Skip to content
Home » Алтыншы күн – Иса Мәсіх (ғ.с.) және ұлы жұма

Алтыншы күн – Иса Мәсіх (ғ.с.) және ұлы жұма

  • by

Жұма сүресінде мұсылман үшін күндізгі намазға жығылуға жұма күні белгіленген дейді. Бірақ алдымен 62 сүре бізге шақыру тастайды – және Иса (ғ.с.) оны өзінің Мәсіхтік қызметі ретінде қабылдады. Алдымен жұманы намаз күні деп жариялар алдында, Жұма сүресі былай дейді: 

 “Әй Яһудилер! Егер өздеріңді адамдардан өзге, Алланың шын досымыз деп ойласаңдар, дереу өлім тілеңдерші! Егер рас айтушы болсаңдар” де. Негізінде олар, бұрын қолекі істеген қылмыстарының салдарынан әсте өлім тілемейді. Алла, залымдарды жақсы біледі .

Жұма 62:6-7

  Олардың қолдары дйындағандары үшін, олар ешқашан өкінбейді. Құдайға заңсыздықтар туралы белгілі. Жұма сүресіндегі осы аяттар егер біз өлімнен қорықпасақ, онд біз Алла Тағаланың досымыз. Біз жақсы істеріміздің жеткілікті екеніне көзіміз жетпегендіктен жиі өлімнен қашамыз. Алтыншы күні дәл сол жұмада еврей, Иса Мәсіх (ғ.с.) дәл сондай сынаққа түсті. Ол сол күнін дұғамен бастады. Інжілде былай жазылған: 

Ол Петірді және Зебедейдің екі ұлын Өзімен бірге ала кетіп, қайғырып қинала бастады. Осы үш шәкіртіне Иса: «Жаным өлердей қайғырып тұр. Осында қалып, Менімен бірге ұйықтамай, сергек болыңдар!» — деді. Иса сол жерден әрірек барып, етпетінен жығылып былай деп мінажат етті: «О, Әкем, мүмкін болса, (қаһарыңа толы) осы «тостағанды» Маған жолата көрме. Алайда Менің емес, Сенің еркіңе сай болсын!».

Матай 26:37-39

Осы жұмадағы оқиғаны талқыламас бұрын, Иса (ғ.с.) солай мінәжат етуіне не себеп болғанын қарастырайық. Біздің ата жауымыз шайтан сол соңғы аптаның 5-ші күні Яһудаға кірді және ол Иса (ғ.с.) сатып кетті. Келесі 6-шы күні кешке пайғамбар және оның шәкңрттері Тәңір дастарханына жиналды. Олар тамақтанып отырғанда, біз бір-бірімізді қалай сүюміз керек және Құдайдың сүйіспеншілгінің шексіз екені жайлы, Иса (ғ.с.) өз сөзі және ісімен соңынан ерушілерге тәлім берді. Ол туралы осы жерде жазылған.  Ол содан кейін барлық сенушілер үшін дұға етті (осы жерді қара). Жұма күні кешке Иса (ғ.с.) дұа еткеннен кейін оқиға былай өрбіді: 

Иса (ғ.с.) бақта тұтқындалды

  Осылай мінажат еткеннен кейін Иса шәкірттерімен бірге (қаланың сыртындағы) Қидрон сайының арғы жағасына өтті. Сол жерде бір бақ бар еді. Иса шәкірттерін ертіп соның ішіне кірді. Оған опасыздық еткен Яһуда да бұл жерді білетін, себебі Иса осында шәкірттерімен жиі жиналушы еді. Енді Яһуда римдік әскердің бір тобын және басты діни қызметкерлер мен парызшылдар жіберген бірнеше сақшыларды ертіп сонда келді. Олардың қолдарында шамдары, шырақтары және қарулары болды. Өзіне не боларын түгел білетін Иса бақтың ішінен шығып, оларға: — Кімді іздеп жүрсіңдер? — деген сұрақ қойды. Олар: — Назареттік Исаны! — деп жауап берді. Иса: — Ол Менмін! — деді. Опасыз Яһуда да солардың қасында тұрған еді. Иса оларға «Ол Менмін!» дегенде, олар кейін шегініп, жерге жығыла кетті. Иса оларға тағы да: — Кімді іздеп жүрсіңдер? — деген сұрақ қойды. Олар: — Назареттік Исаны, — деп жауап берді. Иса: — «Ол Менмін» деп сендерге айттым ғой! Егер Мені іздеп жүрсеңдер, онда мыналарға тимеңдер, кете берсін! — деді. Исаның «Сен Маған бергендердің бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын» деп айтқаны осылайша орындалды. Шимон Петір беліне семсер байлап алған болатын. Ол соны суырып алып, бас діни қызметкердің малайына қарай сілтеп қалып, оның оң құлағын шауып түсірді. Малайдың аты Мәлік еді. Ал Иса Петірге: «Семсеріңді қынабына сал! Әкем Маған белгілеп қойған азапты тартуым керек, соны білмеуші ме едің?»  — деп ескертті.

Мәсіхтің басты діни қызметкерлер алдында адал куәлік беруі, ал Петірдің Мәсіхтен үш рет тануы

Әскер тобы мен мыңбасы және яһуди басшыларының сақшылары Исаны тұтқынға алып, бұғаулады. Алдымен Оны Аннасқа апарды. Өйткені Аннас сол жылы бас діни қызметкер болып тұрған Қаяфаның қайын атасы еді .

Жохан 18:1-13

Пайғамбар дұға ету үшін, Иерусалм жанындағы баққа барды, ал Яһуда сол жерге рим әскерлерін ертіп келді. Адам өзін тұтқандауға келгенін білгенде, әдетте тығылуға, қарсласуға немесе қашып құтылуға тырысады. Ал Иса Мәсіх (ғ.с.) қашпады және қарсыласпады. Ол сабырмен жауап беріп, олардың іздеп жүрген пайғамбары өзі екенін мәлімдеді. Оның біржақты: «Ол менмін» – деген жауабы,  рим сарбаздарын таң қалдырды. Ал Иса (ғ.с.) шәкірттері сол кезде тығылып қалды. Пайғамбар тұтқындауға еш қарсылық көрсетпей, тергелу үшін, бас діни қызметкер Аннаның үйіне апарылды.     

Бірінші тергеу

Ол тергеу Інжілде былай берілген: 

  Бас діни қызметкер Исадан Өзінің шәкірттері мен ілімі туралы жауап алды. Иса оған: — Мен бүкіл жұрттың алдында ашық айтып келемін. Әрдайым барлық яһудилер жиналатын мәжілісханалар мен ғибадатханада тәлім беріп жүрдім. Мен еш нәрсені бүркемелеп айтқан емеспін. Сұрақтарды неге Менің Өзіме қойып жатырсыз? Не айтқанымды Мені тыңдағандардан сұраңыз. Менің не дегендерімді солар біледі ғой, — деп жауап берді. Иса осыны айтқаннан кейін сонда тұрған сақшылардың бірі Оның бетін шапалақпен тартып жіберіп: — Сен бас діни қызметкерге қалай-қалай сөйлейсің? — деп зекіді. Иса оған: — Айтқаным дұрыс болмаса, дәлелде; дұрыс болса, Мені неге ұрасың? — деп жауап берді. Осыдан кейін Аннас Исаны бұғауланған күйі бас діни қызметкер Қаяфаға жіберді .

Жохан 18:19-24

Содан кейін Иса Мәсіхті (ғ.с.) екінші тергеу алу үшін, бас діни қызметкер Қаяфаның үйіне апарды. 

Екінші тергеу

Ол тергеуде ол халықтың барлық басшылары алдында жауапқа тартылды. Інжілде былай жазылған: 

  Қарулы топ Исаны бас діни қызметкердің сарайына апарды. Сол жерге барлық басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері жиналды. Петір Исаға алыстан ілесе отырып, бас діни қызметкердің сарайының ішкі ауласына дейін барды. Ол жерде Петір сақшылармен бірге отырып, отқа жылынды. Сол кезде басты діни қызметкерлер мен бүкіл Жоғарғы кеңес Исаны өлімге кесу үшін Оған қарсы айғақ іздестірді, бірақ ештеңе таба алмады. Көптеген адамдар Исаға қарсы жалған куәлік берді, алайда олары бір-біріне сай келмеді. Ақырында кейбіреулері тұрып: — Біз Бұның: «Мен қолдан жасалған мына киелі үйді бұзып, қолдан жасалмаған басқасын үш күнде қайта тұрғызамын» дегенін естідік, — деп жалған куәлік келтірді. Алайда бұл жайындағы айтқандары да өзара сәйкес келмеді. Сонда бас діни қызметкер ортаға шығып, Исаға: — Ешқандай жауап бермейсің бе? Мыналар Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр? — деген сауал қойды. Бірақ Иса еш жауап бермей үндемеді. Бас діни қызметкер Оған тағы да сұрақ қойып: — Сен Мадақталғанның рухани Ұлы — Мәсіхсің бе? — деді. Иса: — Мен Солмын. Менің Билеуші ретінде Құдірет Иесінің оң жағында отырғанымды әрі аспандағы бұлттармен келе жатқанымды әлі көретін боласыздар! — деп жауап берді. Сонда бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртып: — Енді куәгерлердің қажеті қанша? Ол Тәңірге тіл тигізді, мұны өз құлақтарыңызбен естідіңіздер! Бұған қалай қарайсыздар? — деп дауыстады. Жиналғандардың барлығы да Оны өлім жазасына лайық деп шешті. Бірқатары Исаға түкіре бастады. Оның бетін бүркеп, жұдырықтап: «Әй, пайғамбар болсаң, Сені кім ұрды, бізге айтып берші!» — деп келекеледі. Бұдан кейін сақшылар Исаны ұстап тұрып, соққылады.

Марқа 14:53-65

Яһуди басшылары Иса (ғ.с.) өлім жазасына кесті, бірақ яһудилер Рим билігінің қол астында болғандықтан, барлық кесілген жазалар рим прокуратурасымен келісілуі керек болды. сондықтан Иса Мәсіхті (ғ.с.) Понти Пилатқа алып барды. Сол кезде Исаны (ғ.с.) сатып кеткен Яһуда Исқариотқа не болғаны туралы Інжілде былай баяндалады: 

Яһудамен не болды

  аң атқанда барлық дын басшылары мен халық ақсақалдары кеңес құрып, Иса Мәсіхке (ғ.с.) өлім жазасын кесу туралы ақылдасты; оны байлап матап рим әміршісі Понти Пилатқа жіберді.

Исаға опасыздық жасаған Яһуда Оның сотталғанын көргенде өзінің істегеніне өкініп, басты діни қызметкерлер мен рубасыларына өздері берген отыз күміс теңгесін қайтарып тұрып: — Мен опасыздық жасап күнәға баттым: кінәсіз кісінің қаны төгілмекші! — деді. Олар: — Онда біздің шаруамыз қанша? Бұл — өз мәселең, — деп жауап берді. Содан Яһуда ақшаны киелі үйдің ішіне лақтырып жіберіп, шығып кетті де, барып, асылып өлді. Басты діни қызметкерлер күміс теңгелерді жинап алып: «Бұл ақшаны ғибадатхананың қазынасына салуға болмайды, себебі ол төгілетін қанға байланысты», — деді. Олар ақылдасып, сол ақшаға құмырашының егіндік жерін сатып алып, оны шетелдіктердің зираты етпек болып шешті. Сондықтан осы жер танабы күні бүгінге дейін «Қанды танап» деп аталады .

Матай 27:1-8

Иса Мәсіх (ғ.с.) рим әміршісі алдында тергелді 

   Сол уақытта Иса римдік әміршінің алдында тұрған еді. Ол Исаға: — Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деген сұрақ қойды. Иса: — Өзіңіз айтып тұрсыз, — деді. Басты діни қызметкерлер мен рубасылар Өзін айыптағанда Иса еш жауап бермеді. Сонда Пилат Оған: — Бұлардың Өзіңе қарсы қаншама куәлік келтіріп жатқанын естімей тұрсың ба? — деп сұрады. Алайда Иса олардың бірде-бір сөзіне жауап қайтармады. Оның бұлай істегеніне әмірші қатты қайран қалды. Мейрамның құрметіне әміршінің халық сұраған бір тұтқынды оларға босатып беретін салты бар еді. Сол кезде Барабба есімді, аты шулы бір тұтқын римдіктердің түрмесінде отырған болатын. Сонымен яһудилер алаңға жиналып болған соң, Пилат: — Қайсысын босатып жіберуімді қалайсыңдар: Бараббаны ма, әлде Мәсіх деп аталған Исаны ма? — деген сұрақ қойды. Яһуди басшыларының Исаны күншілдіктен өзіне ұстап бергендігін әмірші жақсы білетін. Бұған қоса, Пилат төрелік тағында отырған осы аралықта оған әйелінің мына сәлемі жетті: «Сол әділ Адамға еш жамандық істей көрме! Мен бүгін түсімде Оған бола қатты азап шегіп, қиналдым». Бірақ басты діни қызметкерлер мен рубасылар халық тобырын Пилаттан Бараббаны босатып, Исаны өлтіруді талап етуге көндірді. Әмірші қайтадан: — Осы екеуінің қайсысын өздеріңе босатып бергенімді қалайсыңдар? — деген сауал қойғанда олар: — Бараббаны! — деп айқай салды. — Ендеше Мәсіх деп аталған Исаға не істейін? — деп сұрады Пилат. Бәрі де: — Айқышқа шегеленсін! — деп айқай салды. Пилат: — Сонда Ол қандай қылмыс жасады? — деген сұрақ қойды. Халық: — Айқышқа шегеленсін! — деп бұрынғыдан бетер шулап кетті. Енді ештеңе істей алмайтынын, керісінше, халықтың толқуы өршіп бара жатқанын көрген Пилат су алдырып, жұрт алдында қолын жуып тұрып: — Мына (әділ) Адамның төгілетін қанына мен кінәлі емеспін. Бұл — сендердің істерің! — деді. Бүкіл халық: — Оның қаны біздің және ұрпақтарымыздың мойнында болсын! — деп жауап берді. Сонда әмірші оларға Бараббаны босатып берді. Ал Исаны қамшымен соқтырғаннан кейін, айқышқа шегелеп іліп өлтіруге жасақшылардың қолдарына тапсырды .

Матай 27:11-26

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа шегеленіп өлуі және жерленуі

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа шегеленіп өлгені Інжілде егжей-тегжейлі жазылған. Қалай болғанын оқып көрейік: 

   Содан әміршінің жасақшылары Исаны ордасына алып барып, қасына бүкіл әскер бөлімін жинады. Олар Исаның сырт киімін шешіп алып, Оның үстіне бір қызыл шапанды жапты. Жасақшылар, сондай-ақ, тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, оны Исаның басына кигізіп, оң қолына асатаяқ ұстатып қойды. Исаның алдына тізе бүгіп тағзым еткенсіп: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп келекеледі. Бетіне түкіріп, қолындағы таяғын жұлып алып, сонымен Оның басын ұра берді. Мазақтап болғаннан кейін Исаның үстіндегі шапанды шешіп алып, өз киімін қайта кигізді. Содан кейін жасақшылар Исаны айқыш ағашқа шегелеп іліп қою үшін алып кетті. Қаладан шыға жолшыбай олар Шимон есімді күренелік ер адамға тап болды. Оны Исаның айқыш ағашын арқалап жүруге мәжбүр етті. Осылай олар Ғолғота, яғни «Маңдайтөбе», деген жерге жетті. Сонда Исаға ішуге өт қосылған сірке суын ұсынды, бірақ дәмін татқан соң Ол оны ішуден бас тартты. Жасақшылар Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп, тік көтеріп қойды. Бұдан кейін Оның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды. Содан олар сол жерде отырып, Исаны күзетті. Оған тағылған айып: «Бұл — Яһудилердің Патшасы Иса» деп бір тақтайшаға жазылған болатын. Жасақшылар тақтайшаны Исаның басынан жоғары айқыш ағашқа бекітіп қойған еді. Олар Исамен бірге екі қарақшыны да, біреуін оң, екіншісін сол жағына айқыш ағаштарға керіп шегелеп, тік көтеріп қойды. Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап: «Әй, киелі үйді бұзып, үш күнде қайта тұрғызушы! Өзіңді құтқарып ал! Егер де Құдайдың рухани Ұлы болсаң, айқыштан түс!» — деп Оны келеке етті. Сол секілді басты діни қызметкерлер де дін мұғалімдерімен және рубасыларымен бірге Оны мазақтап: «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен! Егер Ол Исраилдің Патшасы болса, Өзінің құдіретімен қазір-ақ айқыштан түссін! Сонда Оған сенеміз. Ол Құдайға үмітін артқан екен. Егер Құдай Оған разы болса, қазір-ақ Оны құтқарып алсын! Өйткені Ол Өзін Құдайдың рухани Ұлымын деді ғой», — десті. Жанындағы айқыштарға шегеленген қарақшылар да Исаны солай тілдеді. Тал түстен бастап бүкіл жерді қараңғылық басты, ол үш сағатқа созылды. Сағат үш шамасында Иса қатты дауыспен айқайлап: «Ілои, Ілои! Лама сабахтани?» — деді. Бұның аудармасы «О, Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?» дегенді білдіреді. Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері мұны естіп: «Ол Ілияс пайғамбарды шақырып жатыр», — десті. Солардың біреуі дереу жүгіріп барып, бір сорғышты сірке суына батырып алды. Оны таяқтың ұшына қадап, Исаға ішуге ұсынды. Басқалары: «Күте тұрайық, Ілияс келіп, Оны құтқарып алар ма екен, көрейік!» — деп кекетті. Иса тағы бір рет қатты дауыстап жіберіп, жан тапсырды. Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық кенеттен жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді. Жер сілкініп, жартастар жарылып, қабір үңгірлері ашылды. Марқұм болған көптеген әділдердің сүйектері қайта тіріліп, қабірлерінен шықты. Олар кейінірек, Иса қайта тірілген соң, қасиетті қалаға барып, көптеген адамдарға көрінді. Римдік жүзбасы және онымен бірге Исаны күзетіп тұрғандар жер сілкіністі және болған өзге оқиғалардың бәрін көргенде үрейлері ұшып: «Бұл шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады. Сол жерде алысырақтан қарап тұрған көптеген әйелдер де болды. Олар Исаға қызмет етіп, Ғалилеядан еріп келгендер еді. Араларында мағдалалық Мәриям және Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям, сондай-ақ Зебедей ұлдарының шешесі де бар болатын .

Матай 27:27-56

Інжілде Мәсіх жан тапсырғанда жер сілкініп, тастар жарылып және қабірлер ашылды деп жазылған. Зілзала сүресінде де солай айтылған: 

Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте, Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде, Адам баласы: «Бұған не олды?»,- деген сәтте; Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді; Раббыңның оған білдіруімен. Сол күні, адам баласы, амалдары көрсетілуі үшін топ топ келеді.

Зілзала 99:1-6

  Зілзала сүресі қиямет қайым күнін суреттейді. Иса Мәсіх (ғ.с.) қалай өлімге қиылғаны Зілзала сүресіндегі белгілермен сәйкестендірілген – ол қиямет күніне арналған қажетті төлем. 

Бүйірге найза сұғу

Жохан жазған ізгі хабарда айқышқа шегеленгендегі бір ерекше оқиға суреттелген. Онда былай делінген: 

 Бұл жұма күні, ал ертеңіндегі сенбі үлкен мейрам болатын. Шегеленгендердің денелерін мейрам күні айқыш ағашта қалдыру яһудилердің діни ережелерін бұзу болып табылар еді. Сондықтан яһуди басшылары Пилатқа барып, шегеленгендерді аяқтарын сындырып өлтіріп, сүйектерін айқыштан алып тастауын өтінді. Сонымен жасақшылар келіп, Исамен бірге шегеленген екі кісінің аяқтарын сындырды. Алайда Исаның қасына келіп, Оның өліп қалғанын көрген соң, олар Оның аяқтарын сындырған жоқ. Бірақ жасақшылардың біреуі Исаның бүйіріне найзасын сұғып алды. Сол заматта қан мен су шыға келді. Мұны көрген кісі сендер де сенсін деп бұған куәлік береді. Оның куәлігіне сенуге болады, ол шындықты айтып тұрғанын біледі. Киелі жазбалардағы мына тәрізді сөздердің осылай орындалуы тиіс еді: Оның ешбір сүйегі де сындырылмасын! Бұл солай болды да. Пайғамбарлар жазбаларының тағы бір жерінде: «Олар өздері түйреген Кісіге қарайтын болады» делінген .

Жохан 19:31-37

Жоханның куәлігі бойынша рим жасақшысы Иса Мәсіхтің (ғ.с.) бүйріне найзасын сұғып алды. Ол жерден су араласқан қан шықты, ол оның жүрек қанның жетімсіздігінен қайтыс болғанын көрсетеді. 

Сол күннің соңғы оқиғасы – қабірге жерлеу. Інжіл былай баяндайды: 

  Кеш түспес бұрын Жүсіп есімді ариматеялық бір бай кісі келді. Өзі де Исадан тәлім алған шәкірті еді. Жүсіп Пилатқа барып, Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрап алды. Пилат мәйітті оған табыс етуге бұйырды. Жүсіп сүйекті түсіріп алып, кіршіксіз таза бәтес кебінге орады. Содан оны жартастан үңгіп жасаған өзінің жаңа қабіріне апарып қойды. Содан кейін қабірдің дәу қақпақ тасын домалатып әкеліп, қабірдің кіреберіс аузын сонымен мықтап жауып, кетіп қалды. Сол жерге келген мағдалалық Мәриям мен өзге Мәриям қабірдің қарсы алдында отырды.

Матай 27:57-61

6-шы күн – ұлы жұма 

Яһуди күні кешке басталады. Иса Мәсіх (ғ.с.) өз шәкірттерімен кешкі астарын ішіп отырғанда алтыншы күн басталды. Сол күні көп оқиғалар болды: тұтқындау, бірнеше тергеу, айқышқа шегелеу, бүйіріне найза сұғу және қабірге жерлеу. Сондықтан сол күнді жиі «Ұлы жұма» деп те атайды.   Мынадай заңды сұрақ шығады: егер сол күні Мәсіхті сатып кетсе, азапталса және қайтыс болса, онда неге сол күн ұлы деп аталады? Неге сол күнді «сұмдық жұма» деп атамас қа? 

Осы маңызды сұраққа біз келесі күндердің оқиғаларын тәптіштеп қарастырғаннан кейін, сәл кейінірек жауап береміз. Бірақ жұмбақтың шешуін төменде берілген уақыт сызбасына қарап шешуге болады. Назар аударыңыз: жұма Нисан айының 14-ші күні, ол күні яһудилер осыдан 1500 жыл бұрын орын алған, құтқарылу мейрамға арналған тоқтыларын құрбандыққа шалады. 

Соңғы аптаның Жұмасы, 6-шы күні, Таураттағы жазылғандармен салыстыру 

 Адам өлгенде оның өміріндегі тарих та аяқталады. Бірақ, Інжіл оқиғаны ары қарай жалғастырады, сондықтан ол жұма ұлы атанды.   

Алдымен Жұма сүресіне оралып, тоқтаған жерімізден ары қарай жалғасытрайық. 

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Расында сендер қашқан өлім; әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді” де. Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы. 

Жұма 62:8-9

 Иса Мәсіх (ғ.с.) Жұма сүресіндегі 6-7-ші аяттарда айтылғандарды қабылдады, ол өлімнен қашпады, бірақ алдымен өзінің «Құдайдың еркін орындаушы» екенін дәлелдеп ұлы сынақ алдында қатты сиынды. Сондықтан барлық мұсылмандар үшін әр аптаның жұмасында мешітке барып намаз оқитыны қисынды емес пе? Осы ұлы пайғамбардың істегендерін біздің ұмытып кеткенемізді Алла Тағала қаламайды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *