Home » Иса пайғамбар (ғ.с.) сөздің күшімен сауықтырады

Иса пайғамбар (ғ.с.) сөздің күшімен сауықтырады

  • by

Абәсә сүресінде Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) зағип адамды қалай кездестіргені туралы айтады. 

 Қабақ шытып, бет бұрды; Оған соқырдың келуімен. Қайдан білесің, мүмкін ол тазарар?.

Абәсә 80:1-3

 Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) соқыр адамды сауықтырмаған деп рухани шындықты айтуға бұл жақсы мүмкіндік шығар. Ал Иса Мәсіх (ғ.с.) Құдай пайғамбарларының ішінде шынында да өте ерекше, ол адамдарды сауықтыра алатын күші болды және оларды шынымен де дерттерінен жазды. Онда басқа пайғамбарларда тіпті ұлы пайғамбарлар Ыбырайым (ғ.с.), Мұса (ғ.с.) және Мұхамбет (ғ.с.) болмаған билік күші болды. Зухруф сүресінде айтылғандай, пайғамбарлар арасында бар ауыртпалық пен сынақтарды көтере алатын ерекше дара пайғамбар болды. 

Саңырауларға сен естіртесің бе? Немесе соқырды және ашық адасқан біреуді тура жолға саласың ба?.  

Зухруф 43:40

Мәида сүресінде Иса Мәсіх (ғ.с.) жасаған кереметтері туралы сөз болады. 

Сол уақытта Алла (Т.): “Әй Мәриям ұлы Ғиса! Саған әрі анаңа берген нығметімді есіңе ал. Сол уақытта сені Жебрейіл арқылы қуаттаған едім. Бесікте және ержеткенде адамдармен сөйлесуші едің. Саған Кітапты, даналықты, Тәурат, Інжілді үйреттім. Және сол уақытта Менің бұйыруыммен балшықтан құстың бейнесі құсаған жасап, оның ішіне үрлегеніңде бұйыруыммен құс болатын еді. Және бұйыруыммен іштен туған соқырды да, аламесті де жазатын едің. Және бұйыруыммен өлікті (тірілтіп) шығарар едің. Және сол уақытта Израил ұрпақтарына ашық дәлелдермен келгеніңде, олардың қарсы шыққандары: “Бұл ашық жадыдан басқа еш нәрсе емес” дегенде, сені олардан қорғаған едім” деді .

Мәида 5:110

Али Имран сүресінде: 

Сондай-ақ оны Израил ұрпақтарына елші қылады: «Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығынша құс болады. Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңнан хабар беремін. Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар.» «Сондай-ақ сендерге алдымдағы Тәуратты растаушы әрі Раббыларыңнан сендерге арам етілген кей нәрселерді халал ететін аят келтірдім. Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар» .

Әли Имран 3:49-50

Соқырлар көреді, алапестер сауығады, өлілер тіріледі! Міне сондықтан, Мәида сүресінде Иаса Мәсіх (ғ.с.) «Ашық жадыдан басқа ештеңе емес» дегені сол, ал Әли Имран сүресінде «сендерге» «сендердің Тәңірлеріңнен» деп айтылып тұр. Осындай анық та айқын белгілерді қалай жоққа шығаруға болады? 

Біз бұрын айтқанымыздай, Иса Мәсіх (ғ.с.) билікпен тәлім берді – оның билігі тек Мәсіх қана беретін билік секілді еді. Таудағы уағыздан кейін Інжілде былай жазылған:  

 Иса таудан түскеннен кейін Оның соңынан көптеген халық ерді. Сонда алапеспен ауырған біреу Исаның алдына келді де, тізе бүгіп тағзым етіп: — Мырза, егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз, — деп өтінді. Иса қолын созып, денесіне тигізді де: — Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылып, тазарды. Иса оған: — Байқа, бұл туралы ешкімге тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін Мұса Тауратта бұйырған құрбандықты ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады, — деді.

Матай 8:1-4

Иса пайғамбар (ғ.с.) алапеспен ауырған адамды билікпен сауықтырды. Ол жәй ғана «сауығып кет» деді, сол сәтте ауру адам құлан таза сауығады.  Осы сауықтыратын сөз билігі боп саналады. 

Ары қарай Иса (ғ.с.) «дұшпанмен» кездеседі. Сол заманда римдіктерді еврейлер өз жерлерін заңсыз отарлап отырған дұшпан ретінде санайтын. Сол кездері яһудилер римдіктерге қазіргі кейбір палестиндіктің еврейлерге қарағанындай қарады. Яһудилер әсіресе өз құқыларын асыра қолданатын, рим әскерін ұнатпайтын. Ал рим әскері басшылары мысалы жүзбасы исраил халқы үшін одан да жаман орында болды. Бірде Иса Мәсіх (ғ.с.) осындай «дұшпанмен» кездеседі. Ол былай болған еді: 

Иса Мәсіх (ғ.с.) пен римдік жүзбасы

 Иса Қапарнаум қаласына кіргенде, бір римдік жүзбасы алдына келіп: — Мырза, қызметшім үйде сал болып қатты қиналып жатыр, — деген өтініш жасады. — Жарайды, барып сауықтырайын, — деп жауап берді Иса. Ал римдік жүзбасы: — Мырза, мен Сіздің шаңырағымның астына келуіңізге лайық емеспін. Тек бір сөз айтсаңыз болды, қызметшім сауығып кетеді. Мұны білемін, себебі мен де біреудің қол астындамын, өзіме бағынышты жасақшыларым да бар. Біреуіне: «Бар!» десем, барады, басқасына: «Кел!» десем, келеді, қызметшіме: «Мынаны істе!» дегенімде, ол соны орындайды, — деді. Мұны естіген Иса қайран қалып, соңынан еріп келе жатқан халыққа қарап: — Шын айтамын, Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес! Сендерге шындығын айтайын: шығыс пен батыстан келген көптеген жат жұрттық адамдар Ыбырайым, Ысқақ және Жақыппен бірге Құдай Патшалығында дастарқан басына жайғасатын болады. Ал Патшалыққа алдымен тағайындалғандар сыртқа, қара түнекке қуылмақ! Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады,  — деді. Содан кейін Иса жүзбасына: — Үйіңе қайт, сеніміңе сай тілегің болсын! — деді. Сол мезгілде-ақ оның қызметшісі ауруынан сауығып кетті .

Матай 8:5-13


Мәсіх сөзінің құдіреттілігі сондай ол қашықта тұрып айтса да орындалатын. Ол істейтін нәрсе тек айтса болды. Сонымен бірге Исаның (ғ.с.) таңқалдырғаны бәрі жек көретін басқа ұлт өкілінің оның сөзінің күшіне сенгені. Мәсіх бір сөз айтса болды ол сол сәтте түгел орындалды. Біз ондай адамның сенімін күтпегеніміз рас, (өйткені ол сол халықтан және сол діннен де емес), бірақ Иса (ғ.с.) сөзіне қарасақ, бір күні осы жүзбасы жұмақта Ыбырайым (ғ.с.) және тағы басқа әділ жандармен бірге дастарқандас болады, ал кейбір «дұрыс» халық арасынан шықса да және «дұрыс» дін ұстанса да жұмаққа кіре алмай қалады. Иса (ғ.с.) жұмаққа кіретін адам шыққан тегіне немесе ұстанған дініне байланысты кірмейді деді. 

Иса ғибадатхана басшысы қызын өлімнен тірілтті

Бұл Иса Мәсіх (ғ.с.) яһуди басшыларын сауықтырмады деген емес. Исаның таңқаларлық кереметтерінің бірі ғибадатхана басшысы қызын өлімнен тірілткені. Інжілде ол туралы былай баяндалады: 

  Иса көлдің батыс жағына қайта оралғанда, халық Оны қарсы алды. Өйткені бәрі Оны күтіп тұрған еді. Кенеттен Жайыр есімді бір ер адам сол жерге келіп, Исаның аяғына жығылды да, үйіне кіруін өтінді. Жайыр мәжілісхананың жетекшісі еді. Ол кісінің он екі жас шамасындағы жалғыз қызы бар еді, сол өлім аузында жатқан болатын. Иса Жайырдың үйіне бара жатқанда, халық Оны жан-жақтан қаумалап қыспақтады. Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді. Ол бар мал-мүлкін дәрігерлерге жұмсағанмен, біреуі де оны емдеп жаза алмады. Әйел Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанының шетіне қолын тигізді. Сол сәтте-ақ қаны тоқтады. Иса: — Маған қолын тигізген кім? — деп сұрады. Ешкім де мойындамаған соң, Петір мен оның қасындағылар: — Ұстаз! Халық Сізді қаумалап қыспақтап тұр ғой. Ал Сіз: «Маған қолын тигізген кім?» дейсіз бе?! — деді. Бірақ Иса: — Біреу Маған қолын тигізді! Өйткені Менен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сездім, — деп кесіп айтты. Әлгі әйел істеген ісін жасыра алмайтынын білген соң қорыққанынан қалтырап, Исаның қасына келіп, аяғына жығылды. Сосын өзінің қандай себеппен қолын тигізгенін және сол сәтте-ақ қалай сауығып кеткенін бүкіл халықтың алдында айтып берді. Иса оған: — Қарындас, сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді. Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен біреу келіп, оған: — Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз, — деп хабарлады. Бірақ мұны естіген Иса Жайырға: — Қорықпа, тек сенімің болсын, сонда қызың аман қалады, — деді. Жайырдың үйіне жеткенде Иса Петір, Жохан, Жақып және қыздың әке-шешесінен басқа ешкімнің үйге кіруіне рұқсат бермеді. Жұрттың бәрі жылап, жоқтау айтып тұрған еді. Ал Иса: «Жыламаңдар, ол өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді. Қыздың өлгенін білетін олар Исаның айтқанына күлді. Бірақ Ол (солардың бәрін сыртқа шығарды да) қыздың қолынан ұстап тұрып, дауыстап: «Қызым, тұра ғой!» — деді. Сонда қыздың жаны қайтып кіріп, ол дереу орнынан тұрды! Иса: «Оған тамақ беріңдер», — деп бұйырды. Қыздың әке-шешесі қатты қайран қалды. Ал Иса оларға бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармауды ескертті .

Лұқа 8:40-56


 Біз тағы да қыздың өлімнен тірілуі үшін Исаның (ғ.с.) бір сөзі жетіп жатқанын көрдік. Иса Мәсіх (ғ.с.) кереметпен сауықтыру үшін, белгілі бір дінге сену, яһудилік болу, басқа ұлт өкілі болу немесе басқа бір дінге сенудің қажет жоқ екенін көріп отырмыз. Ол адамдарды сөзбен сауықтырды, ол олардың дініне, жынысына немесе нәсіліне қарамады – тек сенімдеріне ғана мән берді. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) өз достарын қоса алғанда, көп адамдарды сауықтырды

Сондай-ақ Інжілде Иса (ғ.с.) өз шәкірті – сол 12 шәкірттің бірі, бәрінің атынан жауап берген Петірдің үйіне келгені туралы әңгіме бар. Иса (ғ.с.) сол үйге кіргенде өз көмегі қажет екенін сезді және ол сол көмегін көрсетті. Ол туралы былай делінген. 

  Иса Петірдің үйіне келгенде, оның қайын енесінің безгекпен ауырып, төсек тартып жатқанын көрді. Иса оның қолына алақанын тигізгенде, қызуы басылып сауығып кетті. Әйел орнынан тұрып, оларды күтіп қызмет ете бастады. Күн батқанда жұрт жын соққан талайларды Исаға алып келді. Ол айтқан бұйрығымен жындарды қуып шығып, барлық науқастарды сауықтырып жіберді. Осылай Ишая пайғамбардың: Ол «біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді» деп алдын ала айтқаны жүзеге асты.

Матай 8:14-17


 Онда жындарды да сөзбен қуып шығатын құдірет болды. Інжілде Забур болжамдарына сәйкес кереметтермен сауықтыру – Мәсіхтің келгенін білдіреді делінген. Шынында да Ишая пайғамбар (ғ.с.) келетін Мәсіх туралы төмендегідей болжам жазып қалдырған: 

— Маған Жаратушы Тәңір Ие Өзінің Рухын қондырды. Жаратқан Ие мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге және жаралы жүректерді жұбатып орнықтыруға тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылатындарын, бұғаудағыларға азат болатындарын жар салуға жіберді. Мені Құдай Иеміз Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын әрі жауларына лайықты жазаларын тартқызатын кезін жариялауға жұмсап, қайғырып жүргендердің бәрін жұбатуға да жіберді. Маған Сион қаласындағы жоқтап жүргендердің бастарына шашқан күл орнына әшекейлі тәж кигізіп, жұпар иісмай жағып, қайғыларын қуанышпен алмастыруды тапсырды. Үміттері үзіліп, көңілдерін мұң шалғандар енді мадақтау әндерін шырқап, шаттыққа бөленетін болады .

Ишая 61:1-3


 са (ғ.с.) келгенге дейін 750 жыл бұрын Ишая пайғамбар (ғ.с.) Мәсіх кедейлер мен мұқтаж жандарға Ізгі хабар әкеледі деп болжады. Ол халықты жұбатып, қанаудан босатады. Иса Мәсіх (ғ.с.) халыққа тәлім беріп, ауруларды сауықтырып және өлгендерді қайта тірілте отырып, осы пайғамбарлық сөзді толық орындап шықты. Ол осы кереметтердің бәрін сөз құдіретімен – сауықтырды, жұбатты, жындарды қуып шықты және өлгенді де қайта тірілтіп, іске асырды. Міне сондықтан Әли Имран сүресінде былай айтылған: 

Сол уақытта періштелер: «Әй Мәриям! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса Мәриям ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді.  

Әли Имран 3:45

Інжілде Иса (ғ.с.) туралы былай айтылған: 

 
Оның бір атағы: «Құдай Сөзі» .

Аян 19:13

Иса Мәсіх (ғ.с.) сөздерінде ерекше билік болғаны сонша, оны Құдайдан келген Сөз және Құдай Сөзі деп атады. Егер оны Киелі жазбаларда «Құдай Сөзі» деп атаса, онда бізге де оның ілімін ұстанғанымыз дұрыс. Оның сөзіне табиғаттың өзі қалай мойынсұнатынын оқиық.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *