, жақсыны таңдай білетін жасқа келгенде ішетін тамағы тек айран мен бал болады .

Ишая 7:13-15

Қандай батыл пайғамбарлық сөз! Ешкім естімеген, пәк қыздан ұл туады деген қандай пайғамбарлық сөз? Бұның ақылға симайтыны соншалық көптеген жылдар бойы адамдар қандай да бір қате кетті деген сенімде болды. Егер адам жәй ғана болашақта не болатынын болжағысы келсе (және оны келер ұрпаққа арнап жазып қалдырса), осындай ыңғайсыз тұжырым жазбайтын шығар. Дегенмен де сол зат алдымызда тұр. Иса Мәсіх (ғ.с.) дүниеге келгенге дейін бірнеше ғасыр бұрын – қазіргі қолымызда бар, Өлі теңіз маңында табылған орама қолжазба негізінде осы пайғамбарлық сөз өте ертеде жазылды деп тұжырымдай аламыз. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) пәк қыздан туады деп жарияланды

Қазір өмір сүріп жатқан біздер, Иса Мәсіх (ғ.с.) келіп кеткеннен кейін көптеген жылдар өткен соң, осы пайғамбарлық сөз не туралы айтып тұрғанын білеміз. Ешбір пайғамбар – не Ыбырайым (ғ.с.), не Мұса (ғ.с.), не Мұхамбет (ғ.с.) пәк қыздан туған жоқ. Жер бетінде қанша адам болса да, тек Иса Мәсіх (ғ.с.) қана осындай әдеттен тыс жолмен дүниеге келді. Ол туғанға дейін жүздеген жыл бұрын Жаратқан Ие бізге Нышан-белгі сыйлады – қыздан туатын ұл туралы біздің көбірек білгенімізді қалап дайындады. Екі нәрсеге назар аударайық. 

Анасы оны Еммануил деп атады

Біріншіден ұл туған қыз оған Емануил деп ат қойды. Мағынасында ол «Құдай бізбен бірге» – дегенді білдіреді. Оны қалай түсінуге болады? Бұл есімнің бірнеше талқылауы бар, оның бірі, Алла Тағала сот үкімін тосып отырған, әділетсіз патшаларға, Өзінің оларға қарсы емес, керісінше «олармен бірге» екенін білдіру үшін Нышан-белгі ретінде ұл сыйлаған шығар. Иса Мәсіх (ғ.с.) дүниеге келгенде, шын мәнінде Жаратқан Ие исраил халқын тастап кеткен сияқты көрінеді, өйткені олар басқа ұлт өкілдерінің билігі астында өмір сүріп жатты. Пәк қыздан туған ұлдың Нышан-белгісі, Құдай оларға қарсы емес, керісінше олармен бірге деген жігер берді. Інжілде, нақтырақ айтсақ Лұқа жазған Ізгі хабарда, оның анасы Мәриямға ұл туатынын хабарлау үшін періштелер келгенде, Мәриям Құдайды мадақтап әндетті деп жазылған. Ол өлеңде мынандай сөздер бар еді: 

  Сонда Мәриям былай деді:

— Жан дүнием Иемді мадақтайды,

Құтқарушым Құдайға қуанады:

Күңінің қарапайым жағдайына

Құдай рақыммен назар аударады.

Күллі ұрпақтар мені бұдан былай

«Құдай жарылқаған жан» деп атайды:

Есімі киелі Құдіретті Құдай

Маған керемет ұлы істер жасайды!

Рақымы Өзін қастерлеушілердің

Ұрпағынан ұрпағына жалғасады;

Ол қолының құдіретін танытып, 

Асқақ ниеттілерді шашыратады,

Билік иелерін тақтан құлатып,

Атақсыздарды жоғарылатады.

Ашыққандарды игілікке кенелтіп,

Байларды құр қол қайтарып қуады.

Тәңір өз қайырымын ескеріп,

Қызметшісі Исраилді қамқорлайды:

Ежелгі ата-бабаларымызға, Ыбырайым

 мен оның ұрпақтарына,

Құдай осылай айтқан болатын да.

Лұқа 1:46-55

Көріп отырғандарыңдай, Мәриям ұлды боласың деген періштенің сөзін, Тәңір Ие Ыбырайымға және оның ұрпағына мәңгі рақымдылық таныту үшін есіне алды деп тұр. Алланың соты, Тәңір Ие исраил халқын тастап кетеді және ешқашан олармен бірге болмайды дегенді білдірмейді.   

Пәк қыздан туатын ұл «жауыздықты жойып, жақсылықты таңдайды»

Пайғамбарлық сөзде таңқаларлық болжам бар, нәресте «жауыздықты жойып, жақсылықты таңдайтын» жасқа жеткенше, «сүтпен және балмен қоректенеді» делінген. Ишая былай жазады нәресте саналы шешім шығарар жасқа жеткенде, жауыздықтан бас тартып, жақсылықты таңдайтын болады. Менің кішкентай ұлым бар. Мен оны өте қатты жақсы көремін, бірақ ол өз бетінше жамандықтан жиреніп жақсылықты таңдауды үйрене алмайды. Біз әйеліміз екеуіміз оны мыналарға үнемі үйретіп отырамыз: еске салу, насихаттау, үлгі көрсету, жазалау, жақсы достар табу, лайықты адамдарды тануға көмектесу т.с.с. Біз оның жаманнан жиреніп жақсыны қолдағанын қалаймыз. Біз қанша тырыссақ та оның болашағы жайлы еш кепілдік жоқ. Енді мен өзім әке болған соң, мені жамандыққа емес жақсылыққа тәрбиелеу үшін қандай қиындықтармен күрескенін елестетіп, өз ата-анамды түсінгендей болып отырмын. Егер ата-анасы «көгалдағы майсаны» өсіргендей күш салып баласын тәрбиелемесе, олар жамандықтан бас тартып, жақсылыққа ұмтылуы екі талай дүние. Табиғатта, егер дер кезінде күреспесең, баланы зұлымдыққа қарай тартып әкететін «әдепсіздікке тартылыс» секілді бір күш бар сияқты.  

Міне сондықтан да біздің есіктерімізге құлып салынған. Міне сондықтан да барлық елдерде полиция бар. Міне сондықтан барлық банктер құпия сөздер мен парольдер қолданады. Міне сондықтан мемлекеттер жаңа заң қабылдап жатады. Бізге үнемі бір-бірімізден қорғануға тура келеді, өйткені біз «жамандықтан аулақ болып жақсылықты қабылдай алмаймыз». 

Пайғамбарлардың өзі де үнемі жамандықтан бас тартып жақсылықты қолдай алмаған

Иә ол солай. Тауратта Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) өз әйелін қарындасым деп перғауынға екі рет өтірік айтқаны жазылған. (Жарат. баст. 12:10-13 және Жарат. баст. 20:1-2). Мұса пайғамбар (ғ.с.) мысырлықты өлтірді (Мысырдан шығу 2:12), тағы бір рет өрескел қате жіберді, Алланың айтқанынан бас тартты (Руларды санау 20:6-12). Құран Кәрімде Мұхамбет пайғамбарға (ғ.с.) бірнеше рет кешірім сұра деген аяттар бар (Мұхамбет 47:19), бұдан шығатын қорытынды пайғамбар да жамандықтан бас тартып жақсылықты үнемі қолдай алмады. 

 (Мұхаммед Ғ.С.) енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле! Алла, айналған әрі тұрақтаған жерлеріңді біледі. .  

Мұхамбет 47:19

Төменде берілген Муслим жазған хадисте, пайғамбар өз күнәлары үшін өкініп кешірім сұрағаны айтылған. 

Абу Муса аль-Ашари өз әкесінің беделіне сүйеніп, айтқаны бар, Алланың елшісі (ғ.с.) былай дұға етіпті: «О, Алла Тағала, менің күнәларымды, білместігімді және қатты уайымымды кешіре гөр. Өйткені менің істерімді менен гөрі жақсы білесің. О, Аллам, менің оймен және біліп, білмей істеген тағы басқадай жасаған кемшіліктеріме рақым ете гөр. Менде бар барлық кінәлі істерімді жуып тазарта гөр. О, Алла Тағалам, абайсыздықпен немесе баяулықпен, елдің алдында немесе құпия жерде жасаған  менде бар барлық дұрыс емес нәрселеріме рақымдылық ете гөр, өйткені Сен мені жақсы білесің. Сен Алғашқы және Соңғысысыз және Сен бәрінен құдіреттісің»  

Муслим 35:6563

Бұл дұға Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) дұғасына өте ұқсас, ол да күнәлары үшін мінажат еткен: 

 Шексіз сүйіспеншілігіңе бола, О, Құдай, маған рақым ете гөр, мейіріміңнің молдығына бола қылмыстарымды өшіріп тастай гөр. Мені әділетсіздігімнен арылтып, күнәларымнан түгел тазарта гөр. Қылмыстарымды жақсы білемін де, Күнәларым әрдайым тұр есімде. Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым, Сенің көз алдында зұлымдық істедім. Осылай әділ Сенің айтқандарың, мүлтіксіз де маған жүргізген сотың. Мен күнәкар болып дүниеге келдім, құрсақта жатқанда-ақ күнәкар едім. Сен жүректің таза болуын қалайсың, жан дүниеме даналық та құясың. Құрбандық қанын бүркіп, күнәмді кеше гөр, Сонда көз алдында пәк таза боламын, күллі күнәмнан мені жуып-шая гөр, Сонда қардан да аппақ тазарамын

Забур 50:1-9

Сонымен біз сияқты пайғамбарлар да өз күнәларымен күрескенін және оларға да кешірім сұрау керек екенін көріп отырмыз. Адам атаның барлық ұрпағының жағдайы осындай. 

Пәк қыздан туған киелі ұл

Егер қыздан туған ұлға келсек, онда Ишая пайғамбардың болжамы бойынша ол ерте жастан жаман мен жақсыны айыратын қабылетке ие болады.  Ол табиғи дүние. Бірақ жаратылысы бойынша оның табиғаты бізден басқадай болса ғана солай болмақ. Ол біздің ру немесе ұрпақтан емес. Барлық пайғамбарлар, олардың әкелері және бабалары да Адам атадан тараған, сондықтан ұрпақтан ұрпаққа жақсыны емес жамандыққа бейім болып жалғасып келе жатыр. Әкелерінің мінез құлқы балаларына генетикалық жолмен беріледі; сондықтан Адам атаның күнәға бейім табиғаты біздің бәрімізге, соның ішінде пайғамбарларға да өтіп отырған. Ал егер ұл пәк қыздан дүниеге келсе, онда ол әке ретінде Адам атаның табиғатын иелене алмайды. Оның шежіресі мүлде басқа – сондықтан ол киелі боп туады. Міне сол себепті Құран Кәрімде жазылғандай, Мәриям қызға хабар айтуға келген періштенің ұлың «киелі болып туады» – дегені сол. 

(Рух): “Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” деді. Мәриям: “Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам” деді. (Жебірейіл Ғ.С.): “Ол, солайша” деді. Өйткені, Раббың: “Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді” деді. Мәриям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті.

Мәриям 19:19-22

  Ишая пайғамбар (ғ.с.) Киелі кітаптың басқа да аяттарындай, бір жақты нақты айтып тұр – қыздан туатын ұлдың жерлік әкесі болмайды, сондықтан бойында күнә табиғаты жоқ. Сондықтан ол киелі

Адам ата туралы тағы бірер сөз

Қыздан туатын ұл туралы тек кейінгі пайғамбарлар ғана айтпаған. Ол хабар әуел баста жарияланды. Адам атаның нышан-белгісінде Алланың шайтанға айтқан қарғысын оқығанбыз. Сол сөздерді тағы бір рет келтірейін. 

 Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың», — деді.

Жарат. баст. 3:15

Құдайдың еркімен шайтанның және әйелдің ұрпақтары болады. Әйелдің ұрпағы мен шайтанның ұрпақтары арасында өзара өштесу мен өшпенділік қалыптасқан. Шайтан әйелдің ұрпағының өкшесін шағады, ал ұрпақ «шайтанның басын мыжиды». Осы әрекеттер төмендегі сызбада көрсетілген.  

Құдай уәде еткен кейіпкерлер мен олардың қарым-қатынасы жұмақта өрбиді. 

  Назар аударыңызшы: Алла Тағала ұрпақты күйеуіне емес әйелге уәде етіп тұр. Бұл өте қисынсыз дүние, өйткені бүкіл Таурат, Забур және Інжілде (Киелі кітап), ұрпақ тек әке жағынан қойылады. Киелі жазбаларға байланысты қазіргі батыс сыншылары, әйел тарапынан шежіре айтылмаған деп жатады. Олардың пікірінде бұл «жыныстық әділетсіздік», өйткені онда тек еркектердің ғана ұлдары келтірілген. Бірақ біздің әңгімемізде жағдай басқаша: сәби (ұл бала) еркектің қатынасыссыз дүниеге келеді. Үзіндіде әйелдің ұрпағы делінген, онда еркек туралы бір сөз жоқ. 

Ишая айтып отырған қыздан туған ұл – сол «әйелдің ұрпағы»

Ишаяның пәк қыздан туатын ұл туралы айтқан пайғамбарлығы, әуел баста Едем бағында Алланың уәде еткен әйелдің ұрпағына нұсқайды. Осы тақырыпты тағы бір мұқият қарап, Адам ата нышан-белгісін басқа қырынан оқып шығуға кеңес беремін. Сіз сонда бәрінің де үйлесім тапқанын көресіз.  Адам атаның барлық ұлдары басынан бастап, әкелері секілді – «жамандықтан бас тартып, жақсылыққа бейім» бола алмайды. Міне сондықтан Алла Тағала әлемге кірген күнәні көріп, Адам атаға туыстық байланысы жоқ киелі біреу, шайтанның басын мыжиды деп уәде берді. 

Алайда сол киелі біреу осының бәрін қалай іске асырады? Егер әңгіме жәй Алланың еркін жариялау болса, онда пайғамбарлар мысалы Ыбырайым және Мұса пайғамбар (ғ.с.) сияқтылар, оны толығымен жеткізер еді. Жоқ. Киелі ұлдың рөлі мүлде басқа. Оны жақсы түсіну үшін, Забурға тереңірек үңілу керек.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *