Skip to content
Home » Мәсіхтің дүниеге келуін пайғамбарлар болжады және Жәбірейіл періште хабарлады

Мәсіхтің дүниеге келуін пайғамбарлар болжады және Жәбірейіл періште хабарлады

  • by

Біз исраилдің пайғамбарлық кітаптары – Таурат пен Забурға шолуды аяқтадық. Забур кітабының соңында, Құдай Өз уәдесін белгілі бір тәртіппен беріп отыратынын  байқадық. Забурдың соңғы кітабының жазылғанына 400 жыл өтті. Сол уақыт аралығында исраилде көптеген саяси және діни оқиғалар болып өткені есімізде, бірақ еврейлер өздеріне берілген уәделерді күтуін жалғастырып келеді. Ұзақ уақыт бойы пайғамбарлар үнсіздікті сақтады. Сол кезеңде ұлы Ирод патша билігінің қол астында исраил халқы өз ғибадатханасын көркейтуді жалғастырды, ол сол заманда салтанатты көркейгені сонша, мінажат ету мен құрбандық шалу үшін бүкіл рим патшалығының түкпір-түкпірінен көптеген халықтар толассыз ағылып жатты. Солай болса да исраил халқы діншілдікті ұстану және пұтқа табынудан бас тартуға қарамастын жүректерін қасарстырып алды да, олар тек сыртқы дәстүр мен рәсімдерге ғана байланып қалды. Біздің заманымызда да осындай сыртқы рәсімдер мен дәстүрлер жеткілікті, ал адамдарға жүректерінің өзгергені қажет. Ұлы Иродтың билігінің соңына таман, б.з. 5 жылдары жер бетіне ұлы жаңалығымен Жаратқан Иеден ерекше хабаршы келді.  

Мариәм сүресінде осы хабардың қысқаша мазмұны берілген. 

Құрандағы Мәриямды айтып бер. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды. Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді. (Мәриям): “Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын” деді. (Рух): “Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” деді. Мәриям: “Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам” деді. (Жебірейіл Ғ.С.): “Ол, солайша” деді. Өйткені, Раббың: “Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді” деді

Мәриям 19:16-21

Жәбірейіл періште Шомылдырушы Жақияның (ғ.с.) келетінін хабарлады

Құдайдың хабаршысы Жәбірейіл періште болды. Осыған дейін ол жер бетіне бір рет қана, Мәсіхтің келетінін хабарлау үшін (осы жерді қара) Даниял пайғамбарға келді. Ал осы жолы ол діни рәсімді орындау үшін ғибадатханаға кірген, дін қызметкері Зәкәрияға көрінді. Зәкәрия мен әйелі Елизавета екеуі жастары келген адамдар болса да, бірақ олардың балалары жоқ еді. Дегенмен Жәбірейіл періште оған мына хабарды жеткізді. Ол туралы Інжілде былай жазылған: 

          Бірақ періште оған тіл қатып былай деді:

— Зәкәрия, қорықпа! Тілегің қабыл болып, әйелің Елізабет саған ұл туып береді. Ұлдың атын Жақия деп қоясың. Төбең көкке жете қуанып шаттанасың, көп адамдар да оның дүниеге келгеніне қуанады. Ол Жаратқан Иенің алдында мәртебелі болып, шарап, сыра атаулыдан аулақ жүретін болады. Ана құрсағында жатқанда-ақ ол Киелі Рухқа  кенеледі. Жақия исраилдіктердің көбін өздерінің Құдайы — Жаратқан Иеге қайтадан келтіреді. Ілияс пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне ол да бөленіп, Иеміздің алдынан жүретін болады. Әкелерді балаларымен татуластырып, қыңыр мінезділерді әділ жандардың тура жолына бет бұрғызады. Осылайша ол халықты Иеміздің келуіне әзірлейді. — Алайда Зәкәрия періштеге жауап қайтарып:

— Бұған қалай көз жеткізе аламын? Өзім қартайдым, әйелімнің де жасы ұлғайды ғой, — деді. Періште:— Мен Құдайға қызмет етуші Жәбірейілмін.

 Ол мені саған осы ізгі хабарды жеткізуге жіберді. Ал сен мезгілінде орындалатын сөздеріме сенбегендіктен, олар жүзеге асатын күнге дейін сөйлей алмайтын мылқау болып қаласың, — деді .

Лұқа 1:13-21


   Забурдың соңында Ілияс пайғамбарға (ғ.с.) ұқсас хабаршы келетіні туралы уәде айтылады. Жәбірейіл осы уәде негізінде «Ілияс пайғамбарға дарыған Құдайдың Рухы мен күшіне ол да бөленіп» деп хабарлады. «Осылайша ол халықты Иеміздің келуіне әзірлейді» – деп қосты. Осыдан шығатын нәтиже хабаршы туралы берілген уәде ұмытылған жоқ, ол Зәкәрия мен Елизаветаның ұлы арқылы іске аспақ. Солай болса да Зәкәрия естігеніне күдікпен қарағаны үшін мылқау болып қалды. 

Жәбірейіл періште қыздан туатын ұл туралы хабар жеткізді

Хабаршының келгені туралы хабар, енді оған арналып «халықты дайындау»  қажет болған, жер бетіне Мәсіхтің келетін уақыты болғанның белгісі еді.     Әрине солай болды да, бірнеше айдан кейін Інжіл Шарифте айтылғандай хабарды жеткізу үшін, Жәбірейіл періште Мәриям есімді қызға жұмсылды. 

    Алтыншы айда Құдай Жәбірейіл періштені Ғалилея аймағының Назарет қаласындағы бір қызға жіберді. Қыздың есімі Мәриям болатын, ол (Исраил елінің ежелгі патшасы) Дәуіттің әулетінен шыққан Жүсіп есімді жігітке айттырылып қойылған еді. Періште үйге кіріп, оған:

— Сәлем саған, Құдай жарылқаған жан, Жаратқан Ие саған жар!

 — деп тіл қатты. Мәриям періштені көріп, оның айтқан сөздеріне селк етіп, бұл қандай сәлемдесу деп ойланып тұрып қалды. Ал періште оған:

— Қорықпа, Мәриям, саған Құдай рақымын түсірді. Енді құрсақ көтеріп, Ұл табасың, Оның атын Иса деп қоясың. Ол өте мәртебелі болып, Құдай Тағаланың рухани Ұлы деп аталады. Құдай Ие Оған арғы атасы Дәуіттің тағын сыйлайды. Иса Жақыптың үрім бұтағына мәңгі бақи Патшалық құратын болады. Оның Патшалығының шегі болмайды, — деді. Сонда Мәриям:

— Бұл қалай болады? Мен еркекпен жақындасқан емеспін ғой! — деп сұрады. Періште оған былай деп жауап берді:

— Саған Киелі Рух қонып Құдай Тағала сая түсіргендей Өзінің құдіретін дарытады. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала «Құдайдың рухани Ұлы» деп аталмақ. Бұрын құрсақ көтермейді деп саналған жақын апайың Елізабет те қартайған шағында ұлды болмақ. Алты айдан бері оның аяғы ауыр. Себебі Құдайдың ешбір сөзі де жүзеге аспай қалмас! — Сонда Мәриям:

— Мен Жаратқан Иенің күңімін; айтқаныңыз болсын! — деді. Бұдан кейін періште оның қасынан ғайып болды.

Лұқа  1:28-38


   Жәбірейіл періштенің хабарында «Құдайлың Ұлы» деген қызық сөз тіркесі болды. Біз ол туралы осы мақалада кейінірек тоқталамыз. Ал әзірше екі туылған күн туралы әңгімемізді жалғастырайық. 

Жақия пайғабардың (ғ.с.) (Шомылдырушы Жақия) дүниеге келуі

Осы оқиғалар Забур болжамдарының дәлме-дәл орындалуы арқылы іске асты. Малахия пайғамбар (ғ.с.) «Ілияс пайғамбардың (ғ.с.) күші мен рухына толы» хабаршы келетінін болжады, ал Жәбірейіл періштіе оның дүниеге келетінін жариялады. Ары қарай Інжілде былай делінген: 

     Елізабеттің босанатын уақыты жетіп, ұл тапты. Көршілері мен туыстары Жаратқан Иенің оған қайырымдылық жасағанын естіп, қуанышына ортақтасты. Сегізінші күні олар сәбиді сүндеттеуге келіп, оған Зәкәрия деп әкесінің атын қоймақшы болды. Бірақ шешесі қарсылық білдіріп:

— Жоқ, оның есімі Жақия болады! — деді. Олар:

— Туысқандарыңыздың арасында сондай есімді ешкім жоқ еді ғой! — деп, әкесінен ұлына қандай ат қойғысы келетінін ымдап сұрады. Зәкәрия бір жазу тақтайшасын сұрап алып, «Оның есімі Жақия болады!» деп жазды. Бұған бәрі де таңғалысты. Сол сәтте-ақ Зәкәрияға қайтадан тіл бітіп, Құдайды мадақтай бастады. Ал төңірегінде тұрған халықтың барлығы үрейленіп қалды. Осы оқиғалар Яһудея елінің бүкіл таулы өңірінде әңгіме болды. Естігендердің бәрі оларды көңілдеріне түйіп: «Бұл нәресте кім болар екен?» — десті. Себебі Жаратқан Иенің Өзі Жақияны қолдап-қорғап жүрді

Лұқа 1:57-66

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) дүниеге келуі

Ишая пайғамбар (ғ.с.) өте бір ерекше пайғамбарлық сөз айтты (түсіндірме осы жерде). 

 Ендеше Тәңір Иенің Өзі сендерге осыны істейтіндігін дәлелдейтін кереметті жасайды: Біліп алыңдар, пәк қыз құрсақ көтеріп, ұл туады. Оған Имануил (яғни «Құдай бізбен бірге») деген ат қояды .

Ишая 7:14


          Міне Жәбірейіл періште Мәриям қызбен Мәсіхтің дүниеге келетіні жайлы сөйлесіп, көне пайғамбарлық сөз дәлме-дәл орындалайын деп тұр. Інжіл Шарифте Иса Мәсіхтің (ғ.с.) дүиеге келгені туралы былай баяндайды:  

  Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге, тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді. Аяғы ауыр әйелі Мәриям оған еріп жүрді. Олар Бетлехемде болғанда Мәриямның босанатын уақыты жетіп, тұңғыш Ұлын тапты. Оны құндақтап, қорадағы шөп салатын ақырға жатқызды. Себебі қонақүйде оларға орын болмады.

Малшыларға жеткізілген Ізгі хабар

Сол өңірде малшылар жүретін. Олар далада түнеп, малдарын күзетіп жатты. Кенеттен қастарына Жаратқан Иенің періштесі келіп, төңіректеріне Иеміздің нұрлы салтанаты сәулесін төгіп жіберді. Малшылар зәрелері ұша қорықты. Ал періште оларға тіл қатып: «Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ: бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол — Иеміз Мәсіх! Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер», — деді. Кенеттен періштенің қасына көктегі періштелердің үлкен бір тобы қосылып, Құдайды былай деп дәріптеді:14

«Заңғар көкте Құдай мадақталсын!

Жер жүзінде Өзі риза болған

Адамдарға тыныштық болсын!»

Бұдан кейін періштелер көкке көтеріліп, малшылардың қасынан алыстап кетті. Ал малшылар өзара сөйлесіп: «Кәне, Бетлехемге барайық! Сол жерде не болғанын, Жаратқан Иенің бізге білдіргенін көрейік», — деді.

Олар тездетіп барып, Мәриям мен Жүсіпті және ақырда жатқан Нәрестені тапты. Оны көрген соң, малшылар осы Сәби туралы алған хабарды сол жердегілерге айтып берді. Мұны естігендердің бәрі малшылардың әңгімесіне қайран қалысты. Ал Мәриям осы сөздердің барлығын көңіліне түйіп, есіне сақтады. Малшылардың көріп-естігендері түгелдей періштенің айтқанындай болған соң, олар Құдайды даңқтап, дәріптеп-мадақтап, қайтып кетті. Сегіз күн өткеннен кейін Нәрестені сүндеттейтін мезгіл жеткенде, Оның атын Иса деп қойды. Шешесі құрсақ көтермес бұрын періште оған осы есімді айтқан еді .

Лұқа 2:4-21

Екі ұлы пайғамбардың істері жайлы

Жоғарыда келтірілген екі пайғамбар, осыған дейін жүздеген жылдар бұрын пайғамбарлық болжамдарда айтылған сөздер дәл орындалып, араларына бірнеше ай ғана салып, дүниеге келді.  Олар өз өмірлерінде не істемек, жер жүзіне қандай хабар таратпақ? Шомылдырушы Жақияның әкесі Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) осы екі ұл туралы былай деген: 

 Баланың әкесі Зәкәрия Құдайдың Киелі Рухына кенеліп, Оның хабарын жеткізіп былай деді: «Исраилдің сиынатын Құдайы Мадақталсын: оның Жаратқан Иесі! Құдай таңдап алған халқына келеді, Оны құтқарып алып азат етеді! Құлы Дәуіттің әулетінен бізге Мықты Құтқарушыны шығарады. Қасиетті пайғамбарларына Ол ежелде Бұларды алдын ала білдірткен еді, Ондағы мақсаты — бар жауымыздан, Бізді жек көретіндердің қолынан Құтқарып алып азат ету біздерді. Құдай арғы ата-бабаларымызға Осылай шапағатын танытады, Олармен жасаған Өзінің қасиетті Келісімін енді есіне алады, Түп атамыз Ыбырайымға Өзі Берген антын есіне түсіреді. Бізге жаулардың қолынан құтылып, Өзіне еш алаңсыз қызмет етіп, Жаратқан Иеміздің көз алдында Қасиетті де әділ өмір сүруге Мәңгі мүмкіндік беретін болады. Балам, сен осылай Құдай Тағаланың Пайғамбары деп аталатын боласың, Дайындауға Иеміздің жүрер жолын: Өзінің таңдаған халқын құтқарып, Күнәсін кешіретінін хабарлап, Оның алдынан жүретін боласың: Мейірімді рақымымен Құдайымыздың Шұғылалы Таң, міне, атып келеді! Ажал төндірген түнектегі біздерге Ол Өзінің шапағатты нұрын төгеді, Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді» .

Лұқа 1:67-79


  Құдайдың Рухына кенелген Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) (берілген уәдені осы жерден қара) мен Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) (берілген уәдені осы жерден қара) берілген уәделерді Иса Мәсіхтің (ғ.с.) дүниеге келуімен байланыстырды. Көне пайғамбарлар арқылы алдын ала болжам жібертіп отырған Құдайдың Ұлы жоспары осылай іске асты. Ол қандай жоспар болды? Исраил халқын ата жауы – Римнен құтқару ма? Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы берілген Заңның орнына жаңа заң бере ме? Жаңа дін немесе жаңа саяси жүйе ме? Жоқ (оның бәрі – адам шеше алатын мәселелер). Осы сияқты ештеңе де айтылмаған. Онда мынадай дүниелер айтылған: «Бізге жаулардың қолынан құтылып, Өзіне еш алаңсыз қызмет етіп, Жаратқан Иеміздің көз алдында Қасиетті де әділ өмір сүруге Мәңгі мүмкіндік беретін болады»,  Мейірімді рақымымен Құдайымыздың Шұғылалы Таң, міне, атып келеді! Ажал төндірген түнектегі біздерге Ол Өзінің шапағатты нұрын төгеді, Һәм бізді бейбітшілік жолына жетелейді».   «Адам атаның нышан белгісінде» өз күшімізбен әділдікті иеленіп және күнәларымыздың кешірлуіне шексіз талпыныс жасап өлуге және үнемі Құдайға қарсы жүруге сотталғанмыз. Бірақ Жаратқан Ие Адам ата, Хауа ана және шайтанның алдында, әйелдің ұрпағы арқылы құтқарылу әкелетін Өз жоспарын жариялады. Әрине Құдайдың ол жоспары кез келген әскери құрылым, идеологиялық жүйе немесе адамгершілік идеалдардан әлдеқайда жоғары. Осы жоспар жәй бетіндегі қажеттілікті емес, біздің ішіміздегі терең мұқтаждықты қанағаттандырады. Дегенмен хабаршы мен Мәсіх арқылы Құдайдың осы жоспары қалай іске асады? Біз ол туралы інжіл Шарифтен білетін боламыз. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *