Skip to content
Home » Иса Мәсіх (ғ.с.) – әдеттен тыс дұшпанға, дер кезінде және күтпеген жерден жихад жүргізді

Иса Мәсіх (ғ.с.) – әдеттен тыс дұшпанға, дер кезінде және күтпеген жерден жихад жүргізді

  • by

Тәубә сүресінде туралы даулы нәрселер бар, өйткені онда жихад яғни соғыс жайлы жазылған. Ол аяттарда бізді жаумен соғысқа шақырады, соған байланысты әр түрлі талқылаулар пайда болған. Әңгіме келесі аяттарға байланысты: 

Жеңіл әрі ауыр түрде соғысқа шығыңдар. Сондай-ақ Алла жолында малдарыңмен, жандарыңмен соғысыңдар. Осыларың сендер үшін қайырлы, егер білген болсаңдар. (Мұхаммед Ғ.С.) егер жақындығы бір пайда, қолайлы сапар болса еді, әрине саған олар ілесер еді. Бірақ оларға машақатты сапар (Тәбүк жолы) өздерін әлекке салады. Алла олардың мүлде суайт екенін біледі . 

Тәубә 9:41-42

  42 аятта соғысқа апаратын сапар жеңіл болса олар сол жолмен жүрер еді делінген. Бірақ сапар өте ұзақ болғандықтан олар соғысудан бас тартты.  Келесі аяттарда немқұрайлық үшін ақталу берілген. Тәубә сүресі мынаны ескертеді: 

Оларға: «Сендер, бізге (ғазилық, шәһиттік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, бізде сендермен бірге тосайық»де .  

Тәубә 9:52

Бұл жазбалар шешуші қорытынды екі түрлі болуы мүмкін дегенді көрсетеді. Өлім (азап) немесе жеңіс. Ал соғыс сондай қатал, онда жеңіліс азап немесе жеңіс болуы мүмкін. Иерусалимге ұзақ сапарға аттанғанда Иса Мәсіх (ғ.с.) дәл сондай соғысқа тап болды. Ол сол жерге жеткенде, аспанда жарты ай сәулесін төгіп тұрды, ол содагн жүздеген жылдар бұрын Забур пайғамбарлары жазып кеткен болжамдары орындалды. 

Иерусалимге кіру

Исра сүресінде Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) ұшатын ат Бураққа мініп жалғыз өзі түнде Меккеден жасаған сапары туралы жазылған. 

Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші .   

Исра 17:1

Иса Мәсіх (ғ.с.) дәл сол жерге келді, бірақ оның мақсаты мүлде басқа еді. Оған нышан-белгі көрсетілмеді, өйткені оның өзі нышан-белгі болатын. Ол түнде Буракпен емес, күндіз ашық аспан астында есекке мініп келді.  Оның қанатты ат мініп келмегені сондай есте қаларлық емес шығар, дегенмен оның есекке мініп келгені халық үшін анық нышан-белгі еді. Оның себебі мынада. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) өз міндетіне кірісіп, Елазарды өлімнен қайта тірілткен соң, Иерусалимге бет алды. Оның Иерусалимге қалай кріетіні туралы жүздеген жылдар бұрын болжанып жазып қалдырылған. Інжілде былай делінген: 

   Келесі күні мейрамға жиналған халықтың үлкен тобы Исаның Иерусалимге келетінін естіп, қолдарына пальма бұтақтарын ұстап, қала сыртына шықты. Оны: «Жаратқан Ие мадақталсын! Жаратқанның атынан келе жатқан Исраилдің Патшасы жарылқанған!» — деп айқай салып қарсы алды. Иса бір тайқар есекті тауып алдыртып, соған мінген еді. (Зәкәрия) пайғамбардың жазбасында бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: Уа, Сион халқы, қорықпа! Қара, сенің Патшаң саған келе жатыр! Ол тайқар есектің үстінде отыр. Шәкірттері бұны сол кезде түсінген жоқ. Дегенмен Иса қайта тіріліп, көкке көтеріліп, Өзінің ұлылығына ие болғанда, олар бұл сөздердің Иса туралы алдын ала жазылғанын және халықтың Оны осылай қарсы алғанын естеріне алды. Халық арасындағы көптеген адамдар Исаның Елазарды қабірден шақырып, өлімнен қайта тірілтіп алған кезінде Онымен бірге болған еді. Енді олар сол туралы куәлік етіп айтып жатты. Осындай керемет жасағанын естіген жұрт сондықтан да Исаның алдынан шықты. Ал парызшылдар өзара: «Көріп тұрсыңдар ғой, бұлай алға баспайсыңдар: жұрттың бәрі Оның соңынан еріп кетті!» — десті.

Жохан 12:12-19

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) Иерусалимге кіруі – Дәуіт патшаның (ғ.с.) пайғамбарлығы

Ежелгі исраил патшалары Дәуіт патша (ғ.с.) бастап, жыл сайын Иерусалимге тұлпар мініп, салтанатпен кіретін. Иса Мәсіх (ғ.с.) сол дәстүрді жалғасытырып, Пальма жексенбісінде Иерусалимге тайқар мініп кірді. Сол кезде халық кезінде Дәуіт патшаға (ғ.с.) арнап шырқаған Забурдан ән ұранды айтып тұрды: 

  Уа, Жаратқан, бізді құтқаршы, Уа, Иеміз, табыс сыйлашы! Жаратқанның атынан келе жатқан жарылқанған, Оның киелі үйінен бата береміз соған. Жаратқан Ие — Құдай, Ол бізге нұрын шашқан. Мейрамның құрбандық малын апарыңдар, Үстелдің мүйіздеріне байлап қойыңдар

Забур 117:25-27

Халық Иса Мәсіх (ғ.с.) Елазарды өлімнен қайта тірілткеннен кейін осы патшаның құрметіне айтылатын ән ұранды шырқады.  Оның Иерусалимге кіргеніне қатты қуанған халық «Осанна» мағынасы «құтқар» деп қуанып ән салды, ол сөз Забур 117:25 аяттан алынды. Оларды неден құтқару керек болды? Ол туралы Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбарлық болжам айтып қалдырды.

Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) болжамындағы Иерусалимге салтанатпен кіру 

Иса Мәсіх (ғ.с.) патшаларға тән салтанатпен кірсе де оның келуі сәл басқаша болды. Мәсіхтің есімін алдын ала айтқан Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) патша Иерусалимге тайқар мініп кіреді деп болжаған. Осы уақыт сызбасында сол жексенбіге қатысты болжам айтқан Зәкәрия (ғ.с.) және басқа пайғамбарлардың орналасу тәртібі көрсетілген. 

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) пальма жексенбісінде Иерусалимге кіретінін алдын ала болжаған пайғамбарлардың уақыт сызбасында орнласу тәртібі (Жохан жазған ізгі хабар көкпен белгіленген).  Зәкәрия пайғамбардың (ғ.с.) болжамы былай жазылған: 

  Уа, Сион халқы, қатты қуан! Уа, Иерусалим халқы, шаттана ән шырқа! Қара, сенің Патшаң саған келе жатыр! Ол — әділ Құтқарушы, кішіпейілділікпен есекке мініп алып, тайқардың, бір жас есектің, үстінде отыр. Мен Солтүстік Исраилден соғыс күймелерін, Иерусалимнен де атты әскерді аластатамын. Соғыс садақтары сындырылады. Сол Патша барлық халықтарға тыныштық жариялайды. Ол билігін теңізден теңізге дейін, үлкен Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін жүргізеді. Мен сендермен Келісім жасап, ол шалынған құрбандықтың қанымен бекітілген болатын. Сол үшін Мен тұтқындарыңды сусыз құдық іспетті (Бабыл еліндегі) зындандардан құтқарып аламын. Уа, күдері үзілмеген тұтқындар, қауіпсіз қорғандарыңа қайта оралыңдар! Жоғалтқандарыңды сендерге екі есе қылып қайтарамын деп бүгін уәде беріп отырмын. Мен Яһуданы соғыс садағы, Солтүстік Исраилді жебе ретінде қолданамын. Уа, Сион, Мен сенің ұлдарыңды грек елінің ұлдарына қарсы көтеріп, семсер ретінде пайдаланамын!.

Зәкәрия 9:9-11

Зәкәрия пайғамбардың (ғ.с.) айтқанына жүгінсек, ол патша басқалардан ерекше болады. Ол соғыс күймесі және атқа мініп, жебе ұстып келмейді. Ол барлық қару-жарақтан бас тартып халыққа бейбітшілік жариялайды. Ол жаумен айқасқа түседі. Оны ұлы шайқас – жихад күтіп тұр. 

Оған еш күмән жоқ, оның қандай жаумен айқасқа түсетінін біз жақсы білеміз. Әдетте патшалар, басқа патшамен, жаудың әскерімен немесе өз халықы арасынан шыққан бүлікшілермен соғысады. Бірақ Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) тайқарға мініп келген патша, тұтқындарыңды сусыз құдық іспетті (Бабыл еліндегі) зындандардан құтқарып аламын деп айтып тұр. Көне исраил халқында зындан деп өлімді атайтын. Осы патша әміршінің бұйырығымен немесе саяси қуғын көріп адамдардың түрмесіне түскенді емес, өлім құрсауынан құтқарамын дейді. 

Әдетте адамды өлімнен құтқарды дегенді естігенде, өлім біраз уақытқа артқа шегінді деп түсінеміз. Мысалы суға батып бара жатқанды құтқарса немесе ауру адамға дәрі бергенде солай болады. Осындай өлімнен  құтқару өлім белгілі бір уақытқа артқа шегінеді, бірақ түбегейлі одан құтқарылды дегенді білдірмейді. Адам бәрібір өледі. Ал Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) адамдарды өлімнен емес, өлім құшқандарды яғни өлгендерді құтқарамын деген болжам айтып тұр. Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) болжаған тайқар мініп келетін патша өлгендерді құтқару үшін, өліммен бет пе бет айқасады. Оның ұлы шайқасы басталады, ұлы ерлігі паш етілмек. Ол жихад туралы әлі ешкім ешқашан естіген емес. Кейде Құдай сөзін талқылаушылар адам өмір бойы айқасатын «ұлы жихад» яғни ішкі күрес пен «кіші жихад» яғни сыртқы мәселелермен күрес айырмашылығын ажыратып жатады. Ал патша түпсіз тозақпен айқаспақшы, сөйтіп өзінің ұлы жеңісі және ұлы жихадын жариялады. 

Өз жихады өліммен соғысу үшін патша қандай қару қолданады?  Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) сөзіне сүйенсек, келетін патша «сенің өсиет қанымен» келеді. Ол өлімді өз қанымен – жалғыз сол қарумен ғана жоймақшы. 

Иерусалимге тайқарға мініп кірген Иса Мәсіх (ғ.с.) сол Патша, Мәсіх өзі екенін жариялады. 

Неге Иса Мәсіх (ғ.с.) көзіне жас алды?

Иса Мәсіх (ғ.с.) Иерусалимге салтанатпен кіргенде, дін басшылары оған қарсылық көрсетті. Лұқа жазған ізгі хабарда Иса Мәсіхтің әрекеті көрсетілген. 

  Иса Иерусалим қаласына жақындап қалған кезде оған қарап көзіне жас алып былай деді: — Ең болмағанда сен бүгін өзіңді ненің құтқара алатынын білсең ғой шіркін! Бірақ қазір мұны ұға алмайсың. Жауларың саған қарсы бекіністер құрып, қоршап, жан-жақтан қыспақтайтын күндер басыңа туады. Олар сені қиратып, тұрғындарыңды өлтіреді де, күл-талқаныңды шығарып, жермен-жексен етеді. Себебі Құдайдың өзіңді құтқаруға келген кезін түсінбедің .

Лұқа 19:41-44

Иса Мәсіх (ғ.с.) дін басшыларына «Құдайдың келген уақытын білмедің» деп ашық айтты. Ол сол сөзімен не айтпақшы болды? Олар нені түсінбеді? 

Пайғамбарлар нақты бір күнді нұсқады

Бірнеше жүз жыл бұрын Даниял пайғамбар (ғ.с.) Иерусалим қаласын қалпына келтіру туралы жарлық шыққан күннен бастап 483 жыл өткен соң Мәсіх келеді деп болжады. Біздің есебіміз бойынша ол б.з. 33 жылына яғни Иса Мәсіхтің тайқарға мініп Иерусалимге кірген күніне сәйкес келеді. Сол күннің бірнеше ғасыр бұрын дәл болжанғаны өте таңғаларлық дүние. Сонымен бірге Мәсіхтің келген күнін де дәл есептеп шығаруға болады! (Мәліметті осы жерден қара).

Даниял пайғамбар (ғ.с.) Мәсіх 483 жылдан кейін келеді деген. Даниял пайғамбардың (ғ.с.) жылы 360 күнге тең. Есептеп көрейік: 

483 жыл * 360 күн жылына = 173880 күн

Қазіргі күнтізбе боайынша, жылына 365,2422 күн, яғни 476 жыл және 25 қосымша күн (173 880/365,24219879 = 476 қалдығы 25).

Уақыт санағы басталған Иерусалимді қалпына келтіру уақыты қашан басталды? Нақты дерек бар: 

 Артақсерікс патшалық құрған жиырмасыншы жылдың сәуір айының бірі күні.  

Нихемия 2:1

Нақты сәуір айының қай күні екені айтылмаған бірақ йдың  1-не келеді, өйткені жаңа жыл содан басталады және патша Нихемиямен сол мейрам күні кездескен. Сәуірдің бірі айдың толған кезімен сәйкес келеді, өйткені сол заманда яһудилер ислам секілді жыл санауды аймен жүргізген. Айдың толуы мұсылмандық дәстүр әдісі – айдың жаңа туған кезін ерекше адамдар бақылаған. Қазіргі астрономияның көмегімен б.з.д 444 жылы Сәуір айының бірінші күні айдың пайда болған кезін шығаруға болады. Бұл жердегі қиын тұсы жаңа туған айдың қиығын бірінші күні бақылай алды ма, әлде келесі күні бірақ көрді ме соны анықтау қиын. Астрономиялық есептер бойынша парсы патшасы Артақсерікстің билік басында 20-шы рет отырған күні айдың бірінші қиығы қазіргі күнтізбе бойынша б.з.д. 444 жылы 4 науырызы 22:00 сағатта көрінді. Егер айдың алғашқы қиығын сол күні көре алмаса, б.з.д. 444 жылдың келесі 5-і күні көрді деген сөз. Қалай болғанда да Парсы патшасының Иерусалимді қалпына келтіру туралы жарлығы б.з.д. 444 жылдың 4-і немесе 5-і күні шықты.  

Сол жылға Даниял (ғ.с.) пайғамбарлығындағы 476 жылды қосып, б.з. 33 жылғы наурыз айының 4-і немесе 5-і күнін шығарамыз. (0-ші жыл жоқ; сондықтан қазіргі жыл санау б.з.д. 1 жылдан б.з. 1 жылына бір жылға ауысып кетеді. Қарапайым арифметикаға салып: -444 + 476 +1= 33 шығарамыз). Даниял пайғамбар (ғ.с.) болжамына қалған 25 күнді қосамыз, сонда 4 немесе 5-іне 25 күнді қоссақ б.з. 33 жыл 29 немесе 30 наурызды шығарамыз. Төменде берілген уақыт сызбасын қара. Б.з. 33 жылғы жиырма тоғызыншы науырызы сенбіге – Пальма жексенбісіне дәл келіп тұр. Дәл сол күні Иса Мәсіх (ғ.с.) тайқарға мініп Иерусалимге кріп, өзін Мәсіхпін деп жариялады.  Одан кейінгі жұма құтқару мейрамы екенін білеміз, ал ол мейрамды Нисан айының 14 күні тойланады. Б.з. 33 жылғы Нисан айының он төрті біздің Сәуір айының 3 күніне дәл келеді. Олай болса, Пальма жексенбісі 29 наурызға түссе, келесі жұма 3-ші сәуірге келеді.  

Б.з. 33 жылы 29 науырызында Иса Мәсіх (ғ.с.) тайқарға мініп, Иерусалимге кірген күнін, Зәкәрия (ғ.с.) мен Даниял (ғ.с.) пайғамбарлар күніне дейін дәл болжап көрсеткен. Төмендегі уақыт сызбасын қара. 

Даниял пайғамбардың (ғ.с.) жазғаны бойынша Мәсіхтің келуіне дейін 173 880 күн өтуі керек болды; уақыт санау Нихемия заманында Иерусалимді қалпына келтіру жарлығы шаққан күннен басталды. Сол күн санау б.з. 33 жылы 29 науырыз күні аяқталды.  Сол күні Иса Мәсіх Иерусалимге тайқарға мініп кірді. 

Көптеген пайғамбарлықтардың бір күнге дәл келуі, Құдай бізге Мәсіхтің дәл қай күні келетінін алдын ала хабарлағанын көрсетеді. Артынан сол күні Иса Мәсіх (ғ.с.) Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы айтылған тағы болжамды орындады. Ол басты жихады – соңғы жау өліммен айқасын бастады. Ол біздің келесі тақырып болады. 

[1] Бірнеше пайғамбарлық болжамдағы зындан немесе тозақ жайлы келтірген сөздері: 

  Қайта, сен о дүниеге, тұңғиықтың түбіне лақтырыласың.

Ишая 14:15

 Өлілер Сені мадақтамайтын шығар, Өлім де Саған мақтау айтпайтын болар, Дүние салғандар үміт артпайтын шығар, (Ишая 38:18).

   Осылайша ол көрге, жанын алып кететін хабаршыларға жақындай түседі .

Әйүп 33:22

          Сөйтіп сені о дүниеге тастайды. Теңіздің ортасында арам өліммен құрисың! (Езекил 28:8).

  о дүниенің ең шалғай бөліктерінде орналасқан. Осылайша Ассурдың жасақшылары оның қабірінің айналасында жатыр. Солардың бәрі тірі кездерінде өзгелерге қорқыныш сепкендер, әрі семсерден қырылып мерт болғандар Езекил 32:23.


 Уа, Ием, мені көрден алып қалдың, Ажалдан жанымды арашаладың

Забур 29:4

[2] Ежелгі және қазіргі күнтізбелерді салыстыру үшін, Гарольд В. Хенердің көне ай санауы кітабы қолданылды. «Мәсіхтің хронологиялық өмірі», 1977 жыл, 176 бет.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *