Мунафиқун сүресінде бірде Мұхамбет пайғамбарға (ғ.с.) адамдар келіп, өздерін сенушіміз деп куәлік жасады, бірақ артынан олардың өтірікші екі жүзділер екені белгілі болғаны айтылған.
(Мұхаммед Ғ.С.) саған мұнафықтар келген кезде: “Сені, анық Пайғамбар деп айғақ боламыз” деді. Сенің хақ Пайғамбар екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді. Олар анттарын қалқан етеді де Алланың жолынан тыяды. Күмәнсыз олардың істегендері нендей жаман.
Мунафиқун 63:1-2
Зумәр сүресінде әділ куәлік келтірушілер туралы сөз болады:
Жер жүзі Раббының нұрымен жарық болады. Кітап (амал дәптер ортаға) қойылады. Пайғамбарлар, куәлер келтіріледі. Олардың араларына ақиқат бойынша үкім етіледі. Олар әділітсіздікке ұшырамайды.
Зумәр 39:69
Иса Мәсіх (ғ.с.) өмір сүрген заманда әділ куәлік келтірушілерді «азап шегушілер» деп атаған. Азап шегіші – қандай да бір оқиғаға шындықпен куәлік келтіруші. Иса Мәсіх (ғ.с.) шәкірттерін «азап шегушілер» деп атады.
Бірақ Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар. Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар .
Ел. істері 1:8
«Азап шегуші» – деп нағыз куәлік келтірушілерді атаған.
Бүгінгі күндері «азап шегуші» деген сөздің мағынасы көп. Егер біреуді соғыста өлтірсе, өлген адамды «азап шегуші» деп атайды. Егер біреу діни қақтығыста немесе содырдың қолынан жарақаттанса, ол да «азап шегуші» деп аталады. Әдетте «азап шегуші» деп жақтастары атайды (басқалары оны «кәпір») деп сөгеді.
Бірақ осы дұрыс па? Иса Мәсіх (ғ.с.) өмір сүрген заманда Жақия пайғамбардың (ғ.с.) қалай өлімге кесілгені туралы Інжіл кітабында баяндалады. Оның мысалында осы сөздің нақты анықтамасын оңай түсінуге болады. Інжілде былай делінген:
Сол уақытта аймақ әкімі Ирод (Антипас) Иса туралы хабарды естіп, нөкерлеріне: «Бұл, шомылдыру рәсімін жасаған Жақия екен. Өлімнен қайта тіріліпті, сол себептен де сондай құдіретті істер жасайды», — деді. Бұрынырақ аймақ әкімі Ирод Жақия пайғамбарды тұтқындатып, бұғаулатып, түрмеге жаптырған еді. Ирод мұны туған бауыры Філіптің әйелі Иродияға бола істеді. Себебі Жақия Иродқа: «Бауырыңыздан жұбайын тартып алғаныңыз Таурат заңына қайшы!» — деп ескерткен болатын. Содан Ирод Жақияны өлтіргісі келді, бірақ оны пайғамбар деп санайтын халықтан қорықты. Бірақ Ирод өзінің туған күнін тойлап отырғанда, Иродияның қызы қонақтардың алдында би билеп, Иродқа қатты ұнап қалды. Сондықтан Ирод бойжеткенге не сұраса да сыйлауға уәде берді. Қыз шешесінің айтып үйретуі бойынша Иродтан: Шомылдыру рәсімін жасаған Жақияның басын табаққа салып, маған осында тарту етіңіз», — деп өтінді. Патша еңсесі түсіп қапаланды. Алайда бірге отырған қонақтарының алдында ант бергендіктен, қыздың өтінішін орындауға бұйырды. Бір жасақшысын түрмеге жіберіп, Жақияның басын шаптырды. Бас табаққа салынып, қызға әкелінді. Қыз оны шешесіне апарып берді. Кейін Жақияның шәкірттері келіп, оның мәйітін алып кетіп, қабірге қойды. Содан Исаға барып, болған жайтты жеткізді .
Матай 14:1-12
Біріншіден, билік иелерінің Жақия пайғамбарды (ғ.с.) не үшін қамауға алғанын көреміз. Ирод патша Мұса жазған заңға қарсы әрекет етіп, бауырының әйелін тартып алып сонымен өмір сүріп жатты. Жақия пайғамбар (ғ.с.) патшаның теріс қылығын әшкерелеп ескертті, бірақ әділетсіз патша пайғамбардың ескертуіне мойынсұнбады. Ол оны түрмеге қаматты. Ал күшті билік иесіне тиімді тұрмыс құрып алған әйелі, пайғамбардың үні мәңгі өшкенін қалады. Ол өз қызын патша мен қонақтар алдында би билеп көңілдерін көтеруге көндірді. Қатты көңілденген патша қыздың кез-келген өтінішін орындауға уәде берді. Ал шешесі қызына Жақия пайғамбардың (ғ.с.) басын тарту етуге өтініш айт деп үйретті. Ал пайғамбар шындықты айтқаны үшін ғана түрмеге қамалған еді, енді өз биімен патша мен қонақтардың көңілін тапқан қыздың сорақы өтініші арқасында басынан айырылды.
Жақия пайғамбардың (ғ.с.) ешкіммен жауласпағанын және патшаға да қарсы шықпағанын білеміз. Ол тек шындықты айтты. Патшаның қаһарлы ашуына ешкім ара түсе алмайтынын білсе де, ол билік иесінің әділетсіз ісін бетіне айтқаннан қорыққан жоқ. Ол Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған заңға деген құрмет үшін шындықты жасырмай айтты. Ол бүгін өмір сүріп жатқан біздер үшін керемет мысал. Ол шындықты жасырмай айту үлгісін көрсетті. Біздің күресіміз – пайғамбарлар арқылы ашылған шындық жақта тұру. Жақия пайғамбар (ғ.с.) патшаның өлімін, төңкеріс жасауды немесе соғыс ашуды қалаған жоқ.
Жақия пайғамбардың (ғ.с.) азап шеккен нәтижесі
Жақия пайғамбардың (ғ.с.) күресу әдісі өз жемісін берді. Өзі шығарған үкімнен кейін патшаны ар-ұжданы қинай бастады, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) керемет істерін, өлімнен тіріліп кеткен Жақия пайғамбар (ғ.с.) істеп жүр деп ойлап қатты қорқып жүрді.
Осындай арамза әрі сорақы кісі өлтіру, әділетсіз патшаның өз басына оралды. Осыған байланысты Фил сүресінде қандай тамаша айтылған!
Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме? Оларға топ-топ құс жіберді. Құстар оларға балшықтан жасалған тастар атып; .
Фил 105:1-4
Ал Иса Мәсіх (ғ.с.) Жақия пайғамбар (ғ.с.) туралы былай деді:
Жақияның жіберген адамдары қайтып кеткеннен кейін, Иса жұртқа Жақия туралы былай деп айта бастады: — Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен бір қамысты ма? (Жақия ондай емес!) Тегі, нені көруге бардыңдар? Қымбат киім киген біреуді ме? Жоқ, қымбат киім кигендер патша сарайларында тұрады ғой. Сонда нені көруге бардыңдар? Бір пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтамын: Жақия тіпті пайғамбардан да артық! Киелі жазбада Құдайдың мына тәрізді сөздері бар: «Біліп ал, Мен хабаршымды алдыңнан жіберемін, ол жүретін жолыңды дайындап қояды» Бұл хабаршы — Жақияның өзі. Сендерге шындығын айтайын: адам баласы атаулының ішінде Жақия пайғамбардан жолы үлкен ешкім болған емес. Бірақ Құдай Патшалығындағы ең қарапайым деген адамдардың жолы онікінен үлкен. Жақияның уағыздап, шомылдыру рәсімін орындаған уақытынан бері қазірге дейін Құдайдың Патшалығы күшпен алға басып, күш салғандар оны иемденуде. Барлық Пайғамбарлар жазбалары мен Таурат Құдайдың хабарын Жақияға дейін жеткізіп келді. Ал қабылдағыларың келсе, Жақия — келетіні алдын ала уәде етілген Ілияс пайғамбар. Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын! .
Матай 11:7-15
Жақия пайғамбар (ғ.с.) пайғамбарлар арқылы келеді деп уәде етілген ұлы пайғамбар екенін, Иса Мәсіх (ғ.с.) растап тұр. Жақия пайғамбар (ғ.с.) жұмақта мәңгі өмір сүруде. Ал пайғамбарларды тыңдамаған Ирод патша өз заманында қандай күшті билік иесі болғанына қарамастан ештеңесіз қалды.
Сол Жақия пайғамбар (ғ.с.) заманында адамдардың басын себепсіз оңды солды шаба беретіндер көп болған сияқты, қазірге кездерде де себепсіз зорлық-зомбылықпен айналысатындар жетеді. Олар тіпті көк Патшалығын да күшпен басып алуға тырысуда. Бірақ олар ешқашан Құдай Патшалығына кіре алмайды. Құдай Патшалығына кіру үшін, Жақия пайғамбар (ғ.с.) жолын таңдап, сенімді куәгер болу керек. Онда біз де ақылды болып, қатыгез қанішерлерге ұқсамай, Жақия пайғамбардан (ғ.с.) үлгі алайық.