«Қызметшінің нышан-белгісі» мақаласында Құдайдың қызметшісі келуі туралы уәдені талқыладық. Осы уәде тұтасымен және толық маңызды бір сұрақтың жауабына тікелей байланысты. Ишая пайғамбар (ғ.с.) кітабының 53 тарауы осы сұрақтан басталады:
Біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді?
Ишая 53:1
Ишая пайғамбар (ғ.с.) осы қызметшінің сөзіне басында ешкім сенбейтінін ескертті. Ол мәселе адамдарға нышан-белгі мүлде жетпеді деген сөз емес. Жоқ, нышан-белгі – құпия жетіліктер, есімнің ашылуы, сондай-ақ «жердегі тірілерден аластатылады» деген сияқты пайғамбарлық сөздер арқылы оның келетін уақытына дейін дәл жеткізген. Мәселе нышан-белгінің аздығында емес. Мәселе жүректердің қасарсқанында. Міне сондықтан қызметші келгенге дейін тағы бір хабаршы келу керек болды, ол оның келуіне адамдардың жүрегін дайындауы тиіс болды. Ишая пайғамбар (ғ.с.) Құдайдың қызметшісі жолын дайындайтын біреу келетінін болжады. Ол туралы Забурда және Ишая кітабынан оқуға болады:
Жар салған дауыс шығады айдалада: «Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар! Құдайымызға арнап иен далада Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар! Жолдағы сай-салалар толтырылсын, Әрі тау-төбелер аласартылсын, Бұралаң жерлері де түзетілсін, Ой-қырлары да түгелдей тегістелсін! Сонда Жаратқан Иенің ұлылығы Бар адамзатқа көрінетін болады, (Оның өз халқын құтқарып алғанын) Барлығы да ап-анық көре алады. Себебі Жаратқан Иенің Өзі Осы бұйрықтарды шығарған еді».
Ишая 40:3-5
Ишаяның (ғ.с.) хабарына сәйкес біреу айдалада өмір сүреді және «Тәңірге жол дайындайды». Ол «Тәңірдің даңқы арту» үшін барлық кедергілерді тегістейді. Бірақ Ишая оның қалай іске асатыны туралы айтпады.
Забурдағы соңғы пайғамбарлардың бірі – Малахия пайғамбар
Ілияс, Ишая, Малахия және басқа пайғамбарлардың уақыт сызбасындағы орналасу тәртібі
Малахия пайғамбар (ғ.с.) Ишая пайғамбардан (ғ.с.) шамамен 300 жыл кейін өмір сүрді. Ол Забур жинағындағы соңғы кітап авторы. Ол өз кітабында өзінен бұрын Ишаяның хабаршы туралы жазғанын сөзбе сөз қайталады десе де болады. Ол былай жазады:
«Біліп алыңдар, Мен алдымнан хабаршымды жіберемін, ол жүретін жолымды дайындап қояды. Сендер іздеп жүрген Жасаған Ие кенеттен Өзінің ғибадатханасына келеді. Сендер аңсап жүрген Келісімнің Хабаршысы еш шүбәсіз келетін болады», — деп ескертеді Әлемнің Иесі .
Малахия 3:1
Біз бұл жерден тағы да «Тәңірге жол дайындайтын хабаршы» туралы оқимыз. Осы «хабаршыдан» кейін «Жасаған Ие» кенеттен келеді. Малахия (ғ.с.) осы жерде қандай келісім жайлы айты тұр? Егер естеріңізде болса, Еремия (ғ.с.) Алла Тағала біздің жүрегімізге қашалып сақталатын, бізбен Жаңа келісім жасайтыны туралы жазып қалдырған. Тек сонда ғана бізді күнәға итермелейтін шөліміз қанады. Малахия (ғ.с.) осы келісім туралы айтып тұр. Жаңа келісім жасау Хабаршының келгенін білдіреді.
Малахия (ғ.с.) Забур кітабын ерекше пайғамбарлық сөзбен аяқтайды. Өз кітабының соңғы бөлімінде ол тағы да болашаққа көз салып, былай жазады:
Біліп қойыңдар, «Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты соты күні» келмес бұрын Мен сендерге Ілияс пайғамбарды жіберемін. Ол әкелерді балаларымен, балаларды әкелерімен шын жүректен татуластыратын болады. Ал егер олар мойынсұнбаса, Мен келіп, бүкіл елді қарғап, қиратамын .
Малахия 4:5-6
Малахия (ғ.с.) қорқынышты соты күніне дейін Ілияс пайғамбарды жіберемін дегенде не айтпақшы болды? Ілияс пайғамбар деген кім? Бұл біз әлі айтып үлгірмеген (әрине біз Забурдағы барлық пайғамбар туралы айта алмаймыз, өйткені ол өте көп уақыт алады). Ілияс (ғ.с.) шамамен б.з.д. 850 жылдары өмір сүрген. Ол айдалада жалғыз өзі өмір сүрді; ол тоқылған шекпен киіп, ащы шөппен және жабайы балмен қоректенді. Және оның келбеті мүлде әдеттегідей болмады. Малахия пайғамбар (ғ.с.) Жаңа келісім келгенге дейін Ілияс пайғамбарға (ғ.с.) ұқсас хабаршы келетінін айтып тұр.
Осымен Забур тұжырымдары аяқталады. Забурдың соңғы пайғамбарлық сөздері б.з.д. 450 жылдары жазылды. Таурат пен Забурда болашақ туралы өте көп уәделер бар. Солардың кейбірін қарастырайық.
Әлі орындалмаған Таурат пен Забурдағы уәделер
- Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) «Мория тауында Құдай қажетіңді өзі береді» деген. Осы болжамға «Құрбандық шалу» мақаласы арналды. Забур дәуірі соңына таяғанда яһудилер Құдайдан келетін сол құрбандықты әлі де тосып жүрді.
- Мұса пайғамбар (ғ.с.) исраил халқына арнап Құрбан айт нышан-белгісін атады, сондықтан исраил халқы бүкіл өз тарихы бойынша Песха (Құрбан айт) мейрамын тойлап келеді. Бірақ олар нышан-белгі әлі ашылмаған болашақта келетін басқа нәрсеге меңзегенін ұмытып кетті.
- Мұса пайғамбар (ғ.с.) Тауратта келетін пайғамбар жайлы болжам айтты: «Өз сөздерімді Оның аузына саламын». Келеді деп уәде етілген пайғамбар туралы Алла Тағала былай деді: «Менің атымнан сөйлеген Қызметшімді тыңдамаған әркім жауапқа тартылады».
- Дәуіт патша (ғ.с.) Мәсіхтің келетінін болжады. Бүкіл өз тарихы бойынша исраил халқы Мәсіхтің Патшалығы қандай болады деген сұрақпен өмір сүрді.
- Ишая пайғамбар (ғ.с.) болжамынан пәк қыздан туатын ұл туралы сөздер табамыз. Яһудилер Забур дәуірінің соңына таман осы бір таңқаларлық оқиға қалай болады деп әлі де күтіп жүрді.
- Еремия пайғамбар (ғ.с.) бір күндері Жаратқан Ие тас тақтайшаға емес адамдардың жүрегіне қашалып жазылатын Жаңа келісім жасайды деп болжам айтты.
- Захария пайғамбар (ғ.с.) Мәсіхтің есімі туралы айтылған пайғамбарлық болжам бар.
- Даниял пайғамбар (ғ.с.) елдің бәрі патша тағына отырады деп күткен Мәсіх «құрбан болып, өлімге кесіледі» деген алдын ала болжам жазып қалдырды.
- Ишая пайғамбар (ғ.с.) қызметші туралы көп қасірет шегіп, тірілердің жанынан аластатылады деген болжам айтты.
- Еді жоғарыда айтқанымыздай Малахия пайғамбар (ғ.с.) осы оқиғалар орындалар алдында хабаршы келуі тиіс деген болжам айтты. Оның міндеті қызметші келгенге дейін адамдардың жүректерін дайындауы керек болды, өйткені олар Құдайға қарсы жүректері қасарысқан жандар еді.
Забур кітабы б.з.д. 450 жылдары аяқталды. Ал исраил халқы осы аталған болжамдарды әлі де күтіп жүрді. Уақыт өтіп жатты, бірақ олар күтуден жалықпады. Ұрпақтар бірінен кейін бірі ауысып жатса да, уәделер со бойы орындалмай жатты.
Забур дәуірі аяқталғаннан кейін не болды?
«Исраил тарихы» мақаладан білетініміз, б.з.д. 330 жылдары жердің көп бөлігін Ескендір Зұлқарнайын жаулап алды. Сол жаулаудан кейін әлемнің тілі мен мәдениеті грек тілін қабылдады. Бүгінгі таңда әлемдік сауда, білім және әдебиет ағылшын тілін халықаралық қатынас тілі деп санаса, сол заманда грек тілі сондай дәрежеде болды. Шамамен б.з.д. 250 жылдары яһуди мұғалімдері иврит тілінде жазылған Таурат пен Забурды грек тіліне аударды. Ол аударма Септуагинта деген атаумен әйгілі. Біз атап көрсеткендей дәл сол аудармада «Христос» сөзі пайда болды. «Исаның аты» туралы мақалада, сол жерде көрсетілгендей Иса деген есім бірінші рет қолданды.
Ишая, Малахия және Ілияс пайғамбарлардың уақыт сызбасында орналасу тәртібі
Дәл осы кезеңдерде (уақыт сызбасында көк түспен көрсетілген (б.з.д. 300-100 ж.), Мысыр мен Сирия үздіксіз соғысып жатты, сондықтан исраил халқы орналасуы бойынша сол екі елдің ортасында болғандықтан, еріксіз осы жанжалдарға араласып отырды. Бір Құдайға ғана табынуды тамырымен жою үшін, Сириялық патшалар, гректің көп құдайға табыну (пұтқа сиыну) дәстүрін енгізбек болды. Яһуди көсемдері көп құдайлық емес, Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы мұра болып келе жатқан бір Құдайға табынуды сақтап қалу үшін, қарсы көтерілістер ұйымдастырып отырды. Ал егер осы діни көсемдер орындалған пайғамбарлық болжамдар болса не болар еді? Мәселе сонда олар дін тазалығын сақтау үшін қандай әрекет етсе де, Таурат пен Забур пайғамбарлық болжамдары мүлде басқа нәрсе туралы айтып отырды. Сонымен бірге сол көсемдер өздерін пайғамбар деп жарияламады, олар өздерін пұтқа табынушыларға қарсы шыққан Құдайды жақтайтындар деп санады.
Яһудилер өздерінің ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан өз діндерін сақтап қалу үшін күрескендері туралы жазған кітаптары бар. Ол кітаптарда халық тарихы туралы және исраил халқының біраз өте құнды мәліметтер және көптеген рухани сабақтары сақталған. Бірақ яһудилер сол кітаптарды пайғамбарлық сөздер деп қарастырмады, сондықтан олар Забур жиынтығына кірмеді. Сол пайдалы кітаптар өте терең діншіл адамдармен жазылды. Бірақ пайғамбарлар емес. Ол кітаптар жиынтығы – апокрифтер деп аталады.
Ол кітаптарда көптеген құнды және пайдалы дүниелер болғандықтан, олар исраил халқының тарихи жазбалары ретінде, Таурат және Забур кітаптарымен бірдей қолданылды. Кейін Інжіл Шариф және Иса Мәсіхтің (ғ.с.) уағыздары жазылған соң, Таурат, Забур және Інжіл біріктіріліп, Киелі кітап болып құрастырылды. Апокрифтер бүгінгі күнге дейін Киелі кітаптың кейбір нұсқасын келтіргенмен, олар Таурат, Забур және Інжіл құрамына кірмейді.
Солай болса да Таурат пен Забурда берілген уәделер әлі орындалмаған деп саналады. Грек билігінен кейін исраил халқын қуатты рим патшалығы жаулады, сонымен бірге Рим патшалығы өз билік ауқымын ұлғайтып алды. Рим билігі тиімді әрі қатал әрекет ете бастады. Рим кез келген қарсылықты аяусыз басып тастап отырды. Яһудилер осы кездері орындалатын пайғамбарлық уәделерді ерекше күтті, бірақ ұзақ орындалмаған соң, сабырлық сақтады. Сол кездері ешбір пайғамбар болжам айтпаған, көптеген ережелер мен қаулылар қабылданып жатты. Бұл жәй дәстүрдің бір бөлігі сияқты ғана болып қалды. Осы қосымша ережелер енгізілген кезде, олар жаман емес боп көрінді, бірақ көп ұзамай Таурат пен Забур мұғалімдерінің жүректері мен саналарында көлеңке қалдырды.
Енді міне Жаратқан Ие Өз уәделерін ұмытып кетті ме, деп жүргенде, Жәбірейіл періште ұзақ күткен хабаршының дүниеге келгенін жариялады. Ол бүгін Шомылдырушы Жақия (ғ.с.) деген атпен әйгілі. Бұл біз келесі мақалада қарастыратын Інжіл Шарифтің басталуы болды.