Құран Кәрімде Алла тағала жеті айналымды қолданатынын көп рет көреміз. Мысалы, Талақ сүресінде (65 – Ажырасу) айтылған
Алла Тағала жеті аспан мен жерді де соншалықты жаратты. Алланың әр нәрсеге құдіретті екенін және Алланың әр нәрсені білуімен толық білуші екенін білулерің үшін олардың арасында (барлығы) Оның әмірі түседі. .
Талақ сүресі, 65:12
Ал «Нәбә» сүресі («Хабар» сүресі, 78-аят).
Сондай-ақ сендерге жеті аспан салмадық па? .
Нәбә сүресі, 12-аят
Төменде көріп отырғанымыздай, Мәсіхтің келу уақыты да жетіде берілгені бізді таң қалдырмауы керек.
Көптеген пайғамбарлық сөздерді саралай отырып, олардың аралары жүздеген жылдар болса да (пайғамбарлықтарын өзара келісіп отырды дегенге адамның ақылы жетпейді) олар бір тақырыпты қозғағаны – яғни Мәсіхтің келуі екеніне көзіміз жетті. Біз, Ишая пайғамбардың (ғ.с.) өлі түбірден өсіп шығатын өскін бейнесін қолданғаны, одан кейін Захария пайғамбар (ғ.с.) Өскінге еврей есімі Ешуа, ол грек тілінде Иисус (араб тілінде Иса) деген есім берілетіні туралы айтып өттік. Сонымен бірге оған Мәсіх (Христос)лауазымы берілетіні туралы Иса Мәсіх (ғ.с.) дүниеге келгенге дейін 500 жыл бұрын алдын ала айтылған. Ол пайғамбарлық сөздер (Інжілде емес) яһуди кітаптарында жазылған, қызығы сол олар сол сөздің мағынасын түсінбесе де әлі күнге дейін сол кітаптарды қолданып оқып жүр.
Даниял пайғамбар
Біз енді Даниял пайғамбарды (ғ.с.) өтеміз. Даниял яһудилердің бабылдықтарда жер аударылып жүрген кезінде өмір сүрді және ол Бабыл, Парсы патшалардың уәзірі қызметін атқарды. Сонымен бірге ол пайғамбар болды. Төменде берілген уақыт сызбасындағы Даниял пайғамбардың (ғ.с.) басқа пайғамбарлармен салыстырғандағы орналасу тәртібі.
Уақыт сызбасында Даниял мен Нехемияның Забурдағы басқа пайғамбарларға қатысты орналасу тәртібі
Өз кітабында Даниял пайамбар (ғ.с.) Жәбірейіл періштенің қалай хабар жеткізгені туралы жазады. Бүкіл Киелі кітап бойынша Жәбірейл періште екі адаммен ғана сөйлесті, бірі Даниял пайғамбар (ғ.с.), екіншісі Иса Мәсіх (ғ.с.) анасы Мәриям. Жәбірейл періштенің сөзіне ерекше мән беру керек. Жебірейіл былай деді:
Мен сиынып жатқан сол кезде-ақ алғашқы көріністе адам кейпінде көрген Жәбірейіл періште лезде ұшып келді. Бұл кешкі құрбандық ұсынылатын уақыттың шамасы еді. Жәбірейіл маған былай деп тәлім берді:— Ей, Даниял, бұл жолы мен саған түсінік пен білім беру үшін келдім. Сен жалбарына бастаған кезде-ақ жауап берілген еді. Қазір соны саған жеткізуге келіп отырмын, себебі сен Құдайға өте ұнамдысың. Сондықтан мынаған көңіліңді бөліп, көріністің мағынасын ұғып ал:Сендердің әділетсіз істеріңді тоқтатып, күнә жасауларыңды қойдырып, өздеріңді зұлымдықтың арамдығынан тазарту үшін, әрі мәңгілік әділдікті әкеліп, аяндар мен пайғамбарлық сөздерді бекітіп, киелі үйдегі ең қасиетті бөлімді қайтадан Құдайға бағыштау үшін сенің халқыңа және Құдайға бағышталған Иерусалим қаласына жетпіс рет «жеті кезең» белгіленген. Сондықтан мынаны ұғып, біліп ал: Иерусалим қайтадан салынсын деген жарлық шыққан кезден бастап, Құдай тағайындаған Билеуші келетін уақытқа дейін жеті рет «жеті кезең» және алпыс екі рет «жеті кезең» өтеді. Қала өзінің алаңы, айналасындағы қамалымен бірге қайтадан салынады, бірақ бұл қиын-қыстау кезеңде болады. Алпыс екі рет «жеті кезең» өткен соң Құдай тағайындаған Билеуші құрбан етіледі,Оның қолында түк жоқ болып қалады. Өзге бір билеуші әскерлерімен келіп, қаланы да, киелі үйді де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейін соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады .
Даниял 9:21-26
шамамен б.з.д. 537ж.
Біздің алдымызда келетін Билеуші (Христос-Мәсіх) тұр осы жерді қара. Жәбірейіл періште Мәсіхтің келетін мерзімін хабарлады. Жәбірейілдің сөзі бойынша уақыт санауы «Иерусалим қайтадан салынсын деген жарлық шыққан кезден» – басталады. Осы аян берілген Даниял пайғамбар (ғ.с.) уақыт санауы басталған күнге жетпей дүние салды.
Иерусалим қайтадан салынсын деген жарлық
Даниял пайғамбардан (ғ.с.) жүз жыл кейін өмір сүрген Нехемия пайғамбар (ғ.с.) ғана, сол уақыт санауы басталған күнді көзімен көрді. Ол қазіргі Иран жеріндегі, Суза қаласында, Парсы патшасы Артақсерікстің шарап құюшысы болып жүрді. Уақыт сызбасында оның өмір сүрген жылдары көрсетілген. Ол өз кітабында былай жазады:
Артақсерікс патшалық құрған жиырмасыншы жылдың сәуір айының бір күні патшаның шарап ішетін кезі келгенде мен шарапты тостағанға құйып, патшаға ұсындым. Бұған дейін мен ешқашан да патшаның алдында көңілсіз болған емес едім. Патша маған:— Ауырып тұрғанға ұқсамайсың, неге соншама көңілсізсің? Жан дүниең бір нәрсеге қатты қайғырып тұр ғой! — деген сұрақ қойды. Мен қатты қорқып кеттім. Патшаға жауап беріп:— Патша ағзам көп жасасын! Ата-бабаларымның қабірлері орналасқан қала қирап бос жатыр, әрі қақпалары өртеліпті! Солай болғанда бет-жүзімнің қалайша көңілсіз болмауы мүмкін? — дедім. Патша маған:
— Онда қандай өтінішің бар? — деген сауал қойды. Мен көктегі Құдайға іштей сиынып алып, патшаға былай деп жауап қаттым:
— Егер патша ағзам мақұл көріп, алдындағы қызметшісіне ризашылықпен қараса, онда мені ата-бабаларымның қабірлері жатқан қаланы қайтадан тұрғызуға Яһуда аймағына жібере көрсе екен. —
Патша менен:
— Сонда баруға саған қанша уақыт керек болады? Қашан қайтып келесің? — деп сұрады. Мен оған қанша уақыт кететінін айтқанымда, патша мені жіберуді жөн көрді. Оның жанында патшайым да отырды.
Мен патшаға тағы мына тілегімді де білдірдім:
— Уа, патшам, егер мақұл көрсеңіз, маған Батыс Евфрат өлкесі арқылы өтіп, Яһудаға жету үшін сол өлкедегі әміршілерге арнап рұқсат хаттарын жаздырып берсеңіз игі болар еді. Сондай-ақ, ғибадатхананың қасындағы қорғанның қақпаларын, қаланың қабырғасын және өзіме үй салдыру үшін бөренелер берсін деп патшаның орманын басқарушы Асафқа арналған бір хатты да жаздырып берсеңіз екен. Құдайдың шапағатты мейірімімен
патша осы сұрағандарымның бәрін де берді. Осылай мен жолға шығып, Батыс Евфрат өлкесіндегі әкімдерге келіп, оларға патшаның хаттарын тапсырдым. Патша, сондай-ақ, қолбасшылар мен бірқатар атты әскерді де маған ертіп жіберген болатын. Бірақ хоронайымдық Санбаллат және аммондық қызметкер Тобиях менің келе жатқаным туралы естігенде, екеуі біреудің исраилдіктерге жақсылық жасамақ болып келгеніне қатты наразыланды. Осылай мен Иерусалимге жеттім. Қалада үш күн болғаннан кейін өзіме еріп келген біраз адаммен бірге түнде тұрдым. Құдайымның менің жүрегіме Иерусалим үшін не істейтінім туралы салған ойларын ешкімге айтқан жоқ едім. Астымдағы көлік малдан басқа ешқандай көлік алған жоқпыз .
Нехемия 2:1-11
Осы жазба Даниял пайғамбар (ғ.с.) алдын ала болжаған, Иерусалимді қалпына келтіру туралы жарлық. Онда парсы патшасы Артақсерікстің билік құрғанына 20-шы жыл деп жазылған, ал біз оның б.з.д. 465 жылдары билік басына келгенін білеміз. Яғни оның билік құрғанына 20-шы жыл дегені б.з.д. 444 жылға тұспа-тұс келеді. Осы кез жарлық шыққан жыл болып саналады. Жәбірейіл періште Даниял пайғамбарға (ғ.с.) Алладан аян бергендегі санаудың басы болған уақыт дәл осы жыл. Міне жүз жыл өткен соң Даниял пайғамбардың (ғ.с.) алдын ала болжағаны туралы еш нәрсе білмейтін парсы патшасы Иерусалимді қалпына келтіру туралы жарлық жариялады. Билеуші – Мәсіхтің дүниеге келетін күні тоқтайтын күн санау басталды.
Жетіліктің құпиясы
Жәбірейіл періштенің сөзі бойынша Мәсіх жеті кезең және алпыс екі жеті кезеңнен кейін дүниеге келеді. Жеті кезең дегеніміз не? Тауратта Мұса (ғ.с.) ерекше жеті кезең туралы айтады. Әр жеті жылдан кейін егіс даласы егу мен орудан демалуы – тыңаюы керек. Сонымен жетілік жеті жылда бір рет келетін кезең. Сөйтіп, уақыт санауы екі бөліктен тұрады – жарлық шыққан күннен басталады. Бірінші бөлік – «жеті кезең» немесе 7- жылдық уақыт. Басқадай айтқанда, 7*7=49 – бұл уақыт Иерусалим қайта қалпына келу үшін қажет. Ары қарай алпыс екі жеті кезең; немесе тұтас алғанда 7*7+62*7 = 483 жыл. Басқа сөзбен келтірсек, Артақсерікстің жарлығы шыққан күннен бастап, Мәсіх келгенге дейін 483 жыл өтеді.
Жылдың ұзақтығы 360 күн.
Күнтізбеге біраз өзгерту енгізсек. Көптеген басқа адамдар секілді пайғамбарлар да 360 күннен тұратын жыл санауын қолданды. Күнтізбеде жыл ұзақтығын әр түрлі көрсетуге болады. Батыс жыл санауы (жердің күнді толық бір рет айланып шығуы) 365,24 күн, ал мұсылмандық жыл 354 күнге (айдың қозғалысына байланысты) тең. Ал Даниялдың жылы 360 күн. Басқадай айтқанда 483 жыл (360 күннен санағанда) 483*360/365,24 = 476 астрономиялық жылды құрайды.
Мәсіхтің келуі жылына дейін дәл болжанған.
Осы мәліметтерге сүйене отырып, Мәсіхтің келетін уақытын есептеп шығаруға болады. Есептеу барысында мынаны ескерген жөн, б.з.д. бірінші жыл мен б.з. бірінші жылына дейін бір жыл, өйткені нөлінші жыл жоқ. Осы есептеудерді кестеге қояйық:
Басталған жыл | б.з.д.444 ж. (20-жыл Артақсерікс) |
Уақыт аралығы | 476 астрономиялық жыл |
Батыс күнтізбесі бойынша Мәсіхтің келуі | (-444 + 476 + 1) (‘+1’, нөлінші жыл жоқ) = 33 |
Күтілетін жыл | б.з. 33 ж. |
Назареттік Иса (ғ.с.) Иерусалим қаласына тайқарға мініп кірді, осы оқиға пальма жексенбісін тойлауға себеп болды. Ол сол күні Өзін Мәсіхпін деп жариялады. Ол б.з. 33 жылы іске асты.
Даниял (ғ.с.) мен Нехемия (ғ.с.) пайғамбарлар бір-бірін жеке танымады, өйткені олар өмір сүрген уақыт аралығында 100 жыл айырмашылық бар еді. Бірақ Құдайдың еркімен, ол екеуі Мәсіхтің келетін күнін есептеу уақыттың басталуын дәл айтты. Даниял пайғамбарға (ғ.с.) Жәбірейіл періште келіп, Мәсіхтің келетін күнін хабарлағаннан кейін, шамамен 750 жыл өткен соң Мәсіх Иерусалимге кіріп, өзін Мәсіхпін деп жариялады. Біздің алдымызда дәлме-дәл орындалған ерекше пайғамбарлық болжам тұр. Захария пайғамбардың (ғ.с.) Мәсіхтің атын жариялауын қоса алғандағы, біздің қолымызда таңқаларлық пайғамбарлық болжамдар қоры бар, осыларға қарап, Құдайдың іске асырғысы келетін ерекше жоспары көрінеді.
Бірақ сіз былай сұрарсыз: осы таңқаларлық пайғамбарлық болжамдар (Інжілде емес) яһудилер кітабы Забурда жазылып тұрса, онда неге яһудилер Исаны қабылдамайды? Олардың өз кітаптарында жазылып тұрған жоқ па! Осынша нақты болжанған пайғамбарлық сөздер көздерін жеткізбеді ме? Еврейлердің өздері неге Исаны қабылдамайтыны, пайғамбарлар арқылы уәде етілген киелінің келуіне байланысты, бізге оданда таңғажайып дүниені бақылауға көмектеседі. Келесі мақалада осы сұрақтарды тереңірек қарастырамыз.