Skip to content
Home » 5-ші күн. Шайтанның соққысы

5-ші күн. Шайтанның соққысы

  • by

Сол соңы аптаның 4-ші күні Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің жер бетіне қайта оралатынын қандай белгілер арқылы байқауға болатынын түсіндірді. Ары қарай Інжілде дін басшылары оған қарсы қастандық ойлай бастағаны жазылған. Өзінің ата жауы Мсіхке нұсқан келтіру үшін, шайтан сол жағдайларды пайдаланды. Киелі жазбада ол туралы былай баяндалған: 

 Бұл кезде Ашымаған нан мейрамы  жақындап қалған еді. Ол Құтқарылу мейрамы деп те аталатын. Басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның көзін құртудың жолын қарастырды, себебі олар халықтан қорықты. Сонда он екі елшінің біреуі — Яһуда Исқариоттың бойына әзәзіл шайтан кіріп алды. Яһуда (Исаның қасынан) кетіп, басты діни қызметкерлермен және ғибадатхананың бас сақшыларымен кездесіп, Исаны оларға қалай ұстап беру туралы ақылдасты. Олар қатты қуанып, Яһудаға күміс ақша беруге уәде етті. Ол бұған келісіп, Исаны жұрт көзінен таса жерде ұстап берудің қолайлы сәтін аңдыды.

Лұқа 22:1-6

Шайтан осы жағдайды пайдаланып, пайғамбарды сатып жіберу үшін, Яһуданың көңіліне кіргенін көріп отырғанымыз. Және бұл бізді таң қалдырмайды. Фатыр және Ясин сүрелерінде шайтан туралы былай айтылады: 

Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан тұтыңдар. Шын мәнінде шайтан өз тобын тозақтықтардан болуға шақырады . 

Фтыр 35:6

Әй адам баласы! Сендерге: “Шайтанға табынбаңдар. Әрине ол, өздеріңе ашық дұшпан” деп, серт бермедім бе? . 

Ясин 36:60

Інжілдің соңында шайтанды былай бейнелеген жері бар: 

Сонда көкте соғыс бұрқ ете түсті. Михайл мен оның қол астындағы періштелері айдаһарға қарсы аттанды. Айдаһар өз нөкерлерімен бірге оларға қарсы шайқасты, бірақ төтеп бере алмады. Бұдан былай соларға көктен орын берілмеді. Осылайша алып айдаһар — бүкіл әлемді алдап келген әзәзіл әрі шайтан есімді, ежелден бері келе жатқан жылан көктен қуылып, бүкіл хабаршыларымен қоса жер бетіне лақтырылды .

Аян 12:7-9

Біздің ата жауымыз шайтан осы жерде ұлы айдаһар бейнесінде берілген ол өзінің алдамшы болмысымен жер бетіндегі барлық халықты азғырып келеді. Адам ата арқылы бейіш бағында алдап кірген шайтан, енді Иса Мәсіхті (ғ.с.) ұстап беру үшін Яһуданың ішіне кіріп алды. Інжіл былай баяндайды: 

  Осы кезден бастап Яһуда Исаны оларға ұстап берудің қолайлы сәтін аңдыды.

Матай 26:16

Келесі күні осы оқиғаларға дейін 1500 жыл бұрын Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы орнатылған құтқарылу мейрамы болатын. Дәл сол құтқарылу мейрам күні шайтанға Яһуданың көңілін жайлап алу қалай орын алды? Ол туралы келесі мақалада айтамыз.  

Бесінші күннің қысқаша қорытындысы

Төменде берілген уақыт сызбасында шайтан немесе ұлы айдаһардың ата жауы Иса Мәсіхке (ғ.с.) бесінші күні соққы бергені көрсетілген. 

 Шайтан, ұлы айдаһар Иса (ғ.с.) сатып кету үшін Яһуданың көңілін жаулады.  

Мұны бөлісіңіз:

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *