Әл-Ахзаб сүресі (33-сүре – Біріккен күштер) жалпы адамзаттық жағдайдың шешімдерін береді – біз оның атын білмеген адамды қалай атаймыз.
Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар; дінде туыстарың, достарың. Ол жөнде қателессеңдер, сендерге кінә емес. .
Ахзаб 33:5
Бұл, сендер және аталарың қойған құр аттар ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар ойларына көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында оларға Раббыларынан туралық (Пайғамбар) келді.
Нәжм 53:23
Жалған құдайлардың аттары жай адамдармен қойылған. Осы келтірілген аяттар жалған табынушылықты шынайы сыйынудан ажыратуды басшылыққа алады. Біз кейде өз айналамыздағы адамдардың аттарын білмейміз, сондықтан адамдар алыс болашақта келетін пайғамбардың атын анық білмеуі де мүмкін. Егер Мәсіх есімі уақытынан бұрын аталса, онда ол ешқандай жалған емес, Алланың нақты жоспары деген сөз. Ал осы жерде Тармақтағы есім пайғамбарлық сөзбен қалай берілгенін қарастырамыз.
Есімнің нышан-белгісі
Алла Тағала пайғамбарлар сөзімен ұлы Патшалықтың келетінін хабарлағаны естеріңізде шығар. Ол Патшалық жердегі адам құрған патшалықтарға ұқсамайды. Жердегі адамдар құрған патшалықтарда не болып жатқанын көру үшін теледидар қоссақ жетіп жатыр. Атыс, жемқорлық, қатыгездік, кісі өлтіру, байлардың кедейлерді қанауын көреміз. Және осылардың бәрі – мұсылмандық, мәсіхшілік, яһудилік, буддистік, индуистік және батыс елдеріндегі атеистік мемлекеттердің бәрінде де орын алған. Жер бетіндегі қай патшалықты алып қарасақ та, адамдардың бәрінде бірдей мәселе – Еремия пайғамбар (ғ.с.) айтқаны сияқты қанбайтын шөл мәселесі. Осы қанбаған шөл қысымы бізді күнә істеуге итермелейді. Жоғарыда келтірілген мәселелердің (жемқорлық, кісі өлтіру, зорлық т.с.с.) бәрі, күнәнің нәтижесі. Сөйтіп, Алланың Өз Патшалығын бізден тыюының басты себебі – ол біздің өзіміз. Егер тіпті Ол Өз Патшалығын дәл бүгін жер бетіне орнатса, онда оған ешкім де кіре алмас еді. Біз өзіміз өмір сүріп жатқан жерлерімізді күнәларымызбен құртып жатқан сияқты, оның да түбіне жетер едік. Бірақ Еремия пайғамбар (ғ.с.) сонымен бірге, Жаратқан Ие бізбен Жаңа келісім жасайтыны туралы жазып қалдырды. Оның Жаңа келісім болатын себебі, ол Мұса пайғамбар (ғ.с.) берген Заң секілді тас тақтайшаға емес, біздің жүрегімізге қашалып жазылады. Ол Патшалыққа кіру үшін, жүрегіміздің деңгейінде ішкі жан дүниеміз өзгеруі қажет.
Бірақ оны қалай іске асыруға болады? Құдайдың ойлағаны қымбат жақұтқа ұқсас. Осыған байланысты, яғни Патшалықты іздеуші біздерге, оның жылдам орнағанын көруіміз үшін, ал оған қызықпайтындар хабарсыз қалатыны туралы Забурда бізге бірнеше кеңестер берілген. Сол сөздерді оқиық. Ол ойдың құпиясы – Мәсіхтің келуі. Забурдың бір бөлігі болған жырларда (Дәуіт пайғамбар (ғ.с). арқылы жазылған), Мәсіх Дәуіт патша (ғ.с.) ұрпағынан шығады делінген (осы жерді қара).
Ишая пайғамбардың ағаш, кесілген түбір… және Жас өркен туралы айтқандары
Ишая пайғамбар (ғ.с.) Алланың еркі қалай іске асатыны туралы жариялаған. Забурдың құрамына кіретін Ишая кітабы, Дәуіт әулеті патшалық құрып тұрған (шамамен б.з.д. 1000-600 жылдары) заманда жазылған. Сол кездері (б.з.д. 750 жылдары), исраил патшалығы – жүректерінің шөлі қанбағандықтан, күнәнің былығына белінен батып жүрген еді.
Уақыт сызбасында Забурдағы Ишая және басқа пайғамбарлардың орналасу тәртібі
Ишая пайғамбар (ғ.с.) Алланың рухына кенеліп, олар қайтадан Құдайға бет бұрып, Мұса пайғамбар (ғ.с.) Заңының рухында өмір сүре алуы үшін исраил халқына арнап, пайғамбарлық сөздер жазды. Дегенмен, Ишая пайғамбар (ғ.с.), исраил халқы Аллаға ден қоймайтынын, теріс жолдан қайтпайтынын және халық жойылып, ал патшалық әулеті тоқтайтынын білді. Бәрі, осында айтылғандай дәл солай бүге-шігесіне дейін іске асты. Ишая (ғ.с.) өзінің пайғамбарлық сөзінде патшалық әулеттен тек өлі түбір ғана қалып, кесіліп тасталатын, жапырағы жайқалған көп тармақты ағаш ретінде көрсетті. Ол оқиға б.з.д. 600 жылдары орын алды – Иерусалим бабылдықтар арқылы құлады. Сол кезден бастап патша тағына Дәуіт патша әулетінен бірде-бір адам отырмады.
Болашақта қиратылатын пайғамбарлық болжамнан басқа, тағы бір ерекше хабар айтылған:
Ишая 11:1-2
Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады .
Дәуіт (ғ.с.) әулетінен – өлі түбірден өсіп шығатын жас өскін. Түбір немесе Дәуіт әулетінің негізі оның әкесі Есейден бастау алады. Есейдің түбірінің кесілуі туралы пайғамбарлық сөз – Дәуіт (ғ.с.) әулетінің жойылуы жайлы пайғамбарлық болжам. Пайғамбар боп тұрған Ишая, түбір (патша әулеті) өлі болып көрінгенмен, ол толық өлмегенін білді. Өлі түбірден Жас өскін өсіп шығатын күн туады. Жас өскін онда «ол» деген есімдікпен берілген; яғни Ишая пайғамбар (ғ.с.) Дәуіт әулетінен шығатын адамды ер жынысты деп отыр. Оның даналығы мен күші, бәріне аян болатыны сонша, онда Құдай Рухы қонғаны бірден белгілі болмақ. Естеріңізде болса, Мәсіх туралы алдын ала болжамда, Оның Дәуіт ұрпағынан шығатыны айтылған – ол өте маңызды. Қалай сонда Жас өскін де, Мәсіх те Дәуіт (ғ.с.) ұрпағынан келе ме? Мүмкін әңгіме бір адам туралы болып тұрған шығар? Забурды оқуды жалғастырайық.
Еремия пайғамбар… Жас өскін туралы
Еремия пайғамбар (ғ.с.) Ишая пайғамбардан (ғ.с.) 150 жыл кейін өмір сүрген, Дәуіт әулетінің құлдырап бара жатқанын өз көзімен көрген адам. Ол былай деп жазды:
Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Алдағы уақытта Мен Дәуіттің әулетінен бір «Әділ Өскінді» өсіріп шығаратын кез келеді. Ол патшалық құрып, даналықпен әрекет етіп, жерге әділет пен шындық орнатады. Сол кезде Яһуда елі құтқарылып, Солтүстік Исраил де аман-есен өмір сүретін болады. Патша: «Әділдігіміздің қайнары — Жаратқан Ие» деп аталмақ .
Еремия 23:5-6
Уақыт сызбасында Еремия және басқа пайғамбарлардың Забурдағы орналасу тәртібі
Еремия (ғ.с.) өзіне дейін 150 жыл бұрын айтып кеткен Ишая (ғ.с.) Өскін туралы пайғамбарлық сөзін ары қарай жалғастырады. Өскін патша болады. Біз Мәсіхті патша болады деп айтқанбыз. Мәсіх пен Өскін арасындағы ұқсастық артып келе жатыр.
Захария пайғамбар… Өскінді атымен атайды
Захария пайғамбар (ғ.с.) көне пайғамбарлық сөздерді ашуды жалғастыруда. Ол б.з.д. 520 жылдары, яғни исраил халқы бабылға бірінші жер аударылудан Иерусалимге қайта оралған жылдары өмір сүрген. Сол кездері исраил халқы парсы отарында болды.
(Захария пайғамбарды (ғ.с.) Шомылдырушы Жоханның әкесімен шатастырып алмаңыз өйткені оны да Зәкария деп атаған. Захария пайғамбар (ғ.с.) Зәкариядан 500 жыл бұрын өмір сүрген. Сонымен бірге Захария пайғамбардың есімі, Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) секілді көп тараған есімдердің бірі.)
Сол кездері яһудилер (б.з.д. 520 ж.) Һаронның құрбандығын жалғастыру үшін, Иерусалимдегі ғибадатхананы қалпына келтіру жұмыстарымен белсене айналысып жатты. Захария пайғамбар (ғ.с.) заманында бас діни қызметін Ешуа есімді адам орындады. Басқадай айтқанда, (б.з.д. 520 жылдары) Захария пайғамбар, ал бас діни қызметті – Ешуа атқарды. Алла Тағала Захария арқылы мынадай хабар жолдады:
Уа, бас діни қызметкер Ешуа және алдыңда отырған серіктестерің, тыңдаңдар! Сендердің барлығың болашақтағы кереметтің бейнесісіңдер. Біліп алыңдар: Мен Өзімнің «Өскін» деп аталатын Қызметшімді алып келемін. Мен Ешуаның алдына қойған асыл тас, міне, мынау: оның жеті қыры бар. Мен тасқа сөздерімді қашап жазып, осы елдің күнәсін бір-ақ күнде алып тастаймын, — деп уәде етеді Әлемнің Иесі.
Захария 3:8-9
Тағы да ӨСКІН туралы сөз болып тұр! Бірақ осы жолы Өскін «Менің Қызметшім» деп аталып тұр. Кейбір мағынада діни қызметкер Ешуа болашақта келетін Өскін нышан-белгісі. Діни қызметкер – белгі. Бірақ қалай? Жердің күнәсі қалай бір күнде Тәңірмен жуылмақ? Ары қарай Захария кітабында таңғаларлық сөздер бар:
Осы күміс пен алтыннан алып, тәж жасатып, оны бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаның басына кигіз. Оған былай де: Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мынау — «Өскін» есімді адам. Ол өз орнынан өсіп-өрбіп, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын болады. Иә, Жаратқан Иенің ғибадатханасын тұрғызатын Сол болады! Ол салтанатқа бөленіп, өз тағында отырып билік құрмақ. Ешуа діни қызметкер ретінде патшалық таққа отырған соң, екі лауазымның арасында ынтымақ орнайды.
Захария 6:11-13
Мән беріп қараңызшы, Өскін сол Ешуа есіммен аталып тұр. Таңғаларлық болжам, Інжіл пайғамбары Иса Мәсіхтің келгеніне дейін 500 жыл бұрын, Өскін есімі Ешуа (араб тілінде Иса) деп аталып отыр. Иса Мәсіх ғ.с.) – Өскін! Өскін және Иса Мәсіх (ғ.с.) – бір адамға берілген екі есім! Оған екі ат неге берілген? Ол сондай не істеуі керек? Ары қарай Забур пайғамбарлары оны егжей-тегжейлі түсіндіреді. Ол туралы әңгіме келесі мақалада өрбиді.