Skip to content
Home » 3 және 4 күндер – Иса Мәсіх (ғ.с.) болашақты болжады және өзінің қайта оралатыны туралы айтты

3 және 4 күндер – Иса Мәсіх (ғ.с.) болашақты болжады және өзінің қайта оралатыны туралы айтты

  • by

Інжір ағашы мен жұлдыздар арасында қандай ортақ нәрсе бар? Сөйтсек, екеуі де – ұлы оқиғаның нышан-белгілері және олар бізге де ескерту секілді. Тин сүресі былай басталады: 

Інжірге және зәйтүнге,

Тин 95:1

Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық .

Тин 95:4-5

 Мүрсәләт, Тәкуир және Инфитар сүрелерінде жер бетінде ұлы оқиға басталарда жұлдыздар көмескіленеді деп бірнеше рет қайталанған:   

Жұлдыздар сөнген сәтте, Көк жарылғанда, Таулар үгітіліп, ұшырылғанда .

Мүрсәләт 77:8-10

Күн бүктелген сәтте, Жұлдыздар солып шашылған сәтте, Таулар жүргізілген сәтте,. 

Тәкуир 81:1-3

 Көк жарылған сәтте, Жұлдыздар төгілген сәтте, Теңіздер тасыған сәтте, . 

Инфитар 82:1-3

 Осы нышан-белгілердің бәрі нені білдіреді? Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің жер бетіндегі өмірінің соңғы күндері осылардың мағынасын түсіндірді. Алдымен қысқаша шолу. 

Иса (ғ.с.) Даниял мен Зәкәрия пайғамбарлардың болжамы бойынша, Иерусалимге Нисан айының 9-ы күні кірді. Артынан Нисан айының 10-ы күні Мұса пайғамбар (ғ.с.) айтуы бойынша – таңдалған тоқты болу үшін, Иса Мәсіх (ғ.с.) ғибадатханаға кіреді. Содан кейін Иса Мәсіх (ғ.с.) яһуди басшылары мен көсемдері тарпынан бас тартылды. Ол ғибадатхананы саудагерлерден тазартқанда, қарсыластары оны өлтіруді ойластыра бастады. Одан ары Иса Мәсіх (ғ.с.) не істегенін Інжілден оқи аламыз. 

Қарғалған інжір ағашы

 Содан кейін Иса ғибадатханадағы халықты қалдырып (дүйсенбіде, аптаның 2-ші күні, Нисан айының 10-ы), қаладан шығып, Бетанияда түнеді. Ертеңгісін қалаға қайтып келе жатқанда Исаның қарны ашты. Жол бойында Ол бір інжір ағашын көріп, қасына барды. Бірақ одан жапырақтан өзге ештеңе таппады. Сонда Иса: «Бұдан былай мәңгі ешқандай жемісің болмасын!» — деді. Інжір ағашы бірден қурап қалды.

Матай 21:17-19

Көп адамдар Иса Мәсіх (ғ.с.) інжір ағашын неге қарғады деп сұрайды. Інжілде тура мағынада түсінік берілмеген, бірақ оны ежелгі пайғамбарлар жазбаларына қарап осы оғаш әрекеттің мағынасын байқауға болады. Пайғамбарлар жазалайтын болжамдарды жиі қураған інжір ағашымен салыстыратын. Пайғамбарлар өз болжамдарында қураған ағаш арқылы болжам келтірген кездеріне назар аударыңызшы: 

 Жүзім бұталары қурап, інжір ағаштары солып қалды, анар, құрма, алма, даладағы барлық ағаштар да қурап қалды. Содан адамдар да қуаныштан ада болды

Жоел 1:12

 «Сендердің егістіктеріңе, бау-бақшаларың мен жүзімдіктеріңе шіру және көгеру індеттерін жіберіп, оларды құрттым. Інжір мен зәйтүн ағаштарыңды шегіртке жалмап жойды. Бірақ сендер сонда да Маған қайтып келмедіңдер!» — деп әшкерелейді Жаратқан Ие.

Амос 4:9

  Тұқым әлі де қамбаларыңда сақталып келеді, солай емес пе? (Демек, сендер әлі де егін егіп, жинаған жоқсыңдар.) Жүзім, анар, інжір және зәйтүн ағаштары да жемістерін әлі берген жоқ. Алайда бүгіннен бастап Мен сендерді жарылқайтын боламын!»

Хаққай 2:19

   Аспандағы күн, ай және жұлдыздар еріп кетеді. Аспан шиыршық кітаптай шиырылады, әрі жұлдыздар жүзім бұтағынан не інжір ағашынан түскен құрғақ жапырақтай жерге құлап түспек .

Ишая 34:4


 Мен оларды өнімдерінен жұрдай қыламын! — дейді Жаратқан Ие. — Жүзім бұтасында жүзім шоғы қалмайды, інжір ағашында жемісі болмайды, тіпті жапырағы да қурап қалады. Менің өздеріне сыйлаған нәрселерім олардан ғайып болды .

Еремия 8:13

 Ошия пайғамбар (ғ.с.) осы салыстыру бейнесінде інжір ағашына қарғысқа ұшырайын деп тұрған исарил халқын теңеді:

  «Менің Исраилді тапқаным иен далада өсіп тұрған тәтті жүзімді табумен бірдей болды. Мен ата-бабаларыңа інжір ағашының алғашқы маусымында ерте піскен жемісіндей қарап, қатты ұнаттым. Бірақ олар Бағал-Пеғорға келгенде өздерін сондағы масқара тәңір мүсініне бағыштап, содан өздері жақсы көрген сол мүсін сияқты жиренішті болып кетті. Ефрем елінің салтанаты құс сияқты пыр етіп ұшып кетеді! Себебі сендерде енді қайтып бала туылмайды, ешбір келіншек құрсақ көтеріп аяғы ауырламайды. Ал егер асырайтын бала-шағасы бола қалса, Мен сендерді соларыңнан да айырамын, бірде-біреуін тірі қалдырмаймын. Мен Ефремнен түбегейлі бас тартқан кезімде халық нағыз қасіретке қалады! Ефрем халқы қатты соққы жеді. Тамырлары қурап қалған, олар енді жеміс бермейді. Бала туа қалған күнде де, Мен олардың құрсақтан шыққан қымбат нәрестелерін өлтіремін». Олар Құдайыма мойынсұнбағандықтан, Ол халықты Өзінен аластатып тастайды. Содан олар басқа халықтардың арасында кезбе болып кетеді .  Ефрем = Израиль

Ошия 9:10-12, 16-17

Б.з.д. 586 жылы Иерусалим қирағанда, осы қарғыстар бірінші рет орындалды. Иса Мәсіх (ғ.с.) інжір ағашын қарғағаны Иерусалимнің келесі қиратылатыны және еврейлердің уәделі жерден қуылатынын көрсететін символдық белгі іспетті болды.  

Інжір ағашының оқиғасынан кейін Иса Мәсіх (ғ.с.) ғибадатханаға барып, халыққа тәлім берді және яһуди басшыларымен әңгімелесті. Ол онда орындалатын Құдайдың қаһары туралы көптеген белгілер келтірді. Оның уағыздарының толық нұсқасы осы жерде берілген

Пророк говорит о признаках своего пришествия

Өз сөзін аяқтарда Иса Мәсіх (ғ.с.) иерусалимдік ғибадатхананың қиратылатыны туралы да айтты. Сол кездері сол ғибадатхана бүкіл Рим патшалығындағы көрікті ғимараттың бірі еді, ал Иса (ғ.с.) оның қиратылатыны туралы болжам айтты. Содан кейін бірден өзінің қайта келетіні және оралғандағы мақсатын да көрсетті. Ол былай деді: 

  Иса ғибадатханадан шығып кетіп бара жатқанда, шәкірттері қасына келіп, ғибадатхананың сәулетті ғимараттарына нұсқады. Бірақ Иса оларға: — Мынаның бәрін көріп тұрсыңдар ғой? Сендерге шындығын айтамын: бұлардың қаланған бірде-бір тасы қалмай барлығының да күл-талқаны шығатын болады! — деп жауап қайтарды. Кейінірек Иса Зәйтүн тауының басында отырғанда, бірнеше шәкірті оңашада қасына келіп: — Бізге айтыңызшы, бұл қашан болады? Сіздің қайта келуіңіз бен ақырзаманның жақындап қалғанын қандай белгі білдірмек? — деп сұрады .

Матай 24:1-3

Пайғамбар алдымен ғибадатхананың күл-талқаны шығатынын айтты.  Біз тарихтан ол оқиғаның б.з. 70 жылдары орындалғанын білеміз. Кеш батқанда ол ғибадатханадан шығып, Иерусалимнің жанындағы Зәйтүн тауына бет алды. Яһуди күні кешке басталатындықтан, бұл сол аптаның 4-ші күні, яғни Нисан айының 12-і, сәрсенбі болатын. Иса (ғ.с.) адамдардың сұрақтарына жауап беріп, ақырзаман қашан болатынын және өзінің екінші рет жер бетіне оралатын кезі туралы тәлім берді. 

  Иса былай деп жауап берді: — Сақ болыңдар, ешкім сендерді алдап, теріс жолға түсірмесін! Себебі көп адамдар Менің атымды жамылып келіп: «Құтқарушы Мәсіх Менмін!» деп, көпшілікті алдап азғыратын болады. Сендер жақын маңдағы шайқастар мен алысырақтағы соғыс жаңалықтары туралы еститін боласыңдар. Сонда абайлаңдар, зәрелерің ұшпасын. Олар болуға тиісті, бірақ заманның ақыры әлі де бұл емес. Себебі ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанып, түрлі жерлерде ашаршылық (пен індеттер) және жер сілкіністер болады. Бұлардың бәрі тек жаңа дәуір туар алдындағы «толғақтың» бастапқы азабы іспетті ғана.

Сенушілердің қудалануы, ал Ізгі хабардың бар әлемге жеткізілуі

Сол кезде жұрт сендерді азаптап, өлтіру үшін ұстап береді. Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық ұлттар сендерді жек көретін болады. Сонда көбі сенімдерінен танып, өзара опасыздық жасап, бір-бірін жек көреді. Талай жалған пайғамбарлар халық алдына шығып, көптеген адамдарды алдап, азғыратын болады. Әділетсіздік тым көбейіп кеткендіктен көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады. Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар күллі әлемге уағыздалмақ. Осылай ол барлық халықтарға мәлім болады. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді. Ендеше, бір кезде сендер, Даниял пайғамбар алдын ала айтқандай, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсенің сол қасиетті орында тұрғанын көретін боласыңдар. — Мұны оқып отырған әркім мәнісін ұғып алсын! — Сонда Яһудея аймағында тұратындар тауларға қашып құтылсын! Кім үйінің жалпақ төбесінде отырса, сол бір нәрсесін алуға үйге кірместен, сыртқы сатымен төмен түсіп, дереу қашып кетсін! Кім далада жүрсе, ол да шапанын алуға үйіне қайтып бармастан, бірден қашып құтылсын! Сол күндері аяғы ауыр және бала емізіп жүрген әйелдер қандай қасіретке ұшырайтын болады! Қашатын кездерің қыс мезгіліне немесе діни демалыс күніне тура келмесін деп Құдайдан сұраңдар. Себебі сол уақытта әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі. Егер де Жаратқан Ие бұл күндердің санын қысқартпағанда, ешбір жан құтқарыла алмас еді. Бірақ Ол Өзінің таңдап алған адамдарына бола сол кезеңді қысқартып қойған.

Алдамшылардан сақтанып, Менің қайта оралуымды күтіңдер!

Сол кезде біреу сендерге: «Міне, Мәсіх мұнда!» немесе «Әне, Ол анда!» десе, иланбаңдар! Себебі жалған «мәсіхтер» мен «пайғамбарлар» шығатын болады. Олар, мүмкін болса, Құдайдың таңдап алған адамдарын да алдап, теріс жолға адастыру үшін ғаламат кереметтер мен ғажаптарды көрсететін болады. Байқаңдар! Мен сендерге мұны алдын ала айтып тұрмын. Сондықтан, сендерге: «Қараңдар, Ол айдалада жүр!» десе, шықпаңдар! Немесе: «Ол ішкі бөлмелерде!» десе де, иланбаңдар! Себебі найзағайдың шығыстан басталып, батысқа дейін жарқырайтыны сияқты, Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуім де (аяқ астынан және ап-айқын) болады. «Жемтік қайда болса, күшігендер сонда жиылар» делінген емес пе.

Мәсіхтің көктен қайтып келуіне үнемі дайын болу қажет

Бұл қиын-қыстау кезеңнен кейін дереу «күнді қараңғылық басып, ай да жарқырамайтын болады. Жұлдыздар аспаннан құлап, аспан күштері шайқалады!» Сол уақытта Менің Билеуші ретінде қайтып келуімнің ғажайып белгісі аспаннан көрінетін болады. Сонда жер бетіндегі барлық ұлттар үрейленіп, еңіреп жылайды. Олар Менің Билеуші ретінде ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бұлттардың үстінде көктен келе жатқанымды көреді. Мен кернейдің зор үнімен періштелерімді жіберіп, олар аспанның о шетінен бұ шетіне дейін, дүниенің төрт бұрышынан Менің таңдап алған адамдарымды жинап әкелетін болады .

Матай 24:4-31

Осы үзіндіден Иса Мәсіхтің (ғ.с.) ғибадатхана талқандалғаннан кейінгі болашаққа үңілгенін көруге болады. Оның іліміне сәйкес, ғибадатхананың қиратылуы мен оның жерге қайта келу арасында жер бетінде орын алатын заңсыздықтар, жер сілкіністері, ашаршылық, індет, соғыстар және оның шәкірттерін қудалайтын замандар болатыны айтылған. Сонымен бірге ізгі хабар әлемнің барлық ұлттарына жетеді. Мәсіх туралы хабар мен бірге көптеген жалған пайғамбарлар пайда болып, Мәсіхтің лауазымы мен қайта оралуын иеленуге тырысады. Оның қайта оралуының белгісі соғыстар мен апаттармен бірге, аспан денелері күн, ай және жұлдыздарда да өзгерістер арқылы көрінеді. Күн, ай және жұлдыздар көмескіленеді. 

Жер бетіндегі соғыстар, апаттар және жер сілкіністері үдеп жатқанына қарап – Мәсіхтің келетін уақыты жақындағанын көріп отырмыз. Дегенмен аспанда әлі белгілер болған жоқ, соған қарап, ақырзаман әлі басталмағанын түсінеміз. Ол қашан басталады? Осы сұраққа жауап ретінде, Мәсіх былай деді: 

   Інжір ағашынан сабақ алыңдар: оның шыбықтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда жаздың таяп қалғанын білесіңдер. Сол сияқты, сендер осы оқиғаларды көргенде Менің таяп есік алдына келіп қалғанымды білетін боласыңдар. Сендерге шындығын айтамын: осы ұрпақ өлмей тұрып-ақ, мұның бәрі іске асады. Аспан мен жер жойылатын болады, бірақ Менің сөздерім еш жойылмайды .

Матай 24:32-35

Осы оқиғадан бір күн бұрын Иса Мәсіх (ғ.с.) исраил халқын бейнелеп, қарғаған інжір ағашы есіңізде ме? Б.з. 70 жылдары ғибадатхана толық талқандалғаннан кейін, інжір ағашы (Исраил)  қурап, мыңдаған жылдар бойы қалпына келе алмады. Пайғамбар інжір ағашында жаңа жапырақтар пайда болғанда «уақыттың» жақындағанын түсінесіңдер деді. Соңғы 70 жыл бойы сол інжір ағашының бүрленіп жапырақ жая бастағанын көріп отырмыз. Осы үдеріс 20 ғасырда исраил халқының әлем картасына қайта оралған кезінен басталды, ал жалғасы – сол аймаққа жер-жерден еврейлердің оралғанынан көреміз. Әрине соған жеткенге дейін көптеген соғыстар мен апаттар орын алды, оған таңқалатын ештеңе жоқ, өйткені алдымен солардың бәрі болу керек деп пайғамбар нақты айтып кетті. Сол інжір ағашы әлі де өлі күйінде, бірақ бүр жарған жаңа жапырақтар шығып жатыр. 

Осылардың бәрі бізді сергек болуға шақырады, өйткені пайғамбар екінші келу кезіне байланысты бізге ерекше ескерту айтты. 

  Ал сол күннің, сол сәттің қашан болатыны не адам баласына, не көктегі періштелерге, не Құдайдың рухани Ұлына емес, жалғыз көктегі Әкеге ғана белгілі. Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келетін кезімде де солай болады: топан судан бұрын, Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, қыздарын ұзатып өмір сүруде еді. Топан су басып, бәрін алып кетіп, қырып салғанша, олар ештеңені ұқпады. Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келген кезде де осылай болады! Сол сәтте періштелер егіндікте жүрген екі адамның біреуін қабыл алып, екіншісін қалдырып кетеді. Олар бірге қол диірмен тартып отырған екі әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді. Сондықтан сергек болыңдар: сендер Қожайындарыңның қай күні қайтып келетінін білмейсіңдер! Мынаны еске алыңдар: егер үй иесі ұрының түннің қай мезгілінде түсетінін білетін болса, онда ол ұйықтамай, сергек болып, ұрының бұзып кіруіне жол бермес еді. Сол сияқты, сендер де дайын болыңдар! Өйткені сендер күтпеген сәтте Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келемін!

Адал және опасыз қызметшілер туралы мысал

(Иса сөзін одан әрі жалғастырып былай деді:) — Адал да саналы қызметшідей болыңдар! Қожайыны бір қызметшісін үйіндегі өзге малайларының үстінен қарап, ас-суларын уақтылы беруге тағайындады. Қожайыны қайтып келгенде оның өз міндетін атқарып жүргенін көрсе, сол қызметші бақытты! Сендерге шын айтамын: оны бүкіл меншігін қараушы етіп тағайындамақ. Ал егер әлгі қызметші жаман болып, іштей: «Қожайыным жуырда келе қоймас» деп, өзге малайларды ұрып-соғып, маскүнемдермен бірге ішіп-жеп думандатса, онда қожайыны күтпеген күні, ойламаған сәтте келіп, оны аяусыз жазалап, екі жүзділердің кебінін кигізеді. Сонда ол зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады.

Матай 24:36-51

Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің жер бетіне қайта келетіні туралы Інжіл беттерінде көп рет қайталап айтты. Сілтемені осы жерден қара.  

3-ші және 4-ші күндердің қысқаша мазмұны

Жаңартылған уақыт сызбасында, Иса Мәсіх (ғ.с.) 3-ші күні інжір ағашын қарғап, артынан яһуди басшыларымен ұзақ әңгіме құрғаны көрсетілген. Осы символикалық бейнелеу Исраил халқына арналған. Сәрсенбі 4-ші күні, Иса (ғ.с.) өзінің келуіне байланысты ерекше белгілер соның ішінде ең бастысы аспан денелерінің күңгірт тартатыны туралы айтты. 

  Таурат жазбаларына сәйкес сол соңғы аптаның 3-ші және 4-ші күндердегі Иса Мәсіх (ғ.с.) жер бетіне қайта келуі туралы болды.  

Содан кейін ол өзінің қайта келуіне байланысты біздің сергек болуымыз туралы ескертті. Көз алдымызда «інжір ағашының» бүр жарып жатқан көріп отырған біздер, одан сайын сергектік танытып, саналы өмір салтымен жүргеніміз дұрыс. 

Ары қарай пайғамбарды құрту үшін, шайтанның қандай әрекетке барғанын Інжілден оқимыз. Ол сол соңғы аптаның 5-ші күні орын алды және ол тақырып біздің келесі мақалада көрсетілді. 

[i] Лұқа жазған ізгі хабарда осы соңғы аптаның барлық күндері егжей-тегжейлі жазылған. 

Лұқа 21:37

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *